Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының



бет1/17
Дата26.09.2022
өлшемі284 Kb.
#40308
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ф-ӘД-001/026




Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ


БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
Факультет оқу-әдістемелік Кеңесі,
Хаттама № " ________2014 ж.
п.ғ.к., доцент Ф.Искакова__________


ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚ

Сауат ашу



Түркістан 2014


Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы «Білім технологиясы» кафедрасының 01.09.2014 ж. мәжілісінде талқыланды. №1 хаттамамен бекітілді.


Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент Ортаев Б
Құрастырған пән оқытушысы: Бакирова З

Практикалық сабақ 1
Тақырыбы Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйсіндегі маңызы
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.

1.Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа / кітаптан білуге / қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.


Сауат ашу жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
2.Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті–сөйлеудің маңызын білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
3. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз. Сондықтан оқудың алғашқы күнен бастап – ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қана қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз! Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады.
Балалар оқып үйренетін «Әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі – түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын, кез-келген көрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Практикалық сабақ №2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет