О. Н. Ерниязов Психологиялық зерттеу



жүктеу 1.29 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата31.01.2017
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 



 

 

 

 

 

 

О.Н. Ерниязов 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық зерттеу  

әдістемелері 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Орал, 2012 



 

 



УДК 159.9.072 (07) 

 

 



 

Автор-құрастырушы: 

Ерниязов О.Н. -    

Педагогика және психология  



       

 

кафедрасының оқытушысы, педагогика  

магистрі, М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ 

 

 



Пікір беруші: 

Мұханбетқалиев А.С. -   п.ғ.к., Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 

аға оқытушысы 



Молдагалиев Б.А. -  

п.ғ.к., М.Ӛтемісов атындағы  

БҚМУ доценті 

 

 



Ерниязов О.Н. 

Психологиялық зерттеу әдістемелері

Оқу-әдістемелік құрал. – 

Орал:  М.Ӛтемісов  атындағы  БҚМУ  редакциялық  баспа  орталығы, 

2012. – 98 б. 

 

 



Бұл  оқу-әдістемелік  құралда  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі 

балалардан  бастап  ересектік  жастағы  адамдарды  зерттеуге  арналған 

психологиялық  әдістемелер  берілген.  Әдістемелік  құралдағы  мате-

риалдарды  педагогика  және  психология  мамандығының  студенттері 

оқыту және педагогикалық-психологиялық сараман үрдісі барысында 

қолдана алады. Оқу-әдістемелік құрал студенттерге, мектеп психолог-

тарына арналған.  

 

 



 

 

 



 

    


 

 

 



 

     Ерниязов О.Н., 2012. 

      

 

 



 

 

 М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2012. 



 



 «АРТЫҒЫН ЖОЮ» ӘДІСТЕМЕСІ 



 

Мақсаты: мектеп жасындағы баланың себеп-салдарлық ойлау 

қабілетін зерттеу. 

Нұсқау: Балаларға үш сӛз беріледі. Мысалы мысық, алма, піл, 

міне осы үш сӛздің ішінен екі ұқсас сӛзді табу керекте қалған бір 

артық  сӛзді  шығарып  тастау  керек.  Мұндағы  артық  сӛз  алма, 

мысық  пен  піл  жануарлар  болғандықтан,  олар  мағыналас  сӛздер 

болып табылады. Бұл әдістемедегі басты мақсат артық сӛзді табу 

емес,  керісінше  екі  сӛз  не  себепті  бір-біріне  байланысты  соны 

түсіндіру. 

Қорытынды:  Әр  дұрыс  белгіленген  тұжырымға  1 

ұпай


дан 

беріледі. Егер: 

7-10 

ұпай


 жинаса, ойлау қабілеті жоғары 

4-7 


ұпай

 жинаса, ойлау қабілеті орташа 

2-4  

ұпай


 жинаса, ойлау қабілеті тӛмен 

Берілген сӛздер: 

1. Кітап, балық, қалам. 

2. Қоян, аю, машина. 

3. Ата, мектеп, әже. 

4. Үстел, орындық, теледидар. 

5. Алма, қуыршақ, банан. 

6. Мектеп, балабақша, кӛше. 

7. Жаңбыр, үй, қар. 

8. Балапан, доп, шар. 

9. Су, ӛзен, жер. 

10. Қасық, терек, тарелке. 

 

 

«ЛАБИРИНТТЕН ӚТІП ШЫҚ» ӘДІСТЕМЕСІ 



 

Бұл  әдістеме  мектеп  жасына  дейінгі    4-5  жастағы  балаларға 

арналған. 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелі-әрекет-

тік ойлау  қабілетін анықтау. 

Құрал-жабдықтар: әдістеме суреті (картинасы), секундомер. 

Нұсқау:  «Суретті  мұқият  қара!  Қолыңа  ұшты  таяқшаны  ал  да 

лабиринттен  ӛтіп  шық.  Берілген  лабиринтке  кӛрсетілген  сызықша 

арқылы кір, қабырғаларына тимей, мұқият түрде одан шығып кет!».  


 

Қорытынды:  мұнда  балалардың  жұмыс  жасау  ырғағына  аса 



назар аударылады. 

10  ұпай  –  егер  бала  берілген  тапсырманы  45  секунттан  аз 

уақыт  жұмсап,  лабиринттен  ӛтуде  қабырғаларға  тимей  мұқият 

орындаса, кӛрсетілген ұпай беріледі. 

8-9 ұпай - егер бала берілген тапсырманы 45-60секунт уақыт 

ішінде  орындап,  лабиринт  қабырғаларына  1-2  рет  тиіп  кетсе, 

кӛрсетілген ұпай беріледі. 

6-7  ұпай  -  егер  бала  берілген  тапсырманы  60-80  секунтта 

орындап, лабиринттен ӛтуде қабырғаларға 3-4 рет тиіп кетсе, осы 

ұпай  беріледі. 

4-5  ұпай  -  егер  бала  берілген  тапсырманы  80-100  секунт 

ішінде  орындап,  лабиринттен  ӛтуде  қабырғаларға  5-6  рет  тиіп 

кетсе, кӛрсетілген ұпай беріледі. 

2-3  ұпай  -  егер  бала  берілген  тапсырманы  100-120  секунт 

ішінде  орындап,  лабиринттен  ӛтуде  қабырғаларға  7-9  рет  тиіп 

кетсе, кӛрсетілген ұпай беріледі. 

0-1  ұпай  -  егер  бала  берілген  тапсырманы  120  секунттан 

жоғары  уақыт  жұмсаса  немесе  тапсырманы  мүлдем  орындай 

алмаса,  осы  ұпай  беріледі.  Мұндай  балалармен  түзету 

жұмыстарын жүргізу қажет.  

 

10 ұпай –бейнелі-әрекеттік ойлау қабілеті ӛте жоғары.  



8-9 ұпай - бейнелі-әрекеттік ойлау қабілеті жоғары. 

4-7 ұпай - бейнелі-әрекеттік ойлау қабілеті орташа. 

2-3 ұпай - бейнелі-әрекеттік ойлау қабілеті тӛмен. 

0-1 ұпай - бейнелі-әрекеттік ойлау қабілеті ӛте тӛмен.   

 

 

ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ 



 

Мақсаты: зерттелушілінің ойлау қабілетін тексеру. 

Құрал-жабдықтар:  біреуіне  4  сӛзден  тұратын  15  қатарға 

тізбектелген сӛздер жазылған бланка. 

Нұсқау:  «Алдыныздағы  4  сӛздің  үшеуі  бір  бағытта  қол-

данылады,  яғни  мағыналас  сӛздер.  Оқушылардың    мақсаты  -  әр 

қатардағы артық бір сӛзді белгілеу».  

 

 



 

 



Ұсынылатын сӛздер тізбегі: 

1.

 



Кітап, портфель, чемодан, дорба. 

2.

 



Ошақ, керосинка, майшам, электроплитка. 

3.

 



Сағат, кӛзілдірік, таразы, термометр. 

4.

 



Қайық, арба, мотоцикл, велосипед. 

5.

 



Ұшқыш,  шеге, бал арасы, вентилятор. 

6.

 



Кӛбелек, циркуль, қайшы, таразы. 

7.

 



Терек, сыпырғыш, шанышқы, үстел. 

8.

 



Ат, мұғалім, әке, ана. 

9.

 



Жаңбыр, қар, су, шам.                                                                                                                                                                                   

10. Су, жел, кӛмір, шӛп. 

11. Алма, кітап, сызғыш, дәптер. 

12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан. 

13.Ақ қайың, қарағай, жидек, емен. 

14. Минут, секунд, сағат, кеш. 

15. Асқар, Бекет, Әділ, Ақанбеков. 

 

Кілті: 1.Кітап                         6. Кӛбелек            11. Алма 



           2. Майшам                  7. Терек                 12. Нан 

           3. Кӛзілдірік               8. Мұғалім            13. Жидек 

           4. Қайық 

             9. Шам                  14. Кеш 

           5. Шеге                       10. Жел                  15.Ақанбеков  

 

 



ОҚУҒА ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ДАЙЫНДЫҚ 

ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

 Мақсаты:  Мектептегі  ӛмірге  яғни  оқуға  психофизиологиялық 

және психолого-педагогикалық  дайындық дәрежесін анықтау. 

Мынандай жақтарын бағалауға болады: 

-

 

балалардың психоәлеуметтік даму деңгейін (С.А.Банковтың 



ұсынған тестік әңгімелесуі арқылы);  

-

 



интеллект  деңгейін  және  мектепке  пысқандығын  (Керн-

Йерасек тесті бойынша); 

-

 

қабылдау деңгейлерін; 



-

 

ойлау деңгейлерін; 



-

 

есте сақтау қабілет деңгейлерін; 



-

 

сӛз байлықтарын; 



 

-



 

дамудың ӛзекті деңгейін, жеке бастарының ерекшеліктерін, 

кейбір оқушылардың   қыйындықтарын, проблемаларын анықтау; 

Жүргізетін байқауды үшке бӛліп ӛткіземіз.   



Бірінші  бӛлімде  тӛрт  тапсырма  беріледі,  Венгер  әдістемесі 

бойынша және Керн - Йерасек әдістемелері бойынша:  

1.  Графикалық диктант.+ 

2. Жеке дайындалған карточкалар арқылы бір тармақ сӛйлемді 

кӛшіріп салу. 

3.  Он  нүктелерді  бірінің  астына  бірін,  тік  және  кӛлденең 

баған етіп, дәл ӛзіндей орналастырып  кӛшіріп салу.  

4.   Ер адамның суретін салу тапсырылады. 



Екінші  бӛлімде  балалармен  жеке  әңгімелесу:  С.А.Банковтың 

ұсынған  тестік  әңгімелесуі  арқылы,  үшінші  бӛлімде  қабылдау, 

ойлау және есте сақтау қабілеттерін (жадын) зерттеу ӛткізіледі. 

 Бірінші  бӛлімді  жүргізерде,  алдын  ала  жеке-жеке  тор  кӛзді 

дәптер, сӛйлем тармағы жазылған карточкалар (7 де 13), он нүкте 

салынған  карточкаларды  (нүктелердің  арасы  1см),  баланың  аты 

жӛні  жазылған,  бетінде  сызығы  жоқ  қағазды  дайындап  аламыз. 

Тестілеуді  жеке-жеке  немесе  топпен  де  жүргізуге  болады.  Әр 

балаға тор кӛзді дәптер таратылады.  

 

1 -  бӛлім. 

1. Графикалық диктант.  Венгер әдістемесі бойынша 

Бірінші  тапсырманы  орындарда  тӛмендегідей  дайындық 

жұмысын жүргіземіз: 

«Қазір біз әдемі ою-ӛрнек салып үйренеміз. Дайындалыңдар. 

Қаламды жазу жазатын қолдарыңа ұстаңдар, оң жағымызбен сол 

жағымызды  есімізге  түсіреміз,  менімен  бірге  ауада  қолымызбен 

мынандай  қимыл жасаймыз: оңға, солға, жоғары, тӛмен. Тағы да 

қайталаймыз: оңға, солға, жоғары, тӛмен».  

Ал  енді  дұрыстап  тыңдаңдар,  мен  сендерге  сызықты  қай 

бағытта  жүргізу  керегін  ғана  айтып  қоймай  ұзындығы  неше 

шаршы  (клетка)  екенін  де  айтып  отырамын  –  «бір  шаршы,  екі 

шаршы»  деп.  Енді  дәптердің  үстіңгі  жағынан  тӛрт,  сол 

жағынанда  тӛрт  шаршы  (клетка)  тастаймыз,  шаршының 

бұрышына  нүкте  қоямыз.  Енді  нүктеге  қолдарыңды  қойып 

менімен бірге сызып отырыңдар (шаршыланған тақтада кӛрсету): 

оңға бір шаршы, жоғары бір шаршы, оңға бір шаршы, тӛмен бір 

шаршы, оңға бір, жоғары бір шаршы, оңға бір шаршы, тӛмен бір 


 

шаршы. Сонда мынандай ою-ӛрнек  шығуы  тиісті (1-сурет). Ары 



қарай ӛздерің жалғастырыңдар. 

 Балалар  қалай  орындады  қарап  шығамыз,  олардың  жұмыс 

принципін  дұрыс  түсінгендігін  байқаймызда  әрі  қарай 

жалғастырамыз. Тапсырма аздап күрделенеді. 

Барлығымыз  дұрыстап  тыңдаймыз  және  менімен  бірге 

орындаймыз:  тағы  да  тӛрт  шаршы  тӛмен  түсеміз,  нүкте 

белгілейміз.  Оңға  қарай  екі  шаршы,  екі  шаршы  жоғары,  бір 

шаршы  оңға,  бір  шаршы  жоғары,  бір  шаршы  оңға,тӛмен  біреу, 

оңға біреу, тӛмен екеу, оңға екеу, жоғары екеу оңға біреу, жоғары 

біреу, оңға біреу, тӛмен біреу, оңға біреу, тӛмен екеу, оңға екеу, 

ары қарай ӛздерің жалғастырыңдар (2-сурет). 

Келесі  тапсырма:  екі  шаршы  оңға,  екі  шаршы  жоғары,  екі 

шаршы  оңға,  бір  шаршы  тӛмен,  бір  шаршы  солға,  бір  шаршы 

тӛмен,    екеу  оңға,  екеу  жоғары,  екеу  оңға,  біреу  тӛмен,  біреу 

солға,  біреу  тӛмен,  екеу  оңға.  Қараңдар,  қандай  ӛрнек  салынды 

(3-сурет), ары қарай ӛздерің жалғастырыңдар. 

Келесі  ӛрнек.  Тағы  да  тӛрт  шаршы  тӛмен  түсеміз, 

қолымызды  қоямыз.  Үш  шаршы  оңға,  екі  шаршы  жоғары,  бір 

шаршы  солға,  бір  шаршы  жоғары,  үш  шаршы  оңға,  бір  шаршы 

тӛмен, бір шаршы солға, екі шаршы тӛмен, үш шаршы оңға, екеу 

жоғары,біреу солға, біреу жоғары, үшеу оңға, біреу тӛмен, біреу 

солға, екеу тӛмен, үшеу оңға. Қараңдар қандай ӛрнек шықты, ары 

қарай ӛздерің жалғастырыңдар. 

Ал саусағымыз шаршаса дем алып алайық. 

2.  Керн-Йераcек әдістемесі. 

Екінші  тапсырманы орындайық: ол алдарыңдағы таза беттің 

сызықпен  бӛлінген  жағында  орындалады.  Онда  сызықтың 

жоғарғы жағына алдымызда жатқан карточкамен (5-сурет) жұмыс 

жасаймыз.  Бұл  карточкада  бір  тармақ  сӛйлем  жазылған,  сендер 

әлі жазып үйренген жоқсыңдар, бірақ сурет сияқты кӛшіріп сала 

аласыңдар, мына тармақты кӛшіріп дәл осындай етіп салыңдар.  

 3.  Орындап  болып  қойғандарға  үшінші  тапсырма  (6-сурет) 

таратылып түсіндіріледі: мына нүктелерді дәл осындай қалпында 

кӛшіріп сала қой. 

 4.  Болып  қойғандарына  тӛртінші  тапсырма  беріледі:  ер 

адамның  суретін  салу.  Балалар  әр  түрлі  сұрақтар  қоюы  мүмкін: 

мен  сала  алмаймын,  мамамды  салайыншы  т.с.с.  Оларға:  «Қалай 


 

сала аласың, солай сала ғой», «Барлығымыз тек қана ер адамның 



суретін саламыз» деп жауап қайтарған жӛн.   

  Бағалау:  Бірінші  тапсырманың  әр  қайсысы  жеке  жеке 

бағаланады.  Қатесіз  орындалған  ӛрнек  4  ұпаймен  бағаланады, 

екі-үш қатесі бар ӛрнекке – 3 ұпай, одан кӛбірек қателері болса – 

2  ұпай.  Яғни,  үш  тапсырмаға,  жинақтап  келгенде,  ең  жоғарғы 

баға  12  ұпай.  Мектепке  келерде  бала  7  ұпайдан  тӛмен  алмау 

керек деп есептеледі.  

  Бұл тапсырманы нашар орындаған балалар  жазуға үйретуде 

қиындық туғызатындар. Қиналған балалардың қол буындарының 

дамымағандығы,  кеңістікте  нашар  бағдарлайтындығы,  қозғалыс 

бағыттарының 

нашар 


дамығандығы, 

кӛзбен 


қимылды 

қабылдауының тӛмендігін кӛрсетеді. 

  Осы  тапсырманы  орындау  барысында  баланың  мұғалімді 

(жүргізуші,  үлкен  адамды)  тыңдап,  оның  тапсырмаларын 

орындай  алу  ерекшеліктері  байқалады.  Яғни  баланың  зейінді 

еркін кӛндіруі мүмкіншіліктерін байқауға болады.  

  Екінші,  үшінші,  тӛртінші  тапсырмалар  5  ұпайлық  жүйемен 

бағаланады.  Мұндағы  ең  жоғарғы  баға  1,  ал  5  –  тӛменгі  баға. 

Мектепке пысып жетілгендер болып  қорытындысында 3-5 ұпай 

алғандар (дайындығы  жоғары), орта пысқандар болып – 6-9 балл, 

пыспағандар  10  ұпай  және  одан  жоғары  алғандар  (дайындығы 

тӛменгі деңгей) есептелінеді. 

 

1-сурет 


 

 

2-сурет 



 

 

 



3-сурет 

 

 



 

4-сурет 


 

 

 



 

 

 



 

 

екі шаршы екі шаршы 



 

 

5-сурет. 



 

                                                                          



 

2 - бӛлім 

Психоәлеуметтік даму деңгейін бақылау.  

С.А.Банковтың тестік әңгімесі. 

1.

 



Аты-жӛніңді, тегіңді (фамилияңды) айта ғой. 

2.

 



Әке-шешеңнің аты жӛнін білесің бе? 

3.

 



 Сен ұлсың ба, әлде қызсың ба? Ӛскенде  апай боласың ба, 

әлде ағай боласың ба? 

4.

 

Сенің туған аға-інің, әпке-сіңлің (қарындасың) бар ма? 



5.

 

 Сенің  жасың  нешеде?  Бір  жылдан  кейін  нешеге  келесің? 



Екі    жылдан кейін ше? 

6.

 



Қазір таңғы (күндізгі) уақыт па, әлде кешкі уақыт па?  

7.

 



Сен қайда тұрасың? Мекен-жайыңды айта қойшы? 

8.

 



Әкең,  шешең кім болып істейді? 

9.

 



Сен  сурет  салуды  жақсы  кӛресіңбе?  Мына  (қарындаш, 

кӛйлек т.с.с.) заттың түсін айта қойшы? 

10.

 

 Қазір жылдың қай мезгілі – қыс па, кӛктем бе, жаз ба әлде 



күз бе? Неге солай деп ойлайсың? 

11.


 

 Қол шананы қашан тебуге болады – қыста ма әлде жазда ма? 

12.

 

 Қар неге қыста болады, жазда неге болмайды? 



13.

 

 Дәрігер, мұғалім, почтальон не істейді? 



14.

 

 Мектепте қоңырау, парта не үшін керек? 



15.

 

 Сен ӛзің мектепке келгің келе ме? 



16.

 

 Оң жақ кӛзіңді, сол жақ құлағыңды кӛрсетші? Кӛз, құлақ 



не үшін керек? 

17.


 

 Қандай аңдарды білесің? 

18.

 

 Қандай құстарды білесің? 



19.

 

Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе? Қайсысы үлкен? 



      Құс үлкен бе, ара үлкен бе? 

      Қайсысының аяғы кӛп: иттің бе әтештің бе? 



 

Ол ән салды. 

 

Ол ән салды. 



.  .  . 

.  .  . 

.  .  . 

.  .  . 



 

10 


20.  Қайсысы үлкен: 8 саны ма, әлде 5 пе, 7 ме әлде 3 пе? 

       3-тен 6-ға дейін санап берші. 9-дан 2-ге дейін ше. 

21.

 

Біреудің затын байқаусызда сындырып алсаң не істеу керек? 



 

Бағалау: 

1.

 



Бір  бӛлімдегі  әр  сұраққа  берген  дұрыс  жауап  1  ұпайдан 

есептеледі (бақылау сұрақтарынан басқа). 

2.

 

Бір  бӛлімдегі  әр  сұраққа  толық  емес,  бірақ  дұрыс  жауап 



берілсе 0,5 ұпайдан беруге болады. 

3.  «Дұрыс»  жауап  деп,  қойылған  сұраққа  байланысты  беріл-

ген жауапты есептейміз: Әкем инженер болып істейді. Иттің аяғы 

әтештің аяғынан кӛп. 

«Дұрыс  емес»  деп  мына  типтес  жауаптарды  айтамыз:  Әкем 

жұмыста жұмыс істейді. Шешем мама Айша. 

Бақылау  сұрақтарына  5,  7,  14,  21  жатады.  Олар  былай 

бағаланады: 

№5  –  Егер бала  неше  жаста  болатынын  дұрыс  таба  алса  –  1 

ұпай, егер ол жылын айымен қоса атаса – 3 ұпай. 

№7 – толық мекен-жайын  қаласымен қосып айтса  – 2 ұпай, 

толық емес жауап – 1 ұпай. 

№14 – мектептің әр құралының пайдалануын дұрыс атаса – 1 

ұпайдан. 

№21 – дұрыс жауапқа 2 ұпай.  

4. 15 – сұрақ 14, 16 мен қосылып есептеледі. Яғни, 14-де бала 

3 ұпай алса, ал 15-де оң жауап берсе, онда хаттамада оқуға деген 

оң  түрткі  белгіленеді  (жалпы  ұпайлардың  жиынтығы  4-тен  кем 

болмауы керек). 

Әңгімелесудің қорытынды бағасы: 

Егер  бала  23-28  ұпай  жинаса,  ол  мектепке  пысып  жетілген 

болып  есептелінеді;  орта  пысқандар    қатарына  19-23  ұпайдан 

жинағандар,  психоәулеметтік  даму  деңгейі  тӛмен  болып  14-19 

ұпай жинағандар есептеледі. 



 

3 - бӛлім 

Қабылдау деңгейін байқау 

Балалардың  кӛзбен  кӛріп  қабылдауын  тексеру  үшін  тӛмен-

дегідей  денелерден  құралған  бейнелер  бір-бірлеп  кӛрсетіледі 

(суреттер  қиындық  дәрежесіне  қарай  орналасқан),  мынандай 

нұсқау  жасалады:  «Сурет  қандай  (фигуралардан)  геометриялық 

денелерден құрастырылған?» 


 

11 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Нәтижесін бағалау: Егер, бала геометриялық денелерді дұрыс 

тауып,  дұрыс  атаса  (шеңбер,  үшбұрыш,  тӛрт  бұрыш)  тапсырма 

«+» болып бағаланады және орындалған болып есептелінеді (1-2 

қате жіберсе де бірінші деңгей). 

3-4  қате  жіберсе  екінші  деңгей  және  «+»  бағаланып,  дұрыс  

болып есептелінеді. 

5 және одан жоғары қателер жіберсе тапсырма орындалмаған 

және  «-» болып бағаланады (үшінші деңгей).   

Қабылдаудың  таңдамалы  түрінің  деңгейін  бақылау  үшін 

балаға  тек  қана  үшбұрыштарды  немесе  тек  қана  шеңберді 

кӛрсетуін ӛтінеміз. 

Есту арқылы қабылдау

Баланың есту арқылы қабылдау деңгейін, оның оқыған тексті 

қалай түсінгенін сұрау арқылы байқауға болады.  

Тапсырма.  

Балаға  мынандай  сӛйлем  оқылады:  «Сәуле  таңертең  тұрды, 

жуынды, тамақ ішті, сумкасын алды, мектепке кетті». 

Сонан  кейін  Сәуленің  іс-әрекетінің  ретін  баланың  дұрыс 

айтып беруін ӛтінеміз. 

Бағалау. Қатесіз жауап  1-деңгей және «+» бағаланады. Егер 

бала  1-3  қате  жіберсе,  жауап  тағы  да  «+»  бағаланады,    бірақ        

2-деңгейдегі жауап болып есептеледі. 

   3-тен  жоғары  қателер  болса  тест  орындалмаған  болып 

есептеледі және  «-» болып бағаланады (үшінші деңгей).  

Ойлау қабілетін зерттеу 

Сананың операциялық компоненттеріне ойлау операциялары: 

талдау,  жинақтау,  салыстыру,  абстрактілеу,  қорытындылау, 

саралау  немесе  жіктеу  жатады.  Баланың  ойлауының  барлық 

түрлері дамуы тиісті: практикалық-іскерлік, кӛрнекі-бейнелі және 

сӛзді-логикалық.  



 

12 


Тапсырма:  

Баланың  алдына  бір  сюжетпен  байланысқан  3-4  сурет 

жаямыз.  Оған  осы  суреттерді  сюжеттің  желісіне  байланысты 

орналастырып әңгіме құрастырып беруін сұраймыз.  

Қорытынды  талдау.  Суреттердегі  оқиғаның  негізін,  құбылыс-

тардың  бір-бірімен  байланыстарын  түсіне  алуы,  соның  ішінде 

себеп-салдарлы байланыстарды (ол мектеп жасына дейінгі балалар 

үшін ӛте күрдел) түсінуі анықталады. Суреттер бойынша әңгімелеу 

баланың  тіл  даму  деңгейін  сипаттайды  (дыбыстауы,  сӛз  байлығы, 

сӛйлемді дұрыс құрастыруы). Ұсынылған суреттегі іс-әрекет түріне 

баланың қызығушылығымен  байқағыштығы ескеріледі. 

Тапсырманың орындалуы «+» белгісімен  бағаланады. 



 

БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕГЕН 

КӚЗҚАРАСТАРЫН  АНЫҚТАУ САУАЛНАМАСЫ 

 

1.



 

Мектепте ең маңызды не деп ойлайсың? 

2.

 

Аптаның ішіндегі қай күнді жақсы кӛресің? 



3.

 

Мектепте ең қызықты не? 



4.

 

Бос уақытыңда немен шұғылданғың келеді? 



5.

 

 Егер сенің таңдау мүмкіншілігің болса, қазір  қай сыныпта 



оқығың келер еді, 1-ме әлде 4-пе? 

6.

 



Сенің ең жақсы кӛретін сабақтарың қандай? 

7.

 



Сен үшін мектепте ең жаманы не? 

8.

 



Қалай оқып жүрсің? 

9.

 



Сабақ үлгерімі бойынша сен қандай оқушы болғың келеді? 

10.


 

5-сыныпта кіммен отырғың келеді? 

11.

 

5-сыныпта қандай қоғамдық жұмыс атқарғың келеді? 



12.

 

 Ӛз денсаулығыңды қалай бағалайсың? 



 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет