Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет110/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126
Көзге илмедиелемеді, көзге ілмеді. Көңүл икки жеханны көзга илмас 479 (Көңілім екі жаһанды көзге ілмес). Қазақ тіліндегі көзге алмады, көзге ілмеді, елемеді тіркестері місе тұтпады, өзіне теңгермеді мағынасында айтылатындығы мазмұндық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтап, қазіргі тілде қолданысын әлі жоймаған.

Ескерткіште адамның эмоциясын білдіретін көңіл-күй фразеологизмдері өте жиі ұшарасады. Қаны қайнабызаланды, қатты күйінді. Көңүлниң қаны қайнаб барча ташқай 217 (Көңілдің қаны қайнап баршасы тасты). Бұл тіркестің беретін мағынасы қазақ тілі мен ескерткішке ортақ. Күйүрди көңлүмиқатты қапаланды, қайғыдан өртенді. Күйүрди көңлүми дилбар фирақы 282 (Сүйіктімнен айырылу өзегімді күйдірді). Бұл тіркеске қазақ тіліндегі жаны күйді, іші күйді сияқты фразеологизмдер мағыналас бола алады. Орта ғасырда көңүл сөзі тұрақты компоненттерді құрауда ұйтқы сөз болғанға ұқсайды. Көңүлни бағлакөңіл қою. Көңүлни бағлағайын өзга йара 556 (Көңілімді байлайын өзге жарға).

Жазба ескерткіш тілінде мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы фразеологиялық антонимдер қолданылған. Көңили тартарынтықты. Кишиниң пакларға көңли тартар 521 (Кісінің шынайы пәктікке көңілі тартып тұрады). Бұл қазақ тіліндегі ықыласы ауды, ұнатты сияқты ұғымдармен ұштасып, жағымды эмоциялық-экспресивтік мәнде қолданылатын көңілі түсті тіркесімен мағыналас. Бұған керісінше көңүл татмадыКөңүл татмады бағың мевасини 550 (Көңілім татпады бағыңның мәуесін). Бұл фраза төл тіліміздегі көңіл салмады тіркесінің яғни көңілін бермеді, ықыласы аумады, ниеті болмады мағынасымен жуықтас болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет