Радиотехника, электроника және телекоммуникация


Түйістіру аппаратурасы (ТА)



бет20/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Түйістіру аппаратурасы (ТА)
Түйістіру аппаратурасы (ТА) міндеті ТТА шығысындағы спектрлік жиілікті осы КАТЖ-не линиялық спектр үшін босатылған жолақтық жиілікке түрлендіру. Бұл түрлендіру бір және екі қадаммен жүзеге асырылады. Егер ТТА шығысындағы топтық сигнал спектрі, шамамен линиялық жолақтық жиілікпен қиылысқан болса, түрлендірілу екі сатымен жүргізіледі, кейбір жағдайда түрлендірудің бір сатысы жеткілікті.
Мысалы: Жиіліктің төменгі тобы 60-108 кГц жиілік жолағын алады, В-12-3, F  36-84 кГц.


a) Екіжақты құрылым кезіндегі түрлендірудің бірінші сатысы

б) Екіжақты құрылым кезіндегі түрлендірудің екінші сатысы
33 − сурет. Түйістіру аппаратурасының сызықтық спектрлері
(ТА) негізінде жиіліктің бірдәрежелі түрленуі қолданылады. СТСА тракт параметрлерімен топтық сигнал параметрлерін реттеу үшін қолданылады. СТСА-та жиіліктердің түрленуі болмайды (кірістегі жиілік шығыстағы жиілікке тең). СТСА құрамына күшейткіштер, бағыттауыш сүзгілер, деңгейді автоматты реттеу (ДАР) жүйелері және сол сияқтылар кіреді.
КАТЖ-дағы деңгейді автоматты реттеу
Деңгейді автоматты реттеу (ДАР) жүйесі арнаның (немесе күшейткіштің) қалдықтық өшулігінің тұрақтылығын ұстап тұру үшін сигнал деңгейінің деңгей диаграммасының кейбір нүктелерінде тұрақтылығын сақтау үшін қолданылады. Линияның өшулігін өзгерткен кезде сызықсыз күшейткіштердің күшейту коэффициентін өзгерту қажеттілігі туындайды. Сигнал деңгейлерінің тұрақтылығы арнаның бөгеуілден қорғаныстығын қамтамасыз етеді. ДАР – дің құрылу принципі (34-сурет). ДАР жүйелері сызықтық трактінің өшулік аймақтарын тікелей және жанама бақылау болып келеді.

34 – сурет. ДАР-ң функционалдық сұлбасы.
ҚТ - қабылдау түрлендіргіші;
БҚ – бергіш құрылғысы;
РҚ – реттеу құрылғысы;
СЭ – салыстыру элементі;
ТЖС – тар жолақты сүзгі өз сигналынан АЖ сигналын бөледі;
БЖК – бақылауыш жиілікті күшейткіштер.
Тікелей бақылау жүйелерінде трактіге бақылауыш жиілікті гармоникалық сигналы бар арнайы бақылауышы ток енгізіледі. Бақылауыш жиіліктің (БЖ) сигнал деңгейі, тракт кірісінде қатаң нормаланған. Бұл сигналдың жиілігі топтық жиілік трактісінің жолақтың ортасында таңдалады, яғни ол (БЖ сигналы) арналық сигналдардың аралығында таңдалынады. БЖ сигналы сызықтық трактінің соңғы құрылғысының құрамына кіретін арнайы генератордан беріледі. БЖ сигналының деңгейі, топтық күшейткіштің асқын жүктеуін болдырмауы үшін сөйлесу сигналдарының деңгейіне қарағанда төмен болып таңдалынады.
Реттеу болған жағдайда арналарда бұл бақылаушы ток арнайы ток қабылдағышына БЖ келіп түседі. АС таратқыш шығысында БЖ деңгейі 0,3дБ дәлдікте болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет