Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет39/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Акробатика. Акробатикадағы қимылдарды басқару ерекшеліктері негізінен тепе-теңдікте және тірексіз жағдайда қимылдарды дәл іріктеуге тіреледі. Бұл қимылдар кеңістікте дене жағдайын өзгерту кезіңде, тік және көлденең жазықтықта денені айналдыру кезінде жасалады. Бұл кіреберіс аппаратының тұрақтылығын талап етеді. Акробат спортшының барлық қимылдары омыртқаның, аяқ буындарының жоғары икемділігін талап етеді. Жұптасқан акробатикада төменде тұрған спортшының бұлшық ет күші және едәуір статикалық төзімділігі жоғары болуы керек. Акробат спортшы саусақтарымен немесе бір саусақпен ұстап тұруды қажет ететін күрделі жетілген тепе-теңдікті игеру керек. Акробаттық секірулер үшін жылдам-күш әрекеттері тән. Акробаттар секіру жағынан жеңіл атлет спортшылардан кем түсдейді.
Осыған байланысты жарыстарда акробаттық комбинациялардың ұзақтығы 10-15 секундтан аспайды, орындалатын жұмыс жоғары қуаттағы аймаққа сәйкес келеді және алапатты сипаттағы анаэробты жұмыс болып табылады. Жүптасқан, топтық акробатикалық комбинациялар 1,5 минутқа созылады және субмаксималды қуаттағы аймаққа жатады. Алайда мұнда демді ұстап тұрып орындалатын статикалық күш жағдайлары жиі кездеседі. Бірақ элементтер бір-бірінен үзілістермен жалғасатын болғандықтан, бұл уақытта тыныс алу күшейеді және оттегі қарызы толықтырылады.
Сауықтырулы жүру.Бұл спорттың түрінде жарыс 10-нан 50 км-ге дейінгі қашықтыққа жүргізіледі. Бұл спортшылар сылбыр қуаттағы циклді жұмысты орындайды. Спорттық жүрістің жай жүрістен ерекшелігі қозғалыстың күрделі техникасы және едәуір үлкен қашықтық. Жүгіруге өтіп кету - қателік болып табылады.
Қимыл аппараты. Спортшының бұлшық еті аэробты жағдайда жұмыс істеуге бейімделген. Ұзақ тірек фазасы аяқтың бұлшық еттерінің қимылдық-қызметтік жағдайына әсер етуі мүмкін. Оларда бұлшық ет кернеуі жоғары дәрежеде дамиды.
Тыныс алу жуйесі және энергия жұмсалуы.
Тыныс алудың жеделдетілуі минутына 70-80 литр. Оттегі қажеттілігі — минутына 4 литр. Спорттық жүрісте энергия шығыны өте жоғары. 50км дистанцияға жүргенде 2000-2500 ккал энергия жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет