Казахский национальный


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЫСЫҚТАУЫШ ЖАЙЫЛМАЛАНДЫРҒЫШТАР



Pdf көрінісі
бет14/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЫСЫҚТАУЫШ ЖАЙЫЛМАЛАНДЫРҒЫШТАР 
 
 
Тұрлаусыз  мүшелер  ішінен  сөйлемнің  фор- 
малдық  құрылымын  жайылмаландыруда,  сол 
арқылы  оның  жалпы  семантикасын  кеңейту- 
де  алдыңғы  орында  тұратын  толықтауыштан 
кейінгі  мүше – пысықтауыш.  Бұл  сөйлем 
мүшесінің  сөйлем  құрамында  жиі  қолданылуы 
оның мағыналық жағынан алуан түрлі болуымен 
байланысты.  А.  Байтұрсынов: «Пысықтауыш 
сөздер  деп  амал  пысықтау  үшін  айтылатын 
сөздерді  айтамыз.  Сөйлем  ішінде  нəрсенің 
амалын көрсететін сөз – баяндауыш. Сондықтан 
пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын 
сөздер  болып  шығады», – дей  келіп,  ғалым 
пысықтауыштың  бес  түрін  (мезгіл,  мекен,  сын,  
 
 
себеп, мақсат) атап көрсетеді [1, 282-285]. Міне 
осы бес түрлі пысықтауыш қазірге дейінгі қазақ 
грамматикаларында  аталып  келеді  жəне  осы 
түрде арнайы зерттеу нысандарына да айналған. 
Осындай  зерттеулердің  нəтижесінде  пы- 
сықтауыштардың  басқа  тұрлаусыз  мүшелерге 
ұқсас  жақтары  мен  олардан  ерекшелендіретін 
белгілері  нақты  айқындалған.  Ондай  ерекше- 
ліктерді жинастыра келе былай жіктеп көрсетуге 
болады: 
-  пысықтауыштың  қызметтік  жағынан 
анықтауышқа  ұқсастығы  бар:  пысықтауыш 
мүше  қимыл-əрекеттің  белгісін,  орындалу 
сапасын  білдірсе,  анықтауыш  заттың  əр  алуан 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
97
сапасын,  меншіктілік-тəндік  қатынаста  болуын 
білдіреді;  
-  пысықтауыштың  толықтауышпен  форма- 
лық  жағынан  ғана  (барыс,  жатыс,  шығыс,  кө- 
мектес септіктерінде келуі, етістікке меңгерілуі) 
ұқсастығы  болмаса,  мағыналық  жағынан  əр 
басқа;  
-  пысықтауыш  та  басқа  тұрлаусыз  мүшелер 
тəрізді  сөйлемді  жайылмаландырушы  мүше 
болып табылады; 
-  пысықтауыш  үнемі  етістік  баяндауышқа 
немесе етістіктен болған сөз таптарына қатысты 
болады;  
-  пысықтауыш  қызметінде  үстеулер,  үстеу 
мəндес есімдер, сапалық есімдер жəне мекендік, 
мезгілдік,  мақсаттық,  амалдық  мағыналарда 
жұмсалатын септеулі зат есімдер жұмсалады. 
Орыс  ғалымдарының  көрсетуінше,  пысық- 
тауыштың  сөйлемді  жайылмаландырудағы  то- 
лықтауыш  пен  анықтауыш  мүшелерден  басты 
ерекшелігі оның  детерминанттық қызметте жиі 
қолданылуы болып табылады [2, 547]. Нақтырақ 
айтқанда,  олардың  сөйлемде  берілетін  хабарды 
мағыналық-мазмұндық  жағынан  жайылмалан- 
дыруға  бейім  келетіні.  Мұның  өзі – берілетін 
хабардың  мағынасы  баяншының  еркіне  сай  
субъективтік көзқараспен толықтырылады деген 
сөз.  
Əдетте, пысықтауыштар етістік баяндауыш- 
тардың алдынан тіркесіп, солармен грамматика- 
лық  та,  мағыналық  қатынаста  болады.  Бұлай 
тіркесу  хабардың  ерекшелігіне  қарай  əр  түрлі 
ыңғайда  болады [3, 43]. Мысалы,  басқа  тұрлау- 
сыз мүшелермен қабаттаспай, сөйлемнің преди- 
кативтік  құрылымына  тек  бір  немесе  бірнеше 
пысықтауыш  мүше  қатысады  жəне  олар  бірде 
сөйлемнің  тема  бөлігінде  болса,  бірде  рема 
бөлігінде,  ал  кейде  екеуі  бірдей  рема  бөлігінде 
бола  береді.  Пысықтауыштың  бұл  қасиеті, 
əрине,  баяншының  танымдық  ерекшелігі  белгі- 
леген хабардың мазмұнына байланысты болады. 
Мысалы:  1.  Мұнара  уəделі  уақытта  бітті 
(Ж.Д.). 2.Үшеуі де үнсіз отырып қалды (Ж.Д.). 3. 
Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік (С.Мұқ.). 4. 
Дастархан басында жалғыз өзі қалыпты (Р.М.). 
Осы  төрт  сөйлемнің  ішінде  бір-бірден  пысық- 
тауыш  мүше  бар.  Алғашқы  сөйлемдегі  пысық- 
тауыш  (уəделі)  мезгілдік  мағынаны,  келесі 
сөйлемдегі  пысықтауыш  (үнсіз)  амалдық  мағы- 
наны, үшінші сөйлемдегі пысықтауыш (көмекші 
боп)  себептік  мағынаны,  соңғы  сөйлемдегі 
пысықтауыш  (дастархан  басында)  мекендік 
мағынаны білдіреді. 
Құрылымдық  жағынан  алғанда  сөйлемнің 
барлығы  да  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қатынасынан  тұратын,  пысықтауыш  мүшесіз  де 
сөйлемдік дəрежедегі сөйлемдер (Мұнара бітті. 
Үшеуі  де  отырып  қалды.  Жалғыз  өзі  қалыпты. 
(Мен)  келдім.).  Алайда,  пысықтауыш  мүшелер- 
дің  қай-қайсысының  да  хабардың  мағыналық 
құрылымы  үшін  аса  қажеттігі  байқалады.  Бұл 
қажеттілік,  негізінен,  баяндауыштың  мағынасы- 
нан туындайды. Мысалы, біту етістігі қандай да 
бір  атқарылған  іс-əрекетке  қатысты  айтылады, 
соның  аяқталғанын  білдіреді.  Ал  істің  орын- 
далуы  қандай  да  бір  уақыт  шегінде  өтеді. 
Сөйлеуші  немесе  баяншы  алдына  мұнараның 
жай  ғана  біткенін,  яғни,  іс-əрекеттің  орындал- 
ғанын  ғана  емес,  оның  келісілген  уақыт  ішінде 
біткенін  жеткізу  мақсатын  қойған.  Сондықтан, 
сөйлем  ішіндегі  пысықтауыш  əлсіз  де  болса 
баяндауышпен  грамматикалық  жағынан  бай- 
ланыса  отырып  (меңгеру),  біріншіден,  сөйлем- 
нің рема бөлігінің құрылымын кеңейтуге (уəделі 
уақытта бітті), екіншіден, сол арқылы сөйлемнің 
мағыналық  жағынан  жайылмалануына  септігін 
тигізіп  тұр.  Хабарды  қабылдаушы  да  осы 
арқылы  толық  мəлімет  алады.  Егер  сөйлем 
бастауыш  пен  баяндауыштың  қатынасына  ғана 
құрылған  болса,  қабылдаушыда  қашан?  деген 
сұрақтың  туындары  əбден  мүмкін  болар  еді  де, 
баяншы  оған  жауап  беруге  тура  келер  еді,  тағы 
бір  сөйлем  құрастырылар  еді.  Баяншы  осыны 
ескере  отырып,  қабылдаушыда  күмəн,  сұрақ 
туғызырлық  жағдай  туындамас  үшін  сөйлем 
құрамына  мезгілдік  мағынадағы  сөзді  енгізуді 
дұрыс деп табады. 
Сондай-ақ,  екінші  сөйлемнің  де  мазмұны 
субъектілердің  қимыл-əрекет  қалпының  қандай 
сипатта  болғанын, яғни  отырып  қалу  əрекетінің 
қалай болса, солай емес, үнсіз болғанын білдіру 
арқылы  субъектінің  психологиялық  сипатын 
аңғартып  тұр.  Баяншы  хабарының  басты  мақ- 
саты да осы. 
Үшінші  сөйлемде  мақсат  пысықтауыш- 
тың  (хал-жағдайыңызды  білгелі)  баяндауыш 
алдынан  берілуі  субъекті  қимылының  белгілі  
бір  мақсатпен  болғанын  нақты  көрсету  та- 
лабынан  туған.  Егер  бұл  пысықтауыш  болмаса, 
келу қимылының  мақсаты анықталмас еді. Осы 
тұрлаусыз  мүшенің  баяндауышпен  синтаксис- 
тік  байланысқа  түсуі  (қабысу)  баяндауыштың 
да,  сол  арқылы  сөйлемнің  де  мазмұндық 
жағынан  жайылмалануына  басты  себеп  болып 
тұр. 
Бұл  үш  сөйлемдегі  пысықтауыштардың  рема 
құрамында  болып,  баяндауышпен  тығыз  бай- 
ланыста  болуы  əрі  екпінді  қабылдауы  оларды 
əмбебап  мүшелер  қызметінде  болуға  жағдай 
жасаған.                    

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
98 
Соңғы  сөйлемде  баяншы  субъектінің  басқа 
субъектілерден  ажырап  жалғыз  қалу  орнын 
көрсету  арқылы  оқырманның  психологиясына 
əсер  етіп,  оның  себебін  білуге  ынтықтырады, 
қызықтырады.  Егер  сөйлемді  бастауыш  пен 
баяндауыштың  ғана  қатысынан  құрылған  түрде 
берсе  (жалғыз  өзі  қалыпты),  оқырман  одан 
ештеме  ұқпас  еді.  Ал  мекен  пысықтауыш 
(дастархан  басында)  қосылғаннан  кейін, 
осыдан  сəл  бұрын  дастархан  басында  бірнеше 
кісі болғанын, бірақ сəлден кейін қимыл иесінің 
жалғыз  қалғанын  біледі  де,  басқалардың  неге 
кеткенін,  мына  кісінің  неге  жалғыз  қалғанын 
білуге  деген  ынтасы  пайда  болады.  Оқырман 
осы  сұрағына  жауап  табу  мақсатында  мəтінді 
одан ары оқуға кіріседі. 
Əдетте,  орыс  ғалымдары  детерминант 
қызметіндегі  мүшелер,  соның  ішінде,  əсіресе 
пысықтауыштан  болған  мүшелер  хабардың 
темасы болатын орынды иеленеді деп есептейді 
[4, 112]. Бұл  жерде  де  осы  пікірдің  қазақ  тіліне 
жат  емес  екенін  көруге  болады.  Себебі,  бұл 
жердегі  мекен  пысықтауыш  баяндауышқа 
тікелей  қатысты  болып  тұрған  жоқ.  Оны 
мынадан  байқауға  болады:  сөйлемді  Дастархан 
басында  қалыпты  деп  бастауышсыз  құруға 
болмас еді де, оның есесіне Дастархан басында  
жалғыз  өзі  деген  сөйлем  түрінде  де  құруға 
əбден  болар  еді.  Немесе  Жалғыз  өзі  дастархан 
басында  деп  бас  мүшелердің  орнындарын 
ауыстыруға  да  болады.  Өйткені,  жатыс 
септігіндегі  сөздің  баяндауыш  болуы – қазіргі 
тілімізде  орныққан  құбылыс.  Сөйтіп,  бұл 
пысықтауыштың детерминант мүше екендігінде 
дау жоқ. 
Пысықтауыш  мүшелер  сөйлем  ішінде 
бірнешеу болып та кездесе береді. Əрине, бұл да 
баяншы  беретін  хабар  мазмұнына  байланысты. 
мұндайда  олардың  біреуі,  тіпті  кейде  екеуі  де 
детерминант  мүше  қызметін  атқарады.  Сөйлем 
құрылымында  бас  мүшелерден  басқа  екі 
пысықтауыштың  қатар  келген  түрін  талдап 
көрейік: 1.Сол күні Əкбар ауық-ауық ұйқысырап 
шықты  (Көз). 2. Қосөткелде  Сəлиманың  қызы 
екеуі  қалай  тату  ойнаушы  еді...(Б.Н.). 3. Қыр 
басында  Шынаркүл  əлі  тұр  екен  (Д.Д.).  
4.  Кештетіп  шаһарға  жетті  (Ж).  Осы 
сөйлемдердің бəрінде де екі-екіден пысықтауыш 
бар.  Олардың  бірі  сөйлемнің  басында  тема 
құрамында  келсе,  екіншілері  рема  құрамында 
баяндауышқа  іргелес  орналасып  екпінге  ие 
болған.  Құрылымдық  синтаксис  өкілдері  ай- 
татындай, барлық сөйлем құрылымынан пысық- 
тауыштарды  шығарып  тастағаннан  сөйлемнің 
кіші  құрылымына  аса  залал  келе  қоймайды. 
Өйткені,  бастауыш  пен  баяндауыш  предика- 
тивтік  қатынас  құрап  тұр  деп  есептеледі. 
Алайда,  сөйлемнің  мағыналық  құрылымы,  яғни 
коммуникативтік қызметі бұл тұрлаусыз пысық- 
тауыш  мүшелердің  болуын  қажет  етеді.  Деген- 
мен,  олардың  сөйлем  ішіндегі  басқа  мүшелер- 
мен  (баяндауышпен  десе  де  болады)  қатынасы 
жəне содан туатын сөйлем мағынасына əсері əр 
басқа  болады.  Мəселен,  баяндауыштың  алдын- 
дағы  актуальданған  пысықтауыштарға  қараған- 
да,  тема  құрамындағы  пысықтауыштардың 
екпіні  əлсіз,  сондықтан  бұлар  синтаксистік 
құрамға енбеуге бейім келеді. Сол себепті де ол 
мүшелерді  баяндауышты  емес,  жалпы  сөйлем 
семантикасын  жайылмаландырып,  сөйлемнің 
мағыналық  құрылымы  үшін  маңызды  міндет 
атқарып  тұр  деуге  болады.  Сырттай  қарағанда, 
осы  пысықтауыштардың  орындарын  ауыстыру- 
ға  болатын  тəрізді  жəне  олардың  жайылмалан- 
дырушы  қызметтері  де  өзгеретін  сияқты 
көрінеді. Бірақ, сөйлемдерді баяншының осылай 
құруының  үлкен  мəні  бар.  Мұнда  ол    сөздердің 
өзара  жəне  баяндауышпен  мағыналық  қатынас- 
тарын  да,  сол  қатынастар  арқылы  қандай 
мазмұнды  жеткізу  қажеттігін  де  ескеріп  отыр. 
Мысалы,  алғашқы  сөйлемде  мезгіл  жəне  сын-
қимыл  пысықтауыштар  бар.  Осы  сөйлемнің 
темасы  құрамындағы  мезгіл  пысықтауышты 
баяндауыштың алдына əкеліп, Əкбар ауық-ауық 
сол  күні  ұйқысырап  шықты  деп  құруға  болмас 
еді, өйткені баяншы беретін хабарда ұйқысырау 
əрекетінің  əуелі  мезгілі  содан  соң  барып,  сол 
мезгілге  қатысты  əрекеттің  сипаты  берілу 
мақсаты  қойылған,  екінші  жағынан  бұл 
пысықтауыштардың  орнын  ауыстыру  сөйлем 
құрылымында да стильдік олқылық туғызатыны 
аңғарылады.  Сол  себепті  баяндауыш  əуелі 
мезгіл  атауымен,  содан  кейін  сипат  атауымен 
байланысады.  Осы  кезде  сипат  атауы  (ауық-
ауық)  рема  құрамына  енеді  де,  əрі  баяндауыш- 
ты,  əрі  сол  арқылы  сөйлем  мағынасын  жайыл- 
маландырушы əмбебап мүшеге айналады. 
Бұл  сөйлемді  Əкбар  сол  күні / ауық-ауық 
ұйқысырап  шықты  күйінде  де  құруға  болады. 
Бірақ,  мезгіл  атауы  бəрібір  тема  құрамында 
қалады  да,  баяндауышпен  алшақ  байланысады. 
Осыған байланысты мезгіл пысықтауыш сөйлем 
мағынасы  үшін  детерминант  мүше  қызметінде 
қала береді.  
Екінші  сөйлемнің  құрамына  мекен  пысық- 
тауыш  пен  сын-қимыл  пысықтауыш  енген. 
Мұнда  да  мекен  пысықтауыш  сөйлемнің  тема 
бөлігінде  орналасқан,  сондықтан  детерминант 
мүше қызметінде. Ал пысықтауыш қызметіндегі 
сын  есім  қимылдың  сипатын  білдіретіндіктен, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
99
баяндауышпен  қабыса  байланысып,  екпінге  ие 
болу  арқылы  əмбебап  мүшеге  айналған.  Бұл 
екеуінің де орнын ауыстыруға болмайды. Мекен 
пысықтауышты  баяндауышқа  жақын  орналас- 
тыру  поэзияда  болмаса,  прозада  тіпті  мүмкін 
емес  (Сəлиманың  қызы  екеуі  қалай  тату 
Қосөткелде ойнаушы еді...).  
Үшінші  сөйлемдегі  мезгіл  пысықтауышты 
(əлі)  сөйлем  басындағы  мекен  пысықтауыштың 
(қыр  басында)  орнына  əкелу  мүмкіндігі  жоқ, 
бірақ  бастауыштан  кейін  орналастырғаннан 
сөйлем  мазмұнына  нұқсан  келмейді.  Осындай 
жағдайда екі пысықтауыштың орындарын ауыс- 
тыра беруге болады: Шынаркүл қыр басында əлі 
тұр  екен // Шынаркүл  əлі  қыр  басында  тұр 
екен.  Бірақ,  мұнда  сөйлемнің  тема-ремалық 
қатынасында  өзгеріс  болады:  Шынаркүл  қыр 
басында / əлі  тұр  екен // Шынаркүл / əлі  қыр 
басында тұр екен. Алғашқы вариантында мекен 
пысықтауыш  тема  құрамында,  сондықтан  ол 
детерминант мүше бола  алады. Ал, соңғысында 
екі пысықтауыш та рема құрамында, сондықтан 
екеуі  де  баяндауышпен  синтаксистік  жағынан 
да, мағыналық жағынан да байланысты болады. 
Əйтседе,  осы  екі  вариантта  да  мезгіл  үстеуі 
екпінге ие болып тұрғаны айқын. Оның мынадай 
себептері  бар  деп  ойлаймыз:  бірінші  ва- 
рианттағы  мезгіл  үстеуінің  екпінге  ие  болуы 
түсінікті – ол  баяндауыштың  алдынан  іргелес 
келіп  тұр;  екінші  вариантта  да  екпінге  ие 
болуының  себебі  одан  кейінгі  жатыс  жалғаулы 
мекен пысықтауыштың баяндауыш болуға бейім 
екендігінен  (Мысалы,  Шынаркүл  əлі  қыр 
басында)  болса  керек.  Сондықтанда  осы  мекен 
пысықтауыш 
баяндауышпен 
бір 
ырғақта 
айтылады  да,  мезгіл  пысықтауыш  екпінге  ие 
болып,  барлығы  тема  құрамына  енеді.  Бірақ 
баяншы үшін ең маңыздысы субъектінің белгілі 
бір  орында  тұруы  емес,  оның  ұзақ  уақыт  бойы 
тұрғандығы.  Сондықтан  баяншы  бұл  мүшені 
детерминант мүше ретінде баяндауыштан мүлде 
алшақ орналастырады. 
Бұл  үш  сөйлемнен  бір  байқағанымыз – 
баяндауышпен  қабыса  байланысқан  сөздерден 
жасалған  пысықтауыштар  септік  жалғаулы 
сөздерден  жасалған  пысықтауыштармен  қатар 
келгенде  соңғысы  детерминанттық  қызмет 
атқаруға  бейім  болады.  Өйткені,  бұл  пысық- 
тауыштар  алдыңғылармен  орын  ауысып,  баян- 
дауышпен  іргелес  тіркесе  алмайды.  Мұның  өзі 
баяншының  хабарға  артар  мазмұнына  бай- 
ланысты болады. 
Төртінші  сөйлем  құрылымдық  жағынан 
үшінші  сөйлемге  ұқсас  болып  келеді.  Алайда, 
бұл сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда 
баяншы  мекен  пысықтауышқа  қабылдаушы 
назарын  аудару  мақсатында  оны  (шаһарға) 
баяндауыштың  алдына  əдейі  орналастырады. 
Оған  көсемшеден  болған  мезгіл  пысықтауыш 
(кештетіп)  мүмкіндік  береді.  Тіпті,  осы  екі 
пысықтауыштың  орын  ауыстырғанынан  сөйлем 
мағынасына  еш  нұқсан  да  келмейді  (Кештетіп 
шаһарға жетті // Шаһарға кештетіп жетті). 
Əйтсе  де  сөйлемнің  баяншы  құрған  үлгісінде 
мезгіл пысықтауыш детерминант мүше қызметін 
атқарады.  Ал  мекен  пысықтауыш  баяндауыш 
үшін  де  (немесе  іс-əрекеттің  орындалуы  үшін), 
жалпы  сөйлемнің  мағынасы  үшін  де  (комму- 
никативтік  құрылымы  үшін)  өте  қажет  екені 
анық  байқалады.  Оны  осы  екі  пысықтауышты 
сөйлем 
құрамынан 
кезек-кезек 
шығарып 
байқауға болады. Мысалы, (Ол) шаһарға жетті 
десек,  субъектінің  қозғалысы  (жету)  белгілі  бір 
мекенге  бағытталғаны  айқын,  яғни  етістік 
мағынасы  мекендік  мағынадағы  сөздің  болуын 
қажет етеді, осыдан да  сөйлем толық мағыналы 
құрылымда  деп  есептеледі.  Ал,  (Ол)  кештетіп 
жетті  дегенде,  жету  əрекетінің  орындалуы 
үшін  қажетті  мекен  (бағыт)  мағынасындағы  сөз 
болмағандықтан,  сөйлем  құрылымы  мағыналық 
жағынан  олқы  екені  айқын.  Сондықтан,  мезгіл 
пысықтауыш  баяншы  тарапынан  тек  сөйлем 
мазмұнын мезгілдік жағынан кеңейту үшін ғана 
ендірілген болады. 
Бесінші  сөйлемде  (Сен  Алматыға  /  ойнауға 
келген жоқсың, оқып білім алуға келдің (Ғ.Мүс.)
мекен  пысықтауыш  пен  мақсат  пысықтауыш 
қатар  келген.  Бірақ  мекен  пысықтауыш  тема 
құрамында  да,  мақсат  пысықтауыш  рема  құ- 
рамында.  Сондықтан  баяншы  үшін  де,  қабыл- 
даушы  үшін  де  субъектінің  қайда  келгені  емес, 
не үшін, не мақсатпен келгені маңызды көрінеді. 
Сондықтан  мекен  пысықтауышты  детерминант 
ретінде  сөйлемнің  мазмұнын  ғана  жайылмалан- 
дырушы мүше деп тану қажет.   
Ал,  алтыншы  сөйлемде  (Қуанғаннан  Қаре- 
кең орнынан қозғалмай қалыпты (Ғ.Мүс.)) себеп 
пысықтауыш  тема  құрамында  келген  де,  мекен 
пысықтауыш  рема  құрамында  баяндауышпен 
іргелес  келген.  Сондықтан,  мұнда  мекен 
пысықтауыш  əмбебап  мүше  қызметін  атқарып 
тұр  да,  себеп  пысықтауыш  детерминант  мүше 
қызметін атқарып тұр. 
Сөйлем  барлық  уақытта  тек  осындай 
қарапайым құрылымда бола бермейді. Сөйлесім 
кезіндегі берілетін хабардың барынша толық əрі 
түсінікті  болуы  үшін  сөйлем  құрылысына 
тұрлаусыз  мүшелер  молырақ  араласады.  Хабар- 
дың  тема  жəне  рема  бөліктерінде  тұрлаусыз 
мүшелердің  көбірек  жəне  жүйелі  қатысуы 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010 
 
100
берілетін  сөйлемді  синтаксистік  те,  мағыналық 
та  құрылымдарын  кеңейте  əрі  күрделендіре 
түседі. Сөйлемнің күрделене түсуі, бір жағынан 
баяншының  танымдық  деңгейімен  жəне  соған 
сай өз ойын жеткізе білуі үшін тілдік бірліктерді 
қалай  пайдалана  алуымен  байланысты  болса, 
екінші  жағынан,  баяншы  осы  сөйлемді 
қабылдаушының  да  танымдық  деңгейін  есепке 
алуы тиіс. Сондықтан да тұрлаусыз мүшелердің 
сөйлем  құрылымына  қатысы  мен  құрамы  да 
алуан түрлі болады. Мысалы: Түске таман үйге 
имене  басып  бір  топ  аппарат  қызметкерлері 
келді  (Т.Ш.).  Бұл  сөйлемнің  құрамындағы 
қарамен  терілген  тіркестер  олардың  баяншы 
белгілеген  семантикалық  құрылымдарының 
тема-ремалық  қатынастағы  негіздері.  Ал  қалған 
мүшелер  сөйлемнің  мағыналық  құрылымын 
жайылмаландыру  мақсатында  қосылған  детер- 
минант  мүшелер.  Сонда  осы  сөйлемдердің 
құрамындағы  тұрлаусыз  мүшелердің  қайсыбірі 
сөйлемнің  негізгі  бөлігінде  болса,  қайсыбірі 
детерминант  мүшелер  екені  байқалады.  Олар- 
дың  басым  көпшілігі  пысықтауыш  мүшелер 
екенін  көреміз.  Сонда  сөйлемнің  негізгі  мағы- 
налық  құрамына  енген  қандай  тұрлаусыздар 
деген сұрақ туады жəне осы тұрлаусыз мүшелер 
сөйлемнің  семантикасына  қалай  əсер  етеді.  Ол 
үшін сөйлемді талдап көрейік. 
Бұл  сөйлемнің  кіші  құрылымдық  түзілісі: 
Үйге / аппарат  қызметкерлері  келді.  Тема – 
үйге, рема – аппарат қызметкерлері келді. Егер 
құрылымдық  синтаксис  өкілдерінің  пікірін 
негізге алсақ, онда аппарат қызметкерлері келді 
сөйлемнің  кіші  құрылымдық  үлгісі  деп  есеп- 
телер  еді.  Біздіңше,  бұлай  етсек,  субъектінің 
қозғалыс қимылының бағытталған орны белгісіз 
болады. Коммуникативтік құрылым тұрғысынан 
сөйлемнің  кіші  құрылымдық  үлгісінің  өзі 
мағыналық  толымдылықта  болу  керек.  Сон- 
дықтан сөйлем семантикасы үйге сөзінің болуын 
қажет  етеді.  Сонымен,  бұл  сөз  баяншы 
хабарында  тема  орнына  орналасады.  Өйткені, 
баяншы  кімдердің  үйге  келгендігін  емес,  үйге 
кімдердің  келгендігін  білдіргісі  келеді.  Сөйтіп, 
автордың  ойындағы  хабар  мазмұны  (пікір) – 
белгілі  бір  мекенге  бағытталған  субъектілер 
қозғалысын  білдіру  семантикасы  мекен  пысық- 
тауыш – бастауыш – баяндауыш  тілдік  
 
 
 
 
 
 
бірліктерінің тіркесімен беріледі. Ал осы сөйлем 
құрамына баяншы  тарапынан ендірілген мезгіл 
пысықтауыш  (түске  таман)  осы  семантиканы 
мезгілдік  жағынан,  сын-қимыл  пысықтауыш 
(имене  басып) – қандай  сипатта  болғаны  жағы- 
нан  жайылмаландырып,  толықтырып  тұрса,  ал 
анықтауыш (бір топ) субъектіні сандық жағынан 
анықтау арқылы сөйлемнің мағыналық жағынан 
тыңдаушыға  барынша  толық,  анық,  түсінікті 
жеткізілуіне  қызмет  атқарып  тұр.  Бұл  жерде 
анықтауыш  (бір  топ)  бастауышпен  қабыса 
байланысуына  сай  əмбебап  мүше  қызметін 
атқаруына да болар еді, бірақ субъектінің көптік 
тұлға  арқылы  жасалған  мағынасы  бұл  сөздің 
детерминант қызметінде қолданылуына мүмкін- 
дік берген. 
Сонымен,  сөйлемнің  синтаксистік  құрылы- 
мындағы  тұрлаусыз  мүшелердің  (оның  ішінде 
пысықтауыштың  да)  рөлі  тек  бас  мүшелердің 
мағынасын  толықтырумен,  соны  анықтаумен 
ғана  шектелмейді.  Олар  сөйлемнің  баяншының 
мақсатына  сай  қабылдаушыға  мағыналы  да 
мазмұнды,  толық  та  мəнді  хабар  жеткізуде  зор 
қызмет  атқарады.  Сөйлем  құрылымындағы 
пысықтауыш  мүшелер  де  басқа  тұрлаусыз 
мүшелер  тəрізді  сөйлемді  мағыналық  жағынан 
болсын,  синтаксистік  құрылымы  жағынан 
болсын  жайылмаландыруға  белсене  қатысады. 
Мұнда  олар  сөйлемнің  коммуникативтік  ерек- 
шеліктеріне  сай  жəне  соған  байланысты  баян- 
шының  сөйлесім  мазмұнына  салар  салмағы 
негізінде  түрлі  позицияда  келіп,  детерминант 
немесе  əмбебап  мүшелер  қызметінде  жұмса- 
лады. 
________________
 
1.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. − Алматы, 1992. 
2.  Шведова  Н.Ю.  Детерминирующий  объект  и 
детерминирующее  обстоятельство  как  самостоятельные 
распространители  предложения // Вопросы  языкознания
1964. № 6.  
3.  Бектаева  Ш..  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  тұрлаусыз 
мүшелердің орналасу тəртібі. –Алматы, 1970. 
4.  Бабайцева  В.В.  Система  членов  предложения  в 
современном русском языке. –Москва, 1989. 
* * * 
В  статье  рассматривается  роль  обстоятельств  как 
распространителей  семантической  структуры  предложе- 
ния.  
* * * 
The article is consider the role of circumstances as 
spreader of semantic structure of the sentence. 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет