Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ойталқы Қалай ойлайсыңдар, ислам діні болмағанда Араб мемлекеті құрылар ма еді? Араб халифатының кеңеюі және басқару жүйесі



Pdf көрінісі
бет27/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Ойталқы
Қалай ойлайсыңдар, ислам діні болмағанда Араб мемлекеті құрылар ма еді?
Араб халифатының кеңеюі және басқару жүйесі. Барлық жаулап 
алынған жер мемлекеттік меншікке айналдырылды. 661–750 жылдары 
билік басына 
Омейя әулеті келді. Бұлар сириялық арабтар еді. Халифат 
астанасы 
Дамаск қаласы болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


42
VIII ғасырдың басында арабтар Солтүстік Африканың жағалауын, 
711–718 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиреней түбегіндегі Испа-
нияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті.
705–715 жылдары Орталық Азияда Хорезмді, Хиуа мен Бұхараны, 
Сайрамды өздеріне қаратты. Орталық Азияны бағындыру үшін арабтар ға 
түріктер және Қытаймен соғысуларына тура келді. 
Балалар, сендер Қазақстан тарихынан білесіңдер, 751 жылы Тараз 
қаласына жақын жерде «Атлах» шайқасы болды. Бұл шайқас қытай 
әскерлері мен арабтар арасында болып, арабтар жеңіске жетті. 
Шайқаста түргештер мен қарлұқтар арабтарды қолдап, Қытайға қарсы 
соғысты. Осылайша Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі де халифаттың 
құрамына кірді.
Халифаттың жері 
бес жергілікті басқару аймағына бөлінді. 
1. Иран, Ирак, Шығыс Арабия, Хорасан және Орталық Азия; 2. Хиджаз, Йемен, 
Орталық Арабия; 3. Армения мен Әзiрбайжан, Кiшi Азияның шығыс бөлiгi; 
4. Мысыр, Ливия, Триполи; 5. Батыc Африка мен Испания.
Араб халифатының саяси жүйесi
Халиф
Жоғарғы мемлекет және 
дiнбасы 
Омейя әулетi (661–750 жылдар)
Аббас әулетi (750–1258 жылдар)
Әмiрлер
Ә м i р л i к т е р
Адал қызмет ат-
қарғаны үшiн 
«иқта» жері берiлдi
Мемлекеттiң негiзгi 
тiрегi ақсүйектер мен 
саудагерлер болды
Әрбiр әмiрдiң екi орынба-
сары болды. Бiрiншiсi – 
салық жинады, екiншi сi – 
дiн iсiмен айналысты
Халифатқа қарамағындағы аймақты 
басқарып тұру үшін өте көп әскер 
керек еді. Бүкіл халифаттағы әскердің 
басшысы халифтың өзі болып, бас 
қолбасшы рөлін атқарды. Әрбір әмірлікте 
жергілікті әскери басқару жүйесі жүргізілді. Әскер бастығы дәрежесі 
жағынан аймақтағы екінші адам болып саналды. Омейя әулетінің негізгі 
әлеуметтік тірегі арабтың феодалданған ақсүйектері болды. 
Арабтардың ұлан-байтақ аумақ-
ты жаулап алуының себебін 
анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


43
Араб көпестерiнiң 
керуенi
Омейя әулеті билік құрған Араб халифатында қоғамдық мекемелер 
мен мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. Сауда және қолөнер айтарлықтай 
дамыды. Сауда айналымына алтын динар мен күміс дирхем енгізілді. 
Омейя әулеті кезінде Араб халифаты орта ғасырлардағы ең ірі 
мемлекеттердің бірі болды. Бірақ ұзақ жылға созылған ішкі бақталас- 
тық Араб халифатын әлсіретті. 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтері- 
лістің нәтижесінде Омейя әулеті билік басынан қуылып, оның орнына 
Аббас әулеті келді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың немере ағасы Аббас-
тан тарадық дейтін араб халифтары (әулеті) үстемдік құрған алғашқы 
жүз жылда халифаттағы феодалдық қатынас күшейіп, сауда өрістеді. 
Аббасилік халифат әсіресе Һарун ар-Рашид (768–809) пен Мамун (813–
833) тұсында кемеліне келді. Халифат Азия, Африка, Еуропа құр- 
лықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтарда- 
ғы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері 
болды. Олар әртүрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрін ұстанды. Бұл 
сияқты ала-құлалық түбінде халифаттың күйреуіне әкеліп соға- 
тын. Мұндай тағдырдан Халифат та қашып құтыла алмады. VІІІ–Х ға- 
сырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың 
ішіндегі ірілері 
Бағдад халифаты (750–1258), Фатимилер халифаты 
(909–1071), 
Кордова халифаты (756–1031), Саманилер мемлекеті (875–
999) т.б. болды. 
Ойталқы
Араб мемлекетінің ыдырауына жол бермеуге болар ма еді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет