З. Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы мазмұны кіріспе


- ТАРАУ. РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ



бет3/12
Дата27.03.2023
өлшемі238 Kb.
#76577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2- ТАРАУ. РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ.


2.1.”Майдан әндері” шығармасының аударылу тәжірибесі.
Әдебиетке келер жол әр түрлі көптеген жас талапкерлер ең әуелі редакциялар мен жазушылар одағын төңіректей жүріп өзін де, көзін де біртіндеп үйретіп, біртіндеп танылып, әдебиет әлемінің дүбірлі жарысына біртіндеп кеп қосылады. Олардың әрқайсысының аяқ алысы да әр түрлі болып кетеді. Біреулері ұшқыр, біреулері ұзаққа созыла шабатындар, таланттары да әр деңгейде. Ал Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев өзінің шығармалары мен таныла кетті /16, 5/. Әдебиет деген киелі орданың қасиетті табалдырығын ақын болып аттаған Роллан Сейсенбаев.
Роллан Сейсенбаев қазақтың белгілі жазушысы, драматург, аудармашы, республикалық және халықаралық жүлделердің лауреаты, халықаралық Абай клубының президенті. Ол “Қазақстан атты альбом – кітаптар” (1995, Лондон), “Алматы” (1996, Лондон), “Ел” және “Аманат” журналының негізін ашқан. Оның көптеген елге танымал кітаптары бар: “Возврашение Казыбека”, “Дни декабря”, романдары: “Ночные голоса”, “Если хочешь жить”, “Лестница в никуда”, “Трон сатаны”, “Отчаяние или мертвые бордят в песках”, “День, когда рухнул мир” шығармасы Семейдегі ядролық полигон трагедиясына арналған. Бастапқыда оның “Үкім” атты повесі жарияланды, театрларда “өзіңді іздеп жүрмін” атты пьесасы қойылды. Сөйтіп, әдебиетте өзіндік дүние танымы мол, талантты жазушы кеп қосылды. Сонымен қатар қазіргі таңда біздің ортада Роллан Сейсенбаев он тілді біледі, тілді білуі оның аудармашылық шеберлігінің мықты екенін көрсетіп тұр.
Роллан Сейсенбаев көп ізденетін, көп еңбектенетін жазушы , әдебиеттің ең озық үлгілерін үнемі үйрену үстінде жүргізетіні бәрімізге мәлім. Оның әңгімелерінен Э.Хемингуэйдің, В.Шукшиннің жерлері байқалады/16,6/. Оның “Шірет”, “Үкім”, “Сенбі күнгі кеш”, “ Отелло” және тағы басқа әңгімелері бар. Ол Мұхтар Әуезовтан тәлім тәрбие алады. Жазушының “Тау басында түйіскен жол”, “Шайтанның тағы” романдарында ұрпақтар арасындағы дәстүр сабақтастығы, рухани өсу, толысу, жастар тәрбиесі мәселелері төңірегінде сөз қозғалады. Адамның қоғам, отбасы, ұжым алдындағы жауапкершілігі – жазушының шығармашылығындағы басты тақырып.
Р.Сейсенбаевтың әңгімелер, повестер жинақтары республикалық баспалардан жарық көріп, оқырман қауымынан жақсы бағасын алды деуге әбден болады. Бірінші, екінші кітап деп бөлініп, “Өмір сүргің келсе” және “Ешқайда бастамайтын баспалдақ” аталған қос роман – бір – бірімен түйіндес, сабақтас қос шығарма - жазушының осы саладағы алғашқы көлемді туындысы. “Өмір сүргің келсе “ романы бүгінгі өндіріс орындағы жас мамандарлың адамгершілік сипаттарын қоғамдық мүддеге көзқарасын өндіріс пен адам арасындағы қарым – қатынасты суреттеуге арналса “Ешқайда бастамайтын баспалдақ” - өмірге енді қадам басар жастардың арман – мұратын, шынайы махаббатын көрсетеді. Бұл роман – жазушы талантының толысқанын айғақтайтын толымды туынды. Бұл шығарманың бүгінге сай келетін басты белгісі – сауаттылығы. Өндіріс тақрыбын тілге тиек еткенімен, оны білмейтін кәсіптік ерекшелігін дәпа баса алмайтын шығармалар бізде аз емес. Олардың қалай жазылса да төрт аяғын тең баса алмай ақсай беретіні ақиқат, осы тұрғыдан үңілгенде Р.Сейсенбаевтың жоғарыда аталған романының өзіндік орны бар. Жазушы тілімен бірге , адамдар тілін де жетік біледі. Романда өндіріс жүрегі мен адамдар жүрегі қоса соғады.
Р.Сейсенбаев ХХ ғасырдың орта шегіндегі мықты әрі талантты жазушыларының бірі. Автор ар намысын, ұят, жауапкершілікті трансформация мәселесі деп құрайды. Қазақ әдебиетінің өмірінде Р.Сейсенбаевтың алатын орны сөзсіз. Ол бірдей екі тілде де орыс және қазақ тілдерінде еркін жазады. Ол өмірге деген көзқарасын сыншы ретінде қарайды, зерттеуші ретінде қарайтын ұлы тұлға. Орыс тілдерінде еркін аударатын аудармашылар аз емес.
Қостілді жазушыларға және орыс тілдерінде еркін аударатын аудармашылар қатарына Сатыбалды Нарымбетов, Тәкен Әлімқұлов, Сейфулла Құспанов, Аманғали Сұлтанов, Құрманғали Медеубаев және Герольд Бельгерді, Саттар Ереубаев, Баубек Бұлқышев, Зейін Шашкин, Сейәділ Талжанов, Төлеу Шаханов, Сабыр Шәріпов, Асқар Нұртазин, Ғабит Мүсірепов, Мұхамеджан Сералин және басқалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет