Мазмҧны кіріспе



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет25/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

5. БЕРНИЯЗ КҤЛЕЕВ 
(1899-1923) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Ақын  ӛмірбаянының  тұңғыш  ғұмырнамашысы  –  ақынның  замандасы, 
журналист Мерғали Ешмұхаметұлы. Сол кісінің деректері бойынша Бернияз 
Күлеев  1899  жылы  бұрынғы  Торғай  облысы  Ақтӛбе  уезіне  қарайтын  Бӛрте 
болысының бесінші аулында (қазір Орынбор облысы) дүниеге келеді. 
Әкесі  Бекен  Берниязды  8  жасы  да    мұсылманша  сауат  ашу  үшін  ауыл 
молдаларына оқуға береді. Болашақ ақын елдегі медресе, мектептерден әуелі 
ескіше (қадымша), кейін жаңаша (жәдитше) білім алады.  
Бернияз  азамат  қатарына  қосылған  соң,  сол  кездегі  қазақ  зиялыларына 
бағыт-бағдар  сілтеген,  саяси  кӛзқарастарын  қалыптастыруда  шамшырақ 
іспетті болған қазақ, татар  тіліндегі басылымдар “Қазақ”,  “Айқап”, “Шора”, 
“Уақыт”,  “Тәржіман”  секілді  газет-журналдармен  танысып,  олардан  ӛзінің 
кӛп керегін табады. Орыс, қазақ, татар классиктерінің шығармаларын оқып, 
кӛңіліне кӛп нәрсе тоқиды. Сонымен бірге ӛзінің замандас ақын-жазушылары 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев шығармашылығына 
мейлінше  назар  аударып,  ой  елегінен  ӛткізе  оқиды.  Мұнда  поэзиясының 
болашақ  бағытына  ерекше  әсер  еткен  М.Жұмабаев  шығармашылығы 
болғандығын атап ӛткен орынды.  
Ресейдегі  мұсылман  қозғалысы,  содан  қуат  алған  қазақ  зиялыларының 
саяси  күрестегі  іс-әрекеті,  1916-1917  жылдардағы  оқиғалар  мен  ӛзгерістер, 
рухани сілкіністер ақынның ой санасына қозғау салғаны анық. Бернияз елдегі 
оқуды  бітірген  соң,  1917  жылы  күзде  Орынборға  барып,  сондағы  қазақ 
мұғалімдер семинариясына  оқуға  түседі.  Бірақ  ақын онда кӛп  оқи алмайды. 
1918 жылғы Ресейдегі басталған  азаматтық соғыс ел ішін ӛртке орап, қазақ 
даласы  ақ  пен  қызыл  майдандасқан  соғыс  даласына  айналады.  Жұрт  қамын 
ойлаған  ақын  туған  жерге  оралады.  Замана  толқынына  қақпақыл  болған  ел 
тірлігіне араласып, сәлде болса септігін тигізбек жолда жүреді. 
1918  жылы  қызылдар  жеңіп,  ақтар  Орынбор  қаласын  босатқан  тұсында 
Бернияз  Күлеев  Орынборға  келіп,  қызметке  араласа  бастайды.  Торғай 
облысының  кеңестік  съезінде  облыстық  комитетке,  оқу  бӛлімінің 
президиумына  мүше  болып  сайланады.  1919  жылы  Орынбор  қаласындағы 
қазақ  даласын  басқару  үшін  құрылған  революция  комитеттің  Ақтӛбе 
қаласындағы тӛтенше комисары болады. 
1920  жылы  Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариаты  Бернияз  Күлеевті 
Қазан қаласына кӛркем әдебиет шығармалары мен оқу құралдарын бастырып 
шығарушы  ӛкіл  етіп  жібереді.  Сол  жылдары  Бернияздың  тікелей 
басшылығымен  ұлтымыздың  мақтаны  Абай,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Мағжан  Жұмабаев  шығармалары  басылып 

307 
 
шыққанын ерекше атап айтуға болады. Қазақ әдебиеті жаңаша даму жолына 
түскен осы бір тұста Бернияз Күлеев туған әдебиеті үшін аянбай еңбек етті, 
қазақ мәдениетінің дамуына үлкен еңбек сіңірді.  
Бұл  қызметті  ақын  ӛмірінің  ақырына  дейін,  жауапкершілікпен  атқарды. 
1923  жылы  29  қаңтарда  ақын  ӛмірі  күрт  үзіледі.  Бұған  жастық  кездегі 
махаббат-сүйіспеншілік  пен  бірге,  үміті  алданған  ақын  трагедиясы  себеп 
болған.  Қазанда  жиырмасыншы  жылдары  татар  зиялылары  ұйымдастырған 
“Шығыс  клубы”  деп  аталатын  жастардың  пікір  алысып  отыратын  үлкен 
мәдени  орталығы  болған.  Бұл  орталақ  ұйымдастырған  кештерге  ӛзгелермен 
бірге  Қазан  университетінің  медицина  факультетінің  студенті  Зейнеп 
Ахмерова  үнемі  қатысып  жүрген.  Бернияз  бен  Зейнеп  осы  кештерде 
танысады. Бірін-бірі сүйген екі жас тіл табысып, отау құрмақ болады. Бірақ 
Зейнептің ата-анасы жастар шешіміне қарсы шығады. Бұл қарсылық ӛмірден 
түңілген арманшыл ғашықтардың атылып ӛлуіне алып келеді. 
Поэзиясынан  ӛзінің  отты  жырларының  ұшқынын  танып,  ақынды 
жанындай  жақсы  кӛрген  Мағжан  Жұмабаев  Бернияз  ӛліміне  азалы  ӛлең 
жазады. Онда: 
 
Жаны жалын, жаны шерлі жеткіншек, 
Күлсін саған, сӛксін мейлі кӛк есек. 
Мен сӛкпеймін, сені сонау толқынмен, 
Қан майданға неге ғана кірдің деп. 
Мен күңіренем ұлы ойлар кеп басыма, 
Жырласаң ед шомылып кӛз жасыңа. 
Тұңғиық түбіндегі тамаша 
Ӛзі-ақ кӛшіп келмес пе еді қасыңа… – 
 
деп күйінеді жас ақын ӛліміне Мағжан. 
Осылайша  Бернияз  Күлеев ӛз  жырын  тамсана  оқыған қалың оқырманын, 
ӛзінен  үлкен  үміт  күткен  аға  толқынды  қайғыға  батырып,  бар  болғаны  24 
жыл ғұмыр кешіп, кӛк ӛрім кезінде кӛз жұмады. 
Ӛмірден  ерте  кеткен  ақынның  ӛзіне  соққан  ескерткішіндей  болып,  оның 
артында  мәңгілікке    жалғасқан  биік  рухқа  толы,  сыршылдық  пен  сезім 
тоғысынан жаралған жалынды жырлары қалды. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тұнба тұнық жыр, кӛрікті де кӛркем 
поэзияны  әкелген  кӛрнекті  ақынды  тануға,  танытуға  біраз  зерттеушілер  ӛз 
үлестерін  қосты.  Олар  –  Бернияздың  ақындығын  әр  қырынан  зерттеп  жан- 
жақты  танытуға  лайықты  үлес  қосқан  кӛрнекті  ғалымдар  Ы.Дүйсенбаев, 
Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, К.Шәменов және жас ғалым С.Жәмбеков. 
 
Ақын лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы 
 
Б.Күлеев  –  шығармашылық  жолын  ағартушылық  бағытта  бастаған  ақын. 
Бірақ  сыршылдық,  сыр  мен  сезім  тоғысы  оның  кез  келген  туындысына, 
жалпы  ӛнерпаздық  болмысына  тән  нәрсе.  Бұл  ақынның  алғашқы  дүниелері 

308 
 
“Ойдағым”, “Ӛзім” секілді ӛлеңдерінен-ақ кӛзге шалынады. Мұнда ақынмен 
бірге  лирикалық  кейіпкердің  бүкіл  жандүниесін  сезініп,  қуаныш-күйінішін, 
қайғы-мұңын,  асқақ  арманын  бірге  бӛлісіп,  романтикалық  кейіпкердің 
табиғатына дендей енесің.  
“Ӛзім”  –  ерекше бір  идеялық  жүк кӛтеріп  тұрған  ӛлең.  Оның ӛнбойынан 
лирикалық кейіпкердің ӛзіндік характері, болмыс бітімі бірден танылады. 
 
Ӛзім деймін, ӛзгелерді кӛрмеймін, 
Ӛзімсіздік, “ай, бауырымға” кӛнбеймін. 
Ӛзім патша, ӛзім тӛре, ӛзім хан, 
Ӛз ойымды сан сабазға бермеймін”. 
 
Ӛзім бітем, ӛзім қайта толамын, 
Ӛзім ұшам, ӛзім жүрем қонамын. 
 
Ӛз алдыма ӛзім келе бергенде, 
Ӛзіме-ӛзім таң-тамаша боламын
85

Шағын  үзіндінің  ӛзінен  лирикалық  қаһарманның  отты  жүрегі,  қайсар 
келбеті,  жұмбақ  жаны,  бүтін  болмысы  айқын  танылғандай.  Бұл  ақынның 
менмендігі  емес.  Ӛзіне  ӛзі  сенгендігі.  Ақын  талантына  да,  дарынына  да 
сенеді. Ол – кӛптің бірі емес, кӛпті бастайтын кӛшбасшы. Ол – “Бізбен” бірге 
ӛзін-ӛзі жоғалтып алатын ойсыз-кӛзсіз кӛп тобырдың санатында емес, “мені” 
айқындалған  тұлға.  Аумалы-тӛкпелі  кезеңде  бұл  ең  бір  керек  идея  еді. 
“Даналықты” ғана емес, даралықты да таныту дәуір сұранысы болатын. 
Осы  тектес  “Мен”  деп  аталатын  ӛлеңінде  де  ақын  осы  бір  тұғыр-тіректі 
айқын ұстайды. 
 
Жан жайнатқан жастықтың, 
Қан қыздырған мастықтың, 
Содыр-соқпақ тастықтың, 
Жолыменен барамын. 
Не кез келсе жолыма
Оңыма йә солыма, 
Қойныма һәм қолыма,  
Бәрін теріп аламын. 
Жасымаймын жаспын деп, 
Таспаймын да баспын деп. 
Тік тілеймін ассын деп, 
Таумен талас талабым. 
 
Бұл  –  1919  жылдың  аумалы-тӛкпелі  кезеңі  тұсында  асау  жүрек,  албырт 
ақынның шындықтың бетіне тура қарап жазған ӛлеңі. Екі ӛлеңнің тізгіні бір 
ұғымда.  Жаңа ӛмірдің  толқынына  қайығын  салған  албырт  жас  –  лирикалық 
                                                 
85
 Күлеев Б. Айтшы ақ қайың. – Алматы, 1969. – 16 б. 

309 
 
қаһарман  алғы  күннен  үміт  күтіп,  неден  болса  да  тайсалмауға  уәде  береді. 
“Оң ба, сол ма, жүрер жолым белгісіз” деп ӛзі айтқандай, ақын таңдау жолды 
тап  басып  айқындамаса  да,  үміттің  алдамасына  сенім  білдіріп,  тұғырға 
қонған бүркіттей  қиырға  кӛз  салады. Аласапыран  кезіндегі  ой  еркіндігі,  сӛз 
еркіндігі  ақынға  қанат  бітіргендей.  Ақынның  “талапты  ерге  нұржауар” 
тілекті  ӛзіне-ӛзі  тілеуі,  осыны  меңзесе  керек.  “Ӛзім”,  “Мен”  –  ақын 
еркіндігінің – символы. 
Бернияз  Күлеев  –  алғашқы  ӛлеңдерінен-ақ  бастап  ӛзінің  рухани  жан-
дүниесіне  терең  үңіліп,  жүрек  түкпіріндегі  құпия  сырын  ашып,  ӛзіндік 
болмысын  тануға  ұмтылған  сыршыл  да  ӛршіл  ақын.  Ӛршілдік  сарын 
Б.Күлеев  лирикасының  ерекше  сипаты.  Ақынның  дүниетанымы,  адам, 
табиғат,  қоғам,  ӛмірге  қатысты  ой-толғамдары  поэзиядағы  оның  осы 
ерекшелігін танытатын тәрізді. Ӛйткені Б.Күлеев саяси-азаматтық тақырыпта 
жазылған ӛлеңдерінде кӛтерілген мәселені, айтылар ойды кӛңіл-күймен, сол 
сәттегі сезіммен астастырып отырады. 
Бернияз  Күлеев  ӛлеңді  негізінен  1913-1914  жылдары  жаза  бастағанмен, 
шығармашылығының  ең  бір  жемісті  кезеңі  –  1918-1922  жылдар  аралығы. 
Ақынның  ӛндіріп  жазған  осы  бес  жылдық  шығармашылық  жолының 
алғашқысы 40-қа жуық ӛлең жазған 1918 жыл. Кӛңіл-күй сырларын шертетін 
“Аңқыған  гүлдің  исінен”,  “Кӛңіліме”,  “Қиял  сӛзі”,  “Қайтер  едің?”,  “Жас 
жүрегіме”,  “Жастық  күнім”  ӛлеңдерін  ақын  1918-жылы  жазған.  Бұларда 
Бернияз  лирикалық  қаһарманның  сыршыл-сезім  күйін  кӛркем  бейнелеуге 
ұмтылады.  Ақынның  адамның  нәзік  сезімін  жеткізуде  қаламы  ұшқырлана 
түскенін  аңғару  қиын  емес.  Ӛлеңдерінде  ой  мен  сезім  тоғысынан  бейнелі 
сурет  жасап,  шеберліктің  қыр-сырын  жете  меңгере  бастаған  сыршыл  ақын, 
кӛркем  образдарға  жан  бітірер  шынайы  суреткер  ретінде  қалыптасқанын 
танытады. 
Б.Күлеев  шығармашылығы  үшін  жемісті  болған  1919  жылы  жиырмаға 
тарта  ӛлең  жазады.  Лирикалық  кейіпкердің  кӛңіл-күй  сезімдерін  білдіретін 
”Жүрегің  жанып”,  “Жырла  да  зарла  кӛңілім”,  “Неге”  ӛлеңдері  ақын 
лирикасындағы  сыршыл,  күйшіл  сарындардың  кӛбейе  түскенін  байқатады. 
Бұл жыл – ақын жырларының сапалық тұрғыдан жетіле түскен жылы. Оның 
ерекше тоқталуға тұратын ӛлеңінің бірі – “Жырла да зарла кӛңілім”. 
 
Жырла да зарла кӛңілім, 
Сел болып жасың тӛгілсін. 
Естіген ойдан баз кешіп, 
Қамығып шындап егілсін. 
Жер – аспан бірден қозғалып, 
Тау мен тастар жібісін
 
Ойлаған ойлар толғанып, 
Мұздаған жүрек жылысын. 
 

310 
 
Рухы биік ақын ӛлең сӛздің эстетикалық құдірет қуатын қатар ұстап адам 
жанының  тек  жүрекпен  ұғынылар  тұңғыйық  тереңіне  бойлап,  әсерлі 
жырлайды.  Ақынның  жан  сыры  дүниенің  барлық  құбылысымен  астасып, 
оның мұңы мен жырына әлем құлақ түргендей.  
 
“Аһ” зарың тегіс аралап
 Аспан мен жердің арасын. 
Орныққан ойды жаралап, 
Кӛңілді қозғап қарасын, - 
 
деген  жолдардан  біз  осыны  ұғынамыз.  Ақын  ӛзінің  түпкі  ойының  жайын 
былайша білдіреді: 
 
Жырла да зарла, кӛңілім, 
Иеңнің тапсын еркесін. 
Еріксіз оны ойлатып, 
Ӛзегін үзіп ӛртесін. 
Жаңылтып ӛзге тілегін, 
Қайрымсыз кӛңілін жібіткен. 
Суық ой, салқын жүрегін, 
Шын иітіп жылытсын. 
 
Махаббат оты құлпырып, 
Жас жүрегін күйдірсін. 
Ӛзгермес ой мен шын қалып, 
Сәулеме мені сүйдірсін. 
 
Жатса да, тұрса, жүрсе де, 
Тек жалғыз мені ойласын! 
Қайғырып жырлап, күлсе де, 
Еркіне зарың қоймасын… 
 
Ӛлеңдегі  жыр  мен  зар  ақынның  ӛз  кӛңілінің  сипаты  ғана  емес,  ол 
мыңдаған  сол  сықылды  ғашықтық  отына  ӛртеніп,  сүйгенінің  жылуына 
бӛлене  алмай  зарлап  тұрғандардың  зар  мен  мұңы.  Ғашығына  деген  нала 
кӛңілдің дәрушісі де осы ӛлең болмақ. Ӛлең жолдарында ақын “қайырымсыз 
кӛңіл”, “суық ой”, “салқын жүрек” образды тіркестер арқылы сезім күйлерін 
шебер жеткізе алған. Ӛлеңдегі лирикалық қаһарманның кӛздегені – сезімнің 
күші  арқылы  сүйгенінің  кӛңіліне  жол  табу,  оның  “қайырымсыз  кӛңілін” 
жібітіп, ыстық сезімнің шуағына бӛлену. 
Ақынның осы тұста жазылған сырлы-сезімге бай ӛлеңінің бірі “Неге?” деп 
аталады. Мұнда автор ӛзінің ішкі сезім-күйін сӛз ете отырып, соған қатысты 
риторикалық  сұрақтар  қояды,  ғашықтықты  түсінер  жанға  жауабы  даяр. 
Сондықтанда  ақын  ештеңені  шешіп  айтпайды.  Риторикалық  ӛлең  тәсілі 
шебер қолданылған. 

311 
 
 
 
Жұрт жатқан жеті түндерде, 
Неге бұл ұйқым келмейді? 
Сайраған құстар – үндерге, 
Ой неге кӛңіл бӛлмейді? 
Жүрегім неге тоқтамай, 
Дүріс те дүріс соғады? 
Елеулі ойды жоқтамай, 
Құлағым нені ұғады? 
 
Күпті кӛңілдің кӛп сұрағынан кейін, соңғы шумақ былай аяқталады: 
 
Сыр бермес, ортақ шешен тіл, 
Айтпайды ашып мән-жәйін. 
Ашылмас езгі ауыр сыр, 
Барлығы мұнда дап-дайын… 
Айтпай-ақ құрбым білерсің, 
Басыңнан талай кешкенді. 
Кӛремін тәуір жүйесін 
Үндемей іштен шешкенді. 
 
Жұмыр келген соңғы түйіннен ақынның айтар ойының мәні айқындалып 
тұрған  жоқ  па?!  Қысқа  ӛлеңде  кӛп  жайды  аңғартар  тылсым  сыр  бар.  Кез 
келген  жастың  жанына  жол  табар,  жүрек  қылын  шертіп,  сезімін  толқытар 
күш бар. 
Ақын  ӛмірі  үзілер  соңғы  жылда  (1922)  ӛте  бір  шабыттана  еңбек  еткен. 
Секемді  кӛңіл  әлденеден  шошынып,  әлдеқайда  асыққандай.  Отызға  тарта 
ӛлең  жазыпты.  Ӛлеңдегі  сарынның  да  ӛзгеріске  ұшырағаны  сезіледі. 
Бұрынғы сыршыл сезімнің орнын енді мұңлы күйі басым шерлі ӛлеңдер баса 
бастағанын аңғару қиын емес. Бірақ шеберлігі ұштала түсіп, қанаты қатайып, 
шабытына  шабыт  қосқанын  байқаймыз.  Адамның  кӛңіл-күйін,  ішкі  сырдың 
толғанысын терең ашуға ұмтылып, оны күйлі мұңмен тоғыстыратын ӛлеңдер 
кӛптеп кездеседі. Бұған мысал - “Қапы қалдым”, “Не етер ем”, “Қалау беру”, 
“Жалғыз ӛзім жат жерде”, “Жас теректің жапырағы”, “Алшы, тәңірім, алшы, 
ал!”,  “Жүрегіме”,  “Ойла,  ойла,  ойға  тойма”,  “Бүгін-ертең”,  “Қараңғы  түн, 
алдымда тұр шам жанып” т.б. ӛлеңдері.   
Ақын  “Жас  теректің  жапырағы”  деп  басталатын  лирикалық  ӛлеңінде 
ӛзінің бір сәттік кӛңіл-күйін,  жан толқынысын, жүрегіндегі сезімді үлбірете 
жеткізген. Жас терек – жанды образ. Ақын оны адам болмысымен  салыстыра 
кӛрсетіп, табиғат пен адам бірлігінен жақсылық-жамандық, биік арман, зар-
нала,  толқу-тебіреніс  тәрізді  сан  құбылысты  тауып,  ӛз  қалпының  ішкі 
толғанысын  бедерлі  бейнелей  алған.  Соңғы  бӛлігінде  ақын  ӛзін  сол  жас 
теректің жапырағына теңеп, символикалық байланыс іздейді: 
 

312 
 
Мұңың, зарың, білем бірге, 
Бірге екеуіміз жылайық, 
Қарық болсын жауыз дүние, 
Кӛз жасымен бұлайық. 
Бізді естіп келсін жел де, 
Зарын бізге естіртсін. 
Зарласын да ерсін бізге
Жердің жүзі естісін. 
 
Ойла, мұңдан, жырла, долдан, 
Қызғанбалық, ӛтсін күн. 
Сенсіз, менсіз, желсіз, жырсыз 
Бұл жалғанның кӛркі кім? 
 
“Жас  теректің  жапырағы”  ӛлеңінен  жаратылыспен  жанын  жанастырып 
тазартқысы  келген  ақынның  пәк  табиғатын  танимыз.  Осы  ӛлеңнің  әр  жолы 
ақын жанының нәзіктігін, нұрлылығын танытады.  
Ақынның ендігі бір топ ӛлеңі ӛлім мен ӛмір, ақын мен тағдыр арпалысына 
бағышталған.  Соның  бірі  “Алшы,  тәңірім,  алшы,  ал!”.  Бұл  ӛлеңде 
бірқарағанда жалғыз қалу, жүрекке қан толу, жұлдызы сӛну, ерке кӛңілі мұң 
құшу, шабытты жыры – зарға айналу сияқты сынық кӛңілдің торығуы басым 
секілді.  Алайда  Мағжанның  “Мені  де,  ӛлім,  әлдиле”  ӛлеңімен  сарындас 
болып келетін мұндай ӛлеңдерінде ақын қайғы-мұңға батудан кӛрі, биік рух 
күшін танытады. Мұнда болашаққа деген сенім бар. Сондықтан бұл ӛлеңнің 
бүкіл болмысында күйректіктің белгісі жоқ.  
 
Берсең ертең жаңа жан, 
Жаралайын жаңадан, 
Жарқырайын жанайын… 
 
Немесе 
 
Отты жүрек, жаңа жан 
Бер жасаған жаңадан 
Қайта тілге келейін. 
Жел боп тынбай гуілдеп 
Ұшырағанға күбірлеп 
Әділдік айтып кӛрейін. 
 
“Ойла-ойла…”  мен  “Қараңғы  түн,  алдымда  түр  шам  жанып”  деп 
басталатын ӛлеңдері де “Алшы, тәңірім, алшы, ал” ӛлеңімен сарындас. 
“Бернияз ӛмір мен ӛлім мәселесін үнемі сӛз етіп, олар жӛнінде ӛз ойларын 
жасырмай  тереңнен  толғап  отырумен  бірге,  кейде  тура  баспай  жұмбақтап 

313 
 
кететін  мезеттері  де  ұшырасады”
86
  –  дейді  ғалым  Ы.Дүйсенбаев.  Мұның 
себебі  қандай,  оның  астарында  не  жатқаны  қазір  бізге  белгілі.  Ӛйткені 
Бернияз  –  замананың  сырын  ұққан,  уақытпен  үндесе  білген  ақын.  Ол  – 
ӛмірдің аумалы тӛкпелі тұсын тап басқан жан. 
Ақын  поэзиясының  жетістігінің  бірі  –  ақын  біткенге  ортақ  тақырып  – 
махаббат  сезімін  ӛз  лирикасында  биік  ӛреге  кӛтергендігі.  Бұл  тақырып  – 
Бернияз поэзиясының басты желісі. Бұндай ӛлеңдерінің тақырыптық сипаты 
бір-бірімен ұқсас.  Бірақ  басқа  ақындарға  қарағанда  Бернияз  бұл  тақырыпты 
ерекше  бір  шабытпен,  асқан  шеберлікпен  үйіріп,  жүрек  қылын  тербете 
жырлайды.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  ӛз  тұсындағы  ақындардан  оқ  бойы  озық 
тұрады. Әрине, Мағжаннан басқа. 
“Таң  алдында”  ӛлеңінде  ақын  лирикалық  қаһарманның  жүрегіндегі 
махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін табиғаттың әсем де сұлу сырлы суретімен 
астастырып  жеткізген.  Таң  алдындағы  тамылжыған  сұлу  табиғат,  кӛктегі 
жұлдыздардың  бірінен  соң  бірі  сӛнуі,  ару  айдың  батып  бара  жатуы,  жасыл 
мақпал  жамылған  жердің  тыныштықта  тыныс  алуы  бәрі-бәрі  тоғыса  келіп, 
ақынға  қимастық  бір  сезім  сыйлайды.  Сол  сезімнен  сұлу  жыр  туады.  Ақын 
кӛкірегіндегі  тәтті  қуаныштың  алауы  шығыстағы  таң  шапағының  арайымен 
астасып, жүректен құйылған, сӛзбен салынған сұлу да ғажайып сурет түседі 
ӛлең жолдарына. 
 
Кӛк жиегін қызыл алтын қаптады, 
Аспан бетін алсұр сәуле аптады. 
Желсіз түнде жымыңдасқан жұлдыздар, 
Кӛрінеді кәміл тегіс батқаны. 
 
Ойды қозғап, бойды алады таңдағы, 
Бозторғайдың жүз құбылған сайрағы. 
Ішке түскен ыстық жүрек дертімен, 
Қайғы-зарды қоздатады қайдағы. 
 
Түн мен Күннің алмасар сәтіндегі табиғат құбылысына куә боп, екі ұдай 
күйге  түскен  ақын  әсем  кӛрініске  елжірей  тұрып,  жүрек  түкпіріндегі  сезім 
қылын  шертеді.  Сүйгені  ойға  оралып,  махаббат  отына  күйіп  жанған  жас 
жүректі бір мезгіл күдікті ойлар мазалап, алып ұшқан кӛңілді мұң торлайды. 
Әйтседе,  әсем  түн,  атқан  таң,  күлімдеп  келген  күн,  табиғаттың  осы  бір 
ӛзгерісі ақын жүрегіне қуаныш құйып, жігер бергендей. Серпіліп кетіп, серт 
бергендей  болған  лирикалық  қаһарман  сүйгенінің  жанын  түсінеріне  сенім 
артады.  
“Шын  сұлуға”  деген  ӛлең  ғашық  жарға  деген  ұлы  сезімді  аялауымен 
әсерлі.  Сүйген  жүректің  ыстық  ықыласы  мен  отты  сезімін  паш  ететін 
кӛтеріңкі  кӛңіл  күйге  құрылған  әсем  лирика  –  бұл.  Ақын  бір  сәт  сүйіктісін 
ұжмақтағы  хор  қызы,  періштелерге  теңеп,  небір  асқақ  теңеулер  арқылы 
                                                 
86
 
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. – Алматы, 1970. – 176 б. 

314 
 
барша жаратылыс пен ғаламды оған бас игізіп, тамансандырып,  табындырып 
қояды. Ақын үшін сүйіктісі – ең таза, ең пәк жан, үлкен құдірет. 
 
 
Жүрсең – жер, күлгенде – кӛк сүйінеді 
Ағаш – шӛп сәжде қылып иіледі. 
Аспанның ажарлысы Ай менен Күн 
Кӛркіңді кӛріп таң боп күйінеді. 
 
Алдыңнан әлде қашан бұлт қашқан
Құлдықта қол қусырып жер мен аспан. 
Айнадай ай жүзіңнің ажарынан 
Ұялып жұлдыз біткен бетін басқан… 
 
Бірте-бірте жер-әлем кезіп кеткен кӛңіл-күй бастығып, мӛлдір сезім, шын 
кӛңіл шынайы ӛмірге оралады. Ақын енді айдай сұлу ажарлысының тек сырт 
кӛркі мен түрін ғана емес, оның ішкі жан дүниесін жарқыратып ашып, ақылы 
мен білімі, байыпты да биязы  мінезі ӛрнекті ӛлеңге айналады. Барлық асыл 
қасиет  пен  жалғандағы  жақсы  сипаттар  –  парасатты  кемел  ой  мен  кенен 
ақыл, жүйрік зерде мен алғыр ой, дархан кӛңіл мен қызыл тіл соның мінсіз 
болмысынан табылып, ай мен күн ұялып бетін басқан ажарлы кӛрік пен таза, 
мінсіз  ақыл-ой  сұлудың  ӛзіндік  болмыс-бітімін  ерекшелей  түскендей. 
Б.Күлеевтің  сүйіспеншілік  тақырыбына  жазылған бұл  ӛлеңіндегі  лирикалық 
қаһарманның ӛз сүйгенінің асыл қасиеттерін ардақтаған сезім  – күйі шығыс 
поэзиясы  классиктерінің  шығармаларындағы  ғашықтық  жүрегін  оттай 
жандырған  лирикалық  кейіпкерлердің  сезім  сырларымен  үндес.  Адамзат 
поэзиясында  мәңгі  үзілмес  алтын  жіптей  бұл  тақырып  оның  кӛңілін  де 
бейжай  қалдырмаған.  Бернияздың  бұл  ӛлеңі  Шәкәрімнің  “Шын  сырым” 
ӛлеңімен ӛрелене қауышып, айқұшақ табысып жатыр.  
 
Күн батып жоғалды 
Нұрыңнан ұялып, 
Жұлдыз бен ай қалды 
Сәулеңнен нәр алып. 
 
Шығысты  Шәкәрімнен  артық  білер  жан  бар  ма?  Оның  бар  жауһарын 
игерген жан емес пе ол?! 
Бернияздың  кӛп  ӛлеңдерінде  жастық  шақтағы  уыз  сезім  жиірек  сӛз 
болатыны  түсінікті  де.  Ақын  кӛбіне  ӛзі  куә,  ӛзі  білетін  жайларды,  яғни  ӛзі 
бастан ӛткерген күйді ӛлеңіне арқау еткен. Сондықтан да ақын сол сезімнің 
тазалығын,  әсемдігін  жырлай  отыра,  асыл  сезімді  аяққа  таптағысы  келетін 
әділетсіздік  пен  арамдықты  да  естен  шығармайды.  “Қайтер  едің”  атты  ұзақ 
ӛлеңі  осындай  жайға  арналған.  Осы  ӛлеңнің  алғашқы  жолдарында  бозбала, 
балғын жасқа ақ періштедей әсем қыздың сыр ашқаны арқау болған.  
 

315 
 
Жалғандағы жан жарым деп ойласа, 
Махаббатың меіріміне тоймаса, 
Жатса-тұрса жалғыз соның тілегі, 
Басқа қиял ойында да болмаса 
 
…Жас ӛмірде жолығам деп арманға, 
Шын сүюді санамашы арзанға! 
Екі жүрек кәмілдікпен қосылып, 
Алғанымен болса риза жалғанда… 
 
 
Қос  ғашықтың,  екі  жүректің  қосылуы  бір  сәтке  ақынды  сүйсіндіргендей 
болса да, ол ӛмірде тілек-арманның бұлайша үнемі тоғыса бермейтініне баса 
назар  аударады.  Ӛйткені  күнделік  тіршілікте  ізгілік  пен  жауыздық  жұп 
жазбай  іргелес  жүреді.  Уыз  жасқа  кӛз  тігетін  арам  ниетті  жандар  аз  емес. 
Ауыр жағдайда екі жас не істеуі керек? Намыс жыртып күресу қажет пе, әлде 
“құдай  салды,  біз  кӛндік”  деп  мойын  ұсынып,  отыра  бере  ме?  Бұл  арасын 
ақын  ашып  айтпайды,  кӛмескі  қалдырады.  Ӛйткені  ерік  сүйген  жүректе, 
сүйіскен  жастарда.  Тағдыр  талдауы  солардың  ӛз  қолында.  Жалған  үгітпен 
үкім  ете  алмайсың.  Жалпы  Бернияз  ғашықтық  ӛлеңдерде  бір  желіні  берік 
ұстанған.  Ол  –  ақ,  адал  махабатты  жырлау.  Сезімге  адалдық  пен  сертке 
беріктікті дәріптеу. 
Ақынның махаббат тақырыбын арқау еткен ендігі бір ӛлеңі – “Гүләндам”. 
Ақын  сүйген  жарына  назын  білдіріп,  оның  сұлу  кӛркі  мен  жібек  мінезіне 
қызығатынын да, қызғанатынын да ешбір жасырмайды. 
 
Ақ тӛсіңді, 
Қар етіңді, 
Жаным жатқа кӛрсетпе… 
Ӛйткені: 
Бақ алманың 
Дәмін, мәнін 
Білу қайда есекке?!  
 
Осылайша 
тіке 
кетіп, 
жас 
сұлуға 
қатты 
ескертудің 
се 
бебі 
неде? 
Ӛйткені 
тән 
сұлулығын 
да, 
жан 
сұлулығын  
да  ұғыну  үшін  кӛкіреккӛз  ашық  болу  керек.  Пасық  кӛңілмен  асылдың 
қадіріне жету мүмкін емес. Ақыр аяғында: 
 
Келші бері, 
Сүйші мені, 
Суырылсын кӛмейім. 
Сүй, құшақта, 
От құшақта 
Есім ауып ӛлейін! – 
 

316 
 
деп  аяқтайды.  Қандай  жарасымды  ұқсастық!  Бернияздың  “Жорықтан  соң” 
ӛлеңінен  Мағжанның  “Жарыма”  ӛлеңінің,  “Гүләндамғадан”  “Гүлсім”  мен 
“Сүй,  жан  сәулемнің”  жаңғырығы  сезіліп,  Мағжанды  еліткен  сезімнің 
сыңғыры  естіліп  тұрған  жоқ  па?!  Жай  еліктеу  емес,  ӛзіндік  ӛрнегін  тапқан 
еліктеу бұл. Ӛлеңдегі ӛлімді шақыру – ерке ақынның махаббатының ӛлшемі 
іспетті – отты сезімінің ӛміршеңдігінің белгісі. 
Махаббат лирикасының кейбір жағдайда басқа әуенге кӛшіп, жаңа сарын 
табатындығын  дәлелдейтін  шығарманың  бірі  –  Бернияздың  “Ауырғанда” 
деген  ұзақ  ӛлеңі.  Бұл  ӛлеңге  автор  ӛзі  сырқаттанып  жатқан  кезінде  ғашық 
жары  қасына  келгендегі  қуанышы  мен  шаттығын  арқау  еткен.  Сонан  соң 
адами  достықтың  қасиеттерін,  аурудың  азабын,  жалғыздықтың  тақсіретін 
термелеп  ӛтеді.  Қайғы  шеккен  сүйген  жардың  шарасыз  кейпін  кӛзден 
ӛшпестей, кӛңілден кетпестей етіп суреттейді. Ӛлең соңында ақын алас-күлес 
сәттің  толқынысынан  босап,  салмақты  қорытынды  жасап,  салиқалы  ой 
түйеді:  
 
…Жар да қалар, жыр да қалар, жыл ӛтер, 
Жыл артынан жылдар қуып тез жетер. 
Жыл жиналып дәуір боп, дәуір ӛмір боп, 
Ӛткен ӛмір, ӛшкен жанға кім жетер? 
 
Құрбы-құрдас, дос жарыңнан кім қалар? 
Күн де азайып, тӛмпешік боп кӛрді алар. 
Ӛмірім ӛтсін, үнім ӛшсін, мейілі, 
Мәңгі солмас “гүлім” менің – жыр қалар. 
 
Бернияздың  адами  тірлік-тынысының,  азаматтық  рухани  болмысының 
шындығы, осы. 
Б.Күлеев  –  шындық  болмысты,  оның  нәзік  тұстарын  үлкен  поэтикалық 
суреттеулермен беріп, кӛркемдік бояуын құлпырта, әрлендіруге шебер ақын. 
Табиғат,  жаратылыс,  ӛмір  құбылыстарынан  әсерлі  штрихтар  тауып,  оны 
жанды сурет, бейнелі образбен беруге ұмтылады. Оның ақындық қаламынан 
туған сұлу сурет тасқа басқан маржандай боп түседі. Соның бірі  – ақынның 
“Әдемі  түн”  ӛлеңі.  Кӛркемдік  тынысы  кең,  бейнелі  де  шымыр  суреттермен 
теңеулерге, алмастырулар мен айшықтауларға толы кӛркем жазылған дүние. 
Суреткерлік қабілеті күшті ақын құбылыстың нәрлі бояуын, ӛзіне тән ӛрнегін 
әрбір штрихы мен деталына дейін дәл де айқын жеткізуге күш салады. Түнгі 
сурет ақын қаламынан былайша ӛріледі: 
 
Ай сүттей, аспан жалтыр, желсіз тыныш, 
Айнала естілмейді ешбір дыбыс. 
Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан, 
Күрсініп, рахаттанып алар тыныс. 
 

317 
 
Ақынның  осы  ӛлең  жолдары  Абайдың  атақты  “Желсіз  түнде  жарық  ай” 
ӛлеңіндегі суретті кӛз алдымызға әкеледі. Бір-біріне ұқсас құбылыс. Екеуінде 
де қазақ ауылының түнгі кӛрінісі шебер суретшінің қыл қаламынан емес, сӛз 
ӛнері  шеберінің  қаламынан  жаралып,  бір  тылсым  құбылыстың  сиқырлы 
суреті боп кӛз алдымызға тұра қалады. 
 
Мап-майда аспан беті мӛлдір судай, 
Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай. 
Теңселіп тұнық суда шалықтаған 
Алтын ай кӛрінеді аппақ қудай. 
 
Бірінен-бірі жарық сансыз жұлдыз, 
Кӛрсетер кӛкті кӛркем бейне күндіз. 
Жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздай, 
Жалт берер жымың қағып қалдырып із. 
 
Алтын ай - аппақ қу, Жұлдыз – жалаң аяқ жүрген қыз. Бірінен-бірі ӛткен 
жанды  суреттер.  Тӛгіліп  жатқан  жыр  жолдарымен  бірге  Бернияз  ойы  да 
шалықтап  барады.  Кӛкте  із  қалдырып  ағып  бара  жатқан  жұлдыз  ақын 
қиялына  қанат  бітіріп,  оны  дәл  де  айнытпай  жеткізер  жанды  сурет 
іздеттірген.  Жымың  қаққан  жұлдызға  тең  келер,  әрине,  сұлу  қыз!  Жай  қыз 
емес,  жарқылдап  ойнап,  жалаңаяқ  із  тастаған  қыз!  Әсіресе  олардың  жалт 
беріп, жымың қаққан сәттері ештеңемен алмастыруға келмес соны сурет. Бұл 
жерде  де  ұқсас  құбылыстар  жай  теңеу  үшін  ғана  алынбай,  қоян-қолтық 
араласып  кеткен.  Ақын  асқар  тауды  қалғыған  арыстанға,  алыстан  кӛрінген 
терең жарларды айбатпен аузын ашқан айдаһарға, ӛзенді ғашық жарын сүйіп, 
тоят алған ғашық жанға теңеп, ӛрнегі ӛшпес сурет жасайды. Ӛлеңдегі “аспан 
–  мӛлдір  су”,  “ай  –  аққу”,  “жұлдыз  -  қыз”,  “асқар  тау  -  қалғыған  арыстан”, 
“ӛзен  -  ғашық”,  “терең  жар  –  аузын  ашқан  айдаһар”  болып,  әрқайсысы  ӛз 
орнын тауып тұр. Ақын қазақ аулының жүрекке жақын, кӛңілге ыстық түнгі 
суретінің жан терберлік тәтті сәтін сан түрлі  бояумен шебер әрлеген. Таныс 
та бейтаныс, қимас та ұмытылмас ыстық сурет! Жанға жайлы түнгі шақтың 
әсем кӛрінісін ақын былайша аяқтайды: 
 
Ӛтпеді құрттай уақыт – басылар үн, 
Қой қойып үріккенін, ит болар жым. 
Ай жылжып, жұлдыз ойнап баяғыдай
Тағы да тың шығармай тұрады түн. 
 
Иә,  Б.Күлеев  –  кестелі  тілмен  сұлу  сурет,  бейнелі  образ  жасаудың  ӛлең 
сӛздегі шынайы шебері. 
Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиетті бірнеше бағытқа бӛліп, оларға 
белгілі  бір  ақын-жазушыларды  жатқызып  келеміз.  Бір  бағытты  қазір  діни-
ағартушы  бағыт,  келесісін  –  ағартушы-демократ,  соңғысын  ұлт-азатшыл 
бағыт  деп  бӛліп  жүрміз.  Қалай  болғанда  да  бұл  бағыттардың  ӛзіндік 

318 
 
ерекшелігі  бар  екені  айқын.  Соңғы  бағыт  ӛкілдері  болып  табылатын 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевтардың  ізін  баса  әдебиетке  келіп, 
солардың әдебиеттегі бағытын нық ұстанған және одан айнымаған ақынның 
бірі – Бернияз Күлеев. Ол ел азаттығын ӛз шығармашылығына арқау етіп, сол 
жолдан  бір  сәтте  тайған  емес.  Ол  Мағжанша  жырлап,  елі  үшін  Мағжанша 
егілді.  Нәзік  те  сыршыл  сезімді  жырлай  отыра,  оны  отты  да  ӛршіл  сезімге, 
ерлік  күреске  нәр  етіп,  қуат-күш  ала  білді.  Сондықтан  да  Бернияз 
шығармашылығын  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  азаттықты  аңсаған  азатшыл 
поэзияның соңғы жыры еді десек, қателеспейміз. 
Б.Күлеев  қиын  да  күрделі  кезеңде  ӛмір  сүрді.  1917  жылғы  екі  бірдей 
тӛңкеріс  тек  қана  кӛп  ұлтты  Ресей  империясын  отқа  шарпыған  тарихи 
оқиғалар  болып  қойған  жоқ,  ол  шын  мәнінде  дүние  жүзін  дүр  сілкіндірген 
оқиғалар болды. 
Оның  алғашқысы  жалпы  демократиялық  ұрандарды  алға  тартып, 
адамдардың  құқын  қорғайтын,  әлеуметтік  теңсіздікті  жоятын  жалпы  адами 
заңдылықтарға  негізделген  қоғамдық  ӛзгертулерді  ұсынса,  екіншісі  оған 
қарама-қарсы  бағытты  ұстанып,  таптық,  диктатуралық  билікті  алға  тартты. 
Жалпақ Ресей екіге бӛлініп, атыспақ-шабыспақ басталып кетті. 
Міне,  ақын  осы  екі  жақ  боп  шарпысқан  әртүрлі  ағымдар  мен 
қозғалыстардың,  түрлі  дүние  танымдарының  ӛліспей-беріспейтін,  ымыраға 
келмес  қанды  күресі  ұланбайтақ  қазақ  даласында  шарпып,  әлі  де  болашағы 
бұлдырлау,  белгісіздік  тұманы  жапқан  алмағайып  заман  басталған 
кезеңдерде  ғұмыр  кешті.  Осы  зор  кӛлемдегі  оқиғалар  мен  ӛзгерістер  оның 
қақ  ортасында  жүрген  озық  ойлы,  саналы  ақынның  поэзиясына  әсер  етпей 
қалуы  мүлде  мүмкін  еместін.  Осы  тұстағы  сан-салалы  ойлардан,  кӛңілдің 
мұңды  күйінен  туған  “Бостандық  күнінде”,  “Бұлт”,  “1917  жылға”  атты 
лирикалық  туындылары  бұрынғы  ӛлеңдерден  мүлде  бӛлек  еді.  Бұлардың 
барлығы  бостандық  тақырыбына  арналған  болатын.  Осы  тақырыпта 
жазылған “Бұлт” ӛлеңінде ақын бостандықтан бұрынғы жайттарды сӛз етеді. 
Мұнда Бернияз іштегі қорқынышы мен күдігін білдіріп, болашақты бір үміт, 
бір  қауіппен  күткендей  болады.  Бұл  ӛлеңнің  бір  ерекшелігі  ақын  қазақ 
халқының басындағы ауыр халін, бостандыққа, еркіндікке сусаған халықтың 
жағдайын тура ашық айтпай, оны пернелеп, астарлап бере білген. Себебі не? 
Себебі  сол,  ақын  бұл  ӛлеңінде  бостандықтың  алғашқы  лебін  жырына  арқау 
еткен.  Оның  болашағы  бұлдырлау,  сенімсіздеу.  Сондықтанда  ақында 
пернелеу басым. 
Б.Күлеевтің  “Бостандық  күнінде”  ӛлеңіне  Абай  үлгісін,  яғни  “Сегіз  аяқ” 
ӛлеңінің үлгісін алған. Ӛлеңде ақынның алғашқы бостандық күнінің тууына 
орай ақжарма қуанышы, асқақ кӛңілі мен толғанған тебіренісі кӛрініс тапқан. 
Ӛлеңнің  асқақ  рухы  да  осында.  Ақын  бостандық  келіп,  ел  қуанған  күнді 
ерекше бір шабытпен жырлайды: 
 
Жарық күн туды, 
Жер жүзін жуды, 
Кӛктен нұрлар тӛгіліп. 

319 
 
Ежелгі, ескі, 
Ортадан кетті 
Етек-жеңі сӛгіліп. 
Міне, хақтың бергені – 
Кӛздің жасын кӛргені
 
Бостандық күні 
Шығатын үні 
Қалғандарың келіп тұр. 
Бұлт бетін ашқан, 
Кӛктен нұр шашқан 
Күнді кӛзім кӛріп тұр. 
 
 
Жүрек жұлқып шарқ ұрып, 
Шыдатпайды талпынып. 
 
Ақын  жүрегі  қуаныштан  осылайша  жалын  болып  шалқиды,  құс  боп 
ұшады.  Ӛткен  күнге  қаны  қайнап,  жаны  аши  келіп,  қалың  жұрты  қазағына 
“Хақтың  бергені”  құт  болуына  тілек  білдіреді.  Б.Күлеевтің  бостандық 
тақырыбындағы  ӛлеңдеріне  қарап  отырып,  ақынның  бостандық  деп 
отырғаны  таптық  түсініктегі  бостандық  емес,  жалпы  халыққа,  ұлтқа  деген 
бостандықпен ұштасып жатқан түсінік екенін аңғару қиын емес. Ӛйткені ол 
таптың  тартып  алғаны  емес,  хақтың  бергені.  Осындай  күрделі  де  қиын, 
алмағайып  кезеңде  ӛмір  сүрген,  ұлтжанды  азаматтардың  тәрбиесін  кӛрген, 
Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаев,  Міржақып  Дулатов  сынды  ұлт 
қамын 
кӛксеген 
азаматтардың 
теңдікке, 
азатыққа 
шақырған 
шығармаларымен  қанаттанған,  ұлт  қамын  ту  ғып  кӛтерген  ақыннан  басқа 
түсінікті  күту  мүмкін  емес  еді.  Алаш  азаматтарының,  “Қазақ”  газетінің  игі 
әсері  арқылы  таза  ұлтжандылықты  ардақтаған  ақыннан  тапшылдықты  күте 
қою қиын. Сондықтан да ақын жырын “атам қазақ баласына” арнады: 
Аттасаң алға: 
“Оңдасын алла”, – 
Біз де соған деселік. 
Жаялық құшақ, 
Қолға алып пышақ, 
Тұсауыңды кеселік. 
Атам қазақ баласы, 
Қаз-қаз тұрып қарашы?! 
 
“1917  жылға”  деген  ӛлеңінде  де  ақын  осы  түсінікті  одан  әрі  ӛрбіте, 
тереңдете түседі. Ӛлең неге бұлай аталған десек, бұл жыл қазақ үшін ерекше 
жыл.  Қазақ  жұрты  ғасырдан  астам  уақыттан  соң  алғаш  бостандықтың  тәтті 
дәмін татты. Ӛзінің ӛзгелермен тең екенін сезінді. Ендеше ұлт үшін жан пида 
деп жүрген Бернияз үшін де бұл жыл ерекше. Сондықтанда: 
 
Ардақты жыл, атақты жыл, қанды жыл, 

320 
 
Ұмытылмас жыл, ӛмірі ұзақ мәңгі жыл. 
Теңдік, теңдік – тіршіліктің тұтқасы, 
Бірлік, ерік, бостандықпен атқан гүл, – 
деп, ақын бұл жылдың қайшылықты да күрделі сипатын, буырқанған замана 
ағымын,  дүлей  дауылды  құбылысын  ашып,  “ардақты  жыл”,  “атақты  жыл”, 
“қанды жыл” деп мың құбылған бітім-болмысын тап басады, нақты ашады. 
 
…Қара күштің жаман ойын тапқан жыл, 
Кем-кетікті, кеміс күнде жаққан жыл. 
Баулы бұлбұл байлауынан босанып, 
Жаңа күннің жарық шамын жаққан жыл… 
 
…Сенде рахат, сенде жеңіс, сенде гүл, 
Әлді-әлсіз айырусыз сенде бір. 
Тарих беті, жұрт аузында ұмытылмас, 
Жылдың жылы, жыл патшасы – сенсің гүл! 
 
Жас  ақынның  бұл  жылдары  үлкен  ізденіс  үстінде  болғаны  шындық. 
Орынбордағы оқытушылар семираниясында оқып жүріп, орыстың, батыстың 
классикалық  поэзиясынан  кӛп  үйренгенді.  “Жас  ақын  ел  ӛміріндегі  – 
революцияны  құшақ  жая  қабылдайтынын  жасырмайды”  –  дейді,  зерттеуші 
Ы.Дүйсенбаев ақын ӛмірінің осы кезеңі туралы. Дұрыс та шығар. Тӛңкерістің 
болашақ  кесапатын  дәл  сол  жылдары  кім  ұқты  дейсің?!  Жүректің  қан 
жылайтыны кейінгі жылдар! Оған әлі уақыт бар еді. 
Ақынның  ӛнімді  де  белсенді  еңбек  еткен  жылдарының  бірі  –  1920  жыл 
екенін  жоғарыда  айттық.  Бұл  тұста  ақын  поэзиясының  кӛркемдік  кестесі 
әрленіп, ӛлеңдегі ой ӛткірлігі, ішкі тебіреніс қуаты арта түскен. Осы жылғы 
ӛлеңдерге  тән  басты  бір  ерекшелік,  ақынның  азаматтық  үні  айқындала 
түскендей.  Неге  десеңіз,  осы  жылдан  бастап  Бернияздың  кӛп  нәрсеге  кӛзі 
жетпегенімен,  кӛңіл  толқысынан  белгі  бере  бастағанды.  Сондықтан  болу 
керек ӛлеңдеріндегі әлеуметтік тақырып кӛбірек кӛзге шалынады. Ақынның 
“Алға”,  “Қу-ларға”,  “Заман-ай  әніне”,  “Жаз”,  “Ел  ерлеріне”,  “А,  дариға-ай”, 
“Күз”,  “Ер  жігітке”,  “Кім  бар?”  лирикалары  осы  сипатымен  құнды.  “Ел 
ерлеріне”  деген  ӛлеңінде  ақын  қазақтың  бұрынғы  ӛткен  халы,  талайсыз 
тағдырына назар салады. Кӛңіліне күдік ұялағанда ақындар қашанда ӛткенге 
үңілері  белгілі.  Бұл  ӛлең  кезіндегі  зерттеулерде  тек  таптық  түсініктен  ғана 
қаралып,  талданылып  келді.  Шындығына  келсек,    ӛлең  мазмұнына  тап 
теңсіздігі  емес,  қазақ  ұлтының  теңсіздігі  арқау  болған.  Отаршылардың 
халыққа  әкелген  кесір-кесепаты,  жалпы  отаршылдықтың  ауыр  зардаптары 
ӛлеңде нақты бейнеленген. Ақын ӛзі қайырылып отырған Ел ерлерінің есіне 
отаршылдардың  зобалаңы  мен  зұлымдығы,  қаныпезер  қаталдығы  мен 
озбырлығы бас кӛтертпеген кезең тарихын салады. 
 
       
Кім бүлдірді атамекен еліңді? 
Кім тілдірді кіндік кескен жеріңді? 

321 
 
Малды адаммен, қанды жанмен тӛлетіп, 
Кім жүндеді тірідей тонап теріңді? 
 
Гүл жайнаған жасыл жібек далаңды, 
Алтай, Арқа, Еділ, Жайық – алаңды, 
Бір қауызға жинап бәрін қусырып, 
Кім жанышты жүректегі жараңды?  
 
Бернияз  қазақ  поэзиясындағы  қалыптасқан  дәстүрлі  үлгімен  сұрақ  қоя 
отырып, ӛз сұрағына жауапты ӛзі береді: 
 
Патша, зада, сұлтан, тӛре, хандардың, 
Жан алушы генерал мен жандарм. 
Тіске жұмсақ бұқараны жем қылып
Айдаһардай азу біткен заңдарын… 
 
Ӛлең  соңында  ақын  отаршылдыққа  қарсы  күрес  жолында  жүріп,  халқын 
бостандыққа жеткізер ел ерлеріне деген ӛз сенімін білдіреді.  
 
Аз шыдасаң, елді жаудан ашарсың, 
Жау жүрегін жасқанбастан басарсың. 
Біріктіріп бес бӛлегін жалғанның, 
Мәңгі-бақи елмен еркін жасарсың. 
 
Ақынның  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  жыраулар  дәстүрін  жаңғырта  отырып 
жазған,  елдікке  шақырып,  ерлікке  үндейтін  ӛлеңдері  де  бар.  Ерлік 
тақырыбын жырлай отырып ақын жалпы қазақ ұғымындағы ер жігіт қандай 
болуы керек, оған қойылар талаптар, ерлігіне сын болар ӛлшем, шарт қандай 
деген  мәселелерді  алға  тартады.  Бұл  тақырыптағы  шығармаларға  ақынның 
“Ер  жігітке”,  “Кім  бар”  ӛлеңдерін  жатқызуға  болады.  “Ер  жігітке”  ӛлеңінде 
Бернияз  поэзиясының  жыраулық  ӛнердің  ежелгі  ерлік  дәстүрін  мықты 
ұстанған  Махамбет  жырларымен  үндестігі  қатты  байқалады.  Әсіресе,  әйгілі 
“Ереуіл  атқа  ер  салмай”  ӛлеңінің  рухы  осы  ӛлеңнің  ӛн  бойына  ӛзек  болып 
тартылған. Ер деген ұғымға сай болу үшін ел қорғаны азамат қандай болуы 
керек. Бернияз түсінігінде бұл былай кӛрініс табады: 
 
Ер қаруы – бес қаруды басқармай, 
Тас тӛсеніп, темір қазық жастанбай, 
Қанын ұрттап, жау жүрегін туралап, 
Шаш ал десе, домалатып бас алмай. 
Жел жетпесті жорыққа мініп еліртпей, 
Кӛкірегінде қорғасын оқ ерітпей, 
Қақпақ жауырын, бұдыр білек, тас жүрек, 
Жалғыз сӛзбен мың сан жолдас ерітпей. 
 

322 
 
Жапан түзде жауға жалғыз жолықпай, 
Наркескеннен тамған қан жерге сорықпай
Еркін дала, асқар тау, шалқар кӛлдерден 
Қабат ӛтіп, жолбарыстай жорытпай…– 
 
Ӛлең  жолдарынан Махаң  поэзиясының  рухын  айқын  аңғарып,  тап  басып 
танимыз.  Әуез,  екпін  ырғақ  ӛзге  болғанымен,  ӛлеңнің  ішкі  бұлқысынан 
танылар асқақ рух кӛзге ұрып, жан толқытады. Ер ұғымына тән қасиеттерді 
санамалай  келіп,  ақын  ер  жігіттің  мақсат-мүддесін,  ел  алдындағы  парызын 
былайша түйіндейді: 
 
 
 
Ӛшпес ерлік, кӛрсете алмай жалғанда, 
 
 
Жан ұшырып қан ұрттамай майданда, 
 
 
Қой үстіне ұялатпай бозторғай, 
 
 
Ер жігіт, сен ӛлгенде де арманда. 
 
Жалпы осы ӛлеңнен биік рухтағы ақынның қазақ ұғымындағы ер жігіттің 
бүкіл  болмыс-бітімін,  оның  азаматтық  асқақ  арманын,  ел  парызын  ақтауды 
қалай ұғатынын танып білеміз. Ел ұғымындағы ер жігіттің басты сипаты осы 
ӛлеңде  нақты  берілген.  Тек  ақын  сипаттауындағы  осындай  жігіт  ғана  еліне 
азаттық әкеле алатындығына күмәнсіз сенесіз. Осы ой ағыны ақынның келесі 
ӛлеңі  “Кім  барда”  да  сақталған.  Бұл  ӛлеңнен  де  ақынның  асқақ  үнін,  отты 
жігерін,  ӛршіл  ойын  танимыз.  Лирикалық  қаһарманның  әрбір  сӛзі  отты  да 
жігерлі.  “Ер  жігітке”  ӛлеңіндегі  ел  қамын  жеген  ер  бейнесі  мұнда  да  елес 
беріп  отырады.  Ӛлеңде  жалпы  азаттық  жырға  тән  кӛркемдік  теңеулер 
молынан кездеседі. Ақын лирикалық қаһарманның аузына “арыстанбыз”, “аш 
бӛріміз”  деген  Мағжан  теңеулерін  салуы  арқылы  оған  жанының  жақын 
екендігін  аңғартып  қояды.  Мұнда  жаңа  заман  қаһарманының  іс-әрекеті 
азатшыл жырға тән тәсілдер арқылы былайша кӛрініс табады: 
 
Сырылдатып алысқа жақ тартқанда, 
Қозы жауырын оқ жоғалар атқанда. 
Ӛткір қылыш, түзу құрыш болаттан, 
От жарқылдар жауға жалғыз шапқанда. 
 
Жаңа  заман  ерлері  арымыз  да,  иманымыз  да  азаттықтың  жолында  деп 
біледі.  Ақын  бұл  ерлердің  азаттық  жолдағы  күресін  “тӛбесі  қар”,  “бауыры 
жібек”,  “түбі  тас”  асқар  тауларда,  мың  жасаған  түрлі  ағаш  та,  судың 
сылдыры,  жердің  гүлі,  құстың  жыры  да  қысқасы  барша  жаратылыс  құптап, 
қоштайды деп сендіреді және оған ӛзі де сенеді. Ӛлең соңында ақын “Кім бар 
бізбен қан майданда алысар!” деген қайтпас қайсарлыққа, отты жігерге толы 
ӛткір сұрақ қояды. Бұл  – елін сүйген, ұлтының азаттығы жолында күрескен 
ерлер үшін олардың жеңер күш жоқ деген сенім.  
Ақынның  1921  жылғы  ӛлеңдерінде  азаматтық,  азаттық  сарын  сәл 
босаңсып  қалған  десе  болғандай.  Ақын  бұл  жылы  азаматтық  тақырыптан 

323 
 
аулақтап,  жеке  басқа  қатысты  мұңды  сарынға  мойын  ұсынып,  ӛзінің  ішкі 
сезім күйлерін сыртқа шығаратын ӛмір құбылыстарына кӛбірек үңіліп, ӛткен 
ӛмірге  ӛкінішпен  қарап,  болашаққа  сенімсіздік  танытып,  сары-уайымға  бой 
алдырғандай  болады.  Кезінде  ақын  мұрасына  азды-кӛпті  баға  бергендер 
ақынның  осы  жылдары  жазған  жырларының  барлығы  дерлік  ой-күйрек, 
сарыуайымшыл  деп  бағалаған  болатын.  Бірақ  олардың  кӛбі  ақын 
жырларының 
мұндай 
сипатта 
болып 
келуі 
ӛмір 
шындығынан 
туындайтынына  назар  аудармады.  Бернияз  бұл  жылдары  туған  елден 
алыстап, Қазанға қазақ кітаптарын бастыру жӛніндегі ӛкілі болып барған еді. 
Ол 
сол 
жылдары 
кеңестік 
идеологиямен 
қырғиқабақ 
ақындар 
А.Байтұрсыновтың,  М.Дулатовтың,  М.Жұмабаевтың  т.б.  кітаптарын  қайта 
бастырып  шығарды.  Бұндай  үлкен  азаматтық  істің  айтыс-тартыспен  жүзеге 
асқаны  белгілі.  Елден  жырақ  кетуде  сезімшіл  ақынға  аз  әсер  етпесі  тағы 
белгілі. Кешегі бостандыққа жеттік деген ақын сенімінің алдануы, дүниенің 
басқа  арнаған  бет  бұруы,  азамат  соғысынан  кейінгі  елде  жүріп  жатқан  әр 
түрлі  әлеуметтік,  қоғамдық-саяси  шаралар  ұлт  қамын  ойлаған  азамат 
ақынның  күйіне  әсер  еткені  анық.  Уақыт  уытын  аңғара  бастаған  ақын  нық 
сеніммен  бет  алған  бағдаршамын  жоғалтқандай  күй  кешті.  Ӛмір  кӛшінде 
бағытсыз,  бағдарсыз  қалғандай  болды.  Сәулелі  үміт  сӛнді,  асқақ  арман 
орындалмады.  Сонымен  бірге  сол  жылдары  Қазанда  танысқан  Зейнеп 
Ахмеровамен  арадағы  махаббаттан  туындаған  драмалық  жағдайда  кӛп 
нәрсені  шешіп  кетіп  еді.  Міне,  осының  барлығы  жаны  нәзік,  әсершіл, 
сезімтал ақын кӛңілі түбіндегі кӛп күдікті сыртқа шығарып, кӛңілінің күйін 
шертетін мұңлы жырлар туғызуға итермеледі. 
Ақын ӛмірінің соңғы мерзімдерінде, яғни 1922 жылы және ӛмірінің соңғы 
айы  1923  жылдың  қаңтарының  ішінде  оншақты  ӛлең  жазған.  Ӛлеңдерінің 
кӛпшілігі  ӛлім  тақырыбына  бағышталған.  Ақын  ӛмірінің  соңғы  сәттері 
жақындап  қалғанын  сезген  болуы  керек.  Ӛйткені  ӛз  тағдыры  ӛзіне  белгілі 
емес пе?! Ақынның бұл тақырыптағы ӛлеңдері: “Ӛмір – құрдым, ӛмір – ӛзен, 
жағалап”,  “Ал,  жүрегім,  ӛлейін”,  “Мен  есіткен  кӛп  адам”.  Осының  ішіндегі 
“Ал, жүрегім, ӛлейін” ӛлеңін ақын ӛмірмен қоштасар алдында жазған болуы 
керек.  Ы.Дүйсенбаевтың  айтуы  бойынша  ӛлеңінің  жазылу  мерзімін  1923 
жылғы  21  қаңтар  кешкі  сағат  5  деп  кӛрсетіпті.  Арманда  кеткен  ақын 
ғұмырының қорытындысы іспетті бұл ӛлеңінде:  
 
Ал, жүрегім, ӛлейін, 
Дегеніңе кӛнейін. 
Аз күн тұрған жалғанға, 
Келіп едім демейін. 
Ӛлер жерің, осы деп, 
Дәл жүректің тұсы деп, 
Қорғасын оқ ӛткізіп, 
Ӛз қаныма ӛзімді, 
Қарық қып мәңгі кӛмейін, – 
 

324 
 
деп ақтық сӛзін айтыпты.  
Иә!.. Сӛйтіп, 1923 жылғы 29 қаңтарда Б.Күлеев Қазан қаласында қайғылы 
қазаға ұшырап, ӛзі жан-тәнімен сүйіп, іңкәр болып ӛткен ӛмірмен қоштасады. 
Ақын  жүрегі  соғуын  мәңгілікке  тоқтатып,  ұлтының  бақыты  үшін  күреске 
бағыттаған  ақын  ғұмыры  осылай  аяқталды.  Бар  болған  24  жас  ӛмір  сүріп, 
аққан жұлдыздай ағып ӛткен ақын қысқа ғана шығармашылық ғұмырында аз 
жасаса да саз жазып, соңына мәңгі ӛлмес, ұрпағына рухани азық болар мол 
мұра қалдырып кетті.  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет