Мектебінде



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата27.03.2017
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

II.  Г.Снасапова  «Дүниенің  тілдік    бейнесі,  әсіресе, 
тұрақты тіркестерден,  фразеологизмдерден, идиомалар 
мен    мақал-мәтелдерден  анық  көрінеді.  Өйткені  тілдің  
бұл  қабатында    халық  даналығы,  құндылықтар  жүйесі, 
қоғамдық  мораль,  ұлт  өкілдерінің  дүниеге,  адамдарға 
және  басқа  ұлттарға  деген  қарым-  қатынасы  тәрізді 
маңызды  ақпараттар  жинақталған.  Тіл  өз  халқының 
мәдениетін,  өркениетін,  әлеуметтік  құрылымын, 
дүниетанымын  бейнелеп  қоймай,  келер  ұрпақты 
қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады.
Тілді  оқытуда  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында 
бір-бірімен  көзбе-көз  кездесу,  ауызба-ауыз  тілдесу, 
яғни,  тікелей  қатынас  болмаса,  сөйлесу  әрекеті  де  іске 
аспайды.  Тіл  үйретуші  тілді  үйретуде  қатысымдық 
әдістің ұстанымдарын басшылыққа алғаны жөн /141-б./ 
дейді.
Тіке  байланыс  ұстанымы  бойынша  оқыту  үдерісі 
адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-
қатынасы  арқылы  болады.  Бұл  –  қатысымдық  әдіс 
арқылы  ғана  жүзеге  асатын  ерекшелік.  Өйткені  тілдік 
қатынастың  өзі  адамзаттың  бір-бірімен  тікелей  қарым-
қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделген. 
Полилогтар мен сұхбаттарды ұсына отырып, оқушы-
ларды неге үйрететінімізді ескеруіміз қажет.
Мұғалімнің мұндағы мақсаты – тілдесуге шығу.
Оқушылар  оқу  сұхбаты  мен  күнделікті  тұрмыста 
пайдаланылатын  сұхбаттың  арасындағы  айырмашы-

37
лықты  білуі  қажет.  Оқу  сұхбатынан  тұрмыстағы 
сұхбаттарға көшуге дағдылануы тиіс.
Оқу сұхбаттарының барлық түрлерін оқыту деңгейіне 
қарай  әр  сабақта  барынша  мол  пайдалануға  тырысу 
қажет.
Диалог  –  екі  жақты  құбылыс.  Қарым-қатынастан 
көзделетін  мақсатқа  орай  диалогтың  әр  түрлі 
ерекшеліктері болады:
- күнделікті тұрмысқа байланысты;
- ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
- ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
- эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлігі;  
- сөйлемдердің ықшамдалуы;
- спонтанттылығы, яғни, сөздің алдын ала жоспарлан-
бауы;
- ауызекі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.
Оқушылардың  тілінде  фонетикалық,  т.б.  қателер 
жиі  кездесетіні  байқалады.  Сондықтан  тілдік  жағынан  
диалогтың дұрыс құрылуына баса мән беріледі.
Диалогтік  сөйлеу  дағдысының  қалыптасуы  мына 
өлшемдермен анықталады:
- әңгімелесушілердің бірін-бірі тез түсінуі;
- қысқа жауап беруі;
-  әр  түрлі,  дайын  тілдік  құбылыстарды  дұрыс,  тез, 
орынды қолдана білу;
- тақырыптан ауытқымай, оны дәл жалғастыра білу;
- жауап беру икемділігінің жоғарылығы;
-  әңгімелесушілердің  бір-бірінің  көңіл-күйін,  жайын 
сезіне білуі.
Тілді үйренуде сөйлеу әрекетінің түрі – оқылымның 
атқаратын  орыны  ерекше.  Оқу  үрдісіндегі  оқылымның 

38
мақсаты  –  мәтін  мазмұнын  түсінуге,  жазба  түрінде 
берілген ақпаратты қабылдауға дағдыландыру.
Зерттеуші  Ә.Әлметова  оқылымды  шартты  түрде  2                
топқа бөледі:
- Техникалық жақтарды қамтамасыз ететін дағдылар            
мен машықтар;
- Мәтіннің мағынасын қабылдауға мүмкіндік беретін 
дағдылар мен машықтар;
Тілді  қатынас  құралы  ретіндегі  оқу  жағдаяттарын 
ғалым С.Әбдіғалиев 2 топқа бөліп қарастырады: /18-б./
Оқу  барысында  оқырман  тек  қана  мәтінде  берілген 
ақпаратты қабылдауға байланысты жағдайлар;
Оқу  барысында  ақпаратты  қабылдаумен  қатар  бір 
мезгілде  ақпаратты  сол  күйінде  өзгелерге  жеткізуге 
қатысты жағдайлар.
1.1.  Қазақ  тілінде  сөйлеуді  меңгеру  оқушының  жеке 
басының  қабілетін  ескеріп,  соны  дұрыс  бағыттаумен 
тығыз байланыста жүреді. Олардың әрқайсысының өзіне 
тән мінезі, сезімі, қабылдауы, зеректігі, қызығуы, жақсы 
көретін  және  жек  көретін  құбылыстары  бар.  Осыған 
қарай олар сөйлеуде не белсенді, не енжар болады; кейде 
тез, кейде баяу, кейде тиянақты болып көрінеді.  
Сөйлеуге үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына 
тән өзіндік қасиеттерін, мінез-құлқы мен қабілетін үнемі 
ескеріп  отыруға  тура  келеді.  Мұның  өзі  әр  оқушымен 
жеке-дара  жұмыс  істеуге,  әрқайсысымен  қарым-
қатынаста болуға мәжбүр етеді. Сонда ғана тіл үйренудің 
сапасы артады.
Сөйлеуге  үйрету  –  айтылар  ойдың  түпкі  мақсатын 
анықтап  алумен  тығыз  байланысты,  өйткені  сөйлеу 
кезінде сөйлемдер қалай болса солай, бет алды айтыла 

39
берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз 
айтылған  сөз  қарым-қатынас  тудырмайды.  Сондықтан 
екінші  біреуге  арнап  айтылған  ауызша  сөйлеу  оған 
түсінікті  болу  үшін  белгілі  бір  мақсатты  қатысымдық 
мақсат  деп  есептей  отырып,  тілдік  қарым-қатынастың 
сапалы  орындалуына  себебін  тигізетіндігін  ескерген 
жөн.
Сөйлеуге үйрету кезінде қойылатын шарттар:
Тіл  үйретуші  мен  тіл  үйренуші  арасындағы  қарым-
қатынас  шәкірт  пен  ұстаз  арасындағыдай  емес,  екі 
жақтың  да  өзіне-өзі  сенген  тең  тұстас  аралығындағы, 
тең  пікірлесушілер  қатынасы  дәрежесіне  жету  керек. 
Үйренуші  де,  үйретуші  де  бірдей  дәрежеде  пікірлесіп, 
әрқайсысының  сөйлеу  мәнеріндегі  артықшылығы  мен 
кемшілігі көзге ұрып тұрмағаны жөн.
Әсіресе,  тіл  үйренушінің  сөйлеудегі  ұсақ-түйек 
кемшіліктеріне  бірден  назар  аударып,  көп  ескертпе 
айтудың  пайдасы  шамалы.  Тіл  үйренудің  мұндай 
кездерде  сөйлеу  мәнерінен  гөрі  өз  ойын  дұрыс  жеткізе 
білудің,  ұғынықты  етіп  айтуды  ғана  мақсат  тұтады. 
Мұндай қарым-қатынас адамдарды сөйлеу кезінде артық, 
жасқанудан сақтандырады.
1.2. Сөйлеуге үйрету кезінде қоршаған ортада жайлы 
психологиялық  климат  орнықтырудың  ерекше  маңызы 
бар.  Мұндай  психологиялық  климат  тіл  үйренушінің 
сабақта  өзін  еркін  сезінуінен,  ойын  тура  айта  білуінен 
және өзіне қандай материал, сөйлеу мәнері ұнайтынын 
өзі ұсына білуінен тұрады. Ол оқушының мұғалімге, өз 
пікірін еркін жеткізе білуіне байланысты. Мұнда оқушы 
белгілі бір мәтін көлемінде білетінін құр жаттанды түрде 
айтып  берудің  зиянды,  пайдасыз  екенін  өзі  түсінеді. 

40
Сөйтіп оқушы мен оқытушы сөйлеуге үйренудің тиімді 
жолдарын бірігіп іздестіретін болады.
Сабақта  пікірлесудің,  сөйлесудің  барлық  түрлері, 
амалдары  қатарынан  қолданыла  береді.  Мысалы, 
хабарламалық:  әрбір  оқушы  өзінің  ойын,  идеясын, 
көңіл  күйін,  көзқарасын,  ұсыныс  пікірлерін  айтады. 
Ақпараттық:  сөйлеушілер  газеттен,  баспадан  оқыған 
материалдарын, 
білетін 
жаңалықтарын 
ортаға 
салады;  белсенділік:  сөйлеуші  топта  кейбір  оқушылар 
пікірлесуден  үстемдік  алып,  басқа  оқушыларды  өз 
айналасына топтастырады.
Күнделікті  өтілетін  сабақта  және  жалпы  оқыту 
үдері-сінде  біртұтас  жүйелік,  ұйымдастырушылық, 
тұрақталған  арнайы  әдістемелік  бағыт,  байланыстылық 
болу керек.
Мұндай шарттың іске асуы тіл үйретуге байланысты 
әдістемелерге  де,  тілдік  қатынастың  ерекшеліктеріне 
де,  оқытудың  жүйелік  қағидаларына  да  сәйкес  келеді. 
Сонымен,  диалог  –  ой    мен  сананы,  қатысымдық 
тұлғаларды  қамтитын,  сыртқы  дүниенің  әсерін  тіл 
арқылы жарыққа шығаратын күрделі сөйлесім әрекеті.
    Тілдесім  әрекеті  тілдік  қатынастың  ең  маңызды       
көрсеткіші  бола  келіп,  оқылым,  жазылым,  айтылым, 
тыңдалымның  іс  жүзінде  қолданылуына      мүмкіндік   
жасайды.  Тілдесім  арқылы  оқу,  жазу,  тыңдау,  сөйлеуге 
үйрету  жүзеге  асады,  оларға  қатысты  жұмыстар    атқа-     
рылады.                                                                                 
Тілдесім  (общение)  –  айтылым  және  жазылымның 
өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат 
(информация)  негізінде  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынаста  оқылым  мен  тыңдалымның  да  тыс  қалмай-

41
тындығы өзінен-өзі белгілі.
Диалог  –  адамдардың  қоғамдық-әлеуметтік  өмірде 
бір-бірімен  тіл  арқылы  қарым-қатынасқа  түсіп,  өзара 
пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, 
жазбаша  да  түсінуі  және  оған  жауап  қайтаруы.  Мұнда 
пікір  алмасу  ауызша  (айтылым)  түрде  де,  жазбаша 
(жазылым)  түрде  де  іске  асып,  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынаста  белгілі  бір  берілген  ақпарат  оқылым 
мен  тыңдалымнан  да  тыс  қалмайтындығы  өзінен-өзі 
белгілі.
1.3.  Тілдесім  үдерісі  оқушының  жеке  басына  тән 
сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орыны мен 
санасының  қалыптасуына,  басқалардан  ерекшеленген, 
өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені 
әрбір адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи 
қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылы өзінің бойында 
жиналған  білімді,  тәжірибені  екінші  біреуге  береді; 
мінезін, қабілетін, өз ойын танытады.                                            
Тілдесудің  нәтижесінде  адамдар  өздерінің  көңіл-
күйле-рін  бөліседі,  бірінің  жан  дүниесінен  екінші 
хабардар бола-ды, біріне-бірі қол ұшын береді. Ол да – 
өмірдегі ең маңызды факторлардың бірі.                                                           
Диалог – адамдардың бір-бірімен түсінісу ғана емес, 
сонымен  бірге  біріне-бірінің  әсері,  ойы,  көзқарасы, 
жұмысы,  т.б.  жағынан  ықпал  етуі.  Бұл  –  қоғамда 
қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың барлық жағдайға 
байланысты өзара әсері.
Сонымен, тілдесім – тілдік қатынаста маңызды орын 
алатын адамзатқа тән ең қажетті де ерекше құбылыс.
Тілді  үйретуге  қатысты  әдісті  сөз  еткенде  арнайы 
қарастырылуға тиісті мәселенің бірі осы – диалог әдісі.

42
Қазақ  тілін  үйретуде  қатысымдық  әдісті  пайдалану-
дың ең тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, 
адам  мен  адамның  тікелей  қарым-қатынасы  арқылы  
тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тілді  оқытуда  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында 
бір-бірімен  көзбе-көз  кездесу,  ауызба-ауыз  тілдесу, 
яғни,  тікелей  қатынас  болмаса,  сөйлесу  әрекеті  де  іске 
аспайды.  Тіл  үйретуші  тілді  үйретуде  қатысымдық 
әдістің ұстанымдарын басшылыққа алғаны жөн.
Тіке  байланыс  ұстанымы  бойынша  оқыту  үдерісі 
адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-
қатынасы  арқылы  болады.  Бұл  –  қатысымдық  әдіс 
арқылы  ғана  жүзеге  асатын  ерекшелік.  Өйткені  тілдік 
қатынастың  өзі  адамзаттың  бір-бірімен  тікелей  қарым-
қатынасына,  пікірлесуіне,  сөйлесуіне  негізделген. 
Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты 
–  бүкіл  оқыту  жүйесінің  тікелей  байланыс  арқылы 
мүмкіндігінше жиі болуы. Сонымен қатар аудиториядағы 
сабақта,  одан  тыс  шараларда  жақсы  іс-әрекеттерді  бір-
бірінен үйренеді.
Диалог  тіл  үйренушілерді  рухани  қарым-қатынасқа 
жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, 
жөн сұрасудың алғашқы баспалдағын аттайды.
Тілдесім  үдерісі  оқушының  жеке  басына  тән 
сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орыны мен 
санасының  қалыптасуына,  басқалардан  ерекшеленген, 
өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені 
әрбір адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи 
қажеттілік болады.  
Адамдардың  бір-бірімен  қандай  мақсатпен,  қалай 
сөйлесуіне  байланысты  тілдесім  түрліше  болады.  Осы 

43
тұрғыдан  келгенде,  оларды  мынадай  деп  жіктеуге 
болады:
Ресми диалог;
Бейресми диалог;
Қалыптасқан диалог;
Кәсіби (мамандыққа қарай) диалог;
Әлеуметтік диалог.
Ресми  диалог  –  тіл  үйренушілерге  ресми  қарым-
қатынас элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, 
әр  түрлі  жағдайларды,  ресми  материалдарға  қатысты 
дүниені меңгерту.
Бейресми    диалог  –  оқушыларды  ресми  емес, 
күнделікті  тұрмыс-тіршілікте  кездесетін,  адаммен 
қарапайым  қарым-қатынастың  элементтерін  білуге 
үйрету. Бұл – өмірде болатын кез келген жағдайда таныс 
болсын,  бейтаныс  болсын  ұшырасқан  адаммен  тілдесе 
білу, сөйлесе білу деген сөз.
Қалыптасқан  /формальный  /  диалог  –  әр  адамның 
өмірдегі өз орынына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. 
Адамдар өсуіне қарай – бала, әке, ана, туыс, т.б. тәрізді 
табиғи  кезеңдерден  өтеді.  Олардың  әрқайсысының 
қалыптасқан  өзіндік  рөлі  бар.  Адамдардың  осындай 
қарым-қатынасына  негізделген  сөйлесуді  қалыптасқан 
тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана 
болады,  аға  не  әпке  болады,  бұл  –  күнделікті  адамдық 
қарым-қатынастың  ең  негізгі  және  ең  жиі  кездесетін 
үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, 
түсінісе білуі заңды.
Жалпы,  кез  келген  адам  тілдесе  келе,  басқалармен 
жақындасып,  оның  жан-күйін  сезінеді.  Сол  сияқты         
сөйлеу  арқылы  басына  қиындық  түскен  кісі  оны 

44
адамдармен  бөлісіп,  жеңілдейді.  Қуанған  адам  қуа-
нышын  тілмен  жеткізіп,  басқа  адамдарды  өзімен  бірге 
қуантады, т.б.
Сонымен, тілдесім – тілдік қатынаста маңызды орын 
алатын адамзатқа тән ең қажетті де ерекше құбылыс.
Тілді  үйретуге  қатысты  әдісті  сөз  еткенде  арнайы 
қарастырылуға тиісті мәселенің бірі осы – диалог әдісі.
Қорытынды
Қазақ  тілін  үйретуде  қатысымдық  әдісті  пайдала-
нудың  ең  тиімді  жолы  –  оның  тіке  байланысқа  негіз-
деліп,  адам  мен  адамның  тікелей  қарым-қатынасы 
арқылы  тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тілді  оқытуда  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында 
бір-бірімен  көзбе-көз  кездесу,  ауызба-ауыз  тілдесу, 
яғни,  тікелей  қатынас  болмаса,  сөйлесу  әрекеті  де  іске 
аспайды.  Тіл  үйретуші  тілді  үйретуде  қатысымдық 
әдістің ұстанымдарын басшылыққа алғаны жөн.
Тіке  байланыс  ұстанымы  бойынша  оқыту  үдерісі 
адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-
қатынасы  арқылы  болады.  Бұл  –  қатысымдық  әдіс 
арқылы  ғана  жүзеге  асатын  ерекшелік.  Өйткені  тілдік 
қатынастың  өзі  адамзаттың  бір-бірімен  тікелей  қарым-
қатынасына,  пікірлесуіне,  сөйлесуіне  негізделген. 
Сондықтан  қаты-сымдық  әдісті  қолданудың  басты 
шарты – бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы 
мүмкіндігінше жиі болуы. Сонымен қатар аудиторияда, 
одан  тыс  жерлерде  және  қандай  жағдайда  болсын 
біржақты /тек оқушы арқылы, не оқытушының жеке өзі 
арқылы болмайды/ емес, тек екі жақтан бірдей болатын 
/оқушы  мен  оқытушының,  үйренуші  мен  үйретушінің 
қатар  іс-әрекеті  арқылы/  қатынас  арқылы  болады. 

45
Рас,  кейде  ол  байланыс  қосымша  түрде  болуы  мүмкін. 
Мысалы,  берілген  тапсырмалар  арқылы,  өз  бетінше 
жұмыс нәтижесінде жүзеге асады. 
Тіке  байланыс  ұстанымы  сабақ  үстінде  ғана  емес, 
өмірде де жүріп жатады. Ол бір ұлт пен екінші ұлттың 
адамы  ортақ  тілде  сөйлесе  білсе,  осының  өзі  тікелей 
қарым-қатынасты  білдіреді.  Сол  себепті  мұндай 
жағдайларды  оқытушы  да,  оқушы  да  тиімді  пайдалана 
білуі керек.
Тіке байланыс ұстанымының ерекшелігі – кез келген 
жағдайды,  ортаны  дұрыс  пайдаланып,  барлық  уақытта 
оралған  пікірді  сыртқа  шығарып  айта  білу  және  оған 
қатысты  жауап  алу.  Сөйтіп  сөйлесу  мен  түсінуге  жол 
табу.
Мысалы,  сабақтың  мақсаты  –  оқушыларға  алдағы 
жексенбіні  қалай  өткізу  туралы  әңгіме  құрастыру 
болса, ұйымдастыру кезеңінен кейін-ақ, осы тақырыпқа 
қатысты  сөздер  алынып,  бірден  сөйлесім  әрекеті  іс 
жүзіне асырылады. Алғашқы орындалатын тапсырмалар 
берілген  тақырыптағы  мәтінмен  жұмыс  істеуден 
басталады,  жаттығу  жұмыстары,  суретпен  жұмыс, 
өз  бетінше  жұмыс,  т.б.  болып  қатар-қатар  орындала 
береді.  Ал  олардың  өзі  іштей  сала-салаға  жіктеліп,  әр 
жұмыстың түрлері бірде сұхбат арқылы, т.б. жолдармен 
қызықтырылады.
Тілді  үйретудің  басты  түйіні,  кілті  –  қазақ  тілінде 
сөйлесе білу, өз ойын өткізе білу. Қатысымдық әдісті жиі 
қолданған сайын біз өзге ұлт оқушыларын қазақ тілінде 
сөйлете аламыз деп ойлаймын. Тіл үйрену – қызықты іс. 
Сәт сапар, достар!

46
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Т.М.Артықова,  Ж.Қыстаубаева.  Қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі, А., 2005, 17-б.
2. Ф.Оразбаева. «Тілдік қатынас». А., 2005, 115-б.
3.  Ә.Т.Қайдаров.  Қазақ  тілінің  өзекті  мәселелері.  А., 
«Ана тілі», 304-б.
4. А.Байтұрсынұлы. «Тіл тағылымы». А., «Ана тілі», 
1992, 448-б.
5. Ә.Әлметова. «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту». 
Арыс, 2007, 12-б.
6.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде».  №5,               
2008, 31-б.
7.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде».  №4,               
2009, 9-б.
8.«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде».  №2,                  
2010, 21-б.
9.  В.П.Григорьева,  И.А.Зимняя.  «Взаимосвязанное 
обу-чение видам речевой деятельности». М., 2005, 122-б.
10.  Ф.Ш.Оразбаева.  «Тілдік  қатынас  теориясы  мен 
әдістемесі», А., РБК, 2000, 46-б.
11. «Қазақ тілі». Т.Г.Аяпова, Ф.Ш.Оразбаева. 56-б.
12. 
«Қазақ 
тіліне 
методикалық 
нұсқау». 
З.С.Бейсенбаева, Е.А.Джексенкулова. 18-б.
13.  «Қазақ  тілі  мектепте,  колледжде  және  ЖОО-да    
оқыту». №2, 2008, 38-б.
14. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» жұрнал. 
№9, 2007, 7-б.
15.  Ф.Оразбаева.  «Тілдік  қатынас  негіздері».  А.,                         
2007,  24-б.

47
Жас ғалым дүниесі
Динара НҮСІПҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№67 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
«АТАУ КЕРЕДЕГІ» 
БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР МЕН 
фРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
(Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі бойынша)
Оралхан  Бөкей  шығармашылығында  халықтық  тіл 
мен  әдеби  тілде  кеңінен  қолданылатын  мәні,  мазмұны 
терең  мағыналы  тілдік  амалдар  көптеп  қолданылады.  Бұл 
–  жазушының  тіл  байлығын  орынымен,  үйлесімді  түрде 
пайдалана  алатындығының  бір  дәлелі.  Жалпы,  Оралхан 
Бөкей  шығармашылығындағы  бейвербалды  амалдар 
туралы  айтатын  болсақ,  олар  зерттеу  нысанына  алынып 
отырған  шығармасы  –  «Атау  кереде»  өте  көп  кездеседі. 
Оны  қарастырмас  бұрын  бейвербалды  амалдар  туралы  тіл 
біліміндегі  тұжырымдарға  тоқталып  өтейік.  Бейвербалды 
амалдар  туралы  тіл  білімінің  Женева  мектебінің  өкілі 
Ш.Балли  өзінің  «Общая  лингвистика  и  вопросы  фран-
цузского  языкознания»  деген  еңбегінде:  «Ишара,  дене 
қозғалысы, әсіресе, мимика басқа да тілдік белгілер сияқты 
белгілі бір мағынаға ие»,- дейді. [2, 46-б.]
В.М.Верещагин,  В.Г.Костомаров  бейвербалды  амал-
дарды екіге бөліп қарастыруды ұсынады:
Соматизм  тілі.  Бұл  топқа  ишара,  дене  қалыбы,  мимика, 
бет  әлпет  кескіні  және  әр  түрлі  адам  жүзінде  байқалатын 

48
психосоматикалық симптомдарды енгізеді.
Ғұрыптық тіл. Бұл топқа белгілі бір ұлттың әдет-ғұрпы, 
этикетімен, салт-дәстүрімен байланысты дене қимылдарын 
жатқызады.
«Атау  кереде»  бейвербалды  амалдар  мынадай  негізде 
қызмет атқарады:
Айқай-шу, дабыр кезінде:
«Қатынның»  құлаққашты  шуы  қанша  айқайласаң  да 
анық  естіртпей,  тек  шың-шыңдаған  үзік-үзік  үні  ғана 
жетер  еді.  Бірақ  Ерік  «атың  кім?»  деп  және  озаңдады.  
Қыз  басын  шайқады.  Ести  алмадым  деген  сыңай  та-                    
нытты. («Атау кере»)
Бейвербалды  амалдар  бір  сөзбен  беріледі.  Мысалы, 
ыржию, тыржию, ажыраю, қыржию.
-  Бұл  тауып  айтқаның  емес,-  деді  орынынан  көтерем          
сиырдай созалаңдап тұрған Таған кіржиіп.
- Есікте жүрген құлдың да бір аяқ астық құны бар емес 
пе?- деп шаптыға ежірейді. («Атау кере»)
Оралхан  Бөкей  шығармаларындағы  кейіпкерлердің 
дене  қимылдарына,  ишараларына  байланысты  тіркестер 
де  көптеп  кездеседі.  Бұл  ерекшеліктің  Оралхан  Бөкей 
қаламына  тән  екендігін  де  айта  кеткеніміз  жөн.  Өйткені 
күрделі  қимылдық  амалдарды  білдіру,  кейіпкерлердің 
қимыл-қозғалыстарын  шығармада  дәлме-дәл  бере  білу 
шын  шеберлікті,  қисындылықты  талап  етеді.  Автордың 
анатомиялық түсінігінің кең екендігін де байқатар тұс – оның 
«Атау кереде» ишараларды, жалпы кинетикалық амалдарды 
үйлесімділікпен көрсетуі. Адамның мінез ерекшелігін ашу, 
психологиялық жан сезімін сыртқа шығару әр қаламгердің 
тәжірибесінде  әр  түрлі  болатындығын  ескерейік.  Мысалы, 
Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолында»  кейіпкердің  жан 
толқынысын  ашу  үшін  суреттеу  құралдарын,  көркемдік 

49
тәсілдерді,  поэтикалық  тілді  пайдаланады.  Ал,  Ғабит 
Мүсіреповте  бұл  тәсіл  кейіпкерлердің  сөздері  арқылы, 
автордың  қысқа-қысқа  баяндаулары  арқылы  жүзеге  асады. 
Оралхан Бөкейде осының екеуі де тоғысқан. Сонымен қатар, 
ол адам мінез-құлқына қоғамның сіңірген әсерін, ықпалын, 
қоғамның қалыптастырған дағдысын ендіруге күш салады. 
Бұл  амалдардың,  әрине,  повестегі  типтердің  қайталанбас 
дара әрекеттері, ишаралары арқылы көрінетіндігі анық.
О.Бөкей  шығармаларында  кездесетін  ишараларды  дара 
түркілік авторлық және жалпы қолданыстағы деп ажыратуға 
болады.  Жалпы  қолданыстағы  ишаралар  адамдардың 
бәріне түсінікті, тілде белгілі бір мағыналары қалыптасқан 
кинетикалық  амалдар  болса,  даратүркілік,  авторлық 
ишаралар  –  жазушы  шығармашылығындағы  белгілі  бір 
кейіпкердің  өзіне  ғана  тән  және  сол  кинемалар  арқылы 
кейіпкерлердің  мінез-құлқын,  көңіл-күйін  аңғартатын 
авторлық  қолданыстағы  ишаралар.  Даратүркілік  авторлық 
ишаралардың  кейіпкер  мінез-құлқын  ашудағы  қызметі 
зор.  О.Бөкей  бір  кинеманы  қайталап  беру  арқылы  жеке 
кейіпкердің өзіне тән әрекетін, әдетін көрсетеді. Мысалы, сұқ 
саусағын шошайту, сол арқылы жанын мазалаған сұраққа 
жауап  іздеу  Тағанға  ғана  тән  қимыл.  Жазушы  Тағанның 
іс-әрекеті арқылы оның интеллигент, шешен адам екендігін 
көрсетеді.  Төмендегі  мысалдардағы  Тағанның  кинемалары 
бұл пікірімізді дәлелдей түседі:
Жатқан қалпында сұқ саусағын шошайтып: Неге біз осы... 
жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не 
болмаса  май  құйып  лаулатып  өртеп  жібереміз.  Неге  біз 
осы ... деп, ежелгі әдетінше сұқ саусағын шошайтты. Мен 
осы бір нәрсеге таң қаламын деді сұқ саусағын шошайтып. 
(«Атау кере»)

50
Оралхан  Бөкей  жеке  адам  психологиясын  беруде 
ишараларды  шебер  қолдана  білсе,  тұтас  бір  халықтық 
менталитетті  көркем  тілмен  жеткізуде  де  қазақ  ұлтына 
тән  салт-дәстүр  көріністерін  алға  тартады.  Өйткені  «қазақ 
халқының  бірнеше  ғасырлық  өмір  тәжірибесінде  әр  істің, 
салт-сананың  реті  мен  жөн-жобасы  болады  және  барлық 
жұмыс  соған  сәйкес  атқарылады.  Ол  қалыптасқан  ұлттық 
және  исламдық  салт-дәстүрлер  негізінде  жасалған. 
Ұлттық  ырым-тыйымның,  әдеп-үлгісінің  топтасқан 
немесе  жұптасқан  құрамы  –  халықтың  әдет-ғұрпын,  жөн-
жоралғысын құрайды. Осыдан барып, ел ішінде әдетке сай 
жөн-жосығы  мен  жолы  шығады.  Міне,  осы  жол  арқылы 
халықтық  қағида,  мәдени-тұрмыстық,  рухани-тәрбиелік 
үлгі-өнеге  жиынтығы  қалыптасқан.  Мұның  танымдық, 
тағылымдық, әдептілік қызметтері де өте зор екендігін тарих 
талай рет дәлелдеп берген. Олай болса, дана халықтың өзі 
жасап  қалдырған  осы  әдет-ғұрып  пен  жөн-жосықты  біліп, 
үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол 
болып табылары анық» [ 3,14-б.]
Сонымен  қатар,  «Атау  кередегі»  осы  сипаттас  образдар 
жүйесін берудің көрінісі фразеологизмдер арқылы да беріледі. 
Ол  туралы  сөз  қозғамас  бұрын,  әуелі    фразеологизмдер  
туралы  мәлімет  бере  кетейік.  «Фразеологизм»  деген 
терминнің  «бір  мағынаны  беретін  сөз  тіркесі»  деген  атау 
екені  белгілі.  Ал,  «фразеология»  дегеніміз,  біріншіден, 
«фразеологизмдердің  жиынтығы,  әлемі,  казынасы», 
екіншіден, «фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы».
Қаламгерлер,  көбінесе,  қалыптасқан  фразеологизмдік 
оралымдардан  бас  тартып,  өздерінің  қиялдарынан  туған 
немесе  табиғат  құбылыстарынан  түйген  ойларының 
нәтижесінде  санаға  бекитін  тұрақты  сөз  тіркестерін 

51
қолдануға құштар. Бұл сөзден, фразеологизмдердің барлығы 
өз  бетімен  пайда  болған  екен  немесе  олардың  жасалуына 
көркем сөз шеберлері қатыспаған екен деген ой тумауы тиіс. 
Фразеологизмдердің  қайнар  көзі  –  бағзы  замандардан  бері 
жасап келе жатқан авторлық немесе халық жырлары, өлеңдер, 
әдеби  туындылар,  шешендік  сөздер.  Ақын-жазушылардың 
өз  бетімен  фразеологизмдер  жасауға  ұмтылыстарын  жаңа 
поэтикалық  түсініктердің  пайда  болуымен,  көне  тілдік 
бірліктердің жаңғыруымен түсіндіргеніміз дұрыс шығар.
Осындай  жаңашылдық,  әсіресе,  Оралхан  Бөкей 
шығармаларында  молынан  ұшырасады.  «Атау  кере» 
повесінде  фразеологизмдердің  берілуі  қалыпты  үлгіден 
өзгеше.  Мұнда  автордың  өзіндік  дара  қолтаңбасы 
анық  байқалады.  Сонымен  қатар,  фразеологизмдердің 
аллитерациялық, ассонанстық үйлесімділікпен келуі де назар 
аудартады.
Оралхан  Бөкей  тіліндегі  фразеологизмдер  –  экспрес-
сияның таптырмас құралы.
Біз  әңгіме  ететін  фразеологизмдеріміз  –  суреттеме  сөз 
тіркестері, яғни, поэтикалық фразеологизмдер. Бұлар, әдетте, 
бір  нәрсені:  затты,  сынды,  қимылды,  қимылдың  амалын 
жай  атамайды,  суреттеп,  бейнелеп,  астарлап,  “мадақтап” 
не  “балағаттап”  атайды,  яғни,  айтушының  (жазушының, 
ақынның)  сол  нәрсеге-объектіге  «пейілін»,  көзқарасын 
білдіре атайды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің 
басты белгісі – олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал, 
бейнеліліктің «сүйегі» тілдік метафорада жатады. Метафора 
дегеніміз – сөздердің мағына ауыстырып жұмсалуы болса, 
фразеологизмдер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі 
болып табылады. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де, 
шебер пайдаланады.

52
Қазақ  тілі  сөз  байлығының  қуатты  саласына 
фразеологизмдер  жататынын  айттық.  Фразеологизмдердің 
жасалуында  көз,  тіл,  тіс,  аяқ,  қол,  т.б.  дене  мүшелерінің 
қызметі айырықша.
Мұндай  тұрақты  тіркестер  қатарына  теріс  қарау 
(жақтырмау),  бармағын  тістеу  (өкіну,  қапалану),  құшағын 
жаю  (қуанышпен  қарсы  алу),  қабағынан  қар  жауу  (қатты 
ашулану),  санын  сабалау  (қатты  қуану),  желкесін  қасу 
(мәселенің  шешімін  шеше  алмай  қатты  дағдару),  ерінін 
шүйіру  (біреуді  жақтырмау,  менсінбеу),  тісін  қайрау 
(ызалану),  таңдайын  қағу  (қатты  таңдану,  қайран  қалу) 
сияқты  ишаралық  амалдар  негізінде  жасалған  адамның 
іс-әрекетін,  қимылын  бейнелейтін  фразеологизмдерді 
жатқызуға болады.
Қабағынан қар жауып, әр сөзі сатулы болып отырар Ерік 
те еріккендей, томаға тұйық мінезінің шарбағын сындырып, 
алқалы топ, алқа қотан әңгімеге қосылғандай еді.
Қаратайдың  қара  балуанының  басынан  да  аттап  кеткем 
деп шіренді жалғыз алақанына түкіріп.
Кейде  «Атау  кереде»  еркін  сөз  тіркестері  де  кездеседі. 
Мысалы,  қолын  ұсынды,  орамалын  бұлғады,  қамшысын 
сарт еткізді.
- Не болды, Айнаш? - Күн иісі аңқыған қолаң шашынан 
иіскеп, арқасынан сипап өзіне тартты. - Амансыңдар ма?
- Мылтықтың жаңа түрін тапсаң... қарастырарсың.
- Родной мой, если ты прикажешь, автомат доставлю,- деп, 
тісін  ақсита  күліп,  мойынынан  құшақтады.  («Атау  кере», 
403-бет)
Мұнда  «шарбағын  сындырып»  деген  фразеологизмнің 
мүлдем тың тіркес екендігін көреміз. «Шарбақ» - өзінің тура 
мағынасында үйді немесе қораны, ауланы қоршауға арналған 
ағаш шыбықтар. Негізінен, жалпылама қолданысқа енбеген. 

53
Бұл жерде Оралханның фразеологизм жасаудағы екі ерекше 
шеберлігі  танылады.  Жазушы,  біріншіден,  шарбақ  деген 
жартылай  диалектілік,  жартылай  әдеби  сөзді  батыл  түрде 
шығармасына  енгізіп  қана  қоймай,  оны  дерексіздендіріп, 
фразеологизм тудырады. «Таңның хабаршы сәулелері тарап» 
деген фразеологизмдік құбылыстың да сипаты осыған жақын 
келеді. «Күн шықты» деп немесе «таң атты» деп қоя салмай, 
оны  барынша  поэтикалық  астарда  беруі  жазушының  сөзді 
қолдануындағы  талғампаздығын,  әр  сөзден  сыр  іздейтін 
ізденімпаздығын  байқатады.  Бұл  аталған  фразеологизмдік 
тіркестер  тек  Оралханның  ғана  қаламына  тән  екендігін 
аңғарамыз.
Мұндағы  фразеологизмдердің  барлығында  да  Оралхан 
Бөкейдің  өз  қолтаңбасы  жатыр.  Оның  өз  бетінше  тұрақты 
тіркестер  тауып,  сәтті  үйлестіре  білгендігі  «Атау  керенің» 
өн  бойынан  сезіліп  тұрады.  Жалпы,  Оралхан  Бөкейдің 
қолданысындағы  фразеологизмдерден,  сонымен  қатар, 
аллитерациялық-ассонанстық  жұп  бой  түзейтінін  де 
байқауға болады.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет