Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


– проценттер мен салықтарды төлегенге дейінгі  пайданың активтер сомасына қатынасы  Активті инвестициялық стратегия, портфельді активті



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
проценттер мен салықтарды төлегенге дейінгі 
пайданың активтер сомасына қатынасы 
Активті инвестициялық стратегия, портфельді активті 
басқару (active management) – дұрыс бағаланбаған 
қаржы активтерін сатып алуға немесе нарық 
қозғалысының жалпы дамуын алдын ала болжауға 
ұмтылу 
Активті портфель (active portfolio) – α нөлдік мәні бар 
талданған акциялардың бірігуі жолымен қалыптасты-
рылған Трейнер-Блэк үлгісіндегі портфелі
Активті инвестициялар – өндірісті ұлғайтуға бағытталған 
инвестициялар 
Акцияны таңдау (stock selection) – таңдалған елдің ішкі акция 
нарығынан нақты акцияларды таңдау 
Акцияның баланстық құны (book value) – балансында 
көрсетілген кәсіпорынның меншікті капиталының таза 
құны 
Акцияның есептік бағасы оның курстық құнының техникалық 
талдау негізінде алынады. Осы үшін трендтік модель 
құрылады, оған сәйкес тренд дамитын математикалық 
заң, орташа квадраттық қате, аппроксимацияның 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
85 
 
қатысты қатесі анықталады және белгілі уақыт 
аралығынан кейін 95% ықтималдықпен акцияның 
нарықтық бағасы жататын бағалық корридор
Акцияның нақты, ішкі құны (intrinsic value) – талап етілетін 
табыстылық мөлшерлемесі бойынша дисконтталатын 
акциядан түсетін келтірілген құны
Акцияның нарықтық бағасының оның акциясының бухгал-
терлік, баланстық құнына қатынасы коэффициенті 
(market-to-book-value ratio) – акцияның нарықтық 
құнының (бағамының) оның бухгалтерлік, баланстық 
құнына қатынасы
Акцияның номиналы – бұл акцияның эмиссиясы кезінде 
белгіленген және оның бет жағында көрсетілген құны. 
Барлық қоғамның жай акцияларының номиналды құны 
бірдей болуы және қоғамның барлық акцияларын 
ұстаушыларына құқықтардың тең көлемін қамтамасыз 
етілуі қажет. Акциялардың бағасы мәселесі олардың 
шығарылуын, біріншілік орналастырылуын және 
айналысын қамтитын өмірлік циклімен тығыз байла-
ысты. Сондықтан акциялардың оларды шығару 
кезеңіндегі бірінші бағасы – номиналды. Акцияның 
номиналды, яғни тұрақты баға-сын көрсетіп шығарған 
кәсіпорын оның нақты құндылығын кепілдендірмейді. 
Ондай 
құндылықты 
нарық 
анықтайды. 
Бірақ 
номиналды құн акция құндылығының бағдары ретінде 
болады және ұзақ уақыт бойы акцияның бағасын кейін 
анықтау үшін негіз болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет