І бөлім Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері



бет1/9
Дата26.05.2022
өлшемі263,48 Kb.
#35702
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мазмұны:
КІРІСПЕ
І Бөлім Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері
1.1. Үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік
1.2.Бастауыш сынып математикасында бөлшек ұғымын кеңейтіп
оқытудың маңызы
ІІ Бөлім Бастауыш сыныптарда үлес және бөлшек ұғымдарын оқытудың әдістемесі
2.1. Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды
Табуды үйретудің ерекшеліктері
2.2. Рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың
жолдары
2.3. Оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ


Математиканы оқыту әдістемесі пәні және оның міндеттері.
Кандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлiмi болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай-ак математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындык болады.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі - оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз және табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы iзгi игiлiктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан киыншылыктарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыкка, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамнын акыл-ойынын жетiлуiне көмектеседі.
Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту темендегідей өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгiлi бiр көлемін оқушылардың игеруі;

2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы iзгi игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;


3. Дамытушылық: логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешу де қолдана білумен байланысты біліктілік қалыптастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет.


Адамзаттың бөлшек сандар туралы түсінігі ерте замандарда –ақ қалыптасқан, сондықтан бөлшек ұғымының пайда болу процесін өте дәл сипаттау мүмкін емес. Бөлшек сандар әр түрлі шамаларды - ұзындықты, массаны, ауданды және т.с.с. өлшеу процесіне байланысты пайда болуы ықтимал. Барлық халықтарда теңдеу бөлуге байланысты бөлімі екіге тең болатын бөлшектер ерекше орын алған.
Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады. Балаларды үлестермен танысыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға пркактикалық амалдар қолдану арқылы беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына үлес және бөлшек ұғымдарын оқыту.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: оқушыларға үлес пен бөлшек қасиеттерін қалыптастыру мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқушыларға үлес және бөлшек ұғымдарын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру;

  • Бастауыш сынып математикасында үлес және бөлшек ұғымдарын кеңейтіп оқытудың маңызын сипаттау ;

  • Бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды табуды үйретудің ерекшеліктерін көрсету;

  • Рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың жолдарын анықтау;

  • Оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдеріне тоқталу.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша математика, педагогика ғалымдардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, бастауыш мектепте математикалық үлес және бөлшек ұғымдарын үйрету мәселелері және оқутәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Үлес және бөлшек ұғымдарының теориялық негіздері» деп аталатын бөлімде үлес және бөлшек ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру және бастауыш сынып математикасында үлес және бөлшек ұғымдарын кеңейтіп оқытудың маңызы қарастырылады.
«Бастауыш сыныптарда үлес және бөлшек ұғымдарын оқытудың әдістемесі» деп аталатын бөлімде бастауыш сыныпта санның үлесін және үлесі бойынша санды табуды үйретудің ерекшеліктері мен рационал бөлшектер және олардың қасиеттерін оқытудың жолдары және оң рационал сандарды ондық бөлшек түрінде жазуды үйретудің әдіс-тәсілдері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет