Психология педагогика және және и


МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ƏЛЕУЕТІН



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7538
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ƏЛЕУЕТІН 
ДАМЫТУҒА РЕСУРСТЫҚ ТҰҒЫР ЫҚПАЛЫНЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада автор ресурстық тұғыры магистранттардың зерттеушілік əлеуетін дамытуға 
психологиялық-педагогикалық аспектілердің позициясынан алып қарастырған. Ресурс ұғымын 
толық  мəнін  түсіндіру  мақсатында  «əлеует»  ұғымына  сараптама  жасап,  соның  негізінде  екі 
ұғымның байланыстарын анықтаған. Сонымен қатар «адамның ресурсы» жəне «адамның ка-
питалы»  ұғымдарын  зерделеген.  Аталмыш  ұғымдарды  бірімен-бірін  байланыстыра  отырып, 
олардың магистранттардың зерттеушілік əлеуетінің дамуына ықпалын айқындаған. 
Түйін сөздер: ресурстық тұғыр, əлеует, адамның ресурсы. 

99
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым - қоғамға - Педагогическая и психологическая наука − обществу
В данной статье автором было рассмотрено влияние ресурного подхода на развитие исследо-
вательского потенциала магистрантов с позиции психолого-педагогического аспекта. Изучено 
понятие «потенциал» и его взаимосвязь с понятием «ресурсы». Кроме этого проанализированы 
такие понятия как «человеческий ресурс» и «человеческий капитал». Обобщив все эти поня-
тия, автором определено их влияние на развитие исследовательского потенциала магистрантов.
Ключевые слова:ресурсный подход, потенциал, человеческий ресурс. 
Annotation
In this paper, the author analyzed the impact of resource based approach in the development 
of research capacity of postgraduates from the position of psychological and pedagogical aspects. 
Studied the concept “potential” and its relationship with the concept of “resources”. Besides analyzed 
concepts such as “human resources” and “human capital”. Summarizing all these concepts the authors 
determined their infl uence in the development of research capacity of postgraduates.
Keywords: resource-based approach, potential, human resource.
Б
əсекелестікке  қабілеттілік  экономика-
ны құруды қарастырған, бəсекелестікке 
қабілетті  ұлт  болуды  жариялған  стратегия 
бұл  өмірдегі  маңызды  мəселелерді  шешу 
талаптарын  барынша  толық  адам  ресурста-
рын  жаңа  инновациялық  принциптік  негізде 
шоғырландыру  арқылы  жүзеге  асыру  қажет 
делінген.  Бұл  идея 2050 жылға  дейінгі 
мемлекеттің  стратегиялық  білім  жүйесін  да-
мыту бағдарламасында адам ресурстарын са-
палы  түрде  дайындауды  жоғарылату  ретінде 
өз көрінісін тапқан. 
Егер  ертеректе  негізгі  назар  техникалық 
прогрессті  дамытуға,  прогрессивтік  техно-
логияларды  енгізуге,  ұйымдастыру  құрам-
дарын  жетілдіруге  аударылған  болса,  бүгінгі 
таңда  акцент  адамға  бағытталған.  Бүгінде, 
базар  əлемінде  тұтынушыларды  өздеріне 
қарату,  тауарларды  тиімді  бағаға  өткізу  үде-
рі сінде  өте  жоғары  бесекелестік  бар.  Сон-
дай  бəсекелестікте  техникалық  жəне  техно-
логиялық  жағынан  бірдей  жабдықталған 
компаниялардың  ішінде,  кейбіреулері  өз 
адам дарының  ресурстарын  дұрыс  пайдалана 
оты рып жетістікке жетеді. 
Əрине  бұл  тұста,  зерттеудің  мəселесі 
магистранттың 
зерттеушілік 
əлеуеті, 
адам ның  ресурсы  онымен  қаншалықты 
байла нысты  деген  сұрақ  туындауы  мүмкін. 
Бұл  мəселеге  жауапты  «əлеует»  ұғымының 
анық тамасынан іздестірейік. 
«Үлкен  Кеңестік  энциклопедия»  бізді  қы-
зық тырып  отырған  түсінікті  əртүрлі  тұр-
ғыдан  толықтырады:  əлеует – бұл  «орта-
ның  жағымсыз  ықпалдарына  қарсы  тұруға 
қабілеттілік;  сыртқы  ықпалдарға  замана-
уи  жəне  белсенді  қарсылықты  қамтамасыз 
ететін  механизм,  бар  ресурстарды  тиімді 
қолдана  отырып  болашақта  қол  жеткізетін 
жинақталған қор мен нəтижелер көлемі» [1]. 
Ресей  ғалымы  Э.Ф.  Зеер  тұлғалық  əлеу-
етті  адамның  кəсіби  тұрғыдан  дамуын 
ресурстық  мүмкіндік  ретінде  қарастырып, 
оның  қабілетін  кəсіби  іс-əрекетін  табысты 
атқаруымен, еңбектік іс-əрекетімен сипаттап, 
тұлғалық əлеуетпен іске асыруымен байланы-
стырады [2].
Əлеует  ұғымына  екі  анықтама  бердік, 
біріншісі  жалпы  əлеуетке,  ал  екіншісі  адам 
əлеуетіне  қатысты.  Бұл  екі  анықтамада  да 
ресурс  сөзі  орын  алған.  Бұдан  біз  келесідей 
тұжырым  жасаймыз,  əлеует  жəне  ресурс 
ұғым дары  бірімен-бірі  тығыз  байланыс ты, 
екіншісі  біріншісінің  туындысы  блып  табы-
лады.  Сондықтан  біздің  пайымдауымыз ша, 
ресурстық  тұғырда  зерделеу  бізге  магист-
ранттың  зерттеушілік  əлеуетінің  құрамын 
жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызады. 
«Адамның  ресурсы», «адамның  факто-
ры», «адамдық капитал» ұғымдары, нақтылы 
мамандардың рольдерін мəнін түсінуге ұмты-
лумен  байланысты,  еңбек  базарында  оқыту 
мен  тəрбиелеу  мақсатында  экономикаға  кір-
гізілген. 
Адамның ресурсы – термині, жұмыс ұйы-
мының  барлық  персоналдары  болмаса  ма-

100
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
мандар  құрамының,  жұмыс  күштері  жəне 
еңбек саласының ресурстары, территориялар, 
аймақтар мен толық мемлекеттің мазмұндық 
жəне сапалық сипаттамасы.
Адамның ресурсын дамыту саласында өту 
қажет:
- бір жақты мамандандырылған жəне шек-
теулі жауапкершілікпен тапсырылған жұмыс-
қа – кең  көлемдегі  кəсіби  жəне  профильдік 
лауазымға;
- жоспарланған мансаптық жолдан – ақпа-
раттандырылған  жəне  бейімделгіш  кəсіби 
даму траекториясын таңдауға;
- тыңдаушылар тоғысқан қиын мəселелерді 
бақылауға  алып – кəсіптік  тұрғыдан  жан-
жақты дамуға мүмкіндік жасауға;
-  оқушылардың  кері  байланыстан – оны 
белсенді іздестіруден бас тартпауы. 
Осылайша, біз басқаруды дамытуды жүзеге 
асырудағы  мүмкіндік  базалық  ресурсты  да-
мыту  болып  саналады,  ал  механизм  ретінде 
рефлексия деп айта аламыз. 
Адамның  ресурстарын  дамытуды  басқару 
өмірдегі  ұғымдар  мен  категорияларға  негіз-
деліп  айқындалады,  тұлғаның  зияткершілігі 
ретінде [3], оның болашаққа ұмтылуы кəсіптік 
деңгейінің сапасын озықтандырады [4]. 
Сондықтан,  заманауи  қоғамның  негізгі 
ресурстары  адамның  бойындағы  білімі, 
біліктілігі жəне тұлғалық сапалылығы, оның 
капиталы болып саналады. Адамның өздігімен 
білімін  жетілдіруі  жəне  оқуы,  тұлғалық 
тұрғыдан мобильдігін, құзыреттілігін, өзін-өзі 
іске  асырушылығын,  креативтігін,  өзгермелі 
ситуацияларда  дұрыс  бағыт  табуға  қабілетті 
болып  жəне  практикалық  міндеттерді  тиімді 
шеше  білуі  оның  даму  мүмкіндіктерінің 
деңгейін анықтайды. 
«Адамның  капиталы»  ұғымының  құнды-
лығы келесідей себептермен түсіндіріледі: 
- адам баласын экономикалық, əлеуметтік 
жекешелік  аспектісін  тұтастық  тұрғыдан 
қарастырады;
- «адамның  капиталы»  ұғымы,  адамның 
кəсіптік  іс-əрекетін  сипаттайтын,  сапалық 
жəне  қабілеттілігі  жағынан  үш  топқа  бөлі-
неді:  физикалық,  зияткершілік  жəне  психо-
логиялық;
- «адамның  капиталы»  ұғымын  пайда-
лануда  адамның  капиталын  қаржыландыру 
қажеттілігі  жəне  сол  қаржылардың  жемі сін 
ұзақ  уақыт  бойы  тиімді  қайтару  мүмкіндік-
терін көрсетілген;
-  бұл  ұғым  еркін  тұлғаның  сипаттамасы, 
еңбек  базарының  дербес  агенті  болып  сана-
лады. 
Жоғарыда  айтылған  тұжырымдарға 
сүйе не  отырып  пайымдайтын  болсақ,  яғни 
магистранттардың  зерттеушілік  əлеуе-
тін  дамыту,  ол  адамның  капиталын,  қо-
рын,  ресурстарының  көлемін  кеңейту,  өсіру 
болып  табылады.  Яғни,  неғұрлым  магист-
ранттардың  зерттеушілік  ресурстары  ар-
тылса,  соғұрлым  олар  өздерін  жан-жақты 
дамытып, өз алдына жаңа білім алуға мүм-
кіндіктерін арттырады. 
Бүгінгі  уақытқа  дейін  ғалымдар  тарапы-
нан  адамның  капиталына  қоғам  жəне  ай-
мақ  деңгейінде  баға  беруге  талай  талаптар 
жасалынған.  Солардың  негізінде  «адамның 
капиталын»  сипаттайтын  үш  негізгі  топтық 
көрсеткіштер белгіленген: 
- кəсіптік деңгейі;
- оқуға деген түрткі (құштарлық) ;
- еңбекке деген қатынасы. 
Оқуға  деген  нақтылы  түрткі  (мотивация) 
əлеуметтік-педагогикалық  көрсеткіш  болып 
табылады, түрткілердің қалыптасу деңгейінің 
көрінісі,  білімді  қаржыландыру  саласында 
тұлғаның  жүріс-тұрысын  анықтайтын  жəне 
адамның капиталын қалыптастыру үдерісі та-
бысты болуына əсер етеді.
Өз  кезегінде,  білім  деңгейі  бағалармен 
белгіленген түрткілер жинағының туындысы 
болып табылады:
- өмірлік құндылықтар жүйесінде білімнің 
алатын орны;
- оның мансабына əсер етуі;
- квалификацияны жоғарылатуға мүмкіндік 
туғызу жəне оның қажеттілігі. 
Ғалымдардың  көзқарастары  бойынша  бі-
лім арқылы тұлға өмірге дайындалады, соның 
жетекші  факторы  болып  саналып,  келесі дей 
өмірде тіркелген рөлдерді орындайды [5]: 
- Өзін-өзі іске асырған тұлға. Өзінің қабі-
леті  мен  қажеттілігін  жете  түсінген,  бар 

101
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым - қоғамға - Педагогическая и психологическая наука − обществу
білімін  ретімен  альтернативті  түрде  пайда-
ланып,  өте  жоғары  мүмкіндікпен  салауат-
ты, мағыналы жəне толыққанды өмір сүрген 
тұлға. 
- Басқа адамдардың қолдауын қажет ете-
тін  тұлға.  Бұл,  басқа  адамдармен  қарым-
қатынастарды бағалай білетін жəне көптүрлі 
нəтижелі байланыстарды солармен дамытуға 
бағытталған адамның өмірдегі рөлі. 
- Үздіксіз оқитын тұлға. Бұл, əрдайым жаңа 
білім алатын, сонымен қатар сыртқы əлемнің 
өзгермелі  жағдайларына  біліктілікпен  əсер 
ететін адамның рөлі. 
- Мəдениеттік тұрғыдан дамуға белсен ді 
қатысушы.  Бұл,  мəдениеттілік  пен  креатив-
тік  іс-əрекетті  бағалай  білетін,  сондай  іс-
шараларға  белсене  араласатын  жəне  тұлға 
мен  қоғамды  қалыптастырудағы  мəдениет 
аспектісінің  маңыздылығын  түсінетін  адам-
ның рөлі.
Бұл  рөлдерді  көрсетуіміздің  негізгі  мақ-
саты  магистранттарды  сол  рөлдерге  сəйкес-
тендіру. Яғни, тыңдаушылардың білім ресур-
старының  көлемін  кеңейту  арқылы  олардың 
зерттеушілік  əлеуетін  дамытуға  қолайлы 
жағдайлар туғызамыз. 
XXI ғасырдың білім саласында ресурстық 
тұғырды  қалыптастыру  қажетті  өзектілікке 
айналып отыр. Бұны төмендегі ғалымдардың 
жүргізген ғылыми еңбектерінен көруге бола-
ды Т.Л. Клячко, В. Болотов пен А.М. Конда-
ковтар  жəне  т.б.  Ресурстық  тұғырдың  мəнін 
түсіну үшін, «ресурс» жəне «қамтамасыз ету» 
ұғымдарына талдау жасау керек. 
Орыс  əдеби  тілінің  заманауи  сөздігіне 
ай тылған,  ресурстар  дегеніміз  (француз 
тілінен – ressorse) – құралдар,  қажетті  жағ-
дайда  пайдалануға  бар,  ал  қамтамасыз  ету 
– материалдық құралдар, өмір сүруге, күнел-
туге мүмкіндік туғызатын; бір нəрсенің орын-
далуына кепілдік беретін; бір нəрсенің сенімді 
түрде орындалуына сендіру делінген [6].
Білімді  дамыту  мəселелерін  зерделеген 
көптеген  ғалымдар  өздерінің  зерттеулерінде 
мынадай  тенденцияларға,  жаһандану,  транс-
формациялау,  вариативтікке,  көпдеңгейлікке 
көбірек  назар  аударған.  Білімді  дамыту  тен-
ден цияларының  арасындағы  негізгісі,  біздің 
атап  өтейін  дегеніміз,  ол  білімнің  тұлғаға-
бағытталғандығы  болуы.  Бұл  жайында  А.М. 
Кондаков  біліктілікті  жоғарылату  білім  беру 
жүйесінде  ресурстық  тұғырды  қолданған 
тиімді  екенін  мақұлдап,  барлық  білім  беру 
іс-əрекетінің  сапалық  мəнінде  дифференци-
ялау,  диверсификациялау,  вариативтік  жəне 
инновациялық  сипаттамалар  бар  деп  жора-
малдайды [7].
Ресурстық  тұғыр  келесідей  басымдыққа 
бағыт талған:
-  нəтижесі,  қоғам  мен  мемлекеттің  жəне 
тұлғаны  дамыту  назарын  тепетеңдікпен 
қамтамасыз ету;
-  білімді  дамыту  бағыттары  көрінісінің 
көп аспектілісі;
-  барлық  білім  жүйесінің  құрылымдары 
мен  деңгейлерін  жəне  білім  саласындағы 
əлеу меттік  өзара  қарым-қатынастар  жүйесін 
тұтас түрде қамтығандығы;
-  барлық  əлеуметтік  білім  беру  əлеуетіне 
қабілетті қоғамның білім салаларының өзара 
келісімділігі.
А.М.  Кондаковтың  көзқарасы  бойынша: 
«...біз  білім  береміз,  яғни  əрдайым  өзіңді 
құру  үшін» [7, с.3].  Бұл  қорытындымен 
əлеуметтанушы  И.В.  Бестужева-Ладаның 
тұжырымдамасын  байланыстырып  көрелік, 
оның  айтуынша, «...болашақты  жоспарлау-
да  қажетті  тəсілмен  теңдей  ресурстармен 
қамтамасыз  етілген  тұтас  жүйе  жасап,  бар-
лығына  нақты  анық  түсінікті  нəтижелер 
түрін де  жасалу  керек.  Мұндай  жоспар  бұл 
жүйенің  келешектегі  жағдайының  үлгісі 
ретін де топтың бірлескен іс-əрекеттері неме-
се  көптеген  адамдардың  нормативтік  моделі 
болуы  қажет.  Оның  негізгі  идеясы,  адамдар-
ды біріктірген күштер, оларды жұмылдырған 
мүдде үшін сол жүйені дамытуға бағытталуы 
керек» [8].
Əскери  жоғары  мектебі  магистранттары-
ның зерттеушілік əлеуетін дамыту қажеттілігі 
əскери  білім  үздіксіз  деген  идеясынан  ту-
ындады.  Өйткені  шектен  тыс  қарқынды 
ақпа раттардың  көбейуі  мен  оларды  көне 
тəсіл дермен  меңгере  алмау  арасындағы 
қарама-қайшылықты  шешу  қажеттілігімен 
бай ланысты. Сонымен қатар, үздіксіз əскери 

102
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
білім беру əлеумет саясатының негізгі саласы 
болып қалыптасты, адамды кəсіби тұрғыдан 
дамытуға қолайлы жағдайлармен қамтамасыз 
етіліп,  магистранттардың  субъектілік  əлеуе-
тін  дамыту  мемлекетімізде  «адамдар  ресур-
сы»  −  жоғары  квалификацияланған  маман-
дардың  толығуымен  байланыстырылады. 
Дегенмен,  заманауи  еңбек  базары  өте  қар-
қынды инновациялық жəне ақпараттық даму 
жағдайында  жəне  бəсекелестіктің  күшей ген 
кезінде,  жас  мамандардың  кəсіби  дайын-
дықтарына  өте  жоғары  талаптар  қойылады. 
Жоғары білімді қаржыландыру, стратегиялық 
ұзақ уақыттан кейін жемісін беретін сала бо-
лып табылады, сонымен қатар тыңдаушылар 
оқуларын  аяқтағанша,  елеулі  құрылымдық 
өзгерістер  мен  өндірістер  жабылып,  соны-
мен  бірге  мамандарға  қажеттілік  болмауы 
мүмкін. 
Сондықтан  бүгінгі  таңда  еңбек  базарын-
да  білімге  талап  қойылмайды,  маманның 
білім,  біліктілік  жəне  дағдыға  негізделген, 
қабілетінің  арқасында  белгілі  жұмыстарды 
атқарып,  кейбір  уақаттарда  ойда  болмаған 
функционалдық міндеттер мен операциялар-
ды іске асыруымен бағаланады. 
Бұл  тұжырымға  сəйкес  біздің  айта йын 
дегеніміз,  зерттеушілік  əлеуеті  дамыған 
магист ранттардың,  біріншіден,  өз  алдына 
жаңа білім алуға қабілетті болуы, екіншіден, 
тəжірибелік  тұрғыдан  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізудің  түрлі  тəсілдерін  қолдануды  терең 
меңгереді, үшіншіден, болған құбылыстарды 
салыстырудың,  солардың  қайталану  заңды-
лық тарының негізінде болатын оқиғаны бол-
жауға  мүмкіншілігі  артады,  төртіншіден, 
атал ған  қасиеттердің  арқасында  өз  алдына 
практикада  сенімді  шешім  қабылдауға  дағ-
дыланады.  Ойымызды  түйіндейтін  болсақ, 
не ғұрлым  магистранттардың  бойындағы  жа -
сы  рын  ресурстарды  дамытуға  қолайлы  жағ-
дай лар  жасасақ,  соғұрлым  олардың  зерт теу-
шілік əлеуеті дамиды.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Большая советская энциклопедия / под 
ред. Б.Г. Мещерякова, В.П. Зинченко, − СПб.: 
Прайм-Еврознак, 2004. – 672 с.
2 Зеер Э.Ф. Концепция развивающего про-
фессионального образования / Э.Ф. Зеер // 
Образование и наука. 2004. − № 3. – С. 3-14.
3 Исследовательский центр проблем каче-
ства подготовки специалистов. КГУ имени 
Н.А Некрасов, Крестьянский государствен-
ный университет имени Кирилла и Мефодия. 
– М.: СПб, 2001. – 182 с.
4 Дакарские рамки действий. Образование 
для всех: выполнение наших коллективных 
обязательств. – Дакар, Сенегал. 26-28 апреля 
2000. − С. 12-13. 
5 Человеческое развитие в Казахстане: 
Учебник.// Под общей ред. Н.К. Мамырова 
и Ф. Акчуры. – Алматы: Экономика, 2003. − 
436 с.
6 Ожегов С.М. Толковый словарь русского 
языка. – М., 1993. − 960 с.
7 Кондаков А.М. Образование как ресурс 
развития личности и общества// Материалы 
выступления на Межрегиональном образова-
тельном форуме. Фонд Евразия, Москва. 22 
мая 2004 г. На сайте http://www.eurasia.msk.
ru/news/archive.html
8 Бестужев-Лада И.В. Народное образо-
вание: философия против утопии // Вопр.
филос. 1995. − №11. − С.17-20.

103
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым - қоғамға - Педагогическая и психологическая наука − обществу
ƏОЖ: 373.1
А.Ə. БУЛАТБАЕВА, М. АЛҒАБЕК 
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Жалпы жəне этникалық психология кафедрасы
a.bulatbaeva@yandex.ru
Алматы қ., Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҰМТЫЛЫС
МƏСЕЛЕЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Аннотация
Қазіргі кездегі оқушылар арасындағы оқу үлгерімінің төмендігі қоғам алдында тұрған өзекті 
мəселе. Көптеген педагог-психологтар оқушылардың оқу үлгерімінің төмен деңгейін біріншіден, 
танымдық іс-əрекеттегі кемшіліктермен, екіншіден, оқушының мотивациялық сферасындағы 
кемшіліктермен  тығыз  байланыстырады.  Осыған  орай  мақалада  теориялық  талдау  негізінде 
ұмтылыс  деңгейінің  мəні,  детерминанттары,  механизмдері  анықталған.  Оқушылардың  оқу 
үлгеріміне ықпал етуші фактор ретінде олардың ұмтылыс деңгейлері тəжірибелік жұмыс ба-
рысында айқындалған.
Түйін сөздер: тұлғаның ұмтылыс деңгейі, оқу үлгерімі, төмен үлгерім, өзін-өзі бағалау, мо-
тив, мақсат құру.
На современном этапе низкий уровень успеваемости среди учащихся – одна из актуальных 
проблем общества. Многие педагоги-психологи низкий уровень успеваемости учащихся свя-
зывают, во-первых, с недостатками в поведении, во-вторых, с недостатками в мотивационной 
сфере. В этой связи, в статье предпринята попытка обоснования сущности, детерминант и ме-
ханизмов развития уровня притязаний, а также представлены р езультаты экспериментальной 
работы по выявлению уровня притязаний в качестве ведущего фактора, влияющего на успева-
емость школьников.
Ключевые  слова:  уровень  притязаний  личности,  учебная  успеваемость,  низкий  уровень 
успеваемости, самооценка, мотив, сформированность цели.
Annotation
At the present stage schoolchildren’s lower achievements in education is one of the actual problems 
of the society. According to many psychologists this problem is associated, fi rst of all, with the problems 
of behavior, secondly, defi ciencies in motivational. With this aim, the article attempts to substantiate 
the essence, determinants and mechanisms of development and the level of claims. There have been 
also presented the results of experimental work on revealing the level of claims as the leading factor 
affecting the schoolchildren in making progress.
Keywords: level of claims personality, academic performance, low level of academic achievement
self assessment, motive, to form the target.
М
ектеп  жасындағы  балалардың  тұл-
ғалық  дамуына  қолайлы  жағдай 
туғызу отандық білім беру жүйесін оңтайлан-
дырудың  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып 
табылады. Осы мақсаттың жүзеге асырылуы 
баланың  психологиялық  жəне  психикалық 
деңсаулығын анықтау мен оқыту үдерісіне əсер 
етуші факторларды негіздеумен анықталады. 

104
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
Сондай-ақ,  оқушылардың  қандай  тұлғалық 
ерекшеліктері  оның  оқу  үлгеріміне  қалайша 
əсер ететіндігін де анықтау аса маңызды.
Шынайы білім берудің мəні оқу əрекетінің 
саналығы  мен  баланың  ынтамен  оқуы  деп 
айтуға  болады.  Солай  болатын  болса,  оқу-
шы  тұлғасының  субъектілік  жəне  даралық 
қасиеттерін,  сəтсіздік  пен  жетістік  жағ дай -
ында  жүріс-тұрыс  ерекшеліктерін,  өзін дік 
бағалау  сапасын,  оқу  іс-əрекетінің  мақсат-
тарын  белгілеуін,  ұмтылыс  деңгейін  ескеру 
білім беру тиімділігінің кепілі. Оқушымен оқу 
іс-əрекетінің мақсатына жетуі оның ұмтылыс 
деңгейімен байланысты. 
Ұмтылыс  деңгейін  зерттеу  жиырмасын-
шы  ғасырдың 20-30 жылдары  К.Левиннің 
жетекшілігімен қолға алынды. Курт Левиннің 
шəкірті  Тамара  Дембо  қиын  жəне  шешімі 
жоқ  тапсырмаларды  шешу  кезінде  индивид 
бастапқы мақсатқа жақындататын жеңіл тап-
сырмаларды  белгілейтінін  жəне  оған  адам 
кезең-кезеңмен  қол  жеткізуге  тырыса тын-
дығын дəлелдеді. Осы мақсатты ол «ұмты лыс 
деңгейі» деп атады [1].
Кейінірек,  Ф.  Хоппе  «ұмтылыс  деңгейі» 
феноменінің  ұғымын  кеңейтті,  оның  мазмұ-
нына  əрбір  жетістік  сайын  жылжып  отыра-
тын  келешектегі  жетістіктерге  деген  айқын 
емес  немесе  анық  күтулердің,  мақсаттардың 
жəне  ұмтылулардың  жиынтығын  кіргізді. 
Жалпы алғанда кезекті əрекеттердің мақсаты 
ретінде анықтады. Ф. Хоппе мақсатты таңдау 
кезінде нақты əрекеттің шынайы мақсатынан 
бөлек индивидтің мінез-құлық стратегиясын 
ауқымы  кең  «идеалды»  мақсат  айқындайды 
деп маңызды тұжырым жасады [2].
Ф.  Хоппе,  одан  кейін  М.  Юкнат  жəне 
Л.  Фестингер [7] жетістік  пен  сəтсіздіктің 
ұмтылыс  деңгейінің  динамикасына  əсері 
анықтады:  ұмтылыс  деңгейінің  жетістіктен 
кейін  жоғарылауы  жəне  сəтсіздіктен  кейін 
төмен деуі.
Одан  кейінгі  кеңестік  жəне  шет  елдік 
ғалымдардың  түрлі  зерттеулерінде  ұмтылыс 
деңгейі  феномені  мазмұны  мен  көлемі 
жағынан  кейде  тарылып,  кейде  кеңейіп 
көрініс  таба  бастады.  Мысалы,  Е.А.  Се-
ребрякова [4] ұмтылыс  деңгейін  адамды 
қанағаттандыратын  өзіндік  бағалау  қажет-
тілігі  деп  түсінді.  Н.Л.  Коломинский  бол-
са  тұлғаның  өзіне  тиісті  деп  санайтын  өзін-
өзі  жүзеге  асыруының,  құрылуының  моделі 
ретінде  қарайды.  Б.Г.  Ананьев [5] белгілі 
бір  оң  бағалауға  деген  қалыптасқан  тұрақты 
қажеттілік деп санаған.
Жиырмасыншы  ғасырдың  алпысыншы 
жылдары зерттеулердің кең масштабтығы мен 
санына  қарамастан  кеңестік  жəне  шетелдік 
педагог-психологтардың  алдында  ұмтылыс 
деңгейінің  маңызын  айтарлықтай  дұрыс  си-
пат тайтын – таңдалатын  мақсаттардың  күр-
де  лілік  деңгейі  деген  анықтамасы  жалпыға 
ортақ түсінікке айналды.
Психологиялық  зерттеулерде  ұмтылыс 
дең гейінің  тұрақты  детерминанттары  ретін-
де  тұлғаның  өзіндік  бағалауы,  мотивация-
сы,  құндылық  бағдары,  ерік-жігері  қарасты-
рылған.
Ұмтылыс  деңгейінің  өзіндік  бағалаумен 
байланысын басқа да шетелдік (Р. Гоулд, Дж. 
Гарднер, X. Хекхаузен) жəне кеңестік ғалым-
дар (Е.А. Серебрякова, Б.В. Зейгарник) айтқан 
болатын.
Кейбір  зерттеушілердің  (Л.И.  Божович, 
А.И. Липкина, В.В. Николаева, Е.И. Савонько, 
Е.А.  Серебрякова)  пайымдауынша, «өзіндік 
бағалау» мен «ұмтылыс деңгейі» ұғымдарын 
синоним ретінде қолдану керек деген.
В.Н.  Семиннің  тұжырымы  бойынша, 
адекваттық  өзіндік  бағалау  кезіндегі  ұмты-
лыс  деңгейінің  жоғарылауы  көптеген  жасөс-
пірімдердің таңдау жасаған кезде жəне жақсы 
баға  алуға  деген  талпынысы  кезінде  сынып-
тастарының бірге болуына байланысты [6].
Л.В. Семинаның бастауыш сынып оқушы-
ларының  ұмтылыс  деңгейін  анықтауға  ба-
ғыт талған  зерттеуінде  көптеген  балалардың 
сабақ та тапсырмалардың күрделілігін таңдау 
сəтін дегі  ұмтылыс  деңгейінің  жоғары  болуы 
сыныптастарының  басым  құндылықтарымен 
немесе сыныптағы референттік топтың білім-
дік  құндылықтарының  формасындағы  əлеу-
меттік-психологиялық  факторлармен  негіз-
деледі деген [7]. 
Өзіндік бағалаумен қатар, көптеген экспе-
ри менттердің пəніне айналған ұмтылыс дең-

105
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым - қоғамға - Педагогическая и психологическая наука − обществу
гейінің басты детерминанттарының бірі – мо-
тивация.
В.Г.  Мараловтың  пайымдауынша,  моти-
ва цияның  ұмтылыс  деңгейімен  байланы-
сы  мақсат  құру  процесінде  жəне  де  қабыл-
данған жəне қойылған мақсатқа жету процесі 
кезінде  көрініс  табады  жəне  мотив  əртүрлі 
жағдайларда  басқа  да  факторлармен  бірге 
мақсатқа деген қатынасты анықтайды, маңыз-
ды  мотивация  көп  жағдайда  ұмтылыс  дең-
гейінің жоғарылауына əкеледі [8].
А.Д.  Глоточкин  мен  В.П.  Каширин  тұл-
ғаның  ұмтылыс  деңгейінен  құндылық  бағ -
дарларын,  іс-əрекетте  белгілі  бір  жетіс тік  ке 
қол  жеткізудегі,  мойындалудағы,  қор ша ған 
орта  тарапынан  құрметтелудегі  қа жет  ті-
ліктерді  байқай  отырып,  ұмтылыс  дең гейін 
түрті  болушы  күш,  өзін-өзі  дəлелдеу  мотиві 
деп  санайды.  Өзін-өзі  дəлелдеуді  олар 
тұлғаның  қоршаған  ортамен  өзара  əре кет-
тесуінің  əлеуметтік-психологиялық  меха-
низм  дерінің  бірі  ретінде  қарастырады  жəне 
тұл ға  мен  ұжым  дамуының  маңызды  факто-
ры ретінде мойындайды. Ал, ұмтылу деңгейі 
құндылықтарды,  бағдарларды,  белгілі  бір 
нəтижеге  жетудегі  қажеттіліктерді  сипаттай-
ды деп біледі [9].
Осылайша, бұл ғалымдардың еңбекте рінде 
ұмтылыс  деңгейінің  əлеуметтік-психоло гия-
лық  факторлармен  жалпы  байланысы  емес, 
шынайы  топтың  тұлғаға  əсер  етуінің  түрлі 
механизмдерінің əсері қарастырылады. Яғни, 
оқушылардың  ұмтылыс  деңгейлерін  талдау 
жəне диагностикалау біріншіден, оның моти-
вацияланумен,  екіншіден,  нақты  іс-əрекетте 
түрлі  жастағы  балалардың  спецификасы-
мен  анықталады  деген  ойды  айтуға  бола-
ды.  Зерттеу  мəселесі  бойынша  əдебиеттерге 
шолу  жасаудың  негізінде,  ұмтылыс  деңгейін 
детер минанттары  жəне  мақсатқұрылымның 
меха  низмдері  анықталды.  Жалпы,  ұмтылыс 
деңгейін теориялық талдау оның басқа тұлға-
лық  қасиеттерімен,  мотив  пен  мақсаттың 
жү зе ге  асуының  саналы  ұйымдасуымен, 
ерік-жігерлі  белсенділікке  байланысты  деп 
тұжырымдауға  мүмкіндік  туғызады  жəне 
оқу шымен  оқу  əрекетің  орындауда  ерік тік 
регуляторының  маңызына  ие  болуы  қажет-
тілігін негіздейді.
Сондықтан,  ұмтылыс  деңгейінің  көрінісі, 
қалыптасуы  мен  түзету  механизмдерін  бел-
гілеу  білім  беру  сапасын  көтерудің  бірден 
бір  факторы  деуге  болады.  Өйткені,  тұлғаға 
тəрбиелік əсер ету тек пəн арқылы ғана əсер 
етумен  шектелмейді,  оқушыға  білімдерді 
меңгеруге  жағдай  жасаған  бүкіл  қатынастар 
жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Жетістік 
пен  сəтсіздікті  бастан  кешіру,  ұмтылыс  мен 
ниеттердің,  шешімдер  мен  қатынастардың 
қалыптасуы  негізінде  бағдарлаушы  (оқушы-
ның оқыту процесі мен өз білімдерін ұғынуы), 
ынталандырушы  жəне  əсер  етуші  функция-
лары  дамиды  жəне  оқушы  тұлғасы  жаңа 
қаситтерге ие болады. 
Жоғарыда сипатталған теориялық талдауға 
негізделе  отырып  біз  келесі  зерттеу  бол-
жамын  құрдық – тұлғаның  ұмтылу  деңгейі 
оқушылардың  оқу  үлгеріміне  оң  əсер  етеді. 
Зерттеу болжамын тексеру мақсатында келесі 
зерттеу əдістемелері таңдалды:
-  Оқушы  үлгерімін  педагог  тарапынан 
баға  лау əдістемесі.
- Ұмтылу деңгейін бағалау тесті (Ф.Хоппе).
- Тұлғаның ұмтылу деңгейін анықтау əдіс-
темесі (В.К. Гербачевский) [10].
Зерттеу  барысында  оқушылардың  оқу 
үлге  рімін  анықтау  мақсатында  оқушы  үлге-
рі мін  пелагог  тарапынан  бағалау  əдісте-
месі  жүргізі ліп,  оқушылардың  жалпы  оқу 
үл ге  рі мі  тура лы 2 тоқсандық  мəліметтер 
алын  ды.  Оқу  үлге рімі  төмен  оқушылар  мен 
оқу  үлгерімі  жоғары    оқушылар    болып  2  
топқа  бөліп  алынды.  Таңдау  тобына  Ф.Хоп-
пе нің  ұмтылу  деңгейін  бағалау  тесті  мен 
В.К. Гербачевскийдің тұл ғаның ұмты лу дең-
гейін  анықтау  əдістемесі  жүргі зілді.  Нəти-
желер өңделіп, тұлғаның ұмтылу дең гейі мен 
оқушылардың оқу үлге рімі арасындағы бай-
ланысты анықтау үшін Спирменнің рангілік 
корреляциялық критериі қолданылды.
Ф.Хоппенің  тұлғаның  ұмтылу  деңгейін 
анықтауға арналған тестінің нəтижелерін са-
ралап  көрелік.  Тапсырмалардың  күрделілік 
деңгейіне  байланысты  тұлғаның  ұмтылу 
деңгейінің көрсеткіштері І топта басымырақ. 
ІІ  топ  арасындағы  айырмашылықтар  статис-
ти калық мəнді. 

106
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2014
Кесте 1 − Тұлғаның ұмтылу деңгейінің орташа көрсеткіштері (Ф.Хоппе тесті)
Тапсырмалардың күрделілігі
Ұмтылу деңгейінің орташа көрсеткіштері
р
І топ
ІІ топ
жеңіл
29,0
27,9
0,001
орташа
57,9
46,8 0,001
күрделі
29,2
24,2
0,022
Сурет 1 − Тұлғаның ұмтылу деңгейінің орташа көрсеткіштері (Ф.Хоппе тесті)
В.К. Гербачевскийдің əдістемесі тұлғаның 
мотивациялық  құрылымының  компонент те-
рін  диагностикалаудың  көмегімен  ұмтылу 
дең гейін  өлшеуге  арналған.  Мотивациялық 
құры лым компонентіндегі ішкі мотив бойын-
ша екі топ арасында мəнді айырмашылықтар 
анықталды. Яғни, оқушылардың тапсырманы 
орындауға деген əуестігі жалпы алғанда бірдей 
көрсеткішке  ие  болғанымен,  статистикалық 
тұрғыда мəнді айырмашылыққа ие.
Сурет 2 − Мотивациялық құрылым компоненттерінің орташа көрсеткіштері

107
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым - қоғамға - Педагогическая и психологическая наука − обществу
Сурет 3 − Тұлғаның ұмтылу деңгейінің пайыздық көрсеткіштері 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет