Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Денсаулығы төмен балаларды санаторийге емдеуге жіберу туралы хаттама құрастырыңыз



бет52/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
81. Денсаулығы төмен балаларды санаторийге емдеуге жіберу туралы хаттама құрастырыңыз.




82. Қызметтен босату туралы бұйрық үлгісін жазыңыз.

83. Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттама құрастырыңыз.




84. Анықтама-ақпараттық құжаттар. Анықтама. Акт туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар -мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, əртүрлі хаттар жəне т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық - бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-əрекетке итермелегенімен, мəлімет ретінде ғана қабылданады. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық жəне өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мəселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мəліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен əсер ету əдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі – олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді. Іскерлік хат – кəсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы əлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кəсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. Хатты жылдам əрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін жəне оған қойылатын талаптарды білген жөн. Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кəсіпорынмен немесе мекемелермен əртүрлі мəселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады. Хат мазмұны жəне мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар жəне т.б. болады. Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс жəне т.б. тұрады. Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған. Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама жəне т.б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс. Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау жəне орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады. Сұрату хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе əрекетті түсіндіру сұралады. Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолдама хат қандай да бір құжаттың жөнелтілгені жөніндегі фактіні куəландыра отырып жіберілген құжаттардың сақталуын бақылайтын сенімді əдіс болып табылады. Жолдама хат жіберілген құжаттар жөнінде түсінік беру үшін немесе қосымша мəліметтер ендіру үшін, атап айтқанда: құжаттың орындалу мерзімін көрсету, кешігу себебін түсіндіру, күрделі жəйттердің түйінін аңғарту т.б. мақсаттарға байланысты əзірленеді. Қалған жағдайларда, қандай да бір ақпарат жеткізу міндеті көзделмейтін болса жолдама хат дайындаудың қажеті жоқ. Жолдама хаттың мəтіні өте қысқа, əрі тақырыпсыз жазылады. Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай-да бір мəселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін. Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) жəне есеп беру (қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нəтижелері, тексеріс жəне т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін. Түсініктеме – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның қандай да бір іс-əрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп жоғары тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсіндірме қызметкер ішкі еңбек кестесін жəне еңбек тəртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау жəне т.б.) жазылады. Өтініш – жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс беру жəне т.б. туралы өтінішпен ұйымға немесе лауазымды тұлғаға бағытталған құжат. Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат. Анықтамалар қызметтік жəне жеке болады. Қызметтік анықтамалар лауазымды тұлға жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нəтижесінен тұрады, мысалы, - қоймадағы материалдардың болуы туралы анықтама, əдетте қойма меңгерушісі жасайды немесе оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде сабақты босату саны туралы анықтама, мұны оқу меңгерушісі жасайды. Жеке анықтамалар жеке тұлғаларға беріледі. Оларда əдетте, осы адамға қатысты қандай да бір мəлімет расталады, мысалы, Оқу орнынан анықтама, Жұмыс орнынан анықтама Тұрғылықты жерінен анықтама Емханадан денсаулығы туралы анықтама т.б.
Анықтамалар бұрыштама бланкіде ресімделеді жəне оларда мынадай деректемелер болады:
- адресат;
- құжат түрінің атауы (анықтама);
- анықтаманың рет саны;
- күні;
- жасалу орны;
- қызметтік анықтамаларда мəтіннің тақырыбы;
- мəтін;
- қосымшасының бар екендігі туралы белгі;
- қолы.
Қызметтік жəне жеке анықтамалардың айырмашылықтары
мынада: қызметтік анықтамада адресат деректемесі ресімделеді, ал
жеке анықтамада адресат ресімделмейді, бірақ құжат мəтінінің
соңында анықтаманың қандай мақсатқа берілгені жазылады, яғни
оның қандай мекемеге ұсынылатыны көрсетіледі.
Акт – анықтамалық - ақпараттық құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі. Заңды күш бар ресми құжат. Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды (құралдар жиынтығының, материалдық құндылықтарды қабылдау - тапсыру, іс, құжаттарды жою, апат актілері жəне т.б.) растау үшін белгілі бір адамдар тобы жасайды. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестен, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау жəне т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет