Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

ГРУНТ  СУЛАРЫ (нем. grund —  негіз,  табан)  —  жер  бетіне  таяу 
жатқан  тұрақты  сулы  қабаттардағы  гравитациялық  сулар.  Олар 
кӛбінесе  атмосфералық  жауын-шашынның,  ӛзен,  кӛл,  бӛген,  суару 
каналдары мен шахта суларының жерге сіңуінен пайда болады. 
Грунт  суларының  арын  күші  жоқ  немесе  ӛте  әлсіз,  ал  су  деңгейі 
жыл  ішінде  маусым  сайын  ӛзгеріп  отырады.  Мұндай  суларды 
ұңғыма  немесе   құдық   арқылы  ашқанда,  олардың  деңгейі  қай 
терендікте  ұшырасса,  сол  тереңдікте  тұрақталады.  Грунт 
суларының  таралу  және  қоректену  аймақтары,  әдетте,  бір-біріне 
сәйкес  келеді.  Сапасы  жақсы  грунт  сулары  кішігірімелді 
мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. 
Орналасқан 
ауданының геологиялық құрылысына, 
геоморфол. 
жағдайына  және  жер  бедерінің  ерекшеліктеріне  қарай  грунт  суы 
ӛзен  аңғарлары  мен  кӛл  ойыстарында,  құм  тӛбелер,  жазық 
далаларда,  ӛзенаралық  жазықтарда,  таулы  ӛңірлерде,  тау 
беткейлерінде  кездеседі.  Грунт  суы  кездесетін  жерлерде  грунт 
тасқыны  не  грунт  алабы  болады,  кейде  екеуі  де  болуы  мүмкін. 
Грунт  тасқынында  су  біршама  кӛтеріңкі  тұстан  тӛменірек  жатқан 
жаққа  ағады.  Мұның  ӛзі  жер  бедерінің  ерекшеліктеріне  (ӛзен 
аңғарының 
еңістігі, 
грунт 
тасқынын 
кесіп 
ӛтетін сайлар, жыралар, кӛл  ойысы, ӛзен  арнасы,  т.б.)  байланысты. 
Грунт алаптары жер бетіне таяу жатқан ылғал ӛткізбейтін қабаттың 
үстіндегі  құм  қабаттарында  болады.  Қазақстанда  грунт  алаптары 
кӛне  кристалл  жыныстар  кең  тараған Сарыарқада және  құмды 
ӛңірлерде кездеседі. Грунт суы жер бетіндегі қар, жаңбыр суымен, 
кейде  конденсациялық  сулармен  толығады.  Климаты  әр  түрлі 
аудандарда  Грунт  суының  толығуы  да  түрліше.  Табиғатта  Грунт 
суының 
таралуына 
 климат, 
 жер 
бедері,  
топырақ,  
ӛсімдік түрлерінің  таралуы  да  әсер  етеді,  Грунт  суы  кӛптеген 
қалалар  мен  елді  мекендерді,  ӛнеркәсіп  орталықтары  мен  ауыл 
шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. 
ГРУНТ  СУЛАРЫНЫҢ  АҒЫНЫ  —  жер  асты  суларының 
гидравликалық  еңістің  әсерімен  қоректену  аймағынан,  еркін  су 
алмасу  белдемінің  арылу  аймағына  қарай  бағытталған  ағыны. 
ГРУНТ СУЛАРЫНЫҢ БЕТІ — грунт суларының еркін, бос беті.  
 
Ғ 
 

ҒАРЫШ  —  Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. 
Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. 
Ғарыш "Жер тӛңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және 
жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш 
болып ажыратылады.  
ҒАРЫШ  АЛАҢЫ,  космодром  —  ғарыштық  аппараттарды  (ҒА) 
құрастыруға,  сынауға  және  ұшыруға  арналған  ғимараттар  мен 
техникалық  құралдар  орналасқан жер.  Ғарыш  алаңының  басты 
нысандарына: технологиялық позиция, старттық жӛне командалық 
ӛлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен 
олар  орналасқан  күрылыстардан  тұрады.  Ғарыш  алаңының 
жабдыктары  арнайы  технологиялық  және  жалпы  технологиялық 
жабдықтарға  ажыратылады.  Ракета  тасыгыш  (РТ)  пен  ғарыштык 
аппаратты  (ҒА)  тасымалдауға,  күрастыруға,  сынауға,  үшыру 
жүйесіне  орнатуға,  жанар  май  қүйып,  үшұға  дайындайтын  және 
үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға 
жатады.  Ал  электр  энергиясын  беретін,  жарықгандыру,  жылыту, 
желдету, ӛрт сӛндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен 
жабдықтау,  лифт,  қашықтан  автоматты  басқару  жүйелері  жалпы 
техникалық  жабдықтар  тобына  енеді.  Техникалық  позиция  жалпы 
техника арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен 
ҒА-ны  тасымаддап  әкелуге  арналған  жолы  бар  алаңнан,  оларды 
қабылдауға,  сақтауға,  құрастыруға,  сынауға  арналған  кешеннен 
түрады.  Сонымен  қатар  қүрастыру-сынау  корпусы,  қосалқы 
трансформатор  стансасы,  қызмет  үйлері,  т.б.  болады.  Старттық 
кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату, 
сынау,  жанар  май  қүю,  үшатын  бағытқа  бағдарлау  және  үшыру 
процестерін  іске  асыратын  арнайы технологиялық және  жалпы 
техникалық  жабдықтар  орналасқан  кешеннен  және  алаңнан 
қүралады.  Старттық  кешендегі  арнайы  технологиялық  жабдықтар 
жылжымалы  немесе  орнықты  болып  бӛлінеді.  Орнықты  старттық 
кешен  қүрамында  үшыру  қүрылыстары,  жайқайтарғыш  жүйе, 
жылжымалы  мүнара  қозғалатын  рельстік  жол,  командалық  пункт, 
РТ-ға  жанар  май  қүю  жабдықтары, трансформатор стансасы., 
тоңазытқыш  қондырғысы,  градирня  және  бүркуіш бассейн,  ӛрт 
сӛндіруге  арналған  су  резервуары,  әкімшілік  және  қызмет  үйлері, 
т.б.  болады.  Командалық  ӛлшеу  кешені  РТ-ның  траекториясын 
аныктау, ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бүйрыкгарын 
беру, телеметриялык. ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс 

жасау,  теледидарлық  кескін  кабылдау  және  оны  теледидарлық 
жүйемен  тарату  жұмыстарын  орындайды.Сонымен  катар  ол 
траекториялық  ӛлшеулерді  үйлестіру-есептеу  орталығына  беріп 
отырады.  Командалық  ӛлшеу  кешенінің  күрамында  радио-
телеметриялық  стансасы,  радиоқабылдағыш  және  таратқыш 
кұрылғылар, антенналык. қондырғылар, кабыдданған ақпараттарды 
автоматты  түрде  ӛңдейтінкомпьютерлер,  уақыт  қызметі,  байланыс 
қүралдары,  т.б.  болады.  Дүние  жүзіндегі  аса  ірі  ғарыш 
алаңдары Қазакстанда (Байқоңыр)  және АҚШ-та  (Шығыс  сынақ 
полигоны, Флорида штаты) орналасқан. Байқоңыр Ғарыштардың ең 
алғашқысы. Оның жасанды серігі (4.10. 1957) және дүние жүзіндегі 
түнғыш  ғарышкер Ю.А.  Гагарин (12.4.1961)  ғарышқа  үшты. 
Ғарыштық  аппараттар,  сондай-ақ  Капустин  Яр,  Плесецк  (Ресей), 
Батыс  сы-нақ  полигоны,  Уоллопс,  Атлантис  (АҚШ),  Куру 
(Франция),  Утиноура,  Танегасима  (Жапония),  Чанчэнцзе  (ҚХР), 
Сан-Марко  (Италия),  Шри-харикота  (Үндістан)  Ғ.  а-тарынан  да 
үшырылады.С.  Сүйменбаев  ғарышкер,  астронавт,  космонавт 
ғарышқа  ұшу  кезінде  ғарыштық  техниканы  сынақтан  еткізетін  әрі 
оны  пайдаланатын  адам;  адамның  ғарышқа  ұшуынан  кейін  (1961) 
пайда  болған  мамандық.  Алғашқы  Ғарышкелер  әскери  үшкыштар 
мен  ұшқыш-сынактар  қатарынан  таңдалып  алынды.  Ӛйткені 
ғарышқа  ұшуға  кажетті  қасиеттер  (үшу  шеберлігінің  жоғары 
деңгейде  болуы,  апатқа  үшырау  жағдайында  жылдам  шешім 
кдбылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға тӛзімді болуы, 
бақылау  жүмыстарын  жүргізіп,  оны  қорытындылай  білуі,  т.б.) 
осындай мамандықка лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АК-та да 
ғарыштык  кеме  экипажына  қажетті  арнайы  білімі  бар  инженерлер 
мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі КСРО-
да  1960  ж.,  АКДІ-та  "Меркурий"  ғарыштық  кемесінде  үшуға 
арналып  1959  ж.,  ал  "Джемини"  мен  "Аполло"  ғарыштык, 
кемелеріне арналып 1962 ж. жүргізіле басталды. Түңғыш ғарышкер 
Ю.А. Гагариннен (1961) бастап ға-рышқа 300-ден астам адам ұшты. 
Олардың 
ішінде 
қазак, 
Ғарышкерлері 
де Т.О. 
Әубӛкіров (1991), Т.А. Мүсабаев та бар (1994, 1998, 2001). 
 
Д 
 
ДАЛА – Жер бетіндегі,  негізінен,  шӛптесін  ӛсімдіктер,  оның 
ішінде   шым   топырақтық  астық  тұқымдастары  (селеу, қау,боз,  

бетеге,   қоңырбас,  т.б.)  ӛсетін  ландшафтық-белдемдік  ӛңірлердің 
жалпы  атауы.  Дала  жер  шарының  қоңыржай  белдеулеріне,  қара 
және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мӛлшеріне 
байланысты  даланың  ӛсімдік  жамылғысы  тез  ӛзгеріп,  түрленіп 
отырады.  Дала климаты негізінен  қуаң,  жазда  ыстық  әрі  құрғақ, 
қыста  суық  және  желді  болады.  Астық  тұқымдастары  аралас 
шӛптердің  ара  қатысына  қарай  дала  бірнеше  типтерге 
ажыратылады:  астық  тұқымдастары  басым  шымтопырақты  кәдімгі 
дала;  шалғынды  немесе  аралас  шӛпті  дала  және  шӛлдің  шала 
бұтасы  (кӛбінесе  жусан)  басым  ӛсетін  шӛл  дала.  Жер  бедеріне 
қарай  ойпатты,  қыратты,  үстіртті  және  таулық  жазық  дала  болып 
жіктеледі. 
Солтүстік 
Америкада 
даланы прерия, 
Оңтүстік 
Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран,Пәкстан, Ауғанстан) 
үстіртті  жерлеріндегі  даланы  –  дешт  деп  атайды.   Еуразия 
 құрлығының  оңтүстік-батысынан  (Пиреней  түбегі)  Манчжурияға 
дейін  (солтүстік-шығыс Қытай)  далалық  ӛңірлер  жиі  кездеседі. 
Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. 
Даланың  климат  жағдайы  (буланудың  кӛп  болуы,  жауын-
шашынның  аз  түсуі),  топырағының физикалық-химиялыққұрамы, 
тұздылығы 
ағаштардың 
ӛсуіне 
қолайсыз 
келеді. 
Дала ӛсімдіктері сан  алуан  (кейде  бір  шаршы  метр  жерде  елуден 
астам  түрі  кездеседі)  және  кӛп  сатылы  болып  келеді.  Ӛсімдік  түрі 
маусым  ішінде  де  ӛзгеріп  отырады.  Кӛктем  мен  күз  аралығында 
селеу,  кӛде,  қоңырбас, бидайық,сұлыбас және  кӛп  жылдық 
шӛптесін 
дақылдар, 
эфемерлер 
(қызғалдақ, шытыр, 
т.б.) 
мен эфемероидтер (бір  жылдық  жуа  тұқымдас  ӛсімдіктер) мүк, 
қына ӛседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы 
шие  сияқты  бұталар  кездеседі.  Қара  топырақты  шалғын  далада 
қуаңшылыққа біршама тӛзімді ӛсімдіктер (ӛлеңшӛп, боз, т.б.) және 
мүк  ӛседі.  Шӛл  далада  бетеге,  боз,  қылқан  селеу  жартылай 
бұталармен  (жусан,  изен,  шытыр,  қараған)  аралас  кездеседі.  Қына 
кӛп  тараған.  Еуразияда  климаттық  ерекшеліктерге  байланысты 
батыстан  шығысқа  қарай  дала  ӛсімдіктерінің  құрамында 
айырмашылық  байқалады.  Осыған  байланысты Еуразиядағы дала 
тӛмендегідей бӛліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың тӛменгі ағысы 
мен  Алтай-Сауыр тауларыаралығын  қамтитын  Қара  теңіз  – 
Қазақстан бӛлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара 
теңіз  маңындағы  дала,  Қазақ  даласы  алқаптарына  бӛлінеді;  2) 
Орталық  Азия  немесе  Даур-Моңғол  аймағы.  Бұл  аймақ  Хангай  – 

Даур  және Манчжур орманды  далалары  болып  ажыратылады. 
Таулы далада ӛсімдіктердің жазықта ӛсетіндерінен басқа типтері де 
кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында 
байқалады. 
Далалар 
Солтүстік Америкада, Оңтүстік 
Америкада және Австралия құрлығында 
үлкен 
аймақтарды 
қамтиды.  Далалардың  кӛбісі  жыртылып, егістікке айналған,  қалған 
жерлері шабындық ретінде  пайдаланылады.  Кӛптеген  елдерде 
табиғи дала қорықтарда ғана сақталған. 
[1]
 
ДАЛА  ШПАТТАРЫ –  қаңқалы  силикаттар  класының  ӛте  кӛп 
тараған,  тау  жынысын  түзетін  минералдар тобы.  Бүкіл   Жер  
қыртысының    50%-ын  құрайды.  Дала  шпаттарының  моноклиндік 
және  триклиндік   сингонияда   кристалданады.  Кристалдары  тақта 
немесе  бағана  пішінді.  Түсі  ақ,  қызғылт,  сұр,  тағы  басқа. 
Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см
3
, балқу t 1110 
– 1550°С. Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-
натрийлі   (ортоклаз,  микроклин,  санидин,  тағы  басқа)  және калий-
барийлі болып 
бӛлінеді. 
Дала 
шпаттары 
кӛптеген 
тау 
жыныстарының    құрамына    кіреді,   граниттерде,  сиениттерде,  
диориттерде,    габброда    (плагиоклаздар),  тағы  басқа   магмалық 
жыныстарда  жиі  кездеседі.  Олар  метаморфтық  жыныстардың 
(гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында 
түзіледі.  Үгілу  нәтижесінде  дала  шпаттары  серицитке,  каолинге, 
монтмориллонитке, 
сазды 
минералдарға 
айналады, 
ал 
гидротермальдық 
ӛзгерістерге 
және 
метаморфтануға 
шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит,  тағы  басқа  түзіледі.  Дала 
шпаттары керамика, фарфор,  шыны  ӛнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, 
бояу, бетон мен цемент әзірлеу  үшін  пайдаланылады.  Кейбір  дала 
шпаттары 
(амозонит, 
тағы 
басқа) 
әшекейлегіш 
тас, 
ал лабродорит қаптама  материал  ретінде  қолданылады.  Химиялық 
ӛзгешеліктері  К,  N
8
,  Са  алюмосиликаттарының  изоморфты 
қоспалары кальций мен натрийдің, калий мен натрийдің, калий мен 
барийдің  қаңқалы  алюмосиликаттары.  Плагиоклаздар,  сілтілі  дала 
шпаттары  және  біршама  сирек  барий  дала  шпаттары  болып 
сараланады.  Кристалдар,  түйірлі  агрегаттар,  сеппелер  және  тағы 
басқа түзеді. Жер қыртысы массасының шамамен 50%-ын құрайды. 
Дала  шпаттарын  құрайтынминералдар тобы  үш  ұдай  жүйеге 
жіктеледі:  катион  ролін  натрий  атқаратын  дала  шпаттары  альбит 
[N
3
(AlSi
3
O
8
)],  калий  атқаратын  дала  шпаттары  — калийлі дала 
шпаттары 
(ортоклаз, 
микроклин, 
сандин) 
[К(AlSi
3
O
8
)], 

ал кальций атқаратын  дала  шпаттары  анортит  [Са(AlSi
3
O
8
)]  деп 
аталады;  альбит  пен  калийлі  дала  шпаттары  аралығындағы 
минералдар  сілтілі  дала  шпаттары  деп  аталса,  альбит  пен  анорит 
аралығындағылары плагиоклаздар деген атауға ие. 
ДАУЫЛ — теңізде күшті  толқындар  кӛтеретін, құрлықта бірталай 
апаттарға  себеп  болатын  ӛте  күшті  жел  (жылдамдығы  >20  м/с). 
Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың ӛтуімен тығыз  байланыста 
дамиды.  
ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ —  күшті,  кенеттен  соғатын,  жылдамдығы  20—
30  м/с-ке  жететін,  кейде найзағай мен нӛсер қатар  жүретін  жел. 
Орта  ендіктердегі  циклондарды  суық ауа шебінің  ӛтуі  барысында 
және ӛте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады. 
Дәуір – халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық 
шкаланың  иерархиялық  бағыныштылық  тұрғысынан  тӛртінші 
дәрежелі бірлігі немесе бӛлімшесі. 

 
қандай  да  болмасын  оқиғаның  немесе  процестің  басталуы 
есептеле 
бастайтын 
уақыт 
сәті. 
Дәуір 
ұғымы 
бұл 
мағынада астрономияда қолданылады.  Мұндағы  «дәуір »  әр  текті 
периодты  аспан  құбылыстарына  бақылау  жасағанда  уақыт  санау 
басталатын 
мезгіл 
сәтін, 
я 
қандай 
да 
болмасын 
бақыланушыаспан шамшырағының  қайсыбір  нақты  күйі  үшін 
уақыт  сәтін  білдіреді.  «Дәуір»  терминінің  соңғы  мағынасы 
ежелгі астрономияда, әсіресе, астрологиядақолданылған; 

 
қандай да бір құбылыстың ӛмір сүруіндегі немесе қандай да бір 
процестің  дамуындағы  басқа  уақыт  интервалынан  сапалық 
тұрғыдан  ӛзгеше  уақыт  интервалы.  «Дәуір»  ұғымының  бұл 
мағынасы геологияда анағұрлым  қатаң  түрде  пайдаланылады. 
Мұнда  негізгі  уақыт  кӛрсеткіші  тау  жыныстары  түзілетін 
аралықтағы  мезгіл  сәті  болып  табылады. Геологияда мұндай 
интервалдар  тӛмендегідей  ӛрбу  сатылары  арқылы  беріледі.  Ең 
үлкен  интервал  «заман»,  яғни  эра  (латынша аera  –  бастапқы  сан) 
ұғымы арқылы анықталады. Бұл – геологиялық топты құрайтын тау 
жыныстарының 
геологиялық 
түзілу 
мерзімі. 
Мысалы, палеозой, мезозой, кайнозой. 
Әрбір 
заман геологиялық жүйені 
құрайтын 
тау 
жыныстарының 
геологиялық  түзілу  мерзімін  білдіретін  кезеңдерге  бӛлінеді. 
Мысалы, палеозой заманы  кембриялық,  ордовик,  силурийлік, 
девондық, тас кӛмір және перьмдік кезеңдерді қамтиды. Дәуір деп 

бұл  тұста  геологиялық  бӛлімді  құрайтын  тау  жыныстарының 
геологиялық түзілу мерзімі ұғынылады

 
гуманитарлық  ғылымдар  мен философияда (жекелей  алғанда, 
тарих 
философиясында) 
дәуір 
ұғымы астрономия мен 
геологиядағыдай нақты мағынада қолданылмайды. Мұнда да дәуір 
деп басқа тарихи уақыт интервалдарынан сапалық жағынан ӛзгеше 
бір  уақыт  интервалы  түсініледі.  «Дәуір»  ұғымын  осы  мағынада 
тарихи  процеске  қолдану  адамзат  дүниетанымындағы  уақыт 
категориясын  жіктеудің  арқасында  мүмкін  болды.  Мұндай 
мүмкіндік Жаңа 
дәуірде ғана 
пайда 
болды. 
Сол 
кезде тарих ғылымы  мен  тарих  философиясы  алдында  ӛзекті 
мәселелердің  бірі  ретінде  тарихи  процестерді  кезеңдерге  бӛлу 
міндеті  қойылды.  Бұл  тұрғыдан  қазіргі  ғылым  адамзат  тарихын 
жіктеуде дәуір ұғымын кеңінен пайдаланады. Мысалы, ежелгі дәуір 
(Рим  империясы құлағанға  дейінгі  кезең,  V  ғасырдыңдың  2-
жартысына  дейін),  орта  ғасырлар  (V  ғасырдан  XVII  ғасырдың 
ортасына  дейін),  жаңа  дәуір  (XVII  ғасырдың  ортасынан  бастап). 
Адамзат  тарихын  дәуірге  бӛлудің  жалпылама  үлгілерінің  бірі 
ретінде  қабылданған  бұл  3  уақыт  интервалы  анықталғанға  дейінгі 
процесс  ұзаққа  созылған  болатын.  Адамзат  қоғамының  дамуын  әр 
түрлі  кезеңдеулер  ұсынылды,  бірақ  қалай  болғанда  да  тарихи 
интервалдарды ешкім де арнайы дәуір деп атамады. XVIII ғасырдан 
бастап  «дәуір  рухы»,  «замана  рухы»,  «бұл  тұтас  дәуірді  құрады», 
«бұл  жаңа  дәуірдің  бастамасы  еді»  деген  тәрізді  ұғымдар  пайда 
болды. Олардың  белгілі бір тұжырымдамалық  мағынасы болмады, 
тіпті  олар  күні  бүгінге  дейін  жоқ.  Дәуір  геологиялық  кезеңнің 
құрамдас  бӛлігі  болып  табылады,  ӛз  кезегінде,  геологиялык 
ғасырларға  жіктеледі.  "Дәуір"  түсінігінің   стратиграфиялық  
баламасы  бӛлім,  яғни  "нақтылы  бӛлім"  жер  қыртысы  дамуының 
"нақтылы  дәуірі"  барысында  қалыптасып  үлгерген  таужыныстар 
қабаты.  Әрбір  геологиялық  кезең,  әдетте  екі  немесе  үш  дәуірге 
жіктеледі,  олар  сол  кезеңнің  "алғашқы",  "ортаңғы"  және  "соңғы 
дәуірлері"  (үшке  жіктелгенде)  немесе  "алғашқы"  және  "соңғы 
дәуірлері" (екіге  жіктелгенде) деп аталады. Бұларға сәйкес келетін 
стратиграфиялық  бірліктер  яғни  бӛлімдер  "тӛменгі  бӛлім", 
"ортаңғы  бӛлім"  және  "жоғарғы  бӛлім"  (үшке  жіктелгенде)  немесе 
"тӛменгі  бӛлім'"  және  "жоғарғы  бӛлім"  сӛз  тіркестерімен  беріледі. 
Мысалы,  кембрий  кезеңі  (жүйесі)  үш  дәуірге  (бӛлімге)  жіктеле 
отырып,  "алғашқы(тӛменгі)  кембрий",  "ортаңғы  кембрий"  және 

"соңғы (жоғарғы) кембрий" дәуірлеріне (бӛлімдеріне) жіктелсе, бор 
кезеңі  (жүйесі)  екі  дәуірге  (бӛлімге)  жіктеледі,  олар  "алғашқы 
(тӛменгі)  бор"  және  "соңғы  (жоғарғы)  бор  дәуірлері  (бӛлімдері)" 
деген сӛз тіркестерімен ӛрнектеледі. 
ДЕФОРМАЦИЯ  —  ӛзара  әрекеттесуші  екі  дененің  жанасуы 
кезінде оларды құрайтын жеке бӛліктері қозғалысқа келеді де, бұл 
денелердің  пішіні  мен  ӛлшемі  ӛзгереді.  Мысалы,  серіппе  денеге 
әрекет  ете отырып созылады, жұка  таякша иіледі,  қолдың бұлшық 
еттері  қатаяды.  Дене пішінінің  немесе  ӛлшемдерінің  ӛзгеруін 
деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды. 
Деформация  денелердің  ӛзара  әрекеттесуі  кезінде  жүзеге 
асатындықтан, 
ӛзара 
әрекеттесетін 
екі дене де 
деформацияланады.Мысалы,  қолдың  эспандерге  әрекетін  алайық. 
Эспандерді  созу  кезінде  колдың  Бұлшык  еттері  катаяды 
(деформацияланады),  эспандер  де  деформацияланады,  яғни  ол  ӛз 
пішінін  ӛзгертеді  Деформация   пластикалық және  серпімді  болып 
бӛлінеді.  Күштің  әрекеті  тоқтағаннан  кейін, дене ӛзінің  бастапқы 
пішіні 
мен 
ӛлшемін 
ӛзгертетін 
болса, 
мұндай деформация пластикалық 
деп 
аталады. 
Пластикалык    деформациядан    кейін дене ӛзінің  жаңа  пішіні  мен 
ӛлшемін    толығымен  немесе  жартылай  сақтайды  және 
ондай дене пластикалық дене деп  аталады.  Мысалы,   пластилиннен 
 немесе саздан кӛп күш түсірмей-ақ  қандай  да  бір  пішіндегі   дене  
жасауға  болады.  Ал  колымыздың  пластилинге  әрекет  етуі 
тоқтағаннан 
кейін 
ол 
ӛзінің 
жаңа 
пішінін 
сактайды. 
Күштің  әрекеті  тоқтағаннан  кейін  дененің  бастапқы  пішіні  мен 
ӛлшемі  қайтадан  қалпына  келетін  болса,  мындай  деформация 
серпімді деп аталады. 
Деформация формуласы 
 
Бұл жерде 

 
l
2
 — Элементтің деформациядан кейінгі ұзындығы 

 
l
1
 — Элементтің ұзындығы 
ДЖОМОЛУНГМА  Эверест  (ағыл.  Mount  Everest),  немесе 
Сагарматха  —  жер  бетінің  ең  биік  шыңы,  биіктігі  8844,43  немесе 
8848  немесе  8850  м,  Гималай   тауларында   орналасқан. 
 Непал және Қытайдың  (Тибет   автономиялы   ауданы),  бірақ 
шыңның ӛзі Қытай территориясында орналасқан. 

ДИСТИЛЬДЕНГЕН  СУ  —  айдау  арқылы  тазартылған  су,  ол 
кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су 
арнайы  зерттеу  жұмыстарында,  дәрі-дәрмек  ӛндірісінде  және 
автокӛліктердің  аккумуляторларына  электролиттер  дайындауда 
қолданылады. Ӛмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу 
үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. 
Бұдан шығу жолын судың ӛзі кӛрсетті. Судың жоғары температура 
кезінде  буға  айналу  қасиеті  бар.  Осындай  тәсілмен  судың 
құрамында  бар кӛптеген ӛзге бӛлшектерден бӛлу  шешілді. Бұндай 
суды  тазалау  үрдісі  дистиляция,  ал  құралдың  ӛзі  дистилятор  деп 
аталды. Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. 
Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бӛлшектердің ең аз мӛлшері 
ғана  бар.  Дегенмен  тазартылған  суда  қосымша  құрауыштар  толық 
жоқ  деп  айтуға  болмайды.  Судың  ӛзге  құрауыштармен  тез  ӛзара 
қарым-қатынасқа  түсу  қасиеті  бар.  Ал  бұл  суды  дистиллятор 
арқылы  айдағанда,  осы  металдар  атомы  ең  кішкентай  мӛлшерде 
суға  түсуі  мүмкін.  Дегенмен  бұл  судың  таза  болуына  кедергі 
келтірмейді.  Су  жүз  пайыз  ешқандай  қоспасыз  болуы  үшін  суды 
деиондайтын  арнайы  қондырғылар  пайдаланылады.  Сондай-ақ  ӛте 
таза  суды  дистиллятордан  бірнеше  рет  ӛткізу  арқылы  да  алуға 
болады.  Солайша  бидистиллят  алынады.Әдеттегідей,  ӛнеркәсіпке 
немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір 
дәрілер  жасалады.  Ал  кішкентай  электр  ӛткізу  қабілетінің 
арқасында  дистиденген  су 
ӛндірісте  таптырмайтын  зат. 
Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр 
жақты пікірлер бар. Кӛптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы 
үшін  пайдалы  емес,  ӛйткені  ол  пайдалы  құрауыштардан  толық 
тазартылған  деген  пікірде.  Дистилденген  су  ағзадан  минералдық 
құрауыштар  мен  витаминдерді  алып  шыққандықтан  денсаулыққа 
зиян  келтіретіндігін  куәландыру  да  жүргізілген.  Дегенмен  бұл 
ұйғарымдары  даулауға  және    дистилденген  суды  қорғауға  дайын 
адамдар  да  бар.  Ӛйткені  дистилденген  судың  зияндылығы  туралы 
еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол ӛз құрамы 
бойынша  ерекшеленеді,  бірақ  қарапайым  сумен  де  минерал 
тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда 
ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет