Оқу мақсаты: Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну



бет1/19
Дата15.08.2023
өлшемі0,93 Mb.
#105314
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ТАРАУ 3. ҚЫШҚЫЛДАР МЕН НЕГІЗДЕР ТЕОРИЯСЫ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ЕРІТІНДІЛЕРІНДЕГІ ИОНДЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕР
§ .Қышқылдар мен негіздер теориясы
Оқу мақсаты:

  • Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну

Цель обучения:

  • описывать теории Аррениуса, Льюиса и Бренстеда-Лоури и объяснять границы их применимости

Learning objective:

  • be able to describe the of Arrhenius, Lewis and Brensted-Lowry theories and explain the areas of their use



Қышқылдар мен негіздер туралы не білесіздер? Анықтамасын беріңіздер.

«Қышқыл» мен «негіз» түсініктерінің өзіндік тарихы бар, дегенмен осы күнге дейін нақты анықтама жоқ деуге болады.


Қышқылдар мен негіздердің бірнеше теориясы бар.
Ең алғашқы қышқылдар теориясын 1780-жылдары ұсынған А. Лавуазье болатын. Бұл теория бойынша барлық қышқыл құрамында міндетті түрде оттек атомы болуы керек және ол элемент атауында көрінуі керек.
Ал 1816 жылы Г. Дэви барлық қышқылдар құрамына сутек атомы кіру керек деген болжау айтты. Ю. Либих 1833 жылы қышқыл анықтамасын нақтылап, қышқылдар дегеніміз құрамында металл атомымымен алмаса алатын сутек атомдары бар заттар деген анықтама ұсынды.
С. Аррениус пен В. Оствальд 1880 жылдары қышқылдар мен негіздерді электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қарастыруды ұсынды.
Аррениус теориясы бойынша, қышқылдар - сутек ионынын түзе диссоциаланатын заттар.
HClH++Cl-
Негіздер - диссоциацияланғанда гидроксид ионын түзетін заттар.
NaOHNa++OH-
1923 жылы бір мезетте тағы да екі қышқылдар мен негіздер теориясы пайда болды. Бірінші теория авторлары дат ғалымы И. Бренстед пен ағылшын ғалымы Т. Лоури, ал екінші теория авторы – американдық физикохимик Г. Льюис болды.
Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы деп аталған Бренстед – Лоури теориясы бойынша: қышқылдар протон беретін (протон доноры, негіздер – протон қосып алатын (акцептор) болатын заттар.
И.Н. Бренстед пен Т.М.Лоури теориясы бойынша қышқылдар мен негіздер келесідей тепе –теңдікте болатын қосарланған жұп түзеді:

ҚЫШҚЫЛ⇄ ПРОТОН + НЕГІЗ


Протон тасымалдану реакциясы (протолиттік реакция) қайтымды. Кері процесте протон берілетіндіктен реакция өнімдері бір-біріне қатысты алғанда қышқыл мен негіз болады.


Әр қышқылға қосарланған негіз болады. Әр негізге қышқыл қосарланады.
Оны тепе-теңдік процесс түрінде жазуға болады.

НА + В ⇄ ВН++ А-,


мұнадағы НА – қышқыл, В – негіз, ВН+ – В негізімен қосарланған қышқыл, А- – НА қышқылымен қосарланған негіз.

Мысалы, мына реакцияда: HCl+OH- ⇄ Cl-+H2O,


HCl– қышқыл, Cl- - қосарланған негіз; OH- – негіз, H2O – қосарланған қышқыл.
Льюис теориясы бойынша қосылыстардың қышқылдық негіздік қасиеті олардың электрон жұбын қосып алу немесе беру арқылы жаңа байланыс түзу қабілетімен анықталады.
 Льюис қышқылдары— электрон жұбының акцепторлары, негіздер — электрон жұбының донорлары.
Льюис теориясында қышқыл ретінде вакантты электрон орбиталдары бар, молекулалар немесе иондар есептеледі. Олар, мысалы, сутек ионы — протон , металл иондары (Ag+, Fe3+), кейбір бейметалл оксидтері (SO3, SiO2), және галогенидтер (AlCl3, BF3, FeCl3 және т.б.)
Льиюс негіздері болып аниондар, аммиак пен аминдер, су, спирттер, галогендер есептеледі.
Льюис қышқылы мен негізі арасындағы реакция мысалы:
AlCl3 + Cl- → [AlCl4]-
қышқыл негіз


ТЕОРИЯЛАР

ҚЫШҚЫЛ

НЕГІЗ

Аррениус

H+ or H3O+ producer in aqueous solution

OH producer in aqueous solution

Бренстед-Лоури

proton (H+) donor

proton (H+) acceptor

Льюис

electron-pair acceptor

electron-pair donor




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет