Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


I Т А Р А У ПЕДАГОГИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
I Т А Р А У


ПЕДАГОГИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі генезисі



Ғылыми философиясы тұрғысынан педагогиканың даму үдерісіне көзқарас. ХХ ғасырда ғылыми білімнің адам өміріне әсері күшейген уақытта ғылымның өзі де зерттеу мәселесіне айналды. Өз зерттеулерінде ғылымның қалыптасу мәселесін ең басты зерттеу пәні ретінде қарастырған ғылым философиясының көрнекті өкілдері (К. Поппер, Т. Кун, М. Полани, С. Тулмин, И. Лакатос, П. Фейерабенд және басқалар) ғылым деген не, ғылыми танымның ерекшелігі неде, ғылымның құрылымы мен қызметтері қандай, оның даму сипатына не әсер етеді деген сұрақтарға жауап іздеді. Ғылым туралы пайымдауларды қайта қарастыру қазіргі педагогиканың қалыптасуына тікелей қатысы бар болғандықтан да аса қажет. Бұл үшін ХХ ғасырға дейін ғылым философиясы өкілдері «ғылыми заң» деп нені түсіндіргенін еске түсіру керек. Сол тарихи кезеңде көпшілік ғалымдар әлемді зерттеушілердің зерделеуіне тәуелсіз деп таныды. Барлығы да заңдармен басқарылады деп түсінілді. Ғалымдар ғылыми әлем құпиясын ашуға, оны түсіндіруге, ондағы әрекеттенуші күштерді тануға ғылым қабілетті деген бір жақты пікірде болды.
Әрине, барлық ғалымдар дәл осылай ойлаған жоқ. Олар адам айнала қоршаған дүниемен танысуда әлем туралы сезімдік дәйектер-мәліметтер бар деп білді. Ғылымдағы бұл бағыт логикалық эмпиризм деп аталды. Логикалық эмпиризм ғылымның эмпирикалық базисі мен тілінің шынайылығы туралы ойлануға мәжбүр етті. Бұл педагогикаға да өз әсерін тигізді. Педагогика өзінің ұғымдық тілін, эмпирикалық базасын қайта тексеріп пайымдады, педагогика ғылымының құрылымы, оның теорияларының құрамы туралы ойластырды. Жалпы алғанда, логикалық эмпиризм ғылымилықтың жаңа көкжиегіне жетуге ықпал жасады.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылым - білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. Ғылым саласындағы әрекет - ғылыми зерттеу. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Қазіргі уақытта ғылым әдіснамасы мамандары «ғылым объектісі» мен «ғылым пәні» түсініктерін ажыратып қарастырады. Объект дегеніміз - зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шындық болмыс, ал пән дегеніміз - зерттеудің объектісін ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Әртүрлі ғылым өкілдері бір ғана объектіні әр ғылымға тән түрлі түсініктер жүйесінде көреді және оның ішінде түрлі жақтарын, байланыстары мен қарым-қатынастарын ерекшелейді.
Педагогика ғылымы және оның объектісі мен пәні. Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге үйрету және тұлғаның мынадай қасиеттерін тәрбиелеу (ізгілік, адамгершілік, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа қабілеті). Егер осы іске кең мағынада қарасақ, бұл – адамзат қоғамының мәңгі өмір сүретін қызметін орындау әрекеті: жаңа ұрпақтарға жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу, беру, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды.
Осы негізде педагогиканы қоғамдық өмірге баулу мақсатындағы ерекше, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыстылық, педагогикалық мақсаттылық және педагогикалық басшылықпен сипатталатын әрекетті зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Ғылымның пәнін анықтау оның мәдени-әлеуметтік мәртебесіне бағынышты. Педагогика әлеуметтік-гуманитарлық ғылым болғандықтан, оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикадағы оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушы оқытудың объектісі және білім алудың субъектісі болып табылады. Дәстүр бойынша осы әрекетті тәрбие терминімен белгілеуге болар еді.
Педагогика ғылымы зерделейтін жоғарыда келтірілген әрекеттің ерекше түрін бейнелеуге өз мағынасы жағынан ең жақын тұрған түсінік – «әлеуметтендіру». Әлеуметтендіру деп өскелең адамның тұлға ретінде тарихи жинақталған мәдениетті, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі және жасауы арқасында оның қоғамға ену үдерісі түсініледі. Педагогикаға қатысты бұл әрекетті тұлғаның мақсатты бағытталған әлеуметтенуі деп белгілеуге болады.
Педагогикада «білім беру» ұғымы мәні жағынан тәрбиеге өте жақын. Білім беру әрі қоғамдық құбылысты, әрі педагогикалық үдерісті білдіреді. Ол педагогиканың объектісін жалпы әлеуметтік нысанаға ендіреді, сондықтан педагогика ғылымының объектісі – білім беру деуге болады. Педагогика – бұл білім беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден – бір ғылыми пән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет