«Технологиялық процестерді моделдеу»


Дәріс №5 Математикалық моделдердің технологиялық процестерінің классификациясы. Классификация –



бет7/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#11569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Дәріс №5 Математикалық моделдердің технологиялық процестерінің классификациясы.
Классификация –
бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы.
Математикалық модельдерді келесі түрде классификациялауға болады:

  1. Динамикалық (дескриптивті). Объект ретінде қарастырылатын құбылыстың қасиеттерінің мәнін және олардың өзгеруін сипаттайтын сандар мен теңдеулер қарастырылады. Модельдер әртүрлі үдерістерді немесе динамикалық объектілерді сипаттауға арналады. Мысалы, сандық әдістер саласы бойынша есептерді шешудің негізінде дифференциалдық және алгебралық теңдеулер теориясы жатады.

  2. Оптимизациялық (экстремальды). Модельдердің объектілері ретінде заттардың (үдерістердің) қасиеттерінің арасындағы қатынас түрінде берілген және қасиеттердің мүмкін мәндерінің аймағына шектеу түрінде берілген қатынастар жиыны ұсынылады. Есептердің бұл класы үшін қосымша объектілер қасиеттері арасындағы әртүрлі қатынастарды ескеретін басқару түрін таңдау қажеттілігінде болып табылады. Бұл класс есептерін шешу негізінде сызықты және динамикалық бағдарламалау әдістері, сонымен бірге сызықты емес және бүтін санды бағдарламалау әдістері жатады.

  3. Ойын модельдері. Жүйенің объектілері стратегиялар мен ойын ситуацияларын сипаттайтын ережелер мен қатынастар болып табылады. Модельдер ойынға қатысушылардың көзқарастары бір-біріне сай келмегенде нақты жағдайды зерттеу үшін қызмет етеді. Есептердің бұл класының негізінде ойын теориясының математикалық аппараты жатады.

  4. Имитациялық. Мұндай жүйелердің объектілері – құбылысты оның құрамдас бөлімдерінің өзара әрекеттесу арқылы сипаттайтын күрделі теңдеулер жүйесі болып табылады.

  5. Логикалық-лингвистикалық. Мұндай модельдердің объектілері символдар, символдық және логикалық өрнектер мен мәтіндер болып табылады. Олар жүйелерді автоматтандырылған аударманы пайдалануға, ақпаратты техникалық құрылғыға шығаруға арналады.

Математикалық модель жасау процесі өзара байланысқан бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – есептің қойылуы. Бұл кезең зерттеудің мақсатын анықтаудан басталады.

Мысалы, кәсіпорын үшін өнім өндіру немесе жүк тасымалдаудың оптималды жоспарын құру немесе берілген материалды кесіп-пішудің оптималды нұсқасын табу қажет т.с.с. Зерттеудің мақсатына сәйкес жүйелерді жан-жақты талдап, оның құрылымы мен қызметін, ерекшелктерін ескеру керек.

Жүйелерді модельдеген кезде модельге есептің шешіміне әсер ететін, яғни қойылған мақсатқа қол жеткізетін факторлардың енуі шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет