Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалды ұстаным. Теңдік және айқындауыштық қатынастар



бет1/6
Дата06.10.2022
өлшемі82,5 Kb.
#41632
  1   2   3   4   5   6

Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалды ұстаным.

Теңдік және айқындауыштық қатынастар

  • Ол философияда теңдік және теңсіздік (айқындауыштық) оппозициясын құрайды. Ол психологиядағы сөйлеу актісінің тілдегі көрінісі болып табылады. Адам қоғамда болып жатқан құбылыстарды түйсініп қабылдауға қабілетті. Сондықтан бұл категориялар тілдің әр деңгейінен көрініс табады.

теңдік қатынас

  • тілдік бірліктердің салаласуы арқылы объективтенсе,

айқындауыштық қатынас

  • сабақтаса байланысқа негізделеді.
  • Салалас байланыс – сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлемнің бір біріне тәуелсіз күйде тең дәрежеде байланысуы.
  • Сабақтас байланыс бір біріне иек арта, бағына байланысуы. Бұл заңдылық тілде синтаксистік байланыс деп аталады.

Синтаксистік санаттар:

  • иерархиялық тұрғыда: сөз тіркестері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәнмәтін, мәтін атты парадигмалық қатарда қарастырылады.

Салаласа байланысқан тіркестер

  • бір-біріне мағына, қызметі жағынан бағынышты емес, екі компонент теңдік қатынасқа құрылады және грамматикалық тұлғасы жағынан бірыңғайлас болады.

Студент кітапты ұқыптап, зейінмен оқыды. Бұл мысалдан ұқыптап оқыды, зейінмен оқыды

  • деген тілдік бірліктер тең дәрежеде салаласа байланысқан. Олар бірін бірі синтаксистік тұрғыдан анықтап, пысықтап, толықтап тұрған жоқ. Бұлардың арасынан туындайтын грамматикалық мағына: ыңғайластық. Байланыстырып тұрған амал: орын тәртібі. Сонымен қатар жалғаулықтар сөйлеушінің талабына сай шылауды да қатыстырып құрам алады: ұқыптап және зейін қойып оқыды.

Екінші мысал:Әрбір үйдің жерошағынан будақтап, бықсып шығып жатқан түтіндері кейде аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарайды.

  • кейде аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып сөз тіркестері салаласа байланысқан, себебі олар тең дәрежеде. бірін бірі анықтап, пысықтап, толықтап тұрған жоқ. Түтіннің тарауы түріндегі қимылдық сапаның кезектестік қатынаста орындалатындығы пайымдалған. Яғни грамматикалық мағына кезектестік. Сонымен қатар мұндай болмыстағы теңдік қатынасты сөз тіркесі жүйесінде атайтын тең дәрежеде байланысқан салалас сөз тіркестері талғаулықты және қарсылықты мағыналарға да негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет