Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қ18
УДК 373.167.1(075.3)
ББК 63.3(2қаз)я72 
 Қ18
Пiкiр жазған және арнайы редакторы Т. Омарбеков 
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Қасымбаев Ж.
Қазақстан тарихы (ХVIII ғ. — 1914 ж.): Жалпы бiлiм 
беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. — Өңд., 
толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2012. — 240 б., сур.
ISBN 978—601—293—741—1
УДК 373.167.1(075.3)
ББК 63.3(2қаз)я72
© Қасымбаев Ж., 2004
© “Мектеп” баспасы, көркем 
 безендiрiлуi, 2012
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның  мүлiктiк  құ қық та-
ры “Мектеп” баспасына тиесiлi
         4306020600—072
Қ 
 
     19(1)—12
            404(05)—12
ISBN 978—601—293—741—1

3
АлҒы сӨз
Құрметтi оқушылар! Қолдарыңдағы 8-сыныпқа арнал-
ған Қазақстан тарихы оқулығы — ел басынан өткен тари хи 
оқиғалар туралы сендердiң бiлiм деңгейлерiңдi жетiл дi рiп, 
рухани байытып, бойларыңдағы басқа да сапалық қасиет-
терiңдi қалыптастыруға, сондай-ақ бұдан бұрын оқып-үйрен-
гендерiңдi тереңдете түсуге бағытталған.
Көпғасырлық тарихымызды ерекше тұлғалар еңбек-
терiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Осы оқулық арқылы 
сендер мемле кетiмiздiң құрылуы мен дамуының маңызды 
кезеңдерiн оқып, оның тарихына терең үңiле аласыңдар.
Тарихи оқиғаларды жiктеудегi жаңа принципке негiз-
делген оқулық құрылымы XVIII ғасыр мен 1914 жылдың 
аралығын қамтиды. Ұсынылып отырған оқулықта жалпы 
тарихи өмiр шындығын қа  лып тастыруда озықтығымен 
ерекшеленетiн осынау дәуiрдi және оның болмысын сипат-
тау арқылы қазақ халқының тағдырындағы маңызды оқиға-
ларды сөз етемiз.
Оқулықта берілген тарихи оқиғалар мен көрнектi тұлға лар 
жайын да толық деректерге за ман тала бына сай бiрқатар 
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Қазақ жерiнiң Ресей қол астына кiруi, оның мәнi мен ма-
ңы зы, ұлт-азаттық қозғалыстар, империяның отарлау саяса-
ты, хандық мемлекеттi жою, рухани-мәдени мұра, сондай-ақ 
жеке тұлға мен қоғамның бiр-бiрiне әсерi, сабақ тастығы, аса 
көрнектi ұлт зиялыларының бостандық жолындағы күрес ке 
тартылуы, мiне, осының бәрi, тағы да басқа маңызды оқиға-
лар мен мәлiметтердi оқу арқылы ұлттық сана-сезiмдерiң 
қалыптасып, одан әрi дами түседi. 
Әрине, оқиғаларды сипаттау, оларға баға беру, қайшы-
лық тарына көңiл аудару, қоғамдағы әртүрлi орын алған 
алыпқаш па пiкiрлер, педагог-тарихшылар тарапынан бола-
тын пайым даулар түрлiше көзқарастар туғызуы мүмкiн. 
Пiкiрлер дiң өзгерiп отыруы, заман ағымына байланысты.
Жас достар! Оқулық материалдарын түсiнiп, зер сала 
оқыған жағдайда ғана сабақ барысында алған бiлiмдерiңдi 
одан әрi тереңдете түсулерiңе жол ашылады.
Сонымен қатар оқулық тақырыптарын оқи отырып, сен дер 
туған жерге, Отанға деген патриоттық тәрбие аласыңдар.
Олай  болса,  iске  сәт!

4
I бөлiм. ҚАзАҚсТАННыҢ XVIII ҒАсыРДАҒы ӘлЕУМЕТТIК-
ЭКОНОМИКАлыҚ ЖӘНЕ сАЯсИ ДАМУы
 XVIII ҒАсыРДыҢ БIРIНШI ШИРЕГIНДЕГI ҚАзАҚ 
ХАНДыҒыНыҢ IШКI ЖӘНЕ сыРТҚы ЖАҒДАЙы
Қазақстанның Ресейге қосылуы ұзаққа созылды. Орыс 
мемлекетi өзiнiң мемлекеттiк шекарасын шығысқа қарай 
кеңейтуге бұрыннан-ақ мүдделi болатын. Мұның себебiн 
осы елдiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси даму жағ-
дайымен байланыстыруға болады. Мемлекеттiк басқару  дың 
орталықтануы мен күшеюi көршi шығыс халықтары мен сау-
да айналымын және басқа да қатынастарын жандандырды.
Көшiм хандығының ыдырауы және орыс елiнiң кең- 
байтақ Сiбiр жерiн, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) 
хандықтарын бiрте-бiрте жаулап алуы, Кама сауда жолы-
ның құрылуына әкелдi. Орыс мемлекетi ортаазиялық хан-
дық  тармен сауда-экономикалық және дипломатиялық 
қатынастарын кеңейткеннен кейiн, XVI ғасырдың соңы — 
XVII ғасырдың басында қазақ жерлерiне қызығушылығы 
ерекше арта түстi. Қолөнер орталық тары — Хиуа хандығы 
және Бұхар әмiрлiктерiне баратын орыстың транзиттiк сауда 
жолдары қазақ даласы арқылы өтiп, осы аумақта түйiсе-
тiн.
 XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырда орыс мемлекетiнен 
ор та    азия лық өңiрге қазақ даласы арқылы Бұхар мен Хиуадан 
44 елшiлiк пен 9 орыстың дипломатиялық желiлерi өткенiн 
айтуға болады. Орал аймағын игергiсi келген, көршiлермен 
қауiпсiздiк байланысты сақтауға тырысқан Мәскеу үкiметi — 
шығысқа қарай ұмтылған жер  иеленушiлер, сау да герлер, 
елшiлiктер мен әскери құрамалардың өтуiн реттеу үшiн Қа-
зақстанмен шекарада қорғаныс бекiнiстерiн салуға кiрiстi. 
Бұл аймақтағы Обь өзенiнiң оң жағалауындағы үлкен Обск 
қалашығы (1585 ж.), Түмен (1586 ж.), Тобыл (1587 ж.), Тара 
(1594 ж.), Томск (1604 ж.) және басқа да әскери-бақылау 
қоныстары Қазақстанға Ресей ықпалын күшейтiп, Қазақ 
хандығының солтүстiк-шығысын отарлау қозғалысында 
тiрек болды.
XVII ғасырдың соңында орыс мемлекетi Сiбiрдегi жергi-
лiктi ру-тайпаларды оңтүстiкке ығыстырып, олардың кү шiн 
әлсiретiп, жаңа бекiнiстер салуға қолайлы алғышарт қа лып-
тастырды.

5
Ресейдiң экономикалық дамуы — Орталық Азиямен, оның 
iшiнде, Қазақ хандығымен сауда экономикалық қарым-
қатынасын ұлғайтты және патша үкiметiн осы аймақта нақты 
шаралар жасауға итермеледi. I Петр айтқандай: “Барлық 
Азия елдерi үшiн Орда кiлт пен қақпа, сондықтан Орда 
Ресейге тәуелдi болуы керек”. Бұл Ресейдiң Қазақстанмен 
қатынасындағы болашақ саясатын белгiледi, яғни әскери 
отарлау саясатын күшейттi. Жоғарғы Ертiс бойына салынған 
бiрқатар әскери бекiнiстер: Жәмiш (Ямышевск) (1716 ж.), 
Омбы (1716 ж.), Железинск (1717 ж.), Коряков (Кереку), 
Семей (1718 ж.), Өскемен (1720 ж.) және басқалары қазақ 
жерiне Ресей әскерiнiң iшкерiлеп енуiн жеңiлдеттi. Қазақ-
жоңғар  қарама-қайшы   лықтарының  шиеленiсуi  және 
И.Д.Бухгольц, В.Чередов, П.Ступин, И.Н.Лихарев, т.б. 
әскери жо рықтары Ресейдiң бұл аймақтағы ықпалын 
күшейте  түс тi.
Ресей қазақ хандарының ойрат жаулаушыларымен күре-
сiн, әскери күштердi бiрiктiру және қазақ мемлекеттi гiнiң 
сақталуы жолындағы күрес жағдайын өз мақсатына шебер 
пайдаланды.
Қазақ жерiн бiрiктiрушiлердiң бiрi Тәуке хан бұл жағдай-
да, әрине, Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырмай, шы-
дам дылық көрсетiп, елдiң басты күшiн жоңғарларға қар-
сы жорыққа бағыттады. Қазақ хандығы сыртқы қауiптiң 
кү шеюiне байланысты өзiнiң халықаралық қатынасын 
нығайтып, Ресеймен сенiмдi байланыс орнатуға бар күшiн 
салды. Айта кететiн жайт, XVII ғасырдың соңы мен XVIII 
ғасырда Тәуке билеген Қазақ хандығы халықаралық қаты-
нас  та маңызды орын алғанымен, елдiң жағдайы барынша 
қиын дап кеттi. Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы рулық 
бөл шек тенудi тоқтатуға қол жеткiзген Тәуке хан өзiнен бұрын 
ел билеген Қасым хан, Хақназар және Тәуекел кезiндегiдей 
бiр орталыққа бағынған Қазақ хандығын уақытша болса да 
қалпына келтiрдi. 
Соның нәтижесiнде Тәуке хан жоңғарлардың бiрнеше 
жорықтарын тойтарды. 1715 жылдың күзiнде (кейбiр де-
рек   терде 1718 жыл) Тәуке қайтыс болды, оның орнын бас-
қан Қайып сұлтан хандықты әлсiретiп алды. Келесi бас  қа-
рушылардың бағытының бiрдей болмауынан (Кiшi жүз дi 
Әбiлқайыр; Орта жүздi Сәмеке, Күшiк (Қосманбет); Ұлы 
жүздi Жолбарыс басқарған кезде), үш жүздiң бiрлiгi әлсi-
редi.

6
Сұлтандар мен старшындар арасындағы алауыздықтар-
ға қарамастан, бiрiккен халық жасақтарын құруға қол 
жеттi. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрестi 
ұйымдастыруда, белгiлi қолбасшы және мемлекет қайраткерi 
Әбiлқайыр ерекше көзге түстi. Ханның табиғи дарыны мен 
саясаткерлiгi, көршi елдермен қарым-қатынастарда айқын 
байқалып, қазақ елi үшiн аса күрделi заманда оны батыл 
шешiмдер қабылдауға итермеледi. Мақсаты — әлсiреп, 
ыдырауға айналған бiртұтас Қазақ хандығын қалпы на 
кел тiру және үш жүздiң бiрлiгiн сақтау болған Әбiл қай ыр 
Тәуке ханның тiкелей мұрагерi Қайыптың билiгiн мойын-
дағанымен, өзiнiң қабiлетi, айлакерлiгi арқасында көп ұза-
май-ақ бақталасын ысырып, Кiшi жүздiң көрнектi билеу шiсi 
дәрежесiне қолы жеттi. Алайда қайшылықты заманда орыс 
билеушiлерiмен жақындасуды бастауға мәжбүр болған оның 
саясаты, кейiнгi қазақ мемлекетi үшiн ауыр болды.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының iшкi және 
сыртқы саяси ахуалы күрделi жағдайда қала бердi. Жоңғар 
хандығы шапқын  шылығының күшеюi Орталық Азиядағы 
халықаралық қатынастарды шиеленiстiрдi. XVIII ғасырдың 
20-жылдарындағы бүкiл аймақтың саяси өмiрiн шарпыған 
күрделi оқиғалардың нәтижесiнде елдiң тәуелсiздiгi әлсiреп, 
құлау алдында тұрды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орыс мемлекетiнiң Қазақ хандығы жерiне көз салуының себебi 
неде?
2. XVIII ғасырдың бас кезiнде Қазақ хандығының сыртқы саяси 
жағдайы қалай қалыптасты?
3. Әбiлқайыр ханның халқымыздың тарихындағы алатын орны 
қандай?
Құжаттар
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының жағдайы
“Тәуке ханның көзi тiрiсiнде, басқаруының соңғы жылдарында 
қазақ рубасыларының арасында орын алған өзара келiспеушiлiк 
пен қайшылықтарды көршi мемлекеттер өз мүддесiне пайдаланып 
қалуға тырысты.
Тәуке ханның кезiнде-ақ, оның жасының ұлғаюы себептi Әбiл-
қайыр, Қайып сұлтандар хан сайланған едi. Хан билiгiне тала су-
шылық, оларды бiр-бiрiне қарсы қойды.

7
Әбiлқайыр ханға бағынышты қазақтар 1717 жылы Қазан губер-
ниясының жерiне басып кiрiп, Новошешинскiге дейiн барды, басып 
алған жердегi елдi тонады. Бiрақ қарсы жақ қуып шықты.
Келесi қазақ ханы Қайып 1717 жылы-ақ басқыншылықтың өзiне 
қатысты емес екендiгiн дәлелдеу үшiн император I Петр ге мәңгiлiк 
бейбiтшiлiк пен келiсiмде болуға ұсыныс грамо та сын жiбердi...” 
Крафт И.И. Принятие киргизами русского подданства. 
/Известия Оренбургского отдела ИРГО. 
Вып. 12. Оренбург, 1897. С. 18. 
Қазақ-қалмақ қатынасы туралы
“1726 жылы күз айында қалмақ ұлысына, Едiлдiң шабындық 
жағындағы қырғыз-қайсақтар келдi. Орта жүзден Шемяки (Сәмеке. 
— Ж.Қ.) хан, Барақ сұлтан, Кiшi жүзден Әбiлқайыр хан және 
Есiм сұлтан 10 000 әскерiмен Жайықтан өтiп, Едiл мен Жайық 
арасындағы Лубжидiң (Доржи Назардың баласы) иелiгiне шабуыл 
жасады және оларды тонап, ұрып-соққан. Сонда ханның мұрагерi 
Черен Дондук (және оның бауырлары. — Ж.Қ.) 20 000 әскерiмен 
артынан қуды...”
Красный архив. 1939. №37. С. 225.
§1-2. ҚАзАҚ ХАлҚыНыҢ ЖОҢҒАР ШАПҚыНШылыҒыНА 
ҚАРсы сОҒысы. 
ШАПҚыНШылыҚҚА ҚАРсы АзАТТыҚ КүРЕс
Жоңғарияның күшеюi және оның қазақ жерiне шапқын-
шылығы. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында 
Тәуке хан бiрiктiрген Қазақ хандығы Орталық Азиядағы 
халықаралық қатынастарда белдi орын алды. Жайылымдық 
жер үшiн қырқысқан руаралық тартыстарды уақытша болса 
да тоқтатқан Тәуке тұсында мемлекет Қасым, Хақназар 
және Тәуекел хандар кезiндегiден әлдеқайда қуатты болды. 
Алайда Тәукенiң өлiмiнен кейiн қазақ жерi тағы ыдырай 
бастады. Тәукенiң мирасқоры Қайып елдiң басын құрай 
алма ды. Алғашында Қайып ханға тәуелдiлiгiн мойындаған 
Кiшi жүз билеушiлерiнiң бiрi Әбiлқайыр  ХVIII ғасырдың 
20-жылдарынан бастап-ақ, өз алдына билiк құра бастады. 
Қа зақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресiне 
басшылық еткен Әбiлқайыр қолбасшылық, елшiлiк қабiлет-
терiн халыққа таныта алды.
Жоңғар хандығы XVII ға сырдың 40-жылдарынан бастап 
қазақ жерiне сан рет жой қын жорықтар ұйымдастырды. 
Жоңғарияның мақсаты қа зақ елiнiң тәуелсiздiгiн жойып, 

8
ұлан-байтақ жердi өзiне қарату болды. Шамамен 1710—1717 
жылдар аралығында жоңғардың қалың қолы қазақ жерiне 
басып кiрiп, халықты қан қақсатты. Жоңғар әскерi өзiнiң 
басымдығын пайдаланып, XVII ғасырдың соңы — XVIII 
ғасырдың басында Жетiсудың бiр бөлiгiн жаулап, Сарысу 
өзенi алқабына дейiн жеттi. Соққының ауыр болғандығы 
соншалық, ендi үш жүздiң ортақ жауға бiрлесiп күресуi — 
тарихи қажеттiлiк едi. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ 
жүздерiнiң белгiлi өкiлдерi Қарақұм  маңында бас қосып, 
жоңғарларға соққы берудiң мүмкiндiктерiн талқылады. Осы 
кеңестiң шешiмiне сай жоңғарларға қарсы бiрiккен халық 
жасағы құрылып, соның күшiмен жоңғар әскерi шығысқа 
қарай ығыстырылды. 1711 жылы жоңғарлар қазақ даласына 
тағы шабуыл жасағанда, қазақ батырлары тiзе қосып, 
жауға айтарлықтай тойтарыс бердi. Жоңғар қонтайшысы 
Себан Рабданның (Цэван-Раб дан) қазақ жерiне 1713 жылғы 
жорығы да сәтсiздiкпен аяқ тал ды. 
Қазақ мемлекетiнiң ахуалын қиындатқан тек жоңғар 
елi нiң ұдайы шабуылдары ғана емес. Солтүстiк-батыстан 
баш құрттар, солтүстiктен Сiбiр казактары елдiң мазасын 
алса, оңтүстiкке iргелес орналасқан Қоқан, Хиуа мемле-
кет терi де қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға 
тырысты. 1718 жылы Аякөз өзенi бойында Қаракерей Қа бан-
бай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен 
жаудың қолын талқандаған жеңiс те қазақ елiнiң ауыр жағ-
дайын жақсарта алмады. Қазақ хандығының тәуелсiз дiгiне 
мейлiнше қауiп төндiрген басты жауы Жоң ға рия — әскери-
феодалдық мемлекет едi. Цин (Қытай) импе ра торы Канси 
өлгеннен кейiн, 1723 жылы осы елмен қа рым-қатынасын 
ретке кел тiр ген Жоңғария барлық күш-
қуа тын қазақ елiне қарсы жұмсауға 
мүмкiндiк алды. Қазақ елiн талқандауды 
көксеген жоңғарлар өздерiнiң жоспарын 
тезi рек iске асыруға талпынды.
1723 жылы қазақ билеушiлерi өзара 
қырқысып жатқан кезде, жоңғардың 
қалың қолы қазақ жерiне тұтқиылдан 
баса көктеп кiрдi. Жетiсуды жапыра, 
Қаратауды басып өтiп, Талас алқабында 
көшiп жүрген қазақ ауылдарына ойран 
салды. Бұл “Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұламаның” басы едi. Жау 
Қабанбай батыр

9
соққысына төтеп бере алмаған Ұлы жүздiң көпшiлiк 
рулары мен Орта жүздiң бiрқатар рулары Шыршық өзенiнiң 
Сырдарияға құяр сағасынан өтiп, Ходжентке қарай беттедi. 
Орта жүздiң басқа рулары Самарқанға ойысты. Кiшi жүз 
Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендерiне қарай ығысты. 
Шапқыншылармен арпалысқан қазақтардың бiр бөлiгi То-
был губерниясының шекарасына жақындады.
Жоңғарлардың күтпеген жерден бiрнеше бағытта ұйым-
дас тырған шапқыншылығының зардабы, бейқам жатқан 
қазақ ауылдары үшiн тiптi ауыр болды. Мал-мүлкiн, тiгулi 
үйiн, асулы қазанын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған 
қайғылы жағдай қазақ жерiнде моңғол шапқыншылығынан 
берi қайталанбаған едi. Ел басынан кешкен осынау қайғы-
қасiрет әйгiлi “Елiм-ай” әнiнiң мұңлы-зарлы шумақтарынан 
анық байқалады:
Қаратаудың басынан көш келедi, 
Көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi. 
Ел-жұртынан айырылған жаман екен, 
Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi.
Мына заман қай заман, қысқан заман, 
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман. 
Шұбырғанда iзiңнен қар борайды, 
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы халық-
аралық қатынастардың түбiрiнен өзгеруiне әсерiн тигiздi. 
Қазақтардың оңтүстiкте өзбек хандықтары мен батыста Едiл 
қалмақ тарының иелiгiне жақындауы — көршiлес мемле-
кеттермен қарым-қатынасты бiршама күрде лендiрдi. Жайық 
бойындағы iргелес казактар, оңтүстiктен қарақалпақтар, 
өзбектер онсыз да азып-тозған ауылдарды шабуылдап, жағ-
дай ды одан әрi қиындатты. Әсiресе қатты ойрандалған — 
Жетi су өңiрi. Әрине, алғашқы жаудың қауырт шабуылдарын 
өзде рiне қабылдаған Шығыс өңiрiнiң ахуалы да тым аяныш-
ты едi.
Ел билiгiндегi хандар мен сұлтандар жоңғар шапқын шы-
ларына қарсы күрестi ойдағыдай үйлестiре алмады, бiр-бi-
рi мен қырқысып, халықтың  хал-жағдайын  тiптi ауырла -
тып жiбердi. Есiмдерi аңызға айналған Есет, Қаракерей 
Қабан бай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, 
Наурызбай,  Баян, Жауғашар (Шақантай), Жәнiбек, 

10
Райымбек, тағы бас қа батырлар жеке 
қол құрап, күрестi тоқтатпады. Атақты 
жы раулар толғауларында сипатталған 
бұл халық батырлары — атамекендi 
жаудан тазартуда ерекше ерлiк пен 
табандылық көрсеттi.
Қазақ халқының жоңғарларға қар-
сы азаттық күресi. 1725 жылы шабуы-
лын үдеткен жоңғарлар Түркiстан 
мен Ташкенттi басып алды. Оңтүстiк 
аудан ның елдi мекендерi мен дәстүрлi 
керуен саудасына нұқсан келдi. Қазақ 
жерiнiң ұзақ жылдар бойы жоңғар 
қолында қалып қою қаупi төндi. Осындай жағдайда 
халық арасынан шыққан батырлар туған өлкенi азат етуге 
шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа қашқан 
рулардың басын бiрiктiрiп, жоңғарларға қар сы бiртұтас 
әскер ұйымдастыруда, әсiресе Қанжығалы Бөгенбай батыр 
ерекше көзге түстi.
Қазақтың үш жүзі жасақтарының басқыншыларға қарсы 
тiзе қосып, бiрiккен қимылдары 1726 жылы басталды. Осы 
кезге дейiн жауға тиiп-қашып қарсылық көрсетiп келген 
қазақ жасақтары, ендi тiзе қосып қимылдауға кiрiстi.
1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай 
даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты 
және Білеуті өзендері аралығындағы Қарасиыр деп аталған 
кең жазықта бiрiккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата 
соққы бердi. Зеңбiректермен және мылтықпен қаруланған 
жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының бiрiккен 
күшiне төтеп бере алмады. “Қарасиыр” деген жерде болған 
қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 
мыңдық қолының толық жеңiсiмен аяқталды. Қалмақ 
қол дары тас-талқан болған сол жер, кейiн нен “Қалмақ 
қырылған” деп аталып кеттi.
Бұл жеңiстiң қазақ халқының рухын көтеруде орасан 
зор маңызы болды. Жеңiске жiгерленген қазақ рулары-
ның үш жүзi бiрiккенде ғана жоңғар қаупiнен құтылу 
мүм кiндiгiне сенiмi күшейдi. Ендiгi мақсат — қазақ жерiн 
түгел жаудан тазартып, елдiң тәуелсiздiгiн толық қалпына 
келтiру едi. “Қалмақ қырылған” шайқасы, негiзiнен, Қазақ-
станның солтүстiк-батыс өңiрiн азат еттi. Елдiң бiрқатар 
аудандарында, соның iшiнде, Жетiсу өңiрiнде әлi де жоң-
Бөгенбай батыр

11
ғарлар үстем болатын. Қауiп-қатер әлi де жойылмады. Қазақ 
жерiнiң шетел басқыншыларынан түбегейлi тазаруы үшiн 
әлi де болса табанды күрес қажет едi.
Қазақ билеушiлерiнiң шешiмiмен жоңғарларға қарсы 
шайқасқа қолбасшылық жасау Әбiлқайырға жүктелдi. 
Көр нектi ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белдi 
батырларды өз туының астына шоғырландыра бiлдi.
Осы 1726 жылы Қазақстанның оңтүстiгiндегi Ордабасы 
тауының етегiне барлық қазақ жасақтары жиналды. Бұл 
жер, жау қолындағы Жетiсуды азат етуге аттануға жақын едi. 
Сонымен қатар Алатау мен Қаратау сiлемдерiмен қоршалған, 
ал шығысқа қарай ашық дала болып келетiн бұл жер, қалың 
қолды құпия шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн-дi. Қазақ 
әскерiнiң одан әрi жылжу бағыттары Боралдай және Қошқар- 
ата өзендерiнiң жоғарғы сағасындағы “Үлкен Орда қонған”, 
“Кiшi Орда қонған”, “Әбiлқайыр сайы” деген жер аттарынан 
да байқалады. 
Бұл топономикалық мәлiметтерге қарағанда, қазақ жасақ-
та ры жүздiк негiзiнде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жыл-
дың көктемiнде Балқаш көлiнiң оңтүстiгiнде
1
,  Аңы ра қай 
түбiнде, Әбiлқайырдың басшылығымен үш жүздiң ортақ 
әскерi қалмақтарға күйрете соққы бердi. Осы қырғын ұрыс қа 
Әбiлқайырдың қарсыластары Әбiлмәмбет пен Барақ сұл тандар 
да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңiске жеттi. 
Тарихта “Аңырақай шайқасы” деп аталып кеткен бұл 
тарихи оқиға — қазақ халқының шеттен келген басқын-
шыларға қарсы күресiнде ерекше орын алады. Мұндай жеңi-
лiстi бұрын-соңды көрмеген жоңғарлар осы жолы жаппай 
қырғынға ұшырап, ұрыс даласы қан сасыды. Қазақ әскерiнiң 
те геу рiнiне шыдамаған жоңғарлар Iле өзенiн бойлап, елiне 
қарай шегiнедi.
Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңiнде 
қазақ хандары арасында туған алауыздық, жоңғарларды 
толығынан талқандауға кесiрiн тигiздi. Негізгі билеуші 
саналған Болат тың өлiмiнен кейiн Әбiлқайыр мен Сәмеке 
аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбегейлі жеңiске 
жеткен халық жасағының iшiнде iрiткi туғызды. Әбiлқайыр 
Кiшi жүздiң әскерiн бастап Қазақстанның солтүстiк-баты-
1
Тағы бiр деректерде, шайқас болған жер Балқаштың оңтүстiк 
шығысы, Алакөл мен Итiшпес көлiнiң аралығында 1729 жылы болған 
деп көрсетiлген.

12
сына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздiң жасағын жырып 
әкеттi. Сырдария алқабына шегiнген Ұлы жүздiң әскерi 
қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете 
алмады. Оңтүстiктегi қазақ даласы уақытша жоңғар 
билігінде қалып қойды.
Сөйтiп, қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы бақта-
ластық жоңғар тепкiсiнен толық құтылуды кешеуiл деттi. 
Халықтың бостандық үшiн күресi аяғына дейiн орындалмады. 
Әйтсе де қазақ билерiнiң көрегендiгi, қа зақ батыр ларының 
ерлiктерi арқасында қазақ елi өзiнiң дербестiгiн сақтап қала 
алды. Жоңғар қаупiнiң жойылмауы, ел билеушiлерiнен қазақ 
жерiн сыртқы қауiптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, 
саяси жолдарды iздеудi талап еттi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары туралы айтып бе рiң дер.
2. Қазақ қоғамы жауға қарсы күрестi қалай ұйымдастырды?
3. Басты жеңiстерге жетудегi және елдi азат етудегi қазақ батырлары -
     ның рөлi қандай болды?
Құжаттар
“Бұл көш (яғни, жоңғар шапқыншылығы салдарынан шегiну. — 
Ж.Қ.) ерiксiз қайыршылану мен қырылуға әкелiп соқтырды. Мал 
басы күн сайын азайды, айырбас саудасы құлдырап кеттi, кедейшiлiк 
пен қайғы барлық жұртты қамтыды, бiреулерi аштықтан өлсе, 
екiншiлерi бала-шағаларын тастап кетуге мәжбүр болды. Ақырында 
халық — тақыр, көшпендi халықтың өмiрiне ешқандай қолайсыз 
өңiрге келiп тоқтады”.
Левшин А. Описание киргиз-казачьих, 
или киргиз-кайсацких орд и степей. 
СПб., 1832. Ч. 2. С.70.
“XVIII ғасырдың бiрiншi онжылдығы қырғыз (қазақ) халқы үшiн 
тiптi ауыр болды. Жоңғарлар, Едiл қалмақтары, Жайық казактары 
және башқұрттар тұс-тұстан олардың (қазақтардың. — Ж.Қ.) ұлыс-
тарын шауып, малдарын айдап әкетiп, өздерiн отбасыларымен тұт-
қын дап айдады. Қақаған қыс, аштық пен мұздақ елдiң жағдайын 
одан сайын қиындата түстi.
Орынбордағы бiр рубасы өз жерлестерiнiң жағдайын тазы иттер-
дiң қуғынына түскен қоянмен салыстырды. 1723 жыл өзiнiң зар дап-
тарымен халықтың есiнде мейлiнше сақталады...”
Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы.  
Алматы, 1985. 4-том, 111-парақ.

13


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет