Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет43/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫң КОММУНИКАТИВТІК 

ҚАБІЛЕТТЕРІНІң ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар болашақ оқытушылардың коммуникативтік қабілеттерін қарастырады, 

ғалымдардың  ғылыми  пікірлеріне  шолу  жасайды,  коммуникативтік  қабілеттердің 

жіктелуін көрсетеді. 

Түйін  сөздер:  коммуникация,  қабілет,  коммуникативті  қабілет  құрылымы, 

мәліметтер алмасу, перцепция, интеракция, метабілгірлік. 

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА. 2 (66) 2015. Б. 473-480 

 

 



                ISSN 1683-1667 

474

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ОСОБЕННОСТИ КОММУНИКАТИВНЫХ СПОСОБНОСТЕЙ 

БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ

Авторы рассматривают коммуникативные способности будущих педагогов, дела-

ют обзор научных мнений ученых, дают классификацию коммуникативных способно-

стей. 


Ключевые слова: коммуникация, способность, структура коммуникативных спо-

собностей, обмен информациями, перцепция, интеракция, метаумения

FEATURES OF COMMUNICATIVE ABILITIES OF FUTURE TEACHERS

The  authors  examine  the  communication  skills  of  future  teachers  are  reviewing  the 

scientific opinion of scientists, provide a classification of communicative abilities.

Keywords: communication, ability, structure of communicative abilities, exchange of 

information, perception, interaktion, metaabilities.

Тұлғааралық  қатынас  жүйесін  басқарушы,  негізгі  фактор  бола  отырып, 

коммуникативтік нұсқамалар, бағдарлау, таптаурын және тұлға басқа адамдарды 

қабылдайтын және бағалайтын басқа диспозиция жүйесіне әсер етеді. 

Осылайша,  В.П.  Конецкая  [1]  коммуникацияның  әлеуметтік  мәселелерін 

зерттей  отырып,  коммуникативтік  жүйе  басымының  төрт  негізгі  санатын 

бөледі:


–  коммуникативтік  рөл  –  коммуникативтік  құралдарды  пайдалану  тәсілі 

мен олардың нұсқаларын таңдауды анықтайды

–  коммуникативтік  сала  –  өз  қызметі  бар,  адамның  коммуникативтік 

қажеттіліктері  анықтайтын,  адам  коммуникативтік  қызметінің  әлеуметтік 

уағдаласқан  саласы.  В.П.  Конецкая  тұлғаның  коммуникативтік  аясын  комму-

никацияның  бірқатар  әлеуметтік  мәнді  сипаттамаларына  ықпалдастырады 

(мағыналы  ақпаратқа,  коммуникатордың  әлеуметтік  мәртебесіне,  ақпаратпен 

алмасудағы уәждеменің дәрежесіне);

– коммуникативтік жағдаят – әлеуметтік қызмет субъектісі мен объектісі 

қосылған және осы қызметке әсер ететін жағдайлар жиынтығы;

– коммуникативтік нұсқама – әлеуметтік ақпарат пен коммуникаторлардың 

сөздік мінезі арасындағы байланыстырушы буын.

Осылайша,  осы  коммуникативтік  жүйенің  негізі  коммуникативтік  өзара 

әрекеттің әртүрлі деңгейлерінің көрсеткіштері болып табылады: сыртқы әлеу-

меттік ортаның көрсеткіштері болып табылатын сыртқы жағдайлар және ком-

муникация субъектісінің ішкі сипаттамалары. Осы өлшемдер коммуникативтік 

жүйе туралы тұтас түсінікті қалыптастырмай, тек сипаттама мәнге ие болады. 

В.П. Конецкая коммуникативтік аяны тек әлеуметтік үдерістің үстірт жасаушы 

көзқарасы жағынан ғана қарастырады.

Дегенмен  тұлғааралық  қарым-қатынастар  мәселесіне  әлеуметтік-психо-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


475

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

логиялық  ыңғайларды  талдау  жүйелік-тұлғалық  ыңғай  ұстанымынан  жүзеге 

асыру  қажет  коммуникативтік  сала  қатысында  зерттеудің  ең  орынды  бағытын 

бөлуге  мүмкіндік  берді.  Жүйелік-тұлғалық  ыңғайға  сай  коммуникативтік  са-

ланы  бастапқыда  қатынас  субъектісіне  тән  жүйе  ретінде,  яғни  тұлғаның 

ішкі  (мотивациялық-қажеттілік,  когнитивтік,  эмоциялық  және  мінездік) 

құрамдастарының  ұстанымдарынан  қараудың  айтарлықтай  мәні  бар.  Комму-

никативтік сала ұғымына оған тән бейне бірлігі, жеке тұлғаның әртүрлі адам-

дармен  тікелей  немесе  жанама  (мысалы,  техникалық  құралдармен)  түйісулер 

кезінде  көрінетін  қатынастар  мен  мінездер  кіреді.  Бейне  үдерістерінің  бірлігі 

нәтижесінде  қатынастар  мен  мінездерді  үш  негізгі  коммуникативтік  аяның 

құрамдас бөлігіне бөлуге болады:

– когнитивтік – адамда бар және оның олармен қатынасында азды-көпті 

толық  көкейтесті  ететін,  адамдар  туралы  білімнің  барлық  түрлері  (қабылдау, 

ұғым, түсінік бейнелері);

– эмоциялық басқа адамдармен немесе қауымдармен қарым-қатынастарда 

танытылатын эмоциялар, күйзелістер, сезімдер;

– конативті – осы қарым-қатынастар пайда болуына әсер ететін сөздік және 

бейсезімдік мінездің барлық түрлері.

Зерттеу  пәнін  талдаудың  ыңғайлылығы  үшін  зерттеушілер  тұлғаның 

коммуникативтік ерекшеліктерін қараудың «сыртқы» және «ішкі» жоспарларын 

жиі бөледі. Бірінші жағдайда тұлғааралық өзара әрекеттің нақты жағдаятында  

өріс алатын тұлғаның коммуникативтік мінезі туралы айтылады, оны зерттеудің 

қайнар  көзін  бихевиоризм  аясында  табуға  болады.  Екінші  жағдайда  зерттеу 

жан талдау бағытының саласында жүргізілген ішкі тұлғалық интенциялардың 

(қатынастағы  қажеттіліктің,  коммуникативтік  уәждің,  мәндердің,  құнды-

лықтардың)  қарама-қайшылығы  байқалады.  Тұлғаның  коммуникативтік 

жүйе  мәселесіне  қатысты  біздің  түсініктерімізді  қалыптастыру  К.  Хорнидің, 

С.Л. Рубинштейннің, Б.Г. Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың тұлға құрылымындағы 

тұлғалық ерекшеліктер мен психологиялық қарама-қайшылықтарды зерделеуге 

арналған жұмыстарымен байланысты.

Тұлғаның коммуникативтік саласының көптеген анықтауларын жалпылау 

нәтижесінде коммуникативтік сала тұлғаның басқа адамдармен өзара қатынасын 

қалыптастыру  мен  қолдауға,  сондай-ақ  тұлғаның  өзінің  қатынас  үдерісінің 

қатысушысы ретінде дамуына ықпал ететін коммуникативтік ерекшеліктерінің 

интегративті жүйесі ретінде қарастырылады. 

Қазіргі  заманның  адамына  өзінің  әлеуметтік  және  кәсіптік  қызметін 

толығымен орындау үшін тек қана дәстүрлі емес, сонымен қатар оқу, кәсіби және 

күнделікті қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияарды қолданумен 

байланысты  кеңейтілген  коммуникативтік  білігін  игеру  керек.  Осы  тұрғыдан 

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА. 2 (66) 2015. Б. 473-480 

 

 

                ISSN 1683-1667 



476

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

коммуникативтік қабілеттерін жіктеу кейбір түзетуді қажет етеді.

Болашақ оқытушылардың көпшілігі коммуникативтік қабілеттерді қалып-

тастырудың төменгі деңгейінде жүргені құпия емес (Чурсина А.Д., Дашкин М.Е., 

Долгополова Н.Ф., Павицкая З.И. және басқа) [2]. Ал жалпы коммуникативтік 

қабілетті игеруден басқа олардан осы жаста кәсіби коммуникативтік қабілетті 

игеру  қажет  болады.  Осылайша,  болашақ  оқытушылардың  коммуникативтік 

қабілеттерін қалыптастыру үдерісі екі фактормен шиленіседі:

– жалпы коммуникативтік қабілетті қалыптастырудың төменгі деңгейімен 

және кәсіби коммуникативтік қабілетті игеру қажеттілігімен;

–  болашақ  оқытушылардың  оқу  және  кәсіби  қызметінде  инфоком-

муникациялық  технологияларын  пайдаланумен  байланысты  коммуникативтік 

қабілетті игеру қажеттілігімен.

Осыған  сәйкес  коммуникативтік  қабілетті  жоғары  деңгейде  табысты 

қалыптастыру үшін ұғымның мазмұны мен коммуникативтік қабілеттің құрамын 

анықтау керек. Осы ұғым қандай пәндік салада (психологияда, педагогикада, ди-

дактикада,  философияда)  қарастырылатынына  байланысты  оның  дәлелдемесі 

өзгереді.  Коммуникативтік  қабілет  дегеніміз  –  қатынас,  тікелей  және  жанама 

тұлғааралық коммуникация бірлігі. Дәстүрлі коммуникативтік қабілет – бұл өз 

ойын дұрыс, сауатты, түсінікті түсіндіру және қатынас бойынша серіктестерден 

ақпаратты  барабар  қабылдау.  Коммуникативтік  қабілеттер  –  бұл  білімді  шын- 

дықты  бейнелеу  мен  қайта  жасау  үшін  шығармашылық  түрде  пайдалануға 

мүмкіндік  беретін,  тұлғаның  жоғары  теоретикалық  және  практикалық  дайын-

дығына  негізделген,  саналы  коммуникативтік  іс-әрекеттер  кешені.  Олардың 

дамуы  интеллект  саласында  әрі  басым  кәсіби  мәнді  сипаттамалар  саласында 

тұлғаның жаңа түрлерінің қалыптасуы және дамуымен байланысты болады [3].

Коммуникативтік қабілет өрісін анықтау үшін олардың атақты жіктеулерін 

қарастыру керек. Ең үлкен қызығушылықты психологиялық және педагогикалық 

ғылымдарда берілетін коммуникативтік қабілетті анықтау туғызады. 

Шетел ғалымдары пайдаланылатын коммуникативтік қабілеттің құрылы-

мын Ю.М. Жуков қарастырған. Атап айтқанда, ол: «...біреулер қабілет дегеніміз 

ең  алдымен  мінез  дағдылары,  басқалары  коммуникативтік  жағдаятты  түсіну 

қабілеті,  үшіншілері  –  өз  ресурстарын  бағалау  және  оларды  коммуникативтік 

міндеттерді шешу үшін пайдалану қабілеті», – деп атап көрсетеді [4]. Әсіресе 

коммуникативтік қабілеттің мынадай жіктеуі пайдаланылады. Коммуникативтік 

қабілет жалпы қабілет блогы мен арнаулы қабілет блогынан тұрады. Өз кезегінде 

жалпы қабілет сөйлесу білігі мен тыңдау білігіне бөлінеді. Екі блокта сөздік әрі 

бейсөздік құрайтындар бар. Бұл ретте тыңдау білігі мен бейсөздік қатынас білігін 

қалыптастыруға ең көп көңіл аударылады. Бұл дәстүрлі оқыту жүйесі саласында 

осы қабілет тобы қалыптаспайтынмен дәлелденеді, оның үстіне, бейсөздік реак-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


477

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

циялар түпсана деңгейінде болады, бұл осы реакцияларды пайдаланудың саналы 

білігін қалыптастыру үшін қосымша күш талап етеді. Арнаулы коммуникативтік 

қабілетке негізінен кәсіби қызметте қажетті қабілет жатады (тұсаукесер, іскерлік 

әңгіме жүргізу, өндірістік жиналыс ұйымдастыру, бағыныстыларға нұсқау беру 

білігі).

Сондай-ақ  коммуникативтік  қабілеттің  толық  жіктеуі  бар.  Мысалы, 

кеңестер  жүргізу,  топпен  жұмыс  істеу  білігі,  жазбаша  тіл  дағдысы,  телефон 

келіссөздерін жүргізу білігі, өзіне, басқаларға, топқа, үдеріске, оқиғаларға баға 

беру білігі, жағымды кері байланыс ұйымдастыру ісмерлігі, өзін басқаның орны-

на қою, өзін орынды көрсету дағдысы мен басқалар [5]. Келтірілген жіктеулердің 

ерекшеліктері  олардың  авторларында,  әлеуметтік  ұстанымда,  теоретикалық 

негізде және практикалық мақсатта айырмашылықтары бар.

Әдістемелік идеялардың дамуының басында К.Д. Ушинский, Н.М. Соколов 

сияқты ғалымдар тұлғаның кейбір коммуникативтік қасиеттерін қарады. Олар 

білім берудің маңызды мақсаты – оқитындарды практикалық қызметке дайындау 

деп санады, ол үшін шынайы қолданбалы білім қажет; терминді пайдаланусыз 

маңызды коммуникативтік қабілеттің бірі қалыптастырылды: өз тілінде жеңіл, 

түсінікті, әдемі сөйлеу.

Қазіргі авторлар, мысалы, К. Селевко, Д.В. Татьянченко мен С.Г. Воров-

щиков, ақпараттық ыңғай негізінде коммуникативтік қабілетті топтастыру үшін 

негіз ретінде ақпараттың жетекті көздерін алады [6]. Оқуда көкейтесті көздер 

мәтіндер  мен  шынайы  нысандар  болып  табылғандықтан,  коммуникативтік 

қабілеттің үш тобын бөледі: ауызша мәтінмен жұмыс істеу, жазбаша мәтінмен 

жұмыс істеу, шынайы нысандармен ақпарат көздері ретінде жұмыс істеу.

Алайда  басқа  өлшемдерді  және  жіктеуді  пайдалануға  болады.  Мысалы, 

А.В.  Мудрик  коммуникативтік  қабілеттің  құрайтынын  бөледі:  серіктестерге 

бейімделу, адамдарды шынайы қабылдау (олардың көңіл күйін, мінезін түсіну); 

қатынас жағдаятын түсіну (ережелерді білу, түйісулерді орнату); әртүрлі қызмет 

түрлерінде  ынтымақтасу  (мақсаттар  қою,  олардың  жетістігін  жоспарлау;  қол 

жеткізгенді талдау).

Қатынасты  коммуникативтік  алмасу  ретінде  талдай  отырып,  Л.А.  Пе-

тровская коммуникативтік қабілеттің толық спектрін бөледі, және ең алдымен, 

әңгімешіні  тыңдай  білуді  айтады.  Белсенді  тыңдау  дағдысы  туралы  Н.И.  Ше-

вандрин  де  айтады  [7].  Серіктестердің  өздері  туралы  мәліметтермен  алмасу  – 

бұл феномен тұлғааралық кері байланыс. Кері байланысты пайдалану дағдысы 

қажетті коммуникативтік қабілет болып табылады. Л.А. Петровская тиімді кері 

байланыс дамуының жағдайларын бөледі:

– сипаттамалық сипат, өйткені кері байланыстың бағалау түрінде тиімділігі 

аз;

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА. 2 (66) 2015. Б. 473-480 



 

 

                ISSN 1683-1667 



478

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

– кейіндетілген, өйткені кері байланыс қатынас сәтінде қажет;

– кері байланыс жалпы тәртіпке емес, нақты құбылысқа, жалпы адамдарға 

емес, нақты адамға жатуы және нақты көзден шығуы тиіс [7].

Р.С.  Немовтың  пікірі  бойынша,  оқитындардың  нені  қалай  айтатыны-

на,  олардың  адамдардың  іс-әрекеттеріне  қалай  пікір  білдіретініне  назар  ау-

дару,  оқушылардың  ойлары  мен  сезімдерін,  олардың  басқа  адамдармен 

қатынас  актілерін,  олар  айналадағылармен  байланысқан  кезде  пайда  болатын 

қиындықтарды анықтау қажет. Автор қарым-қатынастың мінез-құлық (сыртқы) 

және психологиялық (ішкі) құрауыштарын бөледі. Мінез-құлық құрауыш мінез-

құлықтың сөздік (айтқан сөз) және экспрессивтік түрлерінен (дауыстың тоны, сөз 

қарқыны, беттің әлпеті, мимика, қылықтар) тұрады. Психологиялық құрауыштар 

– бұл ойлар, сезімдер, күтулер мен қатынас актілерін сүйемелдейтін нұсқамалар. 

Қатынаста психологиялық дайындалған адам – бұл жақсы әсер қалдыру және 

қатынастың басқа қатысушыларына қажетті әсер көрсету үшін қай жерде, қашан 

және қандай мақсатпен не айтуға болатынын және не айту керек екенін меңгерген 

адам [7].

Г.М.  Андрееваның  пікірі  бойынша,  әрбір  қабілет  тобы  қатынасының 

үш  жағының  біреуіне  сәйкес  келеді  (коммуникациялық,  перцептивті  және 

интерактивті). Қатынастың коммуникациялық жағына сәйкес келетін қабілеттер 

тобы: қатынастың мақсаты, уәждері, құралдары мен ынталары, ойларын анық 

айта білу, айтқан сөздерін дәлелдеу, талдау. Басқа топ қатынастың перцептивтік 

жағына сәйкес келеді және оған эмпатия, рефлексия, өздік рефлексия ұғымдары, 

тыңдау мен есту білігі, мәтінді дұрыс түсіндіру, кіші мәтіндерді түсіну кіреді. 

Үшінші  топ  –  қатынастың  интерактивті  жағы:  қатынастағы  ұтымды  және 

эмоциялық  факторлардың  арақатынасы  туралы  ұғым,  қатынасты  өздігінен 

ұйымдастыру, әңгіме, жиналыс жүргізе алу, талап тұжырымдау білігі, мадақтау, 

жазалау, жанжал жағдаяттарда қарым-қатынас жасау білігі [8].

Жіктеулердегі басты айырмашылық өлшем болып табылады, ол бойынша 

жүйелеу орындалған. А.Л. Солдатченко өзінің зерттеуінде әртүрлі өлшемдер бой-

ынша  коммуникативтік  қабілеттерді  жіктеу  кестесін  келтіреді:  психологиялық 

ерекшеліктер, ақпарат түрлері, ақпараттық үдерістер, ақпарат көздері бойынша 

т.с.с. [8].

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  пайдалану 

тұрғысынан  қолайлы,  яғни  коммуникативтік  қабілетті  қалыптастыру  үшін 

де  «ақпараттық  үдерістер»  өлшемі  бойынша  жіктеу  қолайлы.  Осылайша, 

коммуникативтік  қабілет  –  бұл  оқу  үдерісінде,  сондай-ақ  білім  мен  қоғамды 

ақпараттандыру  жағдайларында  кәсіби  қызметте  адамдармен  орынды  өзара 

қатынас  орнату  мен  қолдауға  бағытталған  ой  және  практикалық  әрекетті  иге-

ру  болып  табылады.  Әрі  дәстүрлі  қабілеттен  (сөйлеу,  тыңдау  және  т.б.),  әрі 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


479

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланумен  байланысты 

коммуникативтік  қабілеттен  тұратын  негізгі  коммуникативтік  қабілет  кешенін 

ұсынамыз. Оларды қабілеттің үш тобына бөлеміз: ақпаратты беру, өңдеу және 

сақтау.


Жоғарыда  аталған  коммуникативтік  қабілеттің  ішінде  басқа  қабілет 

түрлерін қалыптастыру негізінде орналасатын түрлері бар, олар метабіліктілік 

деп аталады. Олар әмбебап сипатқа ие және қабілеттің басқа түрлерінің табы-

сты қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Метабіліктілікке мысалы, 

ақпаратты  қайта  өңдеуді  орындау  білігін  жатқызуға  болады  (талдау  негізінде, 

синтез негізінде, салыстыру негізінде және т.б.), оның болуы кез келген ойлау 

қызмет табыстылығының міндетті талабы болып табылады.

Коммуникативтік сала тұлғаның қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл 

ойнайды. Коммуникативтік сала ұғымына оған тән бейне бірлігі, жеке тұлғаның 

әртүрлі  адамдармен  тіке  немесе  жанама  (мысалы,  техникалық  құралдармен) 

қарым-қатынастарда байқалатын қарым-қатынастар мен мінездер кіреді. Бейне 

үдерістері бірлігінің нәтижесінде қарым-қатынастар мен мінездерді үш негізгі 

коммуникативтік  сала  құрайтындарына  бөлуге  болады:  конативті,  эмоциялық 

және когнитивті. Тұлғаның коммуникативтік саланың көптеген анықтамаларды 

жалпылау  нәтижесінде  коммуникативтік  сала  тұлғаның  басқа  адамдармен 

өзара  қатынасын  қалыптастыру  мен  қолдауға,  сондай-ақ  тұлғаның  қатынас 

үдерісінің белсенді қатысушы ретінде дамуына ықпал ететін коммуникативтік 

ерекшеліктердің интегративті жүйесі ретінде қарастырылады.

Қазіргі  адамға  өзінің  әлеуметтік  және  кәсіби  қызметін  толық  орындауы 

үшін тек қана дәстүрлі емес, сонымен қатар оқу, кәсіби және күнделікті қызметте 

коммуникативтік  қабілеттерді  игеру  керек.  Сонымен  коммуникативтік  қабілет 

дегеніміз – қатынасу біліктілігі, тіке және жанама тұлғааралық коммуникация 

бірлігі. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Гойхман О.Я. Основы речевой коммуникации: учебник для вузов / О.Я. Гойх-

ман, Т.М. Надеина. – М.: Инфра, 1997. – 272 с.

2.  Джерелиевская,  М.Л.  Установки  коммуникативного  поведения:  учебник  / 

М.Л. Джерелиевская. – М.: Смысл, 2000. – 459 с.

3. Жуков Ю.М. Коммуникативный тренинг / Ю.М. Жуков. – М.: Гардарики, 2003. 

– 223 с.


4.  Маркова  А.К.,  Формирование  мотивации  учения:  учебник  /  А.К.  Маркова, 

Т.А. Матис, А.Б. Орлов. – М.: Просвещение, 1990. – 334 с.

5. Парыгин Б.Д. Анатомия общения: учебное пособие / Б.Д. Парыгин. – СПб: Изд-

во В. А. Михайлова, 1999. – 301 с.

6. Почепцов Г.Г. Теория коммуникации: учебник / Г.Г. Почепцов. – Рефл-бук, Ва-

клер, 2003. – 656 c.

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, С.Е. ЕРМЕКОВА. 2 (66) 2015. Б. 473-480 

 

 



                ISSN 1683-1667 

480

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

7. Столяренко Л.Д. Основы психологии: учебное пособие / Л.Д. Столяренко. – Ро-

стов н/Д.: Феникс, 1995. – 736 с.

8. Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов: учебное пособие / 

В.А. Якунин. – М.: Логос, 1994. – 155 с. 

REFERENCES

1. Gojhman O.Ja., Osnovy rechevoj kommunikacii. Uchebnik dlja vuzov. O.Ja. Gojh-

man, T.M. Nadeina. M. Infra., 1997, 272 (in Russ).

2.  Dzherelievskaja  M.L.,  Ustanovki  kommunikativnogo  povedenija.  Uchebnik.  M. 

Smysl, 2000, 459 (in Russ).

3. Zhukov Ju.M., Kommunikativnyj trening. M. Gardariki, 2003, 223 (in Russ).

4.  Markova  A.K.,  Formirovanie  motivacii  uchenija.  Uchebnik  .  A.K.  Markova, 

T.A. Matis, A.B. Orlov. M. Prosveshhenie, 1990, 334 (in Russ).

5. Parygin B.D., Anatomija obshhenija. Uchebnoe posobie SPb. Izd.vo V.A. Mihajlova, 

1999, 301 (in Russ).

6. Pochepcov G.G., Teorija kommunikacii. Uchebnik. G.G. Pochepcov. Refl.buk, Vakler, 



2003, 656 (in Russ).

7. Stoljarenko L.D., Osnovy psihologii. Uchebnoe posobie. L.D. Stoljarenko. Rostov 



n.D. Izd. Feniks, 1995, 736 (in Russ).

8.  Jakunin  V.A.,  Psihologija  uchebnoj  dejatel’nosti  studentov.  Uchebnoe  posobie. 

V.A. Jakunin. M. Logos, 1994, 155 (in Russ).

ӘОЖ 37.015.3



Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, Р.А. МУЗДАПАРОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫң ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар  «Өзін-өзі  тану»  курсының  психологиялық-педагогикалық  негізін 

қарастырады, өзін-өзі тану үлгісі мен педагогтің кәсіби құзыреттілігі үлгісін талдайды.

 Түйін сөздер: өзін-өзі тану, кәсіби өзін-өзі тану, құндылықтар.

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ САМОПОЗНАНИЯ

Авторы  рассматривают  психолого-педагогические  основы  курса  «Самопозна-

ние», анализируют модель самопознания и модель профессиональной компетентности 

педагога. 



Ключевые слова: самопознание, профессиональное самопознание, ценности.

PSyCHOLOGy AND  PEDAGOGICAL  BASES  OF  SELF-KNOWLEDGE Authors 

cover psychology and pedagogical basics of the course «Self-knowledge», analyze model of 

self-knowledge and model of professional competence of the teacher.



Keywords: self-knowledge, professional self-knowledge, values.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



481

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Өзін-өзі  тану  курсы  –  қазіргі  заманда  ғылыми  жаңа  концептуалды 

бағыттың негізі. Оның стратегиялық бағдары: шығармашылық жеке адам болып 

қалыптасуы,  дүниежүзілік  көзқарасын  кеңейту,  әлеуметтік-экономикалық  тап-

сырмаларды шешу т.б.

В.Г. Маралов сипаттамасында жеке адам белгілі бір жетістікке жетуде кәсіби 

маман ретінде өзін-өзі жетілдіру, өмір талабына жауапкершілікпен қарауы, өзіне 

қанағаттануы мен өзін-өзі сыйлау деңгейі жоғары болу, ал қолайсыз жағдайда 

мамандықты таңдаудағы қателік, жұмысты қалауымен орындамауы, өзін-өзі та-

нуы  мен  дамуы  тоқталып  қалуымен  байланысты.  Көптеген  жағдайлар  кәсіби 

аймақта тұлғаның ерекшелігі мен мінез-құлқы, ерік-жігері, өз өміріндегі орын 

табуымен  қатар,  адам  жанұя  аймағында:  әке,  ана,  күйеу,  әйел  рөлін  атқаруы, 

ерлі-зайыпты өмірде бірігіп әрекет жасауы, тәрбиелеу, оқыту жүйесінде жүзеге 

асуы [1].

Р.С. Немов бойынша балалардың танымдық қабілеті даму үстінде болады. 

Жас ұлғайған сайын индивидуалды ерекшелігі, психологиялық білімнің дәлме-

дәлдігі, жан-жақтылығы тереңдей түседі. Кейбір адам өзін және қоршаған орта-

ны терең және жақсы түсінуі, алайда бұл өмірлік тәжірибе мен интеллектуал-

ды даму деңгейімен байланысты. Өзін-өзі тануы мен өзгені тануы актер, педа-

гог, психолог, дәрігер мамандығында жақсы байқалады, олар өзгені де, өзін де 

бағалауы, түсінуі әлдеқайда мазмұнды [2].

Өзін-өзі  тану  тұтас  алғанда  кәсіби  өзін-өзі  тану  мотивация  ықпалынан 

жүзеге асады, яғни педагогтің жеке тұлға ретінде қарым-қатынасын, іс-әрекетін 

анықтауда белсене түседі. 

Кәсіби өзін-өзі тану мотивтері көп мағыналы. 

Біріншіден,  кәсіби  өзін-өзі  тану  өзіне  деген  –  қызығушылықты,  өз 

көзқарасын кеңейту, кәсіби маман ретінде өз қасиеттерін күшті және әлсіз жағын 

қарастыру.

Екіншіден, педагог өз еңбегімен тәжірибе арасындағы тепе-теңдікті табуы 

қажет. Бұл өзін-өзі тану процесімен белсендіріледі [2]. 

Б.К. Дамитов жас ұрпақты ересектік өмірге дайындауда кәсіби тапсырма-

ларды алдыға қойып, жастардың тұлғалық дамуына көмек көрсете төмендегідей 

құралдарды қолдануымыз қажет деп көрсетеді:

– әрбір баланың шығармашылық, адамгершілік күшін, қабілетін ашу;

– әлемді тануына көмектесу;

– өмірлік жағдайларға бейімделуіне үйрету,

– өмірге жағымды бағдар қоюға қалыптастыру [3].

Д. Сэлби кең ауқымда білім беруде өз аргументін көрсетті. Бұл аргумент 

– динамикалық өзін-өзі тануын арттыруда және демократиялық қоғам өмірінде 

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, Р.А. МУЗДАПАРОВА. 2 (66) 2015. Б. 480-488   

 

                ISSN 1683-1667 



482

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

нәтижелі білім беру. Ол кең ауқымда білім беруде төрт өлшемді модель теория-

сын ұсына отырып, нәтижелі білім беру мен өзін-өзі тануды байланыстыра үш 

сыртқы компонент және толықтырушы ішкі компонент моделін көрсетті.

1. Кеңістікті компонент өзара тәуелділік, өзара байланыс концепциясымен 

сипатталынады (әлеуметтік, экономикалық даму мен мәдениетті өмірдің тығыз 

байланысы).

2. Мәселелі компонент – бұл оқу бағдарламасына бағытталған компонент 

болып  табылады  (даму  мәселесі,  қоршаған  орта,  денсаулық,  гендер  мен  нәсіл 

теңсіздігі, адам құқығы, әлеуметтік әділеттілік).

3.  Уақытша  компонент  оқыту  бағдарламасындағы  өткенді,  қазіргі  және 

болашақ  табиғаттың  жаңаруы  жайлы  оқыту  бағдарламасымен  болашаққа 

дайындық ретінде жол беру. 

4. Ішкі компонент өз құндылығымызды, келешегімізді, дүниежүзілік көз- 

қарасымызды ішкі және сыртқы дүниенің өзара байланысты екенін түсіну.

Кең ауқымды және нәтижелі білім беру мен өзін-өзі тану арасындағы бай-

ланыс өте күрделі болып келеді [4].

Біріншіден,  кеңістікті  компонентті  өзара  қатынас  компоненті  ретінде 

қарастыруға  болады.  Өзара  қатынас  өзін-өзі  тануда  адам  өзге  адамдарға 

қаншалықты мейірімділікпен, шындықпен қарауы, барлық тірі және өлі дүниеге 

деген көзқарасының деңгейі қарастырылады.

Мәселелі  компонент  –  педагогтер  «Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша 

адамгершілік, рухани мәселесі этикалық жауаптарымен, пікірлерімен бөлісу.

Уақытша компоненті бастауыш сынып оқушыларының өзі үшін, өз жанұя, 

қоғам, ұлт, жер шары үшін болашақта жоспарлау, ал тапсырманы орындауда олар 

өз  құндылықтарын,  наным-сенімдерін,  артықшылық  жағдайларын  нақтылай 

алады.

Ішкі компонент – бұл құндылықтар компоненті. Сондықтан да кең ауқымда 



білім өзін-өзі тануға негіз бола алады. Олар қатынасты дамыту, мәселені шешу, 

болашаққа жоспар құруға талпындырады.

Екіншіден,  кең  ауқымды  білімді  құндылық  дағдылар  бағыты  деп 

қарастыруға  болмайды.  Құндылықтар  –  қоршаған  орта  мәселесі,  әділеттілік, 

адам құқығы, әлем, әлеуметтік әділеттік, ой-пікірді айта алу.

Кең ауқымды білімнің төрт компоненті бар. Бұл компоненттер өзара тығыз 

байланысты және бірін-бірін толықтырып отырады. 

Үшіншіден,  өзін-өзі  тану  жоғары  оқу  орнында  жүруі  қажет.  Сондай-ақ 

балалардың белсенді қатысуы, интерактивті болуы керек.

Төртіншіден, өзін-өзі тану жоғары оқу орнында пән ретінде сабақ кестесіне 

енуі,  педагог  бастауыш  сынып  оқушыларының  этикалық  және  моральді 

құндылығына көп көңіл бөлу қажет.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


483

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Д. Сэлбидің айтуынша, құндылықтар өзін-өзі тануды қажет етеді және ол 

жас ұрпақты оятады деп қарастырады [4]. Осыған орай, кең ауқымды білім беру-

де қосымша тұжырымдамамыз төмендегідей сипатталынады.

Бесіншіден,  демократиялық  қоғамда  бастауыш  сынып  оқушылары  сая-

си  және  әлеуметтік  көзқарастарын  практикада  өз  дағдыларын  қолдана  алуы, 

ересектік өмірінде рухани және адамгершілік игілігін танытуда дайын болу.

Алтыншыдан, бастауыш сынып оқушысына білім беруде, педагог мен бала 

кәсіби бағытта болу.

Жетіншіден, бала өзін-өзі тану процесінің субъектісі болу. Алдымен, бала 

өзін-өзі тануға қажеттілік тудыру және бала белсенді қызмет атқару қажет. 

А.К.  Маркова  бойынша  кәсіби  құзыреттілік  –  бұл  педагог  еңбегі  және 

жоғарғы деңгейдегі педагогикалық іс-әрекеті, тәрбиеде, оқытуда жақсы нәтижеге 

жете білетін педагог еңбегі. Компетенттілік құрылымы төрт түрге бөлінеді:

1. Педагог – тұлға.

2. Педагогикалық әрекет.

3. Педагогикалық қарым-қатынас. 

4. Оқытуда, тәрбиеде жетістікке жету.

1-сурет – Өзін-өзі тану моделі

Бөлінген компетенттердің құрамында өзіндік мәндер сипатталынады.

− кәсіби психологиялық – педагогикалық білім;

− кәсіби педагогикалық икемділігі, іскерлігі;

− кәсіби психологиялық позиция, педагогтің бағдары,

− тұлға ерекшелігі.

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, Р.А. МУЗДАПАРОВА. 2 (66) 2015. Б. 480-488   

 

                ISSN 1683-1667 



Құндылық 

компоненті

Өзара қатынас 

компоненті

Адамгершілік 

компоненті

Болашақ 

компоненті



484

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Білім және іскерлік – бұл педагог еңбегінің объективті сипаттамасы, ал по-

зиция мен тұлға ерекшелігі – субъективті сипаттамасы. 

1-кесте – А.К. Маркова бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігі моделінің көрінісі

Педагог 

еңбегінің 

жақтары

Еңбектің жан-жақтылығының психологиялық моделі



Педагог еңбегінің объективтілігі Педагог еңбегінің психологиялық 

сипаттамасы

Кәсіби білім

Кәсіби 


іскерлік

Кәсіби 


позиция

Кәсіби психологиялық 

ерекшелігі (қасиет)

Еңбек процесі 1. Педагогтің 

педагогикалық әрекеті

2. Педагогтің 

педагогикалық қарым-

қатынасы


3. Педагог-тұлға

4. Баланы оқыту

5. Тәрбиелеу

Келтірілген  кесте  бойынша  әр  бес  компетенттер  арқылы  кез  келген 

педагогтің білімін, іскерлігін объективті талдау жасап анықтауға болады [5].

«Өзін-өзі тану» курсының кәсіби ұйымдасқаны – бұл оқыту әдісімен ба-

лаларды тәрбиелеу, оқыту бағдарламасы, оқыту әдістеме комплекісінің мақсаты 

мен құрылымы бойынша арнайы апробация бойынша бақылау жүйесі.

Мониторинг төмендегідей шарттарды ұсынады:

әдістемелерді  ұсыну  апробациясы  (әдістемелерді  қолдану,  оқыту 

– 

әдістеме комплекісінің сапасын өлшеу);



– «Бөбек» қорынан ақпарат алу;

әдістеме мониторингісі.

– 

Бастауыш сынып оқушысының тұлғалық өсу мониторингі зерттеулерінде 



қатысқан зерттеушілердің жалпы саны жиілік негізінде жүргізіледі. Әрбір жоғары 

оқу орындарында зерттеу жүргізетін нақты топ болу қажет. Сондай-ақ зерттеу 

жүргізілетін жағдай бастауыш сынып оқушылары саны, тобы, мамандығы т.б. 

сәйкес  келу  керек.  Мониторинг  жолында  өзін-өзі  тану  курсы  бойынша  оқу-

әдістемелік комплексі сапасы мен бақылау жүреді және оны жоғары кәсіби білім 

талабымен сәйкес келуімен анықталады [5]. 

«Өзін-өзі  тану»  курсының  педагогтеріне  арналған  әдістемелік  бағалау 

параметрі және балаларға арналған дәптердiң бағалау параметрi берілген.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


485

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Функциялар мен парамет

рлер


Ақпара

ттық


М

отив


ациялық

Өзіндік жұмысқа 

үйрет

у

Дамыт



у

Басқар


у

Иллюст


рациялық с

апасы


Қазiргi зам

ан 


та

лабына с


ай 

оқу м


атериа

лдар 


маз

мұнының с

ай 

келуi


Баст

ауыш сынып 

оқушыларының  қызығушылығын  дамыт

уға арна


лған 

ма

териа



лдар

дың бо


луы

Баст


ауыш сынып 

оқушыларының  дәптер

мен 

жұмыс iсте



уг

е 

көмек



те

сетiн м


ате

-

риа



лдар

Мәс


елелi сұрақт

ар

дың 



және т

апсыр


ма

лар


дың 

әдiстемелiк ақпара

ты

Пәнара


лық 

және пәнiшiлiк  байланыстың қо

лда 

бары


Маз

мұнды 


ко

мпоненттер

дiң 

ж

еткiлiк



тi бо

луы


Эмоциона

лды әс


ер 

құрамының бо

луы

Өз бiлiмiн және  iск



ер

лiгiн байқа

уға 

және оны iск



е 

асыр


уға көмек

те

су



Оқу м

атериа


лының 

дәйек


тілігі, м

ақс


атқа 

сәйк


ес к

елуі


Пе

даг


огтерг

е 

арна



лған оқу

лық


Танымдық  мәнiнiң  маз

мұндық 


теориялық с

апасы


Ма

териа


л м

аз

мұнының 



тар

тымды фор

масы

Баст


ауыш сынып 

оқушыларының  қабiлетiн дамыт

уға 

арна


лған м

атериа


л-

дар м


аз

мұны


Баст

ауыш сынып 

оқушыларыныңң өзiн- өзi және б

елс


ендiлiгiн 

тануына мүмкiндiк  беретiн 

та

псыр


ма

лар


дың 

бо

луы



Ма

териа


лдар

дың 


логик

алық 


құрылымы

Ба

ланың өмiр



лiк 

тәжiриб


есiмен байла

-

нысты м



атериа

лдар


дың 

бо

луы



Оқу проце

сiнiң ре


-

алды мүмкіндікпен  сәйк

ес к

елуі


2-к

есте – Пе

даг

огтерг


е арна

лған әдістемелік баға

ла

у парамет



рі

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, Р.А. МУЗДАПАРОВА. 2 (66) 2015. Б. 480-488   

 

                ISSN 1683-1667 



486

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

3-к


есте – Ба

ла

ларға арна



лған дәптер

дiң баға


ла

у парамет

рi

 Функциялар мен парамет



рлер

Ақпара


ттық

М

отив



ациялық

Өзіндік жұмысқа 

үйрет

у

Дамыт



у

Басқар


у

Иллюст


рациялық с

апасы


Қазiргi зам

ан 


та

лабына с


ай 

оқу м


атериа

лдар 


маз

мұнының с

ай 

келуi


Баст

ауыш сынып 

оқушыларының  қызығушылығын  дамыт

уға арна


лған 

ма

териа



лдар

дың бо


луы

Баст


ауыш сынып 

оқушыларының  дәптер

мен жұмыс 

iсте


уг

е көмек


те

сетiн 


ма

териа


лдар

Мәс


елелi сұрақт

ар

дың 



және т

апсыр


ма

лар


дың 

әдiстемелiк ақпара

ты

Пәнара


лық 

және пәнiшiлiк  байланыстың қо

лда 

бары


Маз

мұнды 


ко

мпоненттер

дiң 

ж

еткiлiк



тi бо

луы


Эмоциона

лды әс


ер 

құрамының бо

луы

Өз бiлiмiн және  iск



ер

лiгiн байқа

уға 

және оны iск



е асыр

уға 


көмек

те

су



Оқу м

атериа


лының 

дәйек


тілігі, м

ақс


атқа 

сәйк


ес к

елуі


Пе

даг


огтерг

е 

арна



лған оқу

лық


Танымдық  мәнiнiң  маз

мұндық 


теориялық с

апа


-

сы

Ма



териа

л м


аз

мұнының 


тар

тымды фор

масы

Баст


ауыш сынып 

оқушыларының  қабiлетiн дамыт

уға 

арна


лған м

атериа


лдар 

маз


мұны

Баст


ауыш сынып 

оқушыларыныңң өзiн- өзi және б

елс

ендiлiгiн 



тануына мүмкiндiк  беретiн 

Ма

териа



лдар

дың 


логик

алық 


құрылымы

Ба

ланың өмiр



лiк 

тәжiриб


есiмен байла

-

нысты м



атериа

лдар


дың 

бо

луы



Оқу проце

сiнiң ре


-

алды мүмкіндікпен  сәйк

ес к

елуі


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

487

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Көптеген жаңа идеялар мына түрде туындайды. Бала оқытудың субъектісі 

ретінде ғана емес, сондай-ақ өз өмірінің іс-әрекетінің авторы болып, тоқыту мен 

тәрбиелеу процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау таныту мен өзін-өзі 

дамытуға жағдай жасалынады. Оқуда және тәрбиеде тұлға оқып үйрене отыра 

қарқынды дамиды, өз өміріне жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі тануға, өзін-өзі 

жетілдіруге, дамуға, өз өмірін құру процесіне қабілетті болуға машықтанады.

Мұндай  идеялар  халықтың  білім  сапасында  психологиялық  іс-әрекет 

ретінде өңделеді және өңделіп келеді. Алайда педагогке әрбір баламен жұмыс 

жасау, әсіресе өзін-өзі дамытуға жағдай жасау күрделі болып келеді. Сондықтан 

да  психологиялық  қызметтік  көмек  және  психологиялық  қызмет  моделін  іске 

асыру қажет деп көрсетеді.

Сонымен  қорыта  келе,  өзін-өзі  тану  өзіндік  сана  аймағында  дамиды, 

яғни  «Мен»  физикалық,  «Мен»  әлеуметтік,  өзінің  ішкі  дүниесін  және  өзін 

тұтастай  елестетуі,  өзін-өзі  тану  процесі  әлеуметтік  тиімді  ағымда  болады. 

Егер психологиялық-педагогикалық қолдау тұлғаларға позитивті аймақта көмек 

көрсеткен жағдайда, білімін жетілдіру, оқыту, тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру 

және ол іске асатын болса, мұндай жұмыс әрбір субъектіге жағымды, сәтті ба-

стама болар еді. Сондай-ақ индивидуалды өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуына 

стимул болады. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Маралов В.Г Основы самопознания и саморазвития / В.Г. Маралов. – М.: Из-

дательский центр «Академия», 2002. – 256 с.

2. Немов. Р.С. Практическая психология. / Р.С. Немов, Познания себя. –М., 1999. 

– 378 с.


3. Зейгарник.Б.В. Теории личности в зарубежной психологии / Б.В. Зейгарник. – 

М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1982. – 179 с.

4. Кондратьева С.В. Межличностные понимание и его роль в общении: авторефе-

рат. дис. ... д-ра психол. наук. – Л., 1979. – 36 с.

5. Десен Л.Н. Некоторые социально-психические особенности школьников юне-

шеского возраста / Л.Н. Десен // Вопросы психологии. – 1973. – №2. – 99-104 с.

6. Перльз Ф. Опыт психологии самопознания / Ф. Перльз. – М., 1993. – 223 с.

REFERENCES

1. Maralov V.G., Osnovy samopoznanija i samorazvitija. V.G. Maralov. M. Izdatel’skij 

centr Akademija, 2002, 256 (in Russ)

2. Nemov R.S., Prakticheskaja psihologija. R.S. Nemov, Poznanija sebja, M., 1999, 



378 (in Russ).

3. Zejgarnik B.V., Teorii lichnosti v zarubezhnoj psihologii. B.V. Zejgarnik, M. Izd.vo 



Mosk. Un.ta, 1982, 179 (in Russ).

4. Kondrat’eva S.V., Mezhlichnostnye ponimanie i ego rol’ v obshhenii. Avtoreferat. dis. 



... dokt. psihol. nauk. L., 1979, 36 (in Russ).

5. Desen L.N., Nekotorye social’no psihicheskie osobennosti shkol’nikov junesheskogo 

Г.Н. ГУБАЙДУЛЛИНА, Р.А. МУЗДАПАРОВА. 2 (66) 2015. Б. 480-488   

 

                ISSN 1683-1667 


1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет