Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет18/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   184
Ажырасу немесе некенің бұзылу коэфициентін есептеу үшін жыл ішінде ажырасқандардың, яғни некеде тұрғандарын бұзғандардың санын халықтың орташа жылдық санына бөледі

A

немесе мына формула бойынша есептейді:

мұнда, КА-ажырасу коэффициенті;



A-жыл ішінде ажырасқандар саны;


S халықтың орташа жылдық саны.

KA 1000,

S


Төменде республика бойынша соңғы жылдардағы некелесу мен ажырасу туралы көрсеткіштерді 2.5- кестеде келтіреміз:

2.5-кесте. Қазақстан халқының некелесу мен ажырасу көрсеткіштерінің динамикасы1)

Жылдар некелес- кендер



Некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны, мың адам

1000 адамға шаққандағы

коэффициенттері, %0



ажырас- қандар

некелесу

ажырасу




2005

123,0

32,4

8,1

2,1

2006

137,2

36,8

9,0

2,3

2007

146,4

36,1

9,5

2,3

2008

135,6

38,0

8,6

2,3

2009

140,8

39,5

8,8

2,5

2010

146,4

41,6

9,0

2,5

1). Стат. анықтама «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011.-26-б

Кесте көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда мынадай жағдайды көреміз: 2005-2010 жылдар аралығында жалпы респу- блика бойынша 829,4 мың неке жəне 224,4 мың ажырасу ресми түрде тіркелген. Демек, некеге тұрғандардың 27,1%-ы немесе 3/1 ажырасқан болып саналады. Осыған орай оның коэффициенттері де жоғарлаған, яғни 2005 жылы бұл көрсеткіштер 1000 адамға шаққанда 8,1 жəне 2,1%0 болса, 2010 жылы ол 9,0 жəне 2,5%0-ге дейін өскен.

Миграция деп бір елді мекенді жерден екінші жерге қоныс аударып жылжуын айтады. Қазіргі кезде оны көші-қон қозғалысы деп атайды жəне демографиялық үдерістерге əсерін тигізетін құбылыстардың бірі болып табылады. Көші-қон қозғалысы халықаралық жəне ішкі немесе өңіраралық қоныс аудару болып екі түрге бөлінеді.

Халықаралық көші-қон қозғалысына республика шека- расынан өткен жəне тұрақты жерін басқа мемлекеттерге немесе республикаға ауыстырған адамдар жатады. Оны статистикада эмигранттар (басқа елге қоныс, тұрақ аударғандар) мен имми- гранттар (тұрақты немесе ұзақ уақыт тұруға келген шетелдіктер), ал екеуінің арасындағы айырмашылықты халықаралық көші-қон

қалдығы деп атайды. 2004 жылдан бастап бұл көрсеткіш бірінші рет оң қалдық болып келеді.

Ішкі немесе өңіраралық көші-қон қозғалысы деп респу- блика ішінде қоныс аударуды айтады. Мұнда «ауылдан қалаға»,

«қаладан қалаға», «қаладан ауылға», «ауылдан ауылға» қоныс аударғандар, яғни тұрақты тұрғылықты жерлерін өзгерткендер жа- тады. Осыған орай облысаралық жəне облысішілік, ауданаралық жəне ауданішілік белгілері бойынша есепке алынады. Көші- қонның бұл түрі республика халқының жалпы санының өзгеруіне ешқандай əсерін тигізбейді. Себебі келгендер мен кеткендер əрқашанда бір-біріне тең болады, ал өзгеріс тек ішкі өңірлерде кездеседі.



Көшіп-қонушыларды тіркеуге алу Үкімет тарапынан ҚР Əділет министрілігінің Тіркеу қызметі Комитетінің аумақтық органдарына жүктелген. Тіркеу қызметі органдары мекенжай анықтама жұмысында пайдаланатын талондарды тіркеген кезде, келгендер мен кеткендердің мекенжай парағын екі дана ретінде бірге толтырады жəне оның бір данасын жергілікті статистика ор- ганына есеп беру формасы түрінде тапсырады. Ал статистика ор- гандары осы арқылы көші-қон көрсеткіштерін белгілеріне қарай есептеп шығарады.

Көші-қон қозғалысын зерттеу кезінде, абсолюттік шама ре- тінде негізгі көрсеткіштерге мыналар алынады:



  • келгендердің саны;

  • кеткендердің саны;

  • көші-қон қалдығы (сальдосы), көші-қон өсімі (немесе кемуі).

Көші-қон қалдығын абсолюттік шамамен сипаттау үшін мына формула қолданылады:
Мө=Sкел.- Sкет. ,

мұнда, Мө - көші-қон қалдығы (сальдосы); Sкел.- келгендердің саны;



Sкет.- кеткендердің саны.

Төменде көші-қон көрсеткіштерінің абсолюттік өзгеру шама-

сын 2.6-кестеде келтіреміз:




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет