Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция


Слабо мотивированные учащиеся (СМУ) 8-го класса



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72

Слабо мотивированные учащиеся (СМУ) 8-го класса

1

Ахметова Д.



4

-

4



2

4

5



4

5

2



Ахметсафина 

Ф.

4



-

4

2



5

4

5



4

3

Володина К.



3

1

3



2

4

5



4

4

4



Земышев В.

4

3



3

4

4



6

4

5



5

Глаголева М.

3

-

3



2

4

4



4

4

6



Кереева К.

4

3



4

3

4



3

4

5



Абсолютно немотивированные учащиеся (АНУ) 8-го класса

7

Хисаметдинова 



К.

3

-



3

2

3



3

4

4



8

Сериков А.

3

-

3



3

3

4



4

5

9



Иксанова А.

3

-



3

2

3



3

4

4



10 Айденова А.

2

-



2

2

3



3

3

3



11 Абдулов А.

2

-



2

2

3



3

3

5



12 Загайчук Р.

2

-



3

1

3



2

3

3



13 Средний по 

классу


3,1

0,6


3,1

2,3


3,6

3,8


3,8

4,3


14 СМУ

3,7


1,2

3,5


2,5

4,2


4,5

4,2


4,5

15 АНУ

2,3

0

2,7



2,0

3,0


3,0

3,5


4,0

На четвертом уроке химии учащиеся дали в среднем четыре ответа и если бы не ограничен-

ность во времени, этих ответов было бы больше. Кроме того учащиеся, работая в группах, само- и 

взаимооценивали друг друга в выполнении кластеров по учебным темам при помощи кружочков 

разных цветов. И чтобы получить зеленый кружочек, обозначавший оценку «5» им приходилось 

проявить активность. Следует сказать, что в результате рефлексии, проведенной среди учащихся 

всех классов и групп, был получен ответ на вопрос о причинах активности школьников на уроке. 

Если на первых уроках для учащихся была важна внешняя мотивация, то есть возможность полу-

чить оценку, то к окончанию исследований школьники руководствовались внутренней мотивацией 

[4, с. 22].

Не рассчитывая на положительный итог исследования по использованию групповой работы на 

уроке в 10-м и 8-м классах этого учебного года, я изучил прошлогодний классный журнал 9-го «А» 

класса, который занимается углубленно по биологии в течение  двух лет, отличается высокой сте-

пенью учебной мотивации. Предметом моего изучения являлся показатель суммативного оценива-

ния учащихся этого класса при изучении соответствующих учебных тем по химии в прошлом учеб-

ном году. В среднем по 9-«А» классу за такие же четыре урока было оценено 3,3 ученика, что может 

быть и показателем участия школьников в работе на уроке. Это гораздо ниже, чем в моем восьмом 

классе даже на третьем уроке химии нового формата (3,8). Если в прошлом учебном году в классе, 



107

отличающимся высоким уровнем внутренней мотивации, средний уровень степени обученности со-

ставлял 3,6 балла, то в 8-м классе этого года, в классе, в котором преобладают слабо мотивированные 

учащиеся, он составил от 3,6 до 3,8 баллов. Более того, ученики 8-го класса давали ответы на закрытые 

и толстые вопросы, требующие рассуждений, обоснований и обсуждений в группе. Все это в полной 

мере подтверждает выводы, сделанные мною в ходе наблюдений на уроках географии в 10-м классе 

о том, что такой активности исследуемых групп учащихся, способствовала именно групповая работа 

и командный дух соревнования.

Сбор доказательной базы я продолжил в ходе проведения анкетирование 12-ти учителей-пред-

метников 8-го и 10-го классов. Данные анкетирования показали, что учителя крайне редко применя-

ют в своей практике групповую форму работы, да и то, в основном, во внеклассной деятельности, при 

проведении внешкольных мероприятий. Хочется отметить еще одно наблюдение, которое я сделал в 

ходе посещения уроков своих коллег – учителя крайне редко используют такие формы деятельности 

учащихся на уроках, при которых учащиеся разговаривают между собой и не сидят на своих обыч-

ных местах. По их словам – это уже не урок, а «базар» и учителя чувствуют себя на нем некомфортно. 

После проведения уроков в 8-м и 10-м классах, направленных на повышение активности учащихся 

меня особенно интересовали ответы тех учащихся, которых я отнес к группе слабомотивированных и 

абсолютно немотивированных учащихся. В ходе интервью учащимся были заданы вопросы о содер-

жании и роли групповой формы работы в процессе обучения, их внутренних ощущениях на уроках 

нового формата. 

- Алмат (10 класс): Я был активен, и мне понравилось работать в группе, так мы все, объединив-

шись, выполняли задания.

- Гульжанар (8 класс): Да, я была активна, и мне понравилось работать в группе, особенно при 

составлении кластеров.

- Камилла (8 класс): На уроках всегда боишься попасть впросак, так как вопросов много, а рассчи-

тывать можешь только на себя.

Количественный подсчет участия школьников в ответах на задания при различных видах деятель-

ности в составе группы показал, что из урока в урок, школьники, по мере овладения им стратегий, в 

ходе групповой деятельности принимали активное участие в работе, что прямо влияло на уровень их 

суммативных знаний. Показатель обученности учащихся 8-го класса также изменялся в сторону уве-

личения. Так, у учащихся, отнесенных мною к абсолютно немотивированной группе учащихся сред-

ний показатель степени обученности по итогам суммативного оценивания составлял до исследова-

ния 2,0 балла, то к третьему уроку химии, проведенного с использованием групповых форм работы 

этот показатель возрос до уверенных трех баллов. Более того, все учащиеся этой группы отмечают, 

что им было интересно на уроках, они чувствовали себя более нужным и уверенными среди своих 

одноклассников [3, с. 54]. А это может говорить о том, что у учащихся возросла внутренняя самооцен-

ка, они начинают ломать внутренние барьеры, ограничивающие их личностный рост. У учащихся, 

отнесенных к слабо мотивированной группе, показатель степени обученности так же изменился в 

сторону увеличения (от 3,7 балла до 4,2 балла). Помимо этого, школьники получают позитивный 

настрой, исчезает фактор тревожности, они обучаются и  обучают других, что способствует повы-

шению  учебной  и  познавательной  мотивации,  эффективности  усвоения  и  актуализации  знаний, 

улучшению психологического климата в классе, развитию взаимоуважения, умению вести диалог и 

аргументировать свою точку зрения.

Использованная литература

1.  Руководство для учителя. Второй (основной) уровень. Издание третье. 2012 г.

2.  Дьяченко В. К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работы. Книга для 

учителя. М.: Просвещение, 1991.

3.  Чередов И. М. Формы учебной работы в средней школе. Книга для учителя. М.: Просвещение, 

1988.


4.  Маркова А. К., Матис Т. А., Орлов А. Б. Формирование мотивации учения. Книга для учителя. М.: 

Просвещение, 1990.



108

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ КӨШБАСШЫ БОЛУҒА 

ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

Болатқызы С., Құлтанова Ж.

Облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп–интернаты

Қызылорда қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын 

оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап 

етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, пікірлерін, 

көзқарастарын нақтылап, жетілдіріп, жақсартуға бағытталады. Химия пәні бойынша оқытудың жаңа техно-

логиясын оқу үдерісінде қалай пайдаланып, қалай жүзеге асырып жатқандығымыз туралы жұмысымызды ұсынып 

отырмыз

Аннотация

Хороший учитель - тот, кто стремится передать своим ученикам полезные, прочные знания, развивает кри-

тическое мышление на своих уроках. На подобных уроках учащиеся совершенствуют свои навыки, умения, выска-

зывают свои мнения. Авторы делятся своим опытом преподавания химии с использованием новых технологии.

Abstract

A teacher who strives to give his students a strong knowledge develops students critical thinking. Students improve 

their skills; express their own point of view. The authors share their practical experience in teaching chemistrys using new 

technology. 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың 

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 

ұстаздардың қолында» 

Н. Ә. Назарбаев

«Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық 

ағымның  үндеуіне  байланысты  пайдасыз  болып  қалды.  Басты  нәрсе  –  білім,  білік,  дағдыларды 

механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, тал-

дай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында 

іске  асыра  алатын  тұлға  қалыптастыру  болып  саналады»  [1].  Иә,  бұл  біздің  Елбасымыз,  тірегіміз, 

қолдаушымыз,  бәсекеге  қабілетті  мемлекетімізді  құрушы  президентіміздің  бізге,  мұғалімдерге 

қойып отырған талабы. Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны 

қолдануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады дегендей шынымен де бәсекеге қабілетті мемлекет 

қалыптастыру үшін біз ең алдымен келешегіміз, болашағымызды жасайтын, құратын білімді, ұшқыр 

ойлайтын, шешім қабылдай алатын, кез-келген проблемадан шыға алатын, яғни танымдық қабілеті, 

зейіні мен жады түрлері, сөйлеуі мен тұлғаның өзін-өзі тануы, яғни метасанасы дамыған,экстернат 

оқушыларды даярлауымыз керек, ал олар болашақта біздің мемлекетімізді тек биіктен көрсететініне 

кәміл  сенемін.  Мұғалім  ретінде  дарынды,  кез-келген  жерде  өзін  тек  биіктерден  көрсете  ала-

тын, өмір теңізінде қорықпай жүзетін, тетігін тауып әйтеуір бір қаланатын ұрпақ тәрбиелеуде өз 

үлесімізді қосуымыз қажет. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше сыйды, қабілетті, 

дарындылықты тани білу, оны әрі қарай дамыту қиын іс, қабілетін біліп, сол жолда жұмыс жасау- 

ұстаздың парызы. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтап, мемлекетіміздің қажеттілігіне қарай 

тәрбиелеу, барлық жаңа өзгерістерді бала бойына сіңіру оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу бүгінгі 

күннің басты талабы болып отыр десем болады. Бірінші кезекте оларды тәрбиелеу керек,бақылау 

керек,анықтау  керек,  шығармашылық  қасиеттерін  ашып,  әрі  қарай  нәтижелі  жұмыс  жасау  керек 

деп ойлаймын. Осы мақсаттарымызды сындарлы оқыту теориясы арқылы жүзеге асыруға болады. 

Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен немесе сыныптағы 

түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла 

жүзеге  асады  деген  тұжырымға  негізделеді.  Сындарлы  оқытудың  мақсаты-оқушының  пәнді  терең 

түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдала-

на білуін қамтамасыз ету. Негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін 

жетілдіру  мен  бағалауға  көмектесу.  Негізгі  қағидаты  тәжірибелік  қызметті  нақты  ғылыми 

зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады [2, 5-б ]. «Әркім өзі талпынбақ, 



109

басына бітер бағы үшін», – деп Ақтамберді жыраудың даналығында айтылғандай, сындарлы оқыту 

теориясы қазіргі мұғалімдердің бағы [3].

Жалпы сындарлы оқыту теориясы маған, менің пәніме, менің көзқарасыма,менің оқушыларыма 

қандай  жаңалық  әкелді?  Маған  әкелген  өзгерістеріне  тоқталсам:  бағдарламаның  тиімділігін 

түсіндім,егер  іс-әрекет  дұрыс  жоспарланған  жағдайда  оқушылар  жақсы  нәтиже  беретініне  көзім 

жетті,өзімде  ішкі  өсу,  сыртқы  өсуді  сезіндім,  мамандығымды  сүйе  түстім,  мақсаттан  нәтижеге 

жету жолдарын нақтылауды, жалпы өз-өзімді реттеуді үйрендім. Енді сындарлы оқыту теориясы-

мен жұмыс жасағандағы менің сабағымда нендей өзгерістер орын алды, 7 модуль сабағыма қандай 

өзгерістер алып келді соған тоқталсам: оқушылар ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы бір-

бірімен жақын араласа бастады,жаппай сыныпта достық орын алды. Сонымен қатар әрбір 3-4 сабақ 

сайын топтарға қайталап бөлу арқылы барлық оқушылардың бір-бірімен диалогке түсуіне жағдай 

жасадым.  Ал  топтық  жұмыстың  маңызы  мен  пайдасы  ерекше.  Балалар  өзінің  түсінігін  өзіндік 

зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа құратын белсенді білім алушылар болып табылады. 

Қалай оқу керектігін үйрену немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім 

жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. 

Қалай оқу керектігін үйрену модулі өзін-өзі реттеу үдерісіне жатады. Оқуды үйретудің қозғаушы 

күші метатану болып табылады. Метатану деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, 

бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлау нәтижелерін саналы қолдану. Өзін-өзі реттеу 

мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының 

кілті. Мерсер мен Литлтон диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, білім 

деңгейінің өсуіне, когнитивті дамуына үлес қосатындығын атап көрсеткен. Ал когнитивті даму Жақын 

арадағы  жұмыс  аймағында  жұмыс  істесе  жақсаратынын  атап  көрсеткен.  Балаларды  диалог  пен 

дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік 

жетістіктері  жоғары  болады  [2,  39-б  ].  Мәтінді  топтық,  жұптық  игеру  кезінде  менің  оқушыларым 

ойларын  қорықпай,  қысылмай  айтуға,жалпы  сөйлеуге  үйренді.  Топтық  презентациялар  жа-

сау  оларды  шабыттандыра  түсті,  керемет  идеялар  туындай  бастады,  ұшқыр  қиялдарын  көрсетті, 

әртүрлі деңгейдегі оқушылардың ілгері жылжуы байқалды. Топтық жұмысқа қызыққан оқушылар 

сабаққа  шабыттанып  келетін  болды.  Бірақ  топтық  жұмыстың  тиімдісін,  ыңғайлысын,  бәрінен  де 

көбірек  нәтиже  беретінін  таңдап  ұсыну,  қадағалап,бағыттау  мұғалім  міндеті.  Сыни  тұрғыдан  ой-

лау  екі  мағынада  қарастырылады:  оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлауы  мен  мұғалімдердің  сыни 

тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды син-

тездеу  қабілеті,ақпарат  пен  идеяның  шынайылығы  мен  салыстырмалы  түрде  маңыздылығы  тура-

лы ойлана білу қабілеті, қарсы пікір айтуға,болашақта әрекет жасауға,өзінің оқуына қатысты таңдау 

жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ой-

лауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан 

бағалауды қамтиды [2, 13-б ]. Әрбір сабақта оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында 

ашық сұрақтар,деңгейлік тапсырмалар, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар, құзырлы тап-

сырмалар пайдаланып жүрмін. Осы жұмыстарды жасай бастағалы деректерді, мәліметтерді нақты 

жеткізеді, түсіндіреді, оқушылар арасында қарсы шығатындар немесе жақтайтындар болады, олар да 

өз ойларын дәлелдерге сүйеніп пайымдайтын болды, ойларын білдіруден бұрын бақылап, жүйелеп, 

қорытындылап, негізгі деректерін ұсынады,оған өз көзқарастарын қоса алатын болды. Сыни тұрғыдан 

ойлануға арналған сұрақтарды, тапсырмаларды бергенде сыныпта үнсіздік орын алады, оқушылар 

ұйып тыңдайды, ол біріншіден оқушылардың ойларын,назарын бірден пәнге аударуға, оны асыға 

күтуге,  ізденуге,  ойлануға  жол  ашады.  Сәйкестендіру  мен  ауытқушылықтарды  сынап  көру  сыни 

ойлаудың негізгі нүктесі болып табылады. Мысалы: алған білімдерін жинақтау үшін жеке жұмыс 

ретінде сурет салу тапсырмасын орындауда, қалай оқу керектігін үйрену кезінде бақылап,алынған 

мәліметтерді  интерпретациялап,  шешімдерді  қорытындылап,білім  алушылар  өздерінің  оқудың 

қай сатысында тұрғанын, қай бағытта даму керек екендігін,қажетті деңгейге қалай жету керектігін 

анықтау  үшін  критерий  арқылы  бағалау  кезінде,қалай  оқу  керектігін  үйрену,  оқуды  өз  бетінше 

жалғастыра алатын білім жинау, жауапкершілігін түсіну, метатанымы мен метасанасы дамып, өз-

өзін реттеуге дағдылану, постер жасауда, ақпараттың орналасқан жерін анықтап, түсініп, бағалап, 

құрып, өз жұмыстарын редакциялап,тексеру кезінде,пәндік,технологиялық білімдерді және жалпы 

АКТ-ны пайдаланып, проблеманы шешуде сыни идеялар туындауда, айтылуда. Сыни ойлау – кри-

терийлерге негізделген пікір айту өнері. Сондықтан мен сабақтарымда критерий арқылы бағалауды 

өте көп пайдаланамын,оқушылар да бағалаудың бұл түрін жақсы көреді. Сонымен қатар формативті 

бағалаудың  12  стратегиясын  да  жиі  пайдаланамын.  Мысалы,  жұптарда  өзара  бағалау,  топтарда 

өзара бағалау,пилот навигатор, өзін-өзі бағалау,жалған баға,диагностикалық сұрақтар, жұптардың 

өзара  түсіндірулері-түсіндірме  тапсырмалар  арқылы  бағалау  түрлерін  қолданып  жүрмін.  Оның 

нәтижесінде  әртүрлі  деңгейдегі  оқушыларды  жұптастыра  отырып,  топтастыра  отырып  бағалау 



110

түрлерін қолданғанымда оларда бір сатыға алға жылжу байқалды. Оқуды жақсарту бір қарағанда 

қарапайым болып көрінгенімен бес фактордан тұрады:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту;

4.  Бағалаудың  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  мен  қызығушылығына  едәуір  ықпал  ететіндігін 

мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді;

5.  Оқушылардың  өздерін-өздері  бағалай  алуы  және  өздерінің  оқуын  қалай  жақсартуға 

болатындығын түсінудің қажеттілігі.

Рефлексия нәтижесінде әрбір оқушы жеке дара нені қалайды, ендігі сабақты қалай жоспарлау 

керек  деген  сұрақтарға  жауап  аламын.  Бағалау  менің  пәніме  қандай  жаңалық  әкелді?Біріншіден 

оқушылар  жалпы  бағалаудың  қиын  екенін  түсінді,мұғалім  жұмысындағы  бағалаудың  қалай 

жүргізілетінін байқады, критика дегенді дұрыс таңдауды үйренді. Алғашқыда әділ бағаны алғанда 

келіспеушіліктер кездескен еді,жұмыс жасау барысында сынды дұрыс қабылдауға дағдыланды.

Жаңаша  өтілген  сабақтарымда  тек  қана  кітаппен  емес,  қолда  бар  барлық  АКТ-түрлерін 

қолданып,ондағы  мәліметтерді  салыстырып,  екшелек,  мағыналысын,  қажеттісін  алуға 

дағдыланды,оқушылар еркін ойлы, азат жандар болды,сонымен қатар өз жобаларын жасауда ерек-

ше ынталылық танытуда.

Когнитивті  даму  –  баланың  оқу  және  проблемаларды  шешу  қабілеті.  Дәлірек  айтқанда 

когнитивтік  даму  оқуға  деген  қабілеттілік,  сондай-ақ  зейін,  сөз  сөйлеу  дағдылары,  ойлау,  негіздеу 

және  шығармашылық  зияткерлік  сияқты  қабілеттерді  дамытуға  және  тұрақтандыруға  қатысты. 

Аталған  зияткерлік  қабілеттер  ойлау  үдерістерінің  сипаты  және  жасына  қарай  олардың  өзгеру 

ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар когнитивтік даму теориясы шеңберінде сипатталады 

[2, 78-бет ]. 

«Адамның ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, соғұрлым оның қабілеті, таланты тез, өмірлі 

болып дамиды» -деп Н. Г. Чернышевский жазғандай оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің 

әртүрлілігіне  қарай,  яғни  лингвистикалық,  логикалық-математикалық,  визуалды-кеңістіктік, 

моторлы-қозғалыс,  музыкалық,  тұлғааралық,  тұлғаішілік  болуына  орай  оқушылардың  жас 

ерекшеліктерін, соның ішінде, әсіресе физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, олар-

да білімнің қалыптасуы көрініс табуы үшін тапсырмаларды ыңғайлы қылып жоспарлауымыз дұрыс 

нәрсе.


Оқушылардан олардың зият түрлерін анықтау үшін сауалнама,тест аламын. Кейбір оқушылар 

оларға  көп  түсінік  айтқан  ұнайтығын  көрсетсе,  кейбіреулері  жеке  тапсырмалар  орындаған 

ұнайтындығын,  ал  кейбіреулері  сурет  салған  ұнайтындығын,сыни  сұрақтарға  жауап  беру 

шабыттандыратынын,дәстүрлі  стиль  әбден  шаршататындығын  айтқан.  Сондықтан  да  жұмыс 

парақтарымдағы тапсырмаларымда осы сұраныстарды ескеруге тырысамын. Осыған орай деңгейлеп 

оқыту әдісін қолданамын. Деңгейлік саралау оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір 

оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі болып табылады. Мұнда нашар оқитын оқушы 

мен дарынды баламен де жұмыс көрінісін табады. Осылайша деңгейлеп оқыту, деңгейленген тапсыр-

маларды беру арқылы оқушының танымдық қабілетін анықтап, әрбір оқушының интеллектуалдық 

даралығын анықтап, ары қарай оны дамыту барысында жұмыс жасауға оңтайлы жағдай туғызылады. 

Әрбір сабағымда жұмыс парақтарын пайдалану арқылы сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері 

тапсырмаларды  мүмкіндігінше  орындау  барысында  көрінеді.  Бұл  әдіс  арқылы  оқушылардың 

сабаққа,  білімге  деген  қызығушылығының  артуы,  ой  жүйесінің  дамуы,  сапалы  білім  алу  сияқты 

жетістіктерге жетуге болады. «Алдымен қажеттіні, сосын пайдалыны, сонан соң қызықтыны оқу ке-

рек» деп мына даналықта жазылғандай алдымен оқушыға – ол үшін қажетті стандартты меңгертіп, 

сосын егер меңгере алса қиындау – пайдалыны беріп, ал егер одан да талапты, дарынды болса, онда 

ары қарай қызықтыны да меңгертуге болады деп ойлаймын [4 ].

Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей 

көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы 

мүмкін,олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы 

мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе 

балалардың өздері айқындай алады [ 2, 72-б]. Фриманның айтуы бойынша дарынды және талантты 

балалар есте сақтау қабілеттері жоғары,ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатын-есте 

сақтау және білім, оқыту үдерінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы білетін, өздерінің оқуын 

реттей  алатын-өз  білімін  жетілдіру,  олар  жоспарлауға  көп  уақыт  жұмсауы  мүмкін,  бірақ  оның 

жүзеге асуына тез жететін-ойлау қабілетінің жылдамдығы, олар ақпаратты толықтырып, олардың 

қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жететін-мәселені шешу,басқаларға қарағанда олардың ой-

лау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде ба-

лама  шешімдерді  көріп,  қабылдай  алады-икемділік,қызығушылығын  арттыру  үшін  олар  күрделі 


111

ойын мен тапсырмаларға ұмтылады-күрделілікке деген сүйенпеншілік, ерте жастан бастап ерекше 

қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар-шоғырлану, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және 

жаза бастайды-ерте символдық белсенділік. [ 2, 74-б]. Дарынды балаларға арнап түрлі тақырыптарға 

суреттер салу, Блум таксономиясын әрбір тақырыпқа арнап жасаймын,деңгейлік тапсырмалар,сыни 

сұрақтар,үнсіз  тәжірибелер,  үш  түрлі  тапсырмалар,  кубизм  әдісі,құзырлы  тапсырмаларды 

қолданамын. Оның нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,білімді игерудегі 

топтық жұмыстың маңыздылығын түсінді,жұптық жұмыс кезінде әртүрлі деңгейдегі оқушылардың 

жұмыстары сәтті болды,оқушылар сыни ойлана алатындықтарын дәлелдеді,өз ойларын қысылмай 

жеткізуді үйренді. Қиындық туғызғаны: тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, оқушылардың жас ерекшелігін, 

дарындылығын  ашатын  тапсырмаларды  құрастыру,шынайы  болуға  дағдыландыру.  Басқаларға 

дем  беретін,  ары  қарай  жұмыс  жасау  үшін  қажетті  бағытпен  қамтамасыз  ететін  мұғалім-дамыту 

жұмысының  көшбасшысы,дей  келе:жай  мұғалім  хабарлайды,  жақсы  мұғалім  түсіндіреді,керемет 

мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттындырады-, деп Уильямс Уорд айтқандай осындай мұғалім 

болуға жетелейтін,апаратын бірден-бір жол сындарлы оқыту теориясы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет