П/п Наименование дисциплины



бет32/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
М ұхтар Шаханов

(1942 жылы туған)

Нарынқұм зауалы

(үзінді)

Махамбеттің монологы

...Иә, шындықтың ащы даңқы,

Шындық үшін жалғыз түстім егеске.

Ақындықтың басты шарты –

Басты алса да шындықты айту емес пе?
Өлімге сан жақын бардым,

Қоғансыз боп көрінсем де жай көзге.

Шындықты айтқан ақындардың

Бірақ жолы болып еді қай кезде?



Мен сенемін күні ертең

Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.

Күліп жайсаң күн ғажайып

Ел наласы тарқар деп.

Ақымақтар күрт азайып,

Сұмдар қорқақ тартар деп.

Мен сенемін, күні ертең,

Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем.

Мынау дәурен бұрқан-тарқан

Ертең қайта өзгерер...

Шындап құлап сүйе алмауды

Қылмыс санар кез келер.
Туған елім,

Құдіретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша

Кескініңді көрмейінші шаршаған.

Пасық ойлар тұншыққанша,

Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,



Жер астынан қарап жатам мен саған.

Талдау сауалдары:

  1. Махамбет ақынның трагедиялық көңіл күйі

  2. Ақынның шындық үшін басын да құрбан етуге дайын болуы

  3. Ақынның өлімнен қорықпауы

  4. Ақынның үміті, сенімі

  5. Туған елге деген махаббаты

  6. Тіршілік салтанаты

  7. Рең әсемдігі

  8. Эпитет (көріктеуіш)

  9. Теңеу

  10. Метафора (ауыстыру)

  11. Метонимия (алмастыру)

  12. Ұлттық өрнек

  13. Дерексіз ұғымды жандандыру

  14. Дерексіз ұғымды заттандыру

  15. Нақты көрініс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет