Сборник материалов республиканской научно-практической конференции «музыкальное образование в современном мире»


ОРКЕСТР ФАКТУРАСЫНЫҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІМДЕРІ



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата09.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#8642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

 
ОРКЕСТР ФАКТУРАСЫНЫҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІМДЕРІ 
(функциялары) 
 
Музыкалық  шығарманы  белгілі  бір  ансамбль  немесе  оркестр  (симфониялық, 
үрлемелі,  халық  аспаптары)  құрамына    түсіруді  аспаптау  (инструментовка)  деп 
айтады.  Бұл  шығармашылық  процесс.  Себебі,  шығарманың  мазмұнын  барынша 
толығырақ  ашу  үшін  аспаптардың  құрамын  таңдау,  оркестрдегі  әр  аспаптың,    әр 
топтың  мүмкіндігін,  тембірін  кезек-кезегімен  ұтымды  да  салыстырмалы    түрде 
пайдалану сияқты басқа да шығармашылық жұмыстарды атқаруға тура келеді.  
Жұмыс  барысында  аспаптаушыға  кӛбіне  фортепиано  немесе  баян  аспаптарына 
жазылған,  оркестрлік  фактура  кӛзқарасымен  қарағанда  толық  жетілмеген  пьеса, 
әндерді  оркестр,  ансамбльге  түсіруге  тура  келеді.  Осындай  фортепиано  және  баян 
фактураларындағы  шығармаларды  оркестр  фактурасына  келтіру  үшін  біраз  ӛңдеу 
жұмыстарын  жасау  керек.  Атап  айтқанда,  дауыстардың  тесситуралық  орналасуына 
ӛзгеріс  енгізу,  гармониялық  сүймелдеудегі  жетпейтін  дыбыстарды  қосу,  дауыс 
жүргізілуін  тексеру,  ұсталынып  (созылып)  тұратын  (педальды)  дыбыстарды, 
контрапунктік әуендерді (мелодияларды), қосалқы дауыстарды жазу.  
Аспаптау  барысында  кейбір  фактуралық  элементтерді  (әуендерді,  гармониялық 
сүйемелдеуді)  бірнеше  аспаптардың  бірдей  ойнауы,  дауыстардың  әртүрлі 
регистрлерде  қайталануы  сияқты  ерекшеліктерді  ескеру  керек.  Оркестр 
партитурасының  белгілі  бір  функцияны  атқаратын  әр  дауысынан  жалпы  оркестр 
дыбысы  шығады.  Қазақ  халық  аспаптары  оркестріне  аспаптаудағы  оркестр 
фактурасының  құрамды  бӛлімдерін  функциялар  деп  атайды.  Олар:  әуен  (мелодия), 
бас,  мәнерлеу  (фигурация),  гармониялық  педаль,  контрапункт.  Бұл  жерде  ескерте 
кететін  бір  жайт,  оркестрлік  фактураның  функциясы    мен  гармониялық  функцияны 
шатыстырмай,  айыра  білуіміз  керек.  Оркестрлік  фактура  функциясы  музыкалық 
материалдың  әртүрлі,  монодикалық,  гармониялық,  полифониялық    ерекшеліктері 
арқылы белгілі болады. 
Әуен (мелодия) – есте сақталатын тақырыпты, басты дауысты  белгілейтін негізгі 
функция.  Басқа  функцияларға  қарағанда  бұл  функцияны  қарапайым  тыңдаушы  тез, 
әрі  жақсы  қабылдайды.  Басқа  функцияларды  құру  осы  әуеннің  жалпы  сипатына, 
орналасқан  дыбыс  ауқымына,  динамикалық  суреттеріне  кӛп  байланысты.  Аспаптау 
барысында  партитураны  қосалқы  дауыстармен  күрделендіріп  жібермей,  керісінше, 
негізгі  әуендік  жолды  айқын  да  ашып  кӛрсетуіміз  керек.  Әуенді  ерекше  бӛліп 
кӛрсетудің жиі қолданылатын әдістері: әуенді унисонмен, октавамен немесе бірнеше 
октавамен бірнеше аспапқа беру, әуенді әр тембрде беру, әуенді сүйемелдеуден алшақ 

85 
 
аралықта  беру,  әуен  мен  сүйемелдеуді  әртүрлі  бӛлек  штрихтар  (қағыстар)  және 
динамикалық  реңдер  арқылы  кӛрсету.  Әуенді  кейбір  кезде  гармониялық 
сүйемелдеусіз,  бір  дауыста  да  жіберетін  жағдайлар  болады.  Әуенді  күшейтудің  кең 
тараған  әдісі,  оны  тембрлері  жақын  аспаптарда  бір  немесе  бірнеше  октаваларда 
паралельді интервалдармен (терциямен, секстамен және т. б.) беру. Кей кезде әуенді 
аккордпен де, яғни әр дыбысына аккорд алып жазуға болады. Бұл жағдайда әуен қою 
болып  естіледі.  Сонымен  қоса,  әуенді  сүйемелдеуші  аспаптарға  қарағанда  тембірі 
ашық жеке аспапқа немесе аспаптар тобына беру әдісі де бар. 
Бас  –  дыбыс  орналасу  сатысы  жағдайындағы  ең  тӛменгі  дауыс.  Ол  аккордтың 
гармониялық құрылымын белгілейді. Басты ӛз алдына жеке функцияға бӛліп шығару, 
оның оркестр фактурасындағы аса маңызды рӛл атқаратындығын кӛрсетеді. Оркестр 
аспаптарының барлығы (tutti) ойнаған кезде бастардың партиялары октавамен беріліп, 
күшейтіледі.  
Мәнерлеу  (фигурация)  –  музыкалық  фактураның  маңызды  элементтерінің  бірі. 
Дыбыстарды  байыту  арқылы  ол  фактураны  ырғақ  жағынан  жылдамдатып,  әуенді 
қанықтырып,  толықтандырады.  Мәнерлеудің  3  түрі  бар:  гармоникалық  мәнерлеу 
(аккорд  дыбыстарының  ӛзара  ауысып,  қозғалуы  арқылы),  ырғақтық  мәнерлеу 
(дыбыстар  мен  аккордтардың  әртүрлі  ырғақтық  комбинацияда  қайталануы),  әуендік  
мәнерлеу (қосалқы, ӛткінші және аккордтық емес дыбыстардан құралып, жүріп келе 
жатқан  дауыс  ӛз  алдына  жеке  әуенді  құрайды).  Оркестр  фактурасында  мәнерлеудің 
барлық  түрлері  кешенді  қолданылуы  да  мүмкін.  Ӛзінің  қозғалысымен  әуеннің 
саздылығын кӛрсететін гармоникалық мәнерлеу лирикалық сипаттағы шығармаларда 
жиі  кезігеді.  Гомофондық  сүйемелдеуді  қайта  ӛңдеу  кезінде  әуеннің  тесситуралық  
жағдайын  ескеру  керек.  Ырғақтық  мәнерлеу  түрі  кӛбіне  жанрлық  жағынан  орыстың 
халық  әндері,  билерінен  бастау  алатын,    ұлттық  сипаттағы  шығармаларда  жиі 
қолданылады.  Аккордтық  сүйемелдеуде  әдетте  такт  ішінде  синкопасы  бар  ӛзіне  тән 
метроырғақтық  сурет  кезігеді.  Әуендік  мәнерлеу  кӛбіне  жеке  аспаптардың 
техникалық  мүмкіндіктерін  барынша  кӛрсету  үшін  қолданылады.  Әуендік 
мәнерлеудің  сан  алуан  әдістері  оркестр  вактурасына  ерекше  дыбыстық  әсемдік 
береді.  Оркестр  фактурасының  кӛп  қырлы  болуы  негізгі  тақырып  пен  әуендік 
мәнерлеудің тембрлік қарама-қарсылығы арқылы іске асады.  
Оркестрлік  педаль  деп    жүріп  жатқан  әуендік  дауыстардың  фонында  орналасқан 
вертикальды  түрдегі  созылмалы  аккордтық  дыбыстарды  айтады.  Оның  негізгі 
функциональдық міндеті оркестр дыбысын толықтырып, қоюландыру. Педаль бір, екі 
созылмалы  гармоникалық  тоннан  бастап  кӛп  дыбысты  аккордтық  кешенге  дейін 
әртүрлі болуы мүмкін. Оркестрлік педаль әдетте негізгі дауыстан тӛмен орналасады. 
Музыка  қою  да  тығыз  болып  шығу  үшін  үш  дауысты  педальді  кӛбіне  тар  орналасу 
түрінде  береді.  Оркестрлік  педальді  кӛп  жағдайда  гармоникалық  фон  беру  үшін 
оркестр  фактурасы  басқа  элементтерінің  үстіне  қоса  береді.  Гармоникалық  педаль 
әуенмен  бір  регисторда  берілуі  де  мүмкін.  Ондай  жағдайда  әуенді  мүмкіндігінше 
басқа, бӛлек тембрдегі аспапқа берген жӛн.  
Контрапункт  –  оркестр  фактурасы  негізгі  функцияларының  бірі.  Оркестрлік 
контрапунктті полифониялық кӛпдауыстылықтың ерекше түрімен шатастырып алмау 
керек.  Аспаптауда  контрапункт  деп  негізгі  әуендік  дауысты  сүйемелдейтін  басқа 
әуенді  айтады.  Контрапункт  тембрі  бойынша  басқа  оркестр  функциялары  арасында 
ерекше  бӛлініп  естілуі  керек.  Сондықтан  контрапунктті  қолданғанда  тембрлік 
ӛзгешелікті  міндетті  түрде  сақтау  керек.  Оркестрлік  фактурада  контрапункттің 
функцияларына мыналар жатады:  

86 
 
а) тақырыпты канондық түрде қайталау (имитация жасау); 
б) әуенді контрапункт – әуенділік тартымдылығы жағынан негізгі тақырыптан кем 
емес  қарама-қарсы  тақырып,  бірақ  ырғақ  және  дыбыстардың  жүру  бағыты  жағынан 
негізгі тақырыптан ерекше болуы керек; 
в)  мәнерлі  (фигурированный)  контрапункт  –  кӛбіне  ырғақтық  жағынан  негізгі 
тақырыпқа  қарама-қарсы,  гамма  сияқты  пассаждар  түрінде  берілген,  мәнерлеуге 
жақын әуен.  
Оркестр  функцияларының  ӛзара  қарым-қатынасы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Ол 
кӛбінесе шығарманың сипатына, фактурасының ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Сондықтан да аспаптаушы (оркестрге түсіруші) оркестр функцияларын және олардың 
арасындағы қарым-қатынас нысандарын жете түсініп, барынша толық білуі шарт. 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Анисимов Б., Практическое пособие по инструментовке для духового оркестра, 
Л., 1979 г. 
2.
 
Римский-Корсаков Н. А.,Основы оркестровки, М., 1912г. 
3.
 
Чулаки М., Инструменты симфонического оркестра, М., 1983 г.  
4.
 
Шишаков  Ю.Н.  Инструментовка  для  оркестра  русских  народных 
инструментов, М., 1970 г. 
5.
 
Шахматов  Н., Инструментовка для оркестра русских народных инструментов, 
Ленинград., 1985 г. 
 
 
ӘОЖ 781.63 
СЕЙТҚАЗЫ О.Ж. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің  профессоры
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Семей қ. 
 
МЕКТЕП ОРКЕСТРІН ҚҰРУДЫҢ КЕЙБІР  
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Музыкалық 
аспаптарда 
ұжымдасып 
ойнау 
– 
балаларды 
музыкалық 
шығармашылыққа  тәрбиелеу  және  үйретудің  күшті  құралы  болып  табылады.  Бірігіп 
ойнау  тәртіптілікке  шақырып,  жауапкершілік  сезімді  дамытады,  музыкалық 
қабілеттерді ӛсіреді, нәзік жүйке қызметіне жауап беретін психикалық механизмдерді 
жұмысқа қосып, жаттықтырады. Осыған байланысты әр мектепте басқа үйірмелермен 
қатар  қазақ  халық  аспаптары  оркестрі  үйірмесінің  де  жұмыс  жасауы  мектептегі 
тәрбие  жұмысының  ең  бір  керекті  саласы  болып  табылады.  Мектепте  қазақ  халық 
аспаптары  оркестрін  құру  жұмысы  бастапқыда  домбыра  оркестрін  құрумен 
басталады.  Себебі,  домбыра  –  ел  арасына  кең  тараған,  халқымыздың  басты 
музыкалық аспабы, сондықтан болар, басқа аспаптарымызға қарағанда онда ойнауға 
үйрену  біршама  жеңілірек  келеді.  Домбыра  оркестрін  құрып  алғаннан  кейін  мектеп 
оқушыларының  арасында  арнайы  музыка  мектептерінің  қобыз-прима,  қылқобыз, 
басқобыз,  домбыра-прима,  сырнай  сыныптарында  оқитындарын  осы  домбыра 
оркестріне  қосып  ұжымды  халық  аспаптары  оркестрі  деңгейіне  жеткізуге  болады. 
Басқа  аспаптарда  ойнайтындарды  осылай  қосуымыздың  себебі,  оларда  ойнауды 
үйрету  әдістерінің  кӛп  уақыт  алатындығына  байланысты,  дәл  қазіргі  кезде 
әуесқойлық  әдіспен  үйрету  мүмкін  емес.  Болашақта  музыка  пәні  бағдарламасына 

87 
 
қосымша  сағаттар  берілген  жағдайда  аталған  аспаптарда  ойнауға  үйретуді 
әуесқойлық  әдіспен  жүргізуге  болады  деп  ойлаймын.  Дегенмен  домбыра  аспабын 
жақсы меңгерген кейбір дарынды, алғыр оқушыларды  әуесқойлық әдіспен домбыра-
прима, домбыра-бас, домбыра-контрабас аспаптарында ойнауға үйретуге болады.       
Оркестрді  құру  кезеңіндегі  алғашқы  дайындық  сабақ  оркестрге  қатысуға  тілек 
білдірген  оқушы  балалардың  музыкалық  қабілетін  тексеруден  басталады.  Олардың 
музыкалық есту, ырғақ сезіну, музыкалық жадында сақтау қабілеттерін тексеру керек. 
Бұл  жағдайда  оқытушы  баланың  осы  қабілеттерінің  кейін  оркестр  дайындықтары 
кезінде  жетілетіндігін  ескере отырып,  ең  бастысы баланың  оркестрде  ойнауға  үлкен 
ынтасының  және  музыкаға  қызығушылығының  бар  екендігін  сезу  керек.  Сонда 
қарапайым  музыкалық  қабілеттердің  ӛзін  табысты  түрде  ӛсіріп,  жетілдіруге  болады. 
Жаңа  жағдайға  тап  болғанда  кейде  оқушы  бала  ӛзінің  мінезіне,  психологиялық 
ерекшеліктеріне  және  отбасылық  тәрбиесіне  байланысты  бірден  музыкалық 
қабілеттерін кӛрсете алмауы да мүмкін. Сондықтан оқытушы ойнауға тілек білдірген 
әр оқушыға сергек және мұқият қарауы керек.  
Оркестр  дайындығының  академиялық  2  сағаттан  (90  минуттан),  аптасына  2  рет 
болуы  ең  тиімді  болып  саналады  және  әр  дайындық  2  бӛлімнен  тұрады.  40-45 
минуттық бірінші бӛлімде жаңа материалды меңгеру, 30-35 минуттық екінші бӛлімде 
ӛткендерді  қайталау  және  бекіту  жұмыстары  жүргізіледі.  Осы  екі  бӛлімнің 
арасындағы 15 минуттық үзіліс оқушылардың тек дем алуы үшін ғана емес, сонымен 
қатар  олардың  ӛзара  араласып,  сол  күнгі  жаңадан  үйренгендерін  талқыға  салуына 
жағдай жасайды.  
Оркестрге  таңдап  алынған  оқушылармен  ӛтетін  бірінші  дайындық  сабағында 
жалпы  музыка  жӛнінде,  музыкалық  ӛрнектеудің  құралдары,  музыкалық  дыбыстың 
физикалық  қасиеттері,  қазақтың  халық  аспаптары  және  олардың  оркестрдегі  рӛлі, 
болашақ  оркестрдің  шығармашылық  қызметінің  перспективасы  жӛнінде  әңгіме 
жүргізу  керек.  Бұл  әңгімені  жүргізуге  оркестр  жетекшісі  ӛте  тыңғылықты  түрде 
дайындалып,  балалардың  қызығушылығын  тудыратын  музыкалық  шығармалардың 
фонограммаларын тыңдатқан дұрыс.  
Оқытушы  және  оқушы  –  пікірлес  бір  команда  болуы  шарт.  Сонда  ол  баланың 
музыкалық  орындаушылықпен  шұғылдану  ниетінің  артуына  кӛмектеседі.  Музыка  – 
баланың  ӛмір  тәжірибесін  кеңейтудің  және  белсенді  қызметке  ынталандырудың  оң 
эмоциялар кӛзі болып табылады. 
Ӛкінішке орай, кейінгі кезде нарықтық механизмнің ӛмірге белсенді кіруі әсерінен 
музыкалық ӛнер жеңіл жолға түсіп кетті. Мән-мағынасы жоқ әуендерді, жауыр болған 
ырғақтар  және  сюжеттік  кӛшірмелерді  сахнаға  шығарып  жүрген  бір  күндік, 
қарабайыр  орындаушылардың  «ӛнерін»  балалар  шын  музыка  екен  деп  жүр.  Бұл 
баланы  жас  кезінен  бастап  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жеңіл  бұрып 
әкетуге болатын біржақты, жеңілдетілген, стандартты дүниетанымға бағдарлап отыр. 
Алайда музыканың қол жетімді болуы оның жоғары кӛркем құндылығын кӛрсетпейді. 
Менің ойымша, егер балалардың музыкалық тәрбиесін қазақтың халық музыкасы 
және  ұлттық  аспаптарда  орындаушылық  дәстүрлеріне  сүйеніп  жүзеге  асырса 
жоғарыда  келтірген  жағдайды  ӛзгертуге  болады.  Мысалы,  домбыра  аспабының  әр 
отбасында  болуы,  оның  тартымдылығы,  басқа  аспаптарға  қарағанда  үйренуге 
оңайлығы  балаларға  қуаныш  әкеліп,  оларды  әрі  қарай  музыкамен  шұғылдануға 
ынталандырып,  музыка  әлемін  жан-жақты  білуге    қызығушылығын  тудырады. 
Қазақтың халық музыкасы және халық аспаптары балаларды ӛз ұлтының дәстүрлерін 

88 
 
және  мәдениетін  түсінуге  дайындайды.  Музыкалық  аспаптарда  ойнай  білу 
балалардың жеке мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, ӛз күшіне сенімділігін,   
ұжымдағы 
жауапкершілігін, 
ынтымақшылдығын 
арттырады, 
тәртібін 
ұйымдастырады.  
Мектептегі әуесқой қазақ халық аспаптары оркестрінің мақсаты: 
1.
 
Оқушыларды  музыкалы-эстетикалық  тәрбиелеудегі    қазақ    халық  аспаптары  
оркестрінің  рӛлін кӛрсету; 
2.
 
Оқушыларды халық аспаптарында ойнауға үйрету; 
3.
 
Оқушыларды  халық  шығармашылығына  сүйіспеншілікпен  және  қамқор 
кӛзқараспен қарауға тәрбиелеу; 
4.
 
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, музыкалық талғамын және жалпы 
мәдени деңгейлерін дамыту. 
Осы мақсаттарды орындау тӛмендегі міндеттерді белгілейді: 
1.
 
Оқушыларды қазақ халық аспаптарында дұрыс ойнауға үйретіп, дағдыландыру; 
2.
 
 Оқушыларға музыкалық сауаттың негізгі қағидаларын үйрету; 
3.
 
Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;  
4.
 
 Оқушылардың 
эстетикалық,  музыкалық,  шығармашылық  қабілеттерін, 
қиялын, ойлау қасиеттерін дамыту; 
5.
 
Музыка  мәдениетінің,  халық  шығармашылығының  дамуы  тарихына 
байланысты белгілі бір кӛлемде білім беру; 
6.
 
Атақты  композиторлардың  және  қазақ  халық  аспаптарында  ойнайтын  белгілі 
орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру. 
Қойылған міндеттерді орындау үшін тӛмендегі әдістерді қолдану керек: 
1.
 
Жалпы педагогтық әдістер: 
-
 
репродуктивті (вербальды және вербальды емес); 
-
 
креативті (шығармашылық). 
2.
 
Музыкалық тәрбие әдістері: 
-
 
жеке, «қолдан» үйрету; 
-
 
жеке, нота бойынша үйрету; 
-
 
ансамбльдік ойнау; 
-
 
оркестрлік ойнау. 
Алғашқы  дайындық  сабақтар  тек  домбырашыларға  ғана  жеңіл  («Жастар  биі» 
сияқты)  күйді  «қолдан»үйретуден  басталады.  Жалпы    «қолдан»  үйрету  тәсілі  кӛне 
заманнан  келе  жатқан  дәстүр.  Ерте  жазу-сызу  болмағандықтан  домбыра,  қобыз, 
сыбызғы  сияқты  музыкалық  аспаптарды  үйренушілер  шебер  орындаушылардың 
қолдарына  қарап  үйренген.  Аспапта  ойнауға  үйретудің  бастапқы  кезеңінде 
оқушылардың  қызығушылығын  тудыру  үшін  бұл  тәсіл  кӛркемӛнерпаздар 
үйірмелерінде  күні  бүгінге  дейін  қолданылып  келеді.  «Қолдан»  үйрету  тәсілінің 
жақсы  жағы  –  оқушылар  күй  әуенін,  ырғағын,  музыкалық  мәтінін  тез  қабылдайды. 
«Қолдан»  үйрету  кезінде  оқытушы  дӛңгелене  қоршап  отырған  балаларға  күйдің 
бастапқы  буынын  бірнеше  рет  ойнап  кӛрсетеді.  Оқушылар  оқытушының  қолдарына 
қарап  ойнауға  машықтанады.  Осылайша  әр  буынды  меңгеруге  жаттығады.  Бірнеше 
буынды  жақсы  меңгергеннен  кейін  оларды  біріктіріп,  қосып  ойнау  керек.  Сабақ 
жақсы  ұйымдастырылған  жағдайда  бұл  тәсіл  арқылы  домбырашы  оқушыларға  бір 
жеңіл  («Жастар  биі»  сияқты)  күйді  1  сабақта,  орташа  қиындықтағы  (Динаның  «Той 
бастары»  сияқты)  күйді    2-3  сабақта  үйретуге  болады.  Мектептегі  әуесқой  қазақ 
халық  аспаптары  оркестрінде  «қолдан»  үйрету  тәсілімен  қатар,  алғашқы  кезде 

89 
 
цифрлық  және  аккордты-цифрлық  тәсілдермен  үйрету  де  қолданылады.  Цифрлық 
тәсілде  домбыра  пернелеріндегі  нота  дыбыстары,  аккордты-цифрлық  тәсілде  аккорд 
дыбыстары  цифрлармен  белгіленеді.  Цифрлық  тәсілмен  күй  үйрену  біршама  жеңіл 
болса,  аккордты-цифрлық  тәсілді  негізінен  пьеса  ойнау  және  ән  сүйемелдеу  кезінде 
қолдануға болады. Мысалы:  

 
негізгі тоника аккордын 1-деген цифрмен белгілеп

 
субдоминанта аккордын 2-деген цифрмен белгілеп; 

 
доминанта аккордын 3-деген цифрмен белгілеп,  
әр  аккордты  неше  рет  ойнау  керектігін  қағазға  жазамыз,  әрі  қарай  басқа 
аккордтарды  да  осы  тәрпіппен  белгілейміз.  Негізінен  қай  шығарма  болмасын  бар-
жоғы  5-6  аккордтан  аспайды.  Оқушыларға  осы  аккордтарды  жаттап  алу  қиынға 
соқпайды.  
Бастапқы  кезде  осы  аталған  тәсілдер  арқылы  оқушыларды  қызықтырып  алып, 
кейіннен  міндетті  түрде  оларға  нота  үйрету  керек.  Себебі,  қалай  десек  те  ноталық 
сауат олардың келешекте шығармашылық дұрыс жолға түсуіне кӛмектеседі. 
Репетиция (дайындық) кезінде оркестр жетекшісі мына жағдайларды білуі шарт: 

 
репетицияның  әрбір  жеке  кезеңдерінде  барлық  күшті  дирижердың  алдына 
қойған мақсаттарына жетуге бағыттау; 

 
репетиция  кезінде  нені  үйрету  керектігін  және  орындаушының  ӛз  бетімен 
жұмыс жасауына қандай тапсырма беру керектігін жете түсіну; 

 
жеке  аспаптарда орындаушыларға партияларын  үйлерінде қарап,  дайындалуға 
жағдай жасау; 

 
орындаушылардың кішігірім кездейсоқ қателіктеріне тоқтамау; 

 
ескертпе жасайтын тұстарды партитурадан тез табу; 

 
түсіндіру кезінде қолдарды ауфтакт алатын жағдайда ұстауға болмайды;   

 
шығарманың белгілі бір жерлерін еш себепсіз қайталай беруге болмайды; 

 
концертке шығатын күні оркестр күшін барынша сақтауға тырысу керек

 
барынша зейінді, ұқыпты болу.  
Кӛптеген  факторларға  (жағдайларға)  байланысты  жетекші  дайындық  ӛткізу 
кезінде  оркестрмен  жұмыс  жасаудың  әртүрлі  әдістерін  қолданады.  Оркестрмен 
жұмыс  жасау  әдістерінің  айырмашылығы  оркестр  деңгейіне;  репетиция  санына; 
шығарма мазмұнына; жұмыс кезеңдеріне (1-ші, 2-ші репетиция); репетиция түрлеріне 
(корректуралық,  топтық,  жалпы,  соңғы-генералдық);  репетицияның  (жуық  арада 
концертке  шығу  үшін,  радио,  телеарналарға  жазу  үшін  сияқты  т.  б.)  белгіленген 
мақсаттарына байланысты болады.  
Оркестрмен жұмыс жасаудың әртүрлі пішіндері (формалары) бар. Олар: 

 
бастапқы кезде бір рет ойнап кӛру; 

 
жеке бӛліп тыңғылықты жұмыс жасау үшін шығарманың белгілі бір жерлеріне 
тоқтау; 

 
керек болған жағдайда топтармен және жеке дауыстармен жұмыс жасау; 

 
шығарманың техникалық жағынан күрделі тұстарын меңгеру үшін жәй екпінде 
ойнап жұмыс жасау; 

 
үлкен бӛліктерді қайталап ойнау;  

 
шығарманы толығымен ойнау. 
Мектеп  оркестріне  қатысушы  оқушылардың  аспап  меңгеру  дейгейлерінің  тӛмен 
болуына  байланысты  олар  жетекшінің  әртүрлі  дирижерлық  іс-қимылдарын 

90 
 
(жестарын) тез түсіне қоймайды. Дегенмен, ең алғашқы репетициядан бастап жетекші 
ӛзінің дирижерлық қимылдарын түсінуге, шығарманы сол қимылдарға сәйкес ойнауға  
оқушыларды үйретуі керек. Концертте оркестрді басқарудың жалғыз ғана жолы осы 
дирижерлық  іс-қимыл  болып  саналады.  Сондықтан  да  оркестр  мүшелеріне  осыны 
жақсылап түсіндіру қажет.  
Қалай ойнау керектігін дауыспен айтып немесе аспапта ойнап кӛрсету әдісін «есту 
кӛрнекі әдісі» деп айтамыз. Ол – керекті дыбысты алуға жақсы кӛмектеседі. Алайда, 
дыбыстарды «соқыр түрде» қайталап кӛшіру  сияқты теріс  әсерге оркестр мүшелерін 
дағдыландырып алмас үшін бұл әдісті сирек жағдайда, әрі абайлап пайдаланған жӛн. 
Аспапта ойнап кӛрсету нық әрі анық болуы шарт, ал ол үшін орындаушыға дайындық 
керек. 
Шығарманы қарағанда бастапқы кезде жәй екпінде, бӛліктерге бӛліп жұмыс жасау 
керек.  Жетекші  орындаушылық  мәселелерді  нақты  түрде  белгілеп  алып,  оларды 
оркестр  мүшелеріне  анықтап  түсіндіріп,  содан  кейін  бірнеше  рет  қайталап  ойнау 
арқылы  ғана  керекті  дыбыстарды  естуі  керек.  Бұл  ретте  әр  ойын  механикалық 
қайталау болмауы керек, керісінше, ойнаған сайын музыка ойға алғандай жетіле беруі 
шарт.  
Жетекшінің репетиция кезіндегі негізгі музыкалы-орындаушылық міндеттері: 

 
дұрыс ойнауға, қателіктердің болмауына қамқорлық кӛрсету; 

 
ырғақтық, динамикалық және агогикалық ансамбльдің болуын қадағалау; 

 
штрихтардың біргелкі, фразалардың, кульминациялардың анық, айқын, екпіннің 
дұрыс болуларын қадағалау;  

 
оркестр дыбысында басты дауысты анық кӛрсетумен қатар қалған дауыстардың 
біргелкі естілінуіне кӛңіл бӛлу. 
Сонымен қатар, репетиция кезінде жетекшіге мына жағдайлар қажет: 

 
міндетті түрде шығармашылық тәртіптің болуы (оркестр мүшелерінің  барынша 
мұқият  болуы,  ойынды  тек  жетекшінің  нұсқауымен  ғана  бастап  және  аяқтап,  оның 
талаптарын  орындауы,  алаңдамай,  пауза  кезінде  сӛйлемей  және  ойнамай,  аспапты 
дұрыс ұстап отырып, оркестрдің әр мүшесіне айтылған түсіндірмелерді тыңдауы); 

 
жұмыс  процессін  бір  қалыпты,  жеңіл  жүргізу,  оркестр  мүшелерімен  қалыпты 
дауыспен  сӛйлесіп,  айғайламай,  құрметпен  қарап,  ешқашан  дӛрекілік,  ашушаңдық 
кӛрсетпей, қатысушының жеке қасиеттерін ескере отырып оған әсер етуге тырысу керек; 

 
әр  орындаушымен  қатар  бүтіндей  оркестрді  де  кӛз  алдында  ұстап,    барлық 
орындаушыларды  жұмыспен  жүктеп  қойған  дұрыс,  бір  ғана  орындаушымен  немесе 
бір  ғана  топпен  ұзақ  уақыт  жұмыс  жасамау  керек,  ол  қалғандарын  бостан-босқа 
шаршатып, зарықтырып жібереді.  

 
белгіленген  жоспарды  табанды  да  мақсатты  түрде  іске  асыру  керек,  бұл 
жағдайда  жігерлі  әрі  талапшыл  болу  керек,  сонымен  қоса  тӛзімді  болып,  оркестр 
мүшелерінің нақты мүмкіндіктерін ескерген дұрыс;  

 
керек  болған  жағдайда  белгіленген  жоспарды  шығармашылық  кӛзқараспен 
ӛзгерте  білуі  керек,  қызықты  орындаушылық  шешімдер  кей  кезде  репетиция 
барысында  табылады.  Репетицияны,  оркестр  мүшелерімен  тікелей  қарым-қатынасты 
ұсақ-түйегіне  дейін  алдын-ала  жоспарлап  қою  мүмкін  емес,  сондықтан  да  жұмыс 
барысында белгілі бір жағдайды тез бағдарлап, ең жақсы шешімін табу керек;  
Мектеп  оркестрінің  концертке  шығуы  –  ұжым  жұмысының  қорытынды 
шығармашылық  кӛрінісі  және  тәрбие  беру  жұмысының  маңызды  құралы    болып 

91 
 
табылады.  Концертке  шығу  іс-шарасына  үлкен  жауапкершілікпен  қарау  керек.  Әр 
концерт оркестр мүшелеріне де, тыңдаушыларға да үлкен мейрам болуы шарт. 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену   мектебі.-     Алматы, 
«Ӛнер», 1992. 
2.
 
Каргин  А.С.  Работа  с  самодеятельным  оркестром  русских  народных 
инструментов. – Москва, «Музыка»: 1982, - 159 с. 
3.
 
Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену   мектебі. – Алматы, 1964. 
4.
 
Ӛ. Спанов. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі – Алматы, 1999. 
5.
 
С. Байжұманов. Халық аспаптары оркестрі. – Алматы, «Ӛнер»,1993. 
6.
 
Х. Тастанов. Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек. -  Алматы, ҚМКӘБ, 
1956. 
7.
 
Чунин В. Современный русский народный оркестр. – Москва, «Музыка»: 1981, 
- 112 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет