Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  Шыжып тұрған майда сабан түрінде қуырылған картоп (пай



Pdf көрінісі
бет56/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   174
68 
Шыжып тұрған майда сабан түрінде қуырылған картоп (пай 
картобы). Шикі картопты сабандап турап, әрі қарай жоғарыда атап 
өтілгендей етіп әзірлейді, тек 5-6 минут қуырады. Гарнир ретінде 
пайдаланады. 
Қуырылған қырыққабат. Ақбас қырыққабатын қылыштап, кольраби 
қырыққабатын дөңгелектеп турап, брюссель және гүлді қырыққабатты бөлек 
алып бөлшектейді. Қырыққабатты қайнап жатқан тұздалған суға салып
қайнауы қайта қалпына келгеннен кейін 5-10 минут ішінде қайнатады. 
Піскен қырыққабатты кепсерге салып, артынша қуырып, үстіне жұмыртқалар 
қосып (рецептуралар жинағының 1-ші бағаны) немесе кепкен нан сеуіп 
(рецептуралар жинағының 2-ші бағаны), қуыру шкафында 3-5 минут ішінде 
дайын болғанға дейін пісіреді.
Қызанақ, бәді, баялды және басқа да қуырылған көкөністер. Дайын 
тұрған қызанақтарды дөңгелектеп кеседі, тұздап, екі бетін де қуырады. 
Баялдыны жуып, қабығынан тазартады, дөңгелектеп кесіп, тұздап, ащы 
заттектерінен арылту үшін 10-15 минут қоя тұрады. Одан кейін жуып-
шайып, құрғатып, ұнға аунатып, екі бетін да қуырады. 
Бәдіні тығыз мәйегі және майда тұқымдарынан және асқабақты 
қабығынан тазалап, асқабақ пен үлкен бәділердің тұқымдарын алып 
тастайды. Дайын көкөністерді дөңгелектеп немесе тілімдеп турап, тұз себеді, 
ұнға аунатып, екі бетін де бірдей қуырады. Баялды мен асқабақты қуырыу 
шкафында дайын болғанша пісіреді. 
Берер алдында қуырылған көкөністерге қаймақ, сүтті тұздық немесе 
қаймақты тұздық немесе қызанақты қаймақ тұздығын құйып, ұсақталған 
ақжелкен не аскөк көгін себеді. 
Қызанақтармен немесе саңырауқұлақтармен қуырылған кәділер. 
Кәділерді, қызанақтарды және саңырауқұлақтарды қуырады. Берер алдында 
тәрелкенің ортасына кәділерді, жан-жағына қызанақтарды салады. 
Саңырауқұлақтарды дөңгелек кәділердің үстіне салып, қаймақ немесе қаймақ 
тұздығы, қазанақты қаймақ тұздығын құяды да, көк бұтақшаларымен 
сәндейді немесе майдалап туралған көктерді себеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет