Филологическая 1 ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



жүктеу 1.65 Mb.
Pdf просмотр
бет15/24
Дата18.03.2017
өлшемі1.65 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

139
келтірілген есімше тұлғалы сөздер дәлел. Осы тұста бізге -дай, -дей жұрнағы 
есімше тұлғаларына қосылып, жаңа сын есім сөз жасайды деп жүргендер 
сөз тудырғыш жұрнақтардың қасиетін, оның ең алдымен сөз түбіріне тікелей 
жалғанатынын  ескермейтін  секілді.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  -дай, 
-дей аффиксі тек қана түбір зат есімдерге жалғанғанда ғана туынды сын 
есім жасайды, ал, сан есім, етістіктің есімше формаларына қосылғанда сөз 
түрлендіргіштік функция орындайды. Ал, аталған қосымша есімше негіздеріне 
жалғанғанда да сын есім емес, етістіктердің грамматикалық формаларын 
қалыптастыратынын ескерген дұрыс.
Сондай-ақ,  -дай, -дей қосымшасының үстеу жасауға қатысы жөнінде де 
ойланарлық мәселе бар. Түркологияда да, қазақ тіл білімінде де жоғарыда 
сөз болғандай, көптеген зерттеушілер -дай, -дей аффиксі үстеу сөз жасайды 
деген пікірде. Рас, қазіргі қазақ тілінің құрамында -дай, -дей тұлғалы туынды 
үстеулер сан жағынан бір шоғыр: тірілей, жаздай, күздей, осылай, тікелей, 
қыстай, т.б. Рас, бұл сөздердің құрамында  -дай, -дей қосымшасы бар екені, 
олардың аталған жұрнақтың жалғануы арқылы пайда болғаны да шын. Бірақ 
сөз тудыратын жұрнақтың, әлбетте, екі сөз табына қатар жалғанбайтыны, 
оның  белгілі  бір  сөз  табының  басы  бүтін  меншігі  екені,  сондықтан  сол 
сөз табының аясынан шықпайтынын ескерсек, аталған қосымшаны үстеу 
жасайды деуге бола ма? Сондықтан да, біздіңше, -дай, -дей аффиксі үстеу 
тудырады деген тұжырымға басқаша қараған жөн.
Осы арада -дай, -дей аффиксінің шығу төркінін сөз етпес бұрын, сәл 
шегініс жасап, жалпы тілдегі қосымшалардың пайда болуы, олардың тарихи 
төркіндері туралы аз-кем сөз қозғаудың ешбір артықтығы жоқ деп ойлаймыз. 
Өйткені бұл, біріншіден, аффикстердің о бастағы тегін, оның тіл дамуының 
барысында қандай өзгерістерге түскенін жақсы білуге жол ашса, екіншіден, 
тіл құрамындағы грамматикалық тұлғалардың тілдік табиғатын терең тануға 
мүмкіндік береді.
Лингвистикада  қазіргі  тілдегі  қосымшалардың  арғы  тегі  жекелеген 
дербестігі  бар  атауыш  сөздерден  бастау  алады  деген  пікір  ертеден 
үстемдік құрып келеді. Бұл тұжырымды лингвистикада ең алғаш ұсынған 
салыстырмалы тіл білімінің негізін қалаған, белгілі неміс лингвисі Франц 
Бопп болды. Ол грамматикалық құрылысы әртүрлі топқа жататын көптеген 
тілдердің фактілерін өзара салыстыра келіп, осындай байлам жасады. Оның 
бұл тұжырымы басында сол тұстағы бірсыпыра филолог зерттеушілердің 
қарсылығына қарамастан, уақыт өте келе әлемдік лингвистикада кең қолдау 
тапты. Түркологияда да аталған тұжырымды В.В. Радлов, Н.К. Дмитриев,  
Қ.  Жұбанов,  А.Н.  Кононов,  Ғ.  Мұсабаев,  А.М.  Щербак,  Г.  Алпаров,  
М. Томанов және өзге де зерттеушілер дұрыс деп тауып, өздерінің диахрондық 
сипаттағы  еңбектерінде  басшылыққа  алды.  Мысалы,  Қ.  Жұбанов  өз 
зерттеулерінің бірінде қазақ тіліндегі қосымшалардың қалыптасуы жайында 

Вестник ПГУ №4, 2010
140
былай деп жазды: «Түбір сөздердің бірсыпырасы басқа түбірмен қосақталып, 
жүре-жүре азып барып, қосымша болып кеткен» [23, 217]. Н.А. Баскаков 
та  өзінің  еңбектерінде  қазіргі  тілдегі  аффикстердің  әуел  бастағы  дербес 
мәні  бар  атауыш  сөздердн  қалыптасқанын  айта  келіп,  түркі  тілдерінің 
ескі  кезеңінде  грамматикалық  мән  бір  буынды  түбірлердің  анықтаушы-
анықталушы  қатынасы  арқылы  берілгенін,  кейін  тілдің  тарихи  даму 
барысында анықталушы сөздің әуелі шылауға, содан соң оның дыбыстық 
өзгерістердің нәтижесінде қосымшаға айналғанын айрықша атап көрсетеді 
[24, 90]. Осы орайда, бұл ғалымдардан көп бұрын М. Қашқаридің есімдерден 
етістік жасайтын қосымшалардың грамматикалық ерекшеліктеріне назар 
аудара келе, «етістік тудыратын –ар, -ер жұрнағын ер көмекші етістігінен 
дамып шықты, қызарды етістігі қызыл ерді тіркесінің ықшамдалған түрі» 
деген ескерткенін еске алсақ, оның қосымшалар жекелеген атауыш сөздерден 
қалыптасты деген болжамды Франц Бопптан әлдеқайда бұрын айтқанын 
көреміз [25, 190]. 
Жалпы, өз алдына дербестігі бар атауыш сөздердің аффикске айналуы 
лингвистикада күнде болып жататын дағдылы тілдік құбылыс емес. Ол өте 
ұзақ уақытқа созылатын мейлінше күрделі процесс. О бастағы дербес мәні бар 
атауыш сөздердің мағыналық жағынан да, тұлғалық тұрғыдан да, функция 
жағынан  да  тілдік  өзгерістерге  ұшырап,  қосымшаға  айналуы,  лингвист 
ғалымдардың болжамдарына қарағанда, мынадай төрт түрлі сатыдан өтеді: 
а) атауыш сөз; ә) көмекші сөз; б) септеулік шылау; в) қосымша. 
Бірақ түркологияда ғалымдардың барлығы бірдей аффикстердің дербес 
атауыш сөздерден өрбіп, дамып шыққанын мойындай бермейді. Мысалы, 
академик А.Н. Кононов тілдегі қосымшалардың көне кезеңде де бар екенін
олардың тілдің өте ежелгі дәуірінде атауыш сөздермен қатар қолданылғанын 
айта келіп, оған дәлел ретінде кішірейткіш мәнді білдіретін аффикстерді 
келтіреді: -м(хорам), -л(көгал), -с(көгіс), -к(қолақ). Ғалым сондай-ақ осы 
қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен қазіргі түркі тілдерінде –лақ, 
-лек, -ылақ, -елек, -ымдық, -імдік, -ымшыл, -імшіл сияқты қосымшалардың 
қалыптасқанын  алға  тартады  [25,  190].  Сондай-ақ,  тіл  құрамындағы 
қосымшалардың пайда болуы жөнінде Б.Серебренников те басқаша пікірде. 
Ол қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары тұлғаларын алтай тобына 
жататын фин-угор тілдеріндегі септік формаларымен салыстыру арқылы 
түркі тілдері септік жалғауларының қосымшаларының ежелгі аффикстердің 
бірігуі нәтижесінде қалыптасқан деген болжам жасайды [26, 102]. 
Дегенмен  қазіргі  тілдегі  қосымшалардың  тарихи  төркіні  жекелеген  
атауыш сөздерден бастау алатыны қазақ тілінің фактілері де дәлелдейді. 
Мысалы, тіліміздегі тәуелдік және жіктік жалғауларының мен, сен, сіз тәрізді 
жіктеу есімдіктерінен өрбіп шыққаны көпке белгілі. Сондай-ақ қазіргі кезде 
үстеу жасайды деп саналып жүрген –ша, -ше қосымшасы, Н.А. Баскаковтың 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
141
айтуынша,  шақ  (мезгіл,  кез)  сөзінің  редукциялануының  нәтижесі.  Осы 
сынды барғасын, айтқасын, білгесін, кеткесін сөздерінің құрамындағы –сын, 
-сін қосымшасы соң шылауының (айтқан соң, барған соң, т.б.) қосымшаға 
айналып келе жатқанының белгісі. 
Енді –дай, -дей аффиксінің шығу төркіні, тарихи негізі туралы мәселеге 
оралайық.
Түркологияда да, қазақ тіл білімінде де осы күнге дейін зерттеушілердің 
назарына жіті ілінбей, жөнді еленбей жүрген бір жайт бар. Ол-сын есім тудыратын 
–дай,-дей қосымшасы мен үстеу жасайтын осы тұлғалас –дай, -дей аффиксінің 
әдетте айтылып жүргендей бір аффикс емес екені, олардың әуел баста лексикалық 
мағынасы мен граммтикалық сипаты жағынан бір-бірімен мүлде байланысы 
жоқ, тұлғалануы да бөлек екі сөзден өрбіп шыққандығын елемеушілік, бұл екі 
лексеманың тілдің тарихи даму барысында дыбыстық өзгерістерге ұшырап, 
соның салдарынан  дыбысталуы бірдей омонимдес қосымшаларға айналуын 
көзге елемеушілік. Осыдан барып лингвистикада белгілі бір тұлға жайында түрлі 
болжамдар мен пайымдаулардың орын алатыны анық.
Шынында да, бұлар о баста грамматикалық мәні мен қызметі жағынан 
бір-бірімен жуыспайтын екі атауыш сөздің тілдің даму барысында дыбыстық 
өзгерістерге түсуінің нәтижесінде, сыртқы пішіні бірдей болып, омонимдес 
тұлғалар болып қалыптақсан. Бұлар қазіргі тіл құрамында да екі түрлі қызмет 
атқарады.  Сын  есім  тудыратын  –дай,  -дей  аффиксі  басқа  сөз  таптарына 
жалғанып,  туынды  сын  атауларын  жасаса,  үстеу  тудыратын  -дай,  -дей 
формасы тілде үстеу жасайтын өнімді қосымша ретінде танылады. Аталған 
аффикстердің осындай шығу тегін ескермегендіктен кейбір тіл мамандары 
бұларды өз еңбектерінде әрі сын есім, әрі үстеу жасайтын бір қосымша деп 
қарастырып жүргендері белгілі.
Зерттеушілер, сын есім жасайтын –дай, -дей қосымшасының тарихи 
төркінін Орхон-Енисей жазбаларында кеңінен қолданылғанын тег сөзімен 
байланыстырады.  Жан  Дени  оны  «тең,  бірдей,  біркелкі»  мәніндегі  тең 
сөзінен  дамып  шыққанын  айтады.  Қазақ  тіл  білімінде  Ғ.  Мұсабаев  та 
–дай,-дей аффиксінің қолданылу ерекшеліктері мен қалыптасуы жайында 
құнды пайымдау жасайды. Ғалым көне түркі жазбалары тілінде түбір сөз 
қосымшасының –тег тұлғалы ғана кездесетінін айта келіп, «ұяң дыбыстан 
басталатын дег тұлғасы көне кезде болмаған, кейінгі кездің ғана жемісі» деген 
тұжырым ұсынады. Сондай-ақ, ол –дай, -дей жұрнағы және оның түрлері ХV 
ғасырдан бастап дамығандығын ескертеді. 
Сонымен, -дай, -дей аффиксінің тарихи негізі тег сөзі екенін түрколог 
ғалымдардың  көбісі  мойындайды.  Бұл  сөз  көне  түркі  дәуірінен  белгілі. 
Орхон-Енисей жазбаларында тек сөзі ұқсату, салыстыру мәнінде қолданады. 
Мысалы, «Тәңірі тег тәңірі йаратмыш түрк қаған сөзім» (Тәңірі текті тәңір 
жаратқан дана түрік қаған сөзі).

Вестник ПГУ №4, 2010
142
Көне түркілік кезеңнен келе жатқан тек сөзі тілдің даму барысында 
шамасы, Ғ. Мұсабаев атап көрсеткендей, ХV ғасырдан бастап, фонетикалық 
өзгерістерге ұшырап, -дай, -дей түрінде қолдана бастаған сықылды. Өйткені, 
ХV ғасырдан бастап жазылған әдеби мұралардың тілінде тек сөзі өзінің көне 
мәнінде мүлде кездеспейді.
Сын есім тудырушы –дай, -дей аффиксі өзінің шығу төркіні болып 
саналатын тег сөзімен қазіргі уақытта да өзінің семантикалық байланысын 
үзген емес. Аталған аффикс сын есім жасаушылық фукнция орындағанда 
барлық жағдайда өзінің шығу төркіні тег сөзіне не мақсатпен, не қызметтік 
ыңғайы  бойынша  ұқсап,  соның  көлеңкеленген  белгісін  білдіріп  тұрады. 
Мысалы, тастай-тас текті, тасқа ұқсас, тау тәрізді, темірдей-темір текті, темір 
секілді, сымдай-сым текті, сым сияқты, жұлдыздай-жұлдыз текті, жұлдызға 
ұқсас, болаттай-болат текті, болат секілді және т.б.
-Дай, -дей тұлғалы туынды сын есімдердің адвербиалдану сипаты өте 
күшті. Себебі, ол өзге сын есім формаларына қарағанда пысықтауыштық 
қызметте жиі қолданылады. Осы пысықтауыштың функцияда ұдайы әрі 
тұрақты  жұмсала  берген  сайын  оның  үстеулену  сипаты  да  арта  түседі. 
–Дай,  -дей  тұлғалы  сын  есімдердің  осы  пысықтауыштық  қызметі  оның 
бойында  үстеулік  мәннің  де  бірте-бірте  күшейе  түсуіне  әсер  етеді.  Бұл 
процесс уақыт өткен сайын белең алып, оларды үстеу ретінде тануға себеп 
болады. Үстеуленген –дай, -дей тұлғалы сын есімдерді адвербиалдар ретінде 
тыналғанда, олардың мынадай ерекшеліктері ескеріледі: а) олардың үстеудің 
негізгі синтаксистік қызметі-пысықтауыштық функцияны атқарды; 
ә) үстеулер тәрізді етістіктермен тіркесіп сөз тіркесін құрады; б) синтаксистік 
конструкцияда  үстеудің  мағынасын  иеленуі.  Сөйтіп,  осы  тілдік  шарттар 
әбден кемеліне келіп, пісіп жетілгенде –дай, -дей тұлғалы сын есімдер өз 
категорниясынан бөлініп шығып, үстеулер тобына біржола өтеді.  Ондай 
үстеуге айналған –дай, -дей формалы сын есімдерді адвербиалданған сын 
есімдік тұлғалар деп атаған дұрыс. 
Жоғарыда аталған яғни –дай, -дей тұлғалы сын есімдердің үстеуге айналу 
процесінде,  әрине,  басқа  факторларға  қарағанда  синтаксистік  қолданыс 
шешуші роль атқарады. Академик В.В. Виноградовтың мына бір пікірі осы 
құбылысты  дәл  сипаттайды:  «Специализация  синтаксических  функции 
формы нередко ведет к ее лексическому переосмыслению и возникновению 
нового слова» [27, 38].
Енді –дай, -дей тұлғалы сын есімдердің адвербиалдануына деректер 
келтірейік: қойдай шулады, тастай батты, жұлдыздай ақты, оттай күйдірді, 
ботадай боздады, оқтау зулады, құстай ұшты, бұлбұлдай сайрады, аяздай 
батты, судай ақты, т.б.
Бұл мысалдардағы  -дай, -дей тұлғалы сын есімдердің үстеудің мәні 
мен қызметін иеленіп, пысықтауыш функциясын атқарып, адвербиалданған 
яғни үстеуге айналған.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
143
Зерттеуші  Қ.  Шаяхметов  бұл  процесті  «үстеу  тәрізді  жүріп-жүріп, 
біртіндеп үстеуге ауысатын –дай, -дей аффиксімен жасалған сын есімдер нақ 
осылай адвербиалдану салдары ретінде ұғынылуы керек» деп сипаттайды 
[12, 64].
Үстеулер категориясына біртіндеп ауысқан –дай, -дей тұлғалы туынды 
сын есімдердің сөйлемдегі орны тұрақты болады. Мұны, әлбетте, тіліміздегі 
тұрақты  тіркестердің  құрамындағы  адвербиалданған  –дай,  -дей  тұлғалы 
сын  есімдердің  қызметінен  анық  аңғаруға  болады:  абыройы  айрандай 
төгілді, бес саусағындай біледі, сақадай сайланды, су сепкендей басылды, 
бақсыдай сайрады, тікенектей қадалды, ұйқысы шайдай ашылды. Мұндай 
фразеологиялық  тіркестердің  құрамында  келген  –дай,  -дей  тұлғалы  сын 
есімдер  еркін  синтаксистік  тіркесте  пысықтауыштық  функцияда  толық 
адвербиалданудың айқын үлгісін көрсетеді. Мұндай тұрақты оралымдарда 
–дай,-дей  тұлғалы  сын  есімдер  пысықтауыштық  қызметте  жиі-жиі 
қолданудың  әсерінен  етістікпен  байланысын  күшейте  келіп,  ақырында 
үстеулер тобына ауысып жатады.
Түйіп айтқанда, сын есім жасайтын –дай, -дей тұлғалы сын есімдердің 
үстеуге  айналуы,  әлбетте,  сөз  болып  отырған  аффикстің  сөзжасамдық 
қызметінің қорытындысы емес, ол адвербиализация процесінің нәтижесі 
ретінде танылуы тиіс.
Ендігі  сөз-үстеу  тудыратын  –дай,  -дей  қосымшасы  туралы  болмақ. 
Зерттеушілер  де  бұл  аффикстің  шығу  төркінін  етістік  сөз  деп  қарайды. 
Профессор Н.К. Дмитриев бұл қосымшаның тарихи негізі «тию», «жұғысу» 
мәнінде  қолданылған  бір  кездегі  «дек»  сөзі  деп  санайды  [14,115].  
И.Г. Рамстедт оны «сөйлеу», «айту» мәнін берген де етістігімен байланыстырады. 
Екі ғалым да бұл аффикстің арғы тегі етістік сөз болғанын растайды.
Сын есім тудыратын –дай, -дей аффиксі мен үстеу қалыптастыратын 
–дай,-дей формаларының о баста дыбысталуы да, лексикалық мағынасы 
да, грамматикалық сипаты да әртүрлі болып келген екі сөздің дыбыстық 
өзгерістерге ұшыраудың нәтижесінде омонимдес болып қалыптасқандығын 
бұлардың қазіргі тілдегі қызметі мен мәні арқылы да дәлелдеуге болады. 
Біріншіден, сын есім жасайтын –дай, -дей тұлғалы сын есімдер өздерінің 
шығу төркіні болып саналатын сөзбен семантикалық нәзік байланыста болып, 
оның көмескіленген белгісін білдіріп тұрса, үстеу жасайтын –дай, -дей аффиксі 
арқылы туындаған сөздерде ұқсастыру, салыстыру мән болмайды. Мысалы, 
тірідей көмді, жартысы қолдады, жастай кетті, іштей ұнататын, көктей солды, 
ақшадай төледі, жаздай қыдырды, өлідей айрылды, қыздай алды, т.б. бұл 
мысалға келтірілген –дай, -дей тұлғалы үстеу сөздерде ешқандай салыстыру 
мәні байқалмайды. Айталық, тірідей сөзін тірі текті, тіріге ұқсас, болмаса 
жастай лексемасын жас текті, жасқа ұқсас деуге келмейді. Екіншіден, сын есім 
тудыратын –дай, -дей жұрнағы негізінен зат есім негіздеріне жалғанып туынды 

Вестник ПГУ №4, 2010
144
атрибутив сөздер жасаса, үстеу жасайтын –дай, -дей тұлғалары зат есімдерге 
де, сан есімдерге де, атрибутивтенген басқа сөз таптарына да  қосыла береді. 
Үшіншіден, сын есім тудыратын –дай, -дей аффиксі бойына екпін тартпаса, 
-дай,-дей қосымшалы үстеулер екпінге ие болады. Төртіншіден, үстеу жасайтын 
–дай, -дей аффикстерінің дыбыстық варианттарының құрамында –лай, -лей 
қосымшасы бар, ал сын есім қалыптастыратын осы тұлғалас қосымшалардың 
дыбыстық сыңарларында мұндай жұп жоқ. Бесіншіден, -дай, -дей тұлғалы 
туынды сын есімдердің ішінде некен-саяқ сөздер ғана толық адвербилданып, 
үстеулер категориясына біржола көшсе, -дай, -дей тұлғалы үстеулердің барлығы 
да, біздің ойымызша, толық адвербиалданып, бұрынғы сөз табынан мүлде қол 
үзіп, үстеулер тобына біржола ауысып келген сөздер болып табылады. Бұл 
айтылғандар, қысқасы, олардың атқаратын қызметі мен грамматикалық мәні 
бір-біріне ұқсамайтын, екі бөлек аффикс екенін көрсетсе керек.
Біздіңше, әртүрлі сөз табына жалғанып, үстеу жасайды делініп отырған 
–дай, -дей аффиксі бірден үстеу жасай қоймаған. –Дай, -дей аффиксі бірде 
зат есімдерге қосылып, бірде сын есімдерге жалғанып,  бірде есімдіктерге 
қосылып, сол сөз таптарына тиесілі туынды жаңа сөздер жасаған. Мұны 
қазіргі тілде үстеу болып танылып жүрген –дай,-дей тұлғалы адвербиал 
сөздердің  құрамынан  анық  көруге  болады.  Жаздай,  қыстай,  күздей, 
ақшалай, малдай үстеулері зат есімдердің адвербиалдануынан пайда болса, 
өлідей, тірідей, тірілей, жастай, кәрідей сөздері сын есімдердің, екіншілей, 
бірдей,  жетідей  сан  есімдердің,  мендей,  сендей,  ондай,  сондай  үстеулері 
есімдіктердің осы аффиксті өз бойларына қабылдап, қолдану тәжірибесінде 
пысықтауыштық    қызметте  жиі  қайталанып  жұмсалудың  нәтижесінде 
үстеулер  болып  қалыптасқан.  Осы  арада  бір  даулы  мәселеге  тоқталмай 
өтуге  болмайды.  Ол-үстеулерді  қосымшалар  арқылы  жасалады  деу.  Бұл 
пікірді  қолдаушылар  бізге  үстеудің  сөз  табы  ретіндегі  ерекшеліктерін 
мүлде ескермейтін секілді болып көрінеді. Өйткені, мектепке не болмаса 
жоғары  оқу  орнына  арналған  қазақ  немесе  орыс  тілінде  жазылған  кез-
келген оқулықты қолға алып қараңызшы: олардың бәрінде де тайға таңба 
басқандай, үстеулердің ешбір морфологиялық өзгерістерге түспейтіні, басқа 
категориялардан ауысып келген сөздерден құралатындығы анық жазылған. 
Бір қызығы, оқулық авторлары үстеулердің сөз табы ерекшелігі ретінде 
осылай дейді де, артынша өздерінің тұжырымына өздері қарсы шығады. 
Бұл  пікір  қайшылығының  орын  алуына  біздіңше,  басты  себеп  әр  сөз 
табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін есепке алмай, олардың 
барлығын да әбден таптаурын болған бір ізбен, бір әдіспен зерттеушіліктен 
аса  алмаушылық.  Ең  бастысы,  ол  еңбектерде  үстеулердің  қалыптасу, 
даму  жолы  сөз  болғанда,  үстеулердің  өз  алдына  бөлек,  дербес  лексика-
грамматикалық категория болып қалыптасуында шешуші роль атқарған 
адвербиализация процесіне ешбір назар аударылмайды. Кейбір еңбектерде 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
145
аталған  процесс  тіпті  ауызға  да  алынбайды.  Мәселеге  осы  тұрғыдан 
келгенде, -дай,-дей аффиксін үстеу жасайды деу, әлбетте, үстеулердің сөз 
табы ретінде қалыптасуының бірден бір жолы – адвербиализация процесін 
есепке алмаудан туған.
Қысқасы,  үстеулердің  жеке  сөз  табы  болып  орнығуында  –дай,-дей 
тұлғалы  сын  есімдердің  де,  әртүрлі  сөз  таптарына  жалғанып,  -дай,-дей 
тұлғалы сөздердің адвербиалдануы үлкен роль атқарған. Бұлар үстеудің сан 
жағынан молайып, оның мағыналық әрі қолданылу сферасының кеңеюіне 
алып келді.
Мақала  көлемі  көтермегендіктен,  -сыз,  -сіз  тұлғалы  сын  есімдердің 
адвербиалдану мәселесін келесі еңбектің еншісіне қалдырдық.
әдебиеттер
1.  М.  Терентьев.  Грамматика  турецкая,  персидская,  киргизская  и 
узбекская. - М., 1875.
2. П.М. Мелиоранский.  Краткая грамматика казак-киргизского языков. 
- М., 1897.
3. Н.В. Катанов. Опыт исследования урянкайского языка. - Казань, 1903.
4. Қ. Жұбанов. Исследование по казахскому языку. - Алматы, 1954.
5. С. Аманжолов. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1940.
6. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілінің тарихынан. - Алматы, 1988.
7. К. Бегалиев, Н. Сауранбаев. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы, 1944.
8. Н. Сауранбаев. Қазақ тілі. - Алматы, 1953.
9. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. - Алматы, 1964.
10. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі.  -Алматы, 1964. 
11. И. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1966.
12. Қ. Шаяхметов. Қазіргі қазақ тілі. - Семей, Новосібір, 2007.
13. Қазақ грамматикасы. Астана: «Елорда», 2002.
14. Н.К. Дмитриев. Грамматика башкирского языка. - М-Л. 1948
15. Н.К. Дмитриев. Грамматика кумыкского языка. - М-Л. 1940
16. Г. Алпаров. Сайлана хезмәтлар. - Қазан, 1945.
17. М. Закиев. Синтаксический строй татарского языка. Изд. Казанского 
унив. 1963.
18. М. Томанов. Тіл тарихы жөнінде зерттеулер. - Алматы, 1992.
19. Н.А. Баскаков. Каракалпакский язык. - М-Л, 1950.
20. Н.А. Баскаков. Каракалпакский язык. - М-Л, 1950.
21. С. Усманов. Морфологические особенности слова в современном 
узбекском языке. АДД, - Ташкент, 1964.
22. В.М. Насилов. Грамматика уйгурского языка. - М., 1940.
23. Қ. Жұбанов. Исследование по казахскому языку. - Алматы, 1966.24. 
Н.А. Баскаков. Ногайский язык и его диалекты. - М., 1952. 
25. М. Қошғарии. Девонд луғотит турк. - Ташкент, 1961.

Вестник ПГУ №4, 2010
146
26.  Б.А.  Серебренников.  О  взаимосвязи  языковых  явлений  и  их 
исторических изменении. ВЯ №3, 1964.
27. В.В. Виноградов. О формах слова. Известия АН СССР. Том ІІІ. 1944.
Резюме
В статье рассматривается вопрос адвербиализации аффиксов 
имени прилагательного в казахском языке.
Resume
The article studies the problem of adjective affixes adverbializing in 
the Kazakh language.
ӘОЖ 882.151.212.2
«...ЖАРҒА ҒАШЫҚ БОЛҒАНЫМА ТАҢДАНАТЫН  
ТүК ТЕ ЖОҚ»
А.Б. Сейсекенова
«Қайнар» университеті, Семей қ.
Шәкәрім атамыз жаратқан иемізді жар деп атаған. Онда көп себеп бар. 
Жар деген символдық атау. Ол осы символдық атау беру арқылы өзінің 
«Ар  ілімінің»  барлық  адамзатқа  ортақ  болуын  қалаған.    Барша  адамға 
пайдасы тисін деп ойлағандықтан солай істеген. Оның әлемдік ақындармен 
иық тіресетін көркемдік ойы осынысымен ерекше. Мен бұл еңбекте жар 
дегеннің орнына Жаратушы деген сөзді қолдандым. Өмір сүруге құштарлық 
Жолындағы жан дүние емін іздейтіндерге арналады. 
- Фауст. ... Біздің рух бағынбас уақытқа  
- Елена. Сондықтан бақытты (И.В. Гете. «Фауст»).
Шексіз ғалам бұл жаратушы. Шексіз ғалам мен адам тең. Олардың тең 
екені біз ашқан жаңалық емес. Жаратушы біздің бойымызда. Жаратушысыз 
біз өмір сүре алмаймыз, бізсіз Жаратушы да жоқ. Бұл Қайта Өрлеу дәуіріндегі 
Николай  Кузанскийлер  айтқан  тепе-теңдік.  Сопы  ақын  Ал-Халладжды  
аюандықпен өлтірген ақиқат. Ғашықтарды өз жүрегіне табындырған үйлесім. 
Адам біткенді алаламайтын махаббат. Жерде тұрып көкке айналу, көкте 
тұрып  жерге  түсу.  Бәлкім  бұл  туралы  Николай  Кузанскийлерден  бұрын 
айтқандар да бар шығар. Оны кітаптардан қарау керек. Қазіргі заманғы 
философтардың ішінде Роллан Бардт «Автордың өлімі» деген еңбегінде  кез-
келген шығарманың  авторы кім деп сұрақ қою қиын екенін дәл айтқан. Одан 
да  осы өміріміздің ұлы Авторы кім деп сұрақ қойып көрген бізге  дұрыс бағыт 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
147
беретін сияқты. Сонда ешкім де авторлыққа таласа қоймас еді. Бізге қазір 
маңыздысы бұл емес. Мәселе кім айтқанда емес, мәселе өзіңдегіні тануда. 
Барлық  білім  біреудің иеленген меншігі емес. Платон айтпақшы, білім деген 
өзімізде  бар бұрынғыларды еске түсіру ғана. Яғни, білім адамға шексіз 
ғаламнан келеді. Сондықтан Жаратушыда Қазір және Осында ғана бар. Өткені 
де,  қазіргі де болашақ та бір өзінде болған соң Жаратушының уақыты мен 
жердегі уақыт бірдей емес (Қазірше солай). Сондықтан бұл заманда уақытқа 
бағынудың орнына, Мәңгіліктің ішінде болған адам ғана бақытты.  Мәңгілік 
дегеніміз Қазір және Осында өмір сүру. Алдыңғы уақыттан үнемі үміт күтіп 
армандау зиян. Өміріңізге ғана емес, денсаулыққа да зиян. Бұл дегеніміз тағы 
да болашақпен емес, қазіргімен өмір сүру дегенді білдіреді. Яғни, болашақтың 
қамын қазір жасауымыз керек. Армандаудың орнына қазір іске кірісу керек. 
Бірақ, істердің барлығы физикалық қимылдан тұрмауы мүмкін. Ойдың да 
қимылы болады. Егер ойлардың бағыты дұрыс болса, адам дамиды. Даму 
дұрыс болса, адам тазарады. Тазарған сайын болашақ өзгеріп отырады.   
Жаратушының уақыты мен жердегі уақыт дәл бүгінгі күні бірдей емес.  
Сол себептен уақытқа жабысып керегі. Алдағыны армандамай-ай, Қазір және 
Осында өмір сүру машығы Жаратушыдағы Мәңгіліктің бойында болып, 
«сен де бір кірпіштік қалыбыңа тартуың үшін керек». Армандаған адам ауру 
болары хақ. Ештеңені ойламай қазіргімен өмір сүретіндердің жұмысқа қабілеті 
мықты  болатыны  сондықтан.  Ал  қиялшылдар  жалқау.  Олар  болашақты 
армандап қашан-қашан деп уһілеп уақытқа бағынады. Өткенді ойлайтындар 
өздерін артқа тартатындар.   Негізгі мектеп-өмір. Адамның туғаннан қайтқанға 
дейінгі айналасының бәрі сабақ. Дүниеге әкелген ата-анасы, отбасы, тіпті 
туған баласы да сабақ беруге келеді. Осы шеңбердің ішінде бәрінен балада 
періштелік пен даналық көп болады екен. Үлкендер сезбегенді бала сезеді. 
Үлкендер  айта  алмағанды  балалар  айтады.    Шәкәрім      «Шын  бақтың 
айнасында» «атақ», «байлық», «мансап» деген бақтардың ішінде балалар 
әлемін нағыз «бақ» деп атаған. Менің бір мектепте психолог болып істейтін 
танысым өзі жұмыс істейтін жерінен кеткісі келетінін айтқан еді. Оның жұмыс 
істейтін ортасы, бастығы оның ойынша әділетсіз надан адамдар. Ал шын 
ойланған адамға ол тегіннен-тегін ондай ортаға түсіп отырған жоқ.   Менің 
танысымның өзі өзгермейінше оның ортасы өзгермейді. Басынғанға басылмай, 
қорқытқа қорынбай (қорқақтарды адамдар алдын-ала сезіп кез-келген жерде 
қорқытқысы келіп отырады) психологиялық тұрғыдан адамдарға махаббат 
арқылы  (тек махаббат арқылы) өз-өзін кемелдендірмейінше басқа жұмысқа 
ауысқанмен ол жақта да қорқытатын адамдар табылады. Ол үшін әрине білім 
керек. Яғни, оймен жұмыс жасау керек. Тіпті жаңа жұмыс орнынан алынатын 
сабақ тіпті қатігез болуы мүмкін. 
Әлем ең алғаш аналық мейірімнен жаралған дейді екен ертеректердегі 
аңыздарда. Аналық махаббат ананың басқа баласынан гөрі әлсіз, әлжуаз 
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет