Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014


таңдай нёбо өзен река жайлы удобный   ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата15.03.2017
өлшемі440,59 Kb.
#9595
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

132
таңдай
нёбо
өзен река
жайлы
удобный
 
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ДУАЛ
  ир. зат. 1. Балшық, саман, шым тəрізді заттардан салынған үйді, 
бақты айналдыра қоршаған қоршау. 
2. Завод-фабрикалар мен үйлерді, складтарды айналдыра қоршаған 
биік қамал.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 179-бет.  
ДАРБАЗА
 ир. зат. Қораның, мекен-жайдың сыртқы үлкен қақпасы. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т.  52-бет. 
БҰРҚЫЛДАП
  Ауыс. Ренішті сөздер айтып, қатты кею, ашулану. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 543-бет.  
МАСАТТАН
 ет. Көңілі көтеріліп қуану, шаттану. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 7-т. 138-бет.
КҮЙЗЕЛ
 ет. Қиналу, қайғыру, қажу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
5-т. 279-бет. 
МЫСҚЫЛДА
 ет. Мысқыл айту, шенеу. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 7-т. 289-бет. 
БЫЛШЫЛДА
 ет. Ауыс. Мылжыңдап əр нəрсені бір көку. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 2-т. 592-бет. 
ШОЛАҚ
  2. Қысқа, ұзын емес, келте. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
10-т. 247-бет. 
КҮҢКІЛДЕ
 ет. Ақырын сөйлеу, түсініксіздеу, естілер-естілмес етіп 
айту. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т . 343-бет.
СЫПЫРТ
 ет. Зымырату, зулату, жүйткіту, соқтыру. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 8-т.  494-бет. 
ҚҰЛДИЛА
 ет. Ылдиға, еңіске, етекке қарай түсу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 6-т. 460-бет. 
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  СӨЗДІК
ІЛІП ƏКЕТТІ
  Қағып əкетті, бөгелмей жалғастырып əкетті.
ТАҢДАЙ (ТАҢДАЙЫН) ҚАҚТЫ (ҚАҒЫСТЫ)
 Таңданды, таңыр-
қады, қайран қалды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.

133
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.  Смитфилд жаңа танысқан серіктерімен қайда барады?
2.  Ол  неліктен  серіктері көшеге тастап кетеді деп ойлады?
3.  Смитфилд серіктерінен қалып қалғанда не үшін жылайды?
4.  Смитфилдтің серіктерінің есімдері қандай?
5.  Оны серіктері кім деп атайды жəне не үшін? 
6.  Смитфилд серіктерімен  қайда келді? 
7.  Моулди қандай бала?
8.  Смитфилдті жол бойы кім қорқыта береді?
9.  Олар қайда түнейді?
10. Олардың ұйықтайтын жері қандай?
11. Олар шалға не үшін тиісті?
12. Смитфилд серіктерімен ненің үстіне ұйықтайды?
13. Смитфилдке неге серіктері жастық бол дейді?
14. Оның қарындасының аты кім?
15. Балалар полицейлерді не деп атайды?
16. Смитфилдтің өгей шешесінің аты кім?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
 
1. Шал не үшін əн айтты?  
2. Шал ненің үстінде отыр жəне оның қандай құралдары бар?
3. Смитфилд ұйықтар кезде не жайында ойлады?
4. Синонимдерді тауып жазыңыз.
 
(көне, əлдекім, шылым, икемді, ыңғайлы, оңтайлы, ықшам, осында, 
құстөсек, ақиқат, ақырғы, кейінгі, артқы, тұңғиық, шыңырау, қытымыр, 
қатты, көпшік, сүйеу, медет, медеу, үн, алға)
ҮЛГІ:
 
Кенет, тосын.
Түңілу, торығу, күдер үзу.
 
Алыс, қашық, қиыр, шет, қиян, ұзақ, шалғай, жырақ, қырым, аулақ.
Аласа, тапал, қысқа, кішкене, тəпелтек, мықыр, қортық, тырбық, 
жатаған.

134
Дарбаза, қақпа.
Ескі, ...............................................................................................................
Сараң, ............................................................................................................
Демеу, ............................................................................................................
Темекі, ...........................................................................................................
Мұнда, ...........................................................................................................
Жастық, .........................................................................................................
Дыбыс, ...........................................................................................................
Терең,  ...........................................................................................................
Соңғы, ...........................................................................................................
Мамық, ..........................................................................................................
Ілгері, .............................................................................................................
Шындық, .......................................................................................................
Біреу, ..............................................................................................................
Епті, ...............................................................................................................
5. Төмендегі  сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңыз.
Үлгі: 
ілгері  –  кейін
көп  –     .......
кең –      .......
қайғы –   ......
таныс –   ......
аласа –    ......
іш –         ......
онда –     ......
өгей –     ......
терең –    ......
қараңғы – ......
жылы –    .......
төмен –    .......
артта –     .......
ескі –        .......
жуан –     ........
тату –      ........
жұмсақ –  ........
суық –      ........
жиі –        ........
ҚАЖЕТ СӨЗДЕР: ыстық, қатты, сирек, кейін, жаңа, суық, туған, 
қуаныш,  тайыз, жіңішке, мұнда, бөтен, аз, алда, биік, жарық, тар, сырт, 
биік, араз. 

135
6. Сөйлемдерге қажет есімдіктерді табыңыз. (мен, өздерімен, бəрі,  
міне, мені, бұл, біз, сендер, олар, біз, сен, ол, өз, оның)
1. ..... ескерту мені қуантып тастады. 2. ..... үйге барамыз деді, бірақ 
.....   ......... бірге шақырған жоқ. 3. Бізді əр қадам сайын итермелейді, бірақ 
....  қиналсақ та ілгері келеміз. 4. – .... мұндамын, – деп жауап бердім. 5. – 
Ал ....... қайдасыңдар?   6. – ..... осындамыз. 7. .... көрмей тұрсың ба?  8. .... 
жұмыстары туралы əңгімелесіп, үшеуі де кетіп барады.  9. – ...., енді жеттік. 
Рип, сен ..... тағы бір қолынан ұста, əйтпесе ..... бірдеңеге соғылып, басын 
жарып алар, – деді. 10. Сөйтіп, қазір ...... де артта қалып, жылы төсекте жа-
тып, кішкентай Поллиді уатар едім.
ДЖЕЙМС   ГРИНВУД 
(1833-1929) 
Д. Гринвуд белгілі ағылшын жазушысы. Ол 1833 жылы 
қызметкер отбасында дүниеге келген. Джеймстен басқа отбасында 
11 бала болған. 60-70 жылдары оның есімі Англияға кеңінен тарады. 
Ол өзінің ең үздік шығармаларын 60-жылдары жазды. 
Оның негізгі шығармалары: «Семь язв Лондона» (1869) очеркі,  
«Маленький оборвыш» (1866) повесі, «Приключения Робина Дэ-
виджера, проведшего семнадцать лет и четыре месяца в плену у да-
яков на острове Борнео» (1869) романы, «Приключения семи лес-
ных четвероногих. рассказанные ими самими» (1865) повестер мен 
əңгімелер жинағы.
«Өгей бала» тұңғыш рет 1866 жылы Лондонда жарияланды.

136
Сайын  Мұратбеков  
ҚАЛЫҢ  ҚАР  
повесть 
Алматы, 1989. - 240 бет.
ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚОРЛЫҚ
Əкеден де, шешеден де айрылған жетімдік тақсіретінің аяздай 
қарығанынан ба, сол жылғы қыс айрықша қатал, қытымыр болып 
еді. Есіме алсам, жон арқам күні бүгінге дейін сырқырайды. 
Қар қалың жауды, кейбір жатаған үйлерді төбесімен бірдей ғып 
басып тастады. Есік алдындағы қар күресіндері кішігірім ақ тау-
лар боп жоталанып, күннен-күнге биіктей түседі. Ырысбек бол-
са енді бізді жазалаудың тағы бір жолын тапты. Бірдеңеден жазып 
кінəлы боп қалсақ, яки айтқан тілін алмасақ, сирағымыздан ұстап 
тік көтеріп алады да, сол күресін қарға басымызды төмен қаратып 
шанша салады. Мойны-қойнымыз қарға толып, тұншыға, қашан өзі 
суырып алғанша, аяғымыз көкке қарап тыпырлап тұрғанымыз. Бұл 
жазаны балалардың бəрінен де көп тартқан  мен болдым. 
Ырысбек аяқ асты Нəзира əпкеме үсті-үстіне хат жазатынды  
шығарды. Жəне ол хаттарын басқа біреуден емес, ылғи менен бере-
тін. Мұнан өткен қорлық болсын ба?! Мен, əрине, əуелгі кездері 
оның бұл басынғанына намыстанып, хаттарын тасуға көнбей қиқар-
ланып баққам, екі-үш күн қатарынан Ырысбектің қолына түскен 
жерде күресін қарға төбемнен шаншылып тыпырлап тұрып жаза 
тарттым, тіпті тұншығып өліп кете жаздаған кездерім де болды. 
Ақыры ол дегеніне көндірді. Көнбей қайда барам, мені қарға тірідей 
көміп өлтіріп тастаса, бүкіл ауылда Ырысбектің қолынан ара түсіп 
құтқарып алар бір адам жоқ. Колхоз бастық Нұғыман болса ауру-
лы, төсектен тұрмайды. Көлбай керең сонау күздегі оқиғадан кейін 
Ырысбек десе жанынан безеді, бас көтерер жалғыз Байдалы шал 
еді,  ол да Ырысбекпен бірге қалаға бір жолы барып келгеннен кейін
«пəледен бес шақырым аулақ» жүретін болды. Екеуі екі ат-шанамен 
колхоздың астығын сатуға кеткен, төрт күннен кейін қайтып оралды. 
Ауылға кіре бере Байдалы шал шанасынан қарғып түсіп, Ырысбекті 
бишіктің астына алды-ау дейсің. Сыбап боқтап жүр. 

137
–   Сенен көрген қорлығым ба?! Сенің істегенің бе?! Сүйегімнен 
өтті ғой! Əй, өлдім-ау, əбден... – деп, ызақорланып, жыларман боп 
жүр. Шықпыртып ұра түседі. Ырысбек болса қалың тонмен басын 
бүркелей түсіп, оның соққысын шыбын шаққан ғұрлы көрер емес, 
қарқылдап көзінен жас аққанша күледі. Екеуінің шаң-шұңына бүкіл 
ауыл жиналды. Байдалы шал түтіге тұрып Ырысбектен көрген 
қорлығын айтты: қалаға жетісімен Ырысбек дереу өзінің бір қап 
асты ғын сатып, ақшасын қалтасына салып апты да, шанасын Байда-
лы шалға тастап, өзі үшті-күйді жоғалыпты, содан дəл Байдалы шал 
қайтқалы тұрғанда, бір-ақ келген, бір қап бидайдың ақшасынан бір 
тиын жоқ, бəрін араққа салған. 
– Онысын да қойшы, – дейді Байдалы шал. – Бұл иттің маған 
қай тар жолдағы көрсеткенін айтсаңшы. Əй, қор қылды-ау, енді 
қайтейін-ай... Осы ауылға осыдан тірі жетермін бе, жоқ па деп шы-
бын жанымды қу шүберекке түйіп, шаққа келдім ғой. Мынау ма? 
Мынау адам емес, жұртым-ау!.. Жын ба, шайтан ба... əйтеу бірдеңе... 
Онан арғы оқиға былай бопты: қаладан бері ұзап шыққанша, 
Ырысбек Байдалы шалдың ұрысқандарының бəрін үнсіз мойын-
дап моп-момақан боп отырған, бір кезде шанасы тоқтай қалады 
(алдыңғы шанада екен), өзі секіріп жерге түсіп, айдалада омбы 
қар дың үстінде билей жөнеледі. Қолында екі басты бəкі, жүздері 
жалт-жұлт еткен, өзін-өзі əлгі бəкімен ал кеп сұққылайды, қайдағы 
бір жын-перілердің аттарын атап шақырып, зікір салып, көзі алақ-
жұлақ етіп қанталап, түсі мүлде адам шошырлық күйге түседі. Со-
дан бір кезде кеп Байдалы шалды алқымға алады, қылғындырып 
бауыздамақ болады. Есі шыққан Байдалы шал: «Əкем, Ырысбек, не 
болды саған?... Садағаң кетейін-ау, не болды? Жазығым не» – деп 
жалынады. «Əлде қарның ашты ма? Мына менің астымдағы шөптің 
арасында қап бар еді?..» – деген кезде ғана босатады. Байдалы шал 
ауылдағыларға базарлық деп алып келе жатқан азын-аулақ ішімдігі 
жəне жұмсақ  ақ нан, прəндік, кəмпит бар қаптың аузын шешіп, со-
ларын жайып салып, Ырысбектің шеңгелінен əзер құтылады. Ырыс-
бек ішімдікті ішіп, жұмсақ нанды тойғанша жеп, жол бойы қызара 
бөртіп  рақатқа батып келеді... 
–  Адам емес мынау ... адам емес! – деген Байдалы шал əңгімесін 
түңіле аяқтап. Сонан бері Ырысбекті көрсе, анадайдан айналып 
кетеді. Бригадир Байдалы шалдың өзі сөйткенде, басқаға не жорық. 
Амал жоқ, Ырысбектің хатын Нəзира əпкеме өз қолыммен əкеп 

138
ұсынам. Нəзира əпкем хатты алады да, бүктеуін де ашпастан қақ 
бөліп айырып, ошақтағы отқа тастайды, сонсоң мені жағымнан 
шапалақпен тартып-тартып жібереді. 
–   Жексұрын! – дейді көзі жасаурап. 
Рас та. Өз əпкесіне Ырысбектің хатын тасыған іні жексұрын емей 
кім? Сөйтіп, екі оттың ортасында жүрген жайым бар. 
Əнеу бір күні Ырысбектің хатын Нəзира əпкеме ұсынып тұрып, 
шыдай алмай еңіреп жылап жібердім. Менің мүшкіл халімді ұқты-
ау деймін, Нəзира əпкем хатты қолына ұстаған күйде мені ертіп 
Ырысбектің үйіне əкелді де, көзінше қақ айырып тастай салды да, 
аяғымен таптап езгілей тұрып: 
– Мен сіздің хатыңызды еш уақытта оқымаймын да, босқа əуре 
боп ендігəрі жазбаңыз, – деді. Өз терісіне өзі сыймай, ызадан жары-
лып кетердей боп түсі бұзылып, түтіге тұрып айтты. 
Басқа біреу болса мұндайда Ырысбек көзін алақ-жұлақ еткізіп 
тап беретін, ал Нəзира əпкемнің мына істегеніне қызарақтап күле 
тұрып:
–  Нəзира қалқам, мен... мен... – дей берген тұтығып. 
– Анау кезде айтып ем ғой, мен сізге ешқандай да қалқа емеспін 
деп. Аулақ жүріңіз менен! 
Онан соң мені ертті де, Ырысбектің есігін қатты сарт еткізіп 
шығып кеттік.
–   Енді хат берсе, алма! – деді маған да түйіле сөйлеп. – Ұратын 
болса, айтып кел өзіме, Ырысбек тұрмақ онан зорғы болса да  көріп 
алайын əуселесін!.. 
Əрине, Нəзира əпкем шындап ашуланса, кімнен де болса тай-
майды, бірақ заты əйел ғой, оны арқа сүйеп не мұратқа жетермін, 
қаншама жер тепсініп, мықтымси сөйлегенімен, жеме-жемге келген-
де Ырысбекке не істей қояр дейсің, құр сөз де. 
Кездейсоқ бір жағдай құтқармаса, Ырысбектен оңайшылықпен 
құтылу жоқ шығар. Күзден бері өзін военкомат екі рет шақыртты. 
Армияға алып кететін шығар, бұл қызылкөз пəледен сөйтіп құтылатын 
болармыз деп бүкіл ауыл күткен, əсіресе оның қылжағынан ығыр 
болған қыз-келіншектер мен біздер – балалар, шынымен-ақ қуанған-
быз. Бірақ қырсық қылғанда екі ретінде де жарамай қайтып келді, 
«өкпем əлі толық жазылмапты», – дейді өзі. Бүкіл ауылды аяғынан 
тік тұрғызып зəре-құтымызды ұшырғанда құдай құрлы, тепсе темір 
үзетін осы пəленің жазылмай жүрген ол қандай ауру екенін түсіне 

139
алмай дал болды ел. Əйтеу, ауданға жүрерден екі-үш күн бұрын екі 
көзі шүңірейіп, жағы суалып, түрі сарғыш тартып, алты ай жаз төсек 
тартып ауырған адамдай боп қатты жүдеп кетеді де, ал қайтып кел-
ген соң, Зибашты, не Эмманы (ол шақыртқанда, екеуі де тоқтаусыз 
жетіп келеді) шақыртып ап, он шақты күндей үйінде жатып айран-
сүт ішіп, сорпа ішіп қалжаланғаннан кейін, өңінің сарғыш тартқаны, 
көзінің шүңірейгені кетіп, қайтадан делебесі қозған бурадай құтыры-
нып шыға келеді. Үйіндегі өзін күтіп-баққан əйелді (Зибаш болса 
да, Эмма болса да) қуып тастайды да, басқа қыз-келіншектерге хат 
жазуын қайта бастайды. Ауылдағы жылт еткен қыз-келіншектен 
Ырысбектің көз салмағаны қалмады. Соңынан бес күн түседі, он күн 
түседі, ай бойы түседі, ақыры қалай дегеніне жетіп тынады. Бүгін де 
Ырысбекке көнбегені кемде-кем-ақ шығар. «Бұл ма, бұл екі дүниеде 
көгермейді, – дейді тоқсаннан асқан Қуатбек шал басын шайқап 
отырып. – «Жылқыға жау тигенде, жабы құтырар» деген осы да». 
Кемпір-шал атаулы Ырысбекті қарғап-сілейді, бірақ оған қыңар 
Ырысбек жоқ, қайта құтырына түсетін сияқты. Енді, міне, Нəзира 
əпкемнің соңына түскеніне де біраз болды. Ақыры немен тынарын 
кім білсін. Əйтеу, осы кез маған оңай тиіп жүрген жоқ. Екі оттың 
ортасында шыбын жанды шүберекке түйгендей жайым бар.                                          
– Нəзира əпкем Ырысбектің үйіне мені жетектеп апарып, оған 
доңайбат жасап кеткен күннің ертеңіне көшеде Əжібек кездескен. 
Қасында  –  Қайрат пен Бəтен.  
– Əй, көксоққан, бері кел! – деді бұйырып. 
Бұрын біздерді екі сөзінің бірінде: «Əй, жүгірмек» деп отыратын 
Əжібек биыл қыс: «Əй, көксоққан»дегенді шығарған. Мейлі, тіпті 
жерсоққан десе де əлімжеттілігін жасап зəбірлемесе екен де. 
– Ия,  – деп мен қасына келдім. 
Басында əкесінен қалған түлкі тымақ, үстіндегі ескі қара тонының 
белін қайыс белбеумен қынтитып тұрып буып апты жəне онысын 
Ырысбектің жейдесінің етегі құсатып артына қарай ысырып қойған, 
сондықтан болар, екі жақ етегі жел кеулегендей делдиіп тұр, аяғында 
ақжұлықтанған ескі қонышқа қоңыр көннен бас салып тігілген дөр-
биген үлкен етік, оны солидолмен шылқытып майлап апты, өзі тіпті 
мұнда жоқ, жан адамды менсінер емес, паңданып тұр, маған сонау 
биіктен, жоғарыдан көзінің астымен ғана қарайды. Бұрын бойы ме-
нен сəл ғана биіктеу көрінуші еді, биыл қыс тіпті сыриып өсіп кет-
кен сияқты. Мұрты біліне бастапты. Бірақ Əжібек қанша паңданса 

140
да, сидиған арық түріне мына киімдері еш жараспайды-ақ, ұсқыны 
адам күлерлік еді, жаздағы Шымырбай шалдың бақшасының шетіне 
ескі-құсқы киімдер кигізіп қадап қойған қарақшы сияқты қалқиып 
тұр. Əттең, бір-екі жас болса да үлкендігін білдіріп əлімжеттік жа-
сайды, əйтпесе мына түрін мысқылдап мазақ етер ем. Өзінің жəне 
бір жаман мінезі: жұртты мазақ етіп күлгенде құдай құрлы да, ал 
өзіне айтылған бір ауыз əзілді көтере алмайды, көзі аларып шаты-
нап шыға келеді. Жарылып қанталап жүретін астыңғы ернін жалап-
жалап қойып, зəреңді ұшыру үшін тісін шақырлатып: «Мені мазақ 
ететіндей сен кімсің ей, ə?! Мұрныңды бет қып жіберейін бе, осы?!» 
– деп күс-күс жұдырығын түйіп төніп келгенде, əзіл айтпақ түгілі, 
бетіне тура қараудан қаймығасың. Өзі сенен үлкен, қолы ұзын, тара-
мыстанған арық болса да, күші басым, жеңілмеске, қорықпасқа 
шамаң жоқ. Оған қарағанда Қайрат пен Бəтеннің киімдері тəуір: 
бірінің үстінде жақында тоқылған жаңа шекпен де, екіншісі жүн 
сырған күпəйке киген, аяқтарында жаңа шарық. Бар дəмділерін апа-
лары осылардың аузына ұстайтын екеуі екі үйдің еркесі, жүздері 
қызара тершіп, ұрттары томпиып тұр. 
– Көксоққан, Жөкеңді ғой ұмытып жүрсің, – деді Əжібек бірден 
кіжіне сөйлеп. Əрине, «Жөкең» деп тұрғаны өзі, ал енді оны менің 
қалай ұмытып жүргенімді түсінсем бұйырмасын.
– Үйінде артық-тұртық құрт-ірімшік болса, осыны Əжекең ауыз 
тисінші деп алып шығу ғой ойыңа да келмейді, – деп, біраз кінə ар-
тып, сөгіп алды. Мына өзіңдей Бəтенді қарашы, міне, апасының жеті 
қатқа тыққан құртынан маған ұрлап əкелді.
Енді байқадым, үшеуінің ұрттары томпаңдап, құрт сорып тұр 
екен. 
– Мен кеше тура жарты таба нанды бір-ақ ұрлап əкелгем, – деді 
осы тұста Қайрат та шыдай алмай. 
–  Иə. Мына Қайрат сөйтті. Маладес! – деді Əжібек оны иығынан 
қағып. – Ал сен ғой...
–  Əй, осыны қойшы, сараңды. Бұлар тұқым-тұқиянымен тегіс 
сараңдар емес пе. Негізіне тартпай тұрсын ба, – деп, Бəтен аузындағы 
түкірігін шашырата кеп, құйрығымнан бір тепті.
Əншейінде бетіме тура қараудан қорқатын мына жаманның мына 
құтырғаны қанымды қайнатып-ақ жіберді. Тіпті жеке өз басымды, 
мейлі, не десе о десін, ал енді бүкіл тұқым-тұқиянымды сараң дегені 
жаныма батып-ақ кетті. Ыза буып Бəтенге тұра ұмтылғам, Қайрат 

141
аяғын төсей қойған  екен, соған шалынысып барып омбы қарға 
оңқа-шоңқа құладым. Үшеуі мəз боп күлсін. Ұшып тұрып қайта 
ұмтылғанымша, Бəтен сақылдай күліп Əжібектің тасасына тығылды. 
– Сараңдардың тұқымы, ха-ха-ха... – деп мені онан əрмен мазақ-
тай түсіп тілін шығарды. Əжібекті арқаланып тұрғаны. 
Көзім жасаурап, мысым құрып мен тұрмын. 
–  Жə, қалжыңдастыңдар ғой, жетеді енді, – деді Əжібек менің 
қыстығып жыларман боп тұрған түріме қарап. 
– Сен, Бəтен, оныңды қой. Қанат сараң емес. Солай ғой, Қанат, ə? 
Тек бұ дүниеде менің бар-жоғым ойына келмеген ғой. Жарайды, ол 
кемшілігін ендігі жерде түзете жатар. Солай ма, Қанат?! Мен үндей 
қоймағам.
–  Көксоққан-ау, сенің маған бергенің далаға кетпейді ғой, 
əлі қиын-қыстау күн туғанда, панаң болам ғой. Жə, ендігісін өзің 
білерсің. Онша санасыз емессің ғой... Оннан соң ол менің ақ киіз бен 
ұлтарылған қара шарығыма, əр жерінің тесіктерінен тауық шоқы-
ғандай боп жүндері шоқ-шоқ боп шығып тұрған сары жарғақ то-
ныма көз тоқтата тұрып: – Əй, сенің көкең мен апаң екеуінің бірге 
түскен суреті бар ма? – деп сұрады. 
– Бар.
– Бар болса сен соны тез арада Ырысбекке жеткізіп бер. 
– Мен ол суретті ала алмаймын, ол Нəзира əпкемнің альбомына 
жапсырылған, – дедім. 
– Сонда немене, Нəзира əпкеңнің альбомы адамның қолы жетпес 
жерде ме? 
– Үлкен сандықтың ішінде.
–  Аш сол сандықты.... – Əжібек тісінің арасынан сыздықтата 
түкіріп қойды. – Обшым, ұзын сөздің қысқасы, көкең мен апаңның 
суретін ұрлап əкелетін бол. 
– Əкеле алмаймын. Қиында жатыр дедім ғой. 
–  Əй, ақымақ, Ырысбек оны үлкейткісі келіп отырса, бұл қиында 
жатыр деп бəлденеді ғой. Бар, өл-тіріл, қайтсең де сол суретті əке-
летін бол. Бұл саған жауынгерлік тапсырма. Əкелмесең сонда бол-
сын! Бар! – деп, ол сөз соңында май құйрығымнан ақырындап қана 
бір тепті. Мен кете бергем.
–  Əй, көксоққан, – деді ол бірдеңе есіне түскендей желкемнен 
тартып қайыра бұрып. –  Шарығыңнан су өтіп жүрген жоқ па? 
– Қар еріген кезде, өтеді. 

142
– Онда былай істе. Менің жан адамға көрсетпей, тығып жүрген 
бір шелек солидолым бар, анда-санда кеп анау шарығыңның ұлтарма 
тігістеріне, табаныңа жағып алып жүр, сонда су өтпейді, –  деді 
қамқорлық білдіріп. 
–  Солидолды киізге жағуға бола ма? 
–  Неге болмайды?! Вот ақымақ. Сен əуелі жағып көрсеңші. Міне, 
мен етігімді майлап алып ем, су дегенің сынапша сырғып, ішіне түк 
өтпейді. Қазір мына Бəтен мен Қайратқа  да жаққызам.  – Əжібек 
тағы да тісінің арасынан  сыздықтата шырт түкіріп қойды. 
–  Пажалыста, күнде жағып тұрам десең де сенен аямаймын. Ал 
енді бар үйіңе, бəлденбей əлгі суретті бүгін-ертең əкеп беретін бол. 
–  Мақұл.
Шынында да, үлкейтемін деп Ырысбектің өзі сұратып отыр-
са, одан неге бəлденіп, тартыншақтауым керек. Ауылдағы талай 
үйдің төрінен Ырысбек үлкейтіп берген суреттерді көріп қатты 
қызығатынмын. «Шіркін, көкем мен апамның суретін өстіп үлкейтіп 
төрге іліп қойса», – деп армандайтынмын. Сөйтіп, келесі күні-ақ 
Нəзира əпкемнің    альбомындағы көкем мен апамның суретін алып, 
Əжібекке ілесіп Ырысбекке өз қолымнан апарып бердім.
Ырысбек шертіп отырған домбырасын тастай бере, суретті бір 
жақындатып, бір алыстатып, одан терезенің жарығына қарай теріс 
қаратып шықты да:  
–  Үлкейтуге қолайлы, жақсы екен,  –  деді. 
Осы сөзін естіп мен қуанып қалдым. 
Ырысбек енді маған қарады да, одан қайта суретке қарады: 
–  Қанат, тоқташы, –   деді. Сөйтті де суретке бір, маған бір тағы 
да кезек-кезек қарай отырып: 
– О, көкесінен айнымай қалған жарығым, тіпті аузынан түскен-
дей ұқсауын қарашы, – деп, мені құшағына алып қысып-қысып 
қойды. Əлгі мені ұстап алған жерде төбемнен қарға шаншып қорлық 
көрсететін  мінезінен із жоқ, аяқ асты мен дегенде ет жүрегі езіле 
қапты. Оған деген шексіз ыза-өкпеден бе, əлде оның мүсіркей 
қалғанына қорланғаным ба, əйтеу, екі бетім дуылдап, көзім жасау-
рап, үндей алмай булығып шығып кеттім. 
– Əй, Қанат, тоқта!  
Əжібек соңымнан ілесе шыққан екен. Қуып жетіп, желкелігімнен 
тартып тоқтатты да:  
– Сен суретті жоғалады екен деп қорықпа. Ырысбек,  ол  –  сөздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет