Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері



бет1/9
Дата26.04.2023
өлшемі168,5 Kb.
#87205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс № 5
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері.
Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
(Воронин В.В., Г.И. Мчеднишвили)

Белгісі

Артериалды гиперемия

Ишемия

Жергілікті қан стазы

Венозды қанның тоқтауы

Тамырлар жағдайы

Артерия дилатациясы, капиллярлар және веналардың екіншілік кеңуі

Артериялардың бітелуі немесе тарылуының нәтижесінде капиллярлар және веналардың тарылуы

Микрососудтардың кейбір кеңеюі, стазы

Кері қайтушы веналардың бітелуі немесе қысылуынан капиллярлар және веналардың кеңеюі

Өтетін қан көлемі

Көбейеді

Азаяды

Жоқ

Азаяды

Қанның ағу жылдамдығы

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының көбеюі

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы

Жоқ

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы

Ағзалар және ұлпалардың қан тамырларының қанға толуы

Жоғары

Төмен

Кенет жоғары

Жоғары

Ағзаның, ұлпаның түсі

Ашық қызыл

Бозғылт

Қою қызыл

Қою қызыл цианоз

Қызуы

Жоғары

Төмен

Төмен

Төмен

Ұлпа сұйықтығының пайда болуы

Жоғарылауы әлсіз, ісінуі сирек

Төмендейді

Тоқтайды

Жоғарылайды, қатты ісінеді


Мидағы артериалды гиперемия.
Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі.
Ишемия (лат. ischaemia, қан тоқтау) — дене мүшелеріне қанның жеткіліксіз келуіне байланысты немесе қанның келуінің толық тоқтауына байланысты жергілікті қан айналымының бұзылуы.
Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.
Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.
Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет