«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Б.Спиноза философиясындағы қарастырылған мәселені атаңыз



бет46/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
19.Б.Спиноза философиясындағы қарастырылған мәселені атаңыз.
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі — «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді.
Ең бастысы — Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін туындатады.
Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Ол өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.
XVIII ғасырдағы француз ойшылдары жауапкершілікті азаматты тәрбиелеуге кез-келген қоғам қабілетті бола бермейді деп тұжырымдап, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігі мәселесін көтереді. Спиноза, ерік бостандығын мүлдем теріске шығара отырып, философияда алғаш рет бостандықты «танылған қажеттілік» ретінде түсінуді ұсынады. Яғни, біздің бостандығымыз біздің сыртқы әлемдегі құбылыстардың себептерін қандай дәрежеде түсінетінімізге және өз түсінігіміздің шегінде ғана әрекет жасай алатындығымызға тәуелді. Спиноза философиясында адам субстанцияның өзі емес модусы болғандықтан, шексіз еркіндікке ие бола алмайды. Нағыз еркіндік иесі универсум ретіндегі табиғат (субстанция). Адамға табиғаттың «бір бөлшегі» ретінде толық еркіндік берілмейді: «Адам жанында ешқандай абсолютті ерік бостандығы жоқ, бірақ қандай да бір күштің қалауымен жан шексіз себептер арқылы анықталады». Болашақ «субстанцияның модусы» ретінде ғана адамдар табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге, «табиғатты өздеріне бағындыруға емес, керісінше, табиғатқа бағынуға» мәртебесіне ғана ие бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет