Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет4/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
25 
Әдебиеттер 
1  McLuhan:  Hot  &  Cool,  NY,  Signet  Books  published  by  The  New  American 
Library, Inc., 1967 [286]. 
2  Wilde,  Oscar,  «The  Soul  of  Man  under  Socialism»,  in  Guy,  Josephine  M., 
«Complete Works of Oscar Wilde», vol. IV, Oxford University Press [255]. 
3  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев.  –  Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 
4 http://kk.wikipedia.org/wiki. 
5 Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. – М., 2011. – С. 15-16. 
6 Корконосенко С.Г. Основы теории журналистики. – СПб., 1995. – С. 53. 
 
Резюме 
В  данной  статье  говорится  о  том,  что  самым  важным  этапом  становления 
человечества  является  информационное  общество,  а  именно  роль  журналистики  в 
ней.  В  информационном  обществе  «четвертая  власть»,  то  есть  журналистика 
является  инструментом  для  создания  имиджа  государства  и  информационной 
политики.  А  также  его  возможностям  трансформировать  и  иметь  новые 
возможности  в  ногу  со  временем.  В  демократическом  обществе  журналистику 
приписывают как вполне имеющей силой называть себя «четвертой властью».  
 
Summary 
This article states that the most important step in the formation of humanity is – the 
information society, exactly the role of journalism of it. In the information society «fourth 
estate», as known as journalism is a tool for creating an image of the state and information 
policy. And also it is possible to transform and to have new opportunities with the times. 
Journalism  is  credited  as  having  quite  the  power  to  call  themselves  «fourth  estate»  in  a 
democratic society. 
 
ХАУАСБАЕВА Қарлығаш, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының 
2 курс магистранты, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, 
PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ТЕМІРБЕК ҚОЖАКЕЕВ – САТИРА САҢЛАҒЫ  
 
Аңдатпа 
Мақаланың  мақсаты  –  магистрлік  диссертация  тақырыбы  аясында  сатирик, 
ұстаз,  ғалым  Темірбек  Қожакеевтің  ғылыми  еңбектерін  талқылау;  көп  томдық 
жинағында  жарияланған  мақалаларымен  танысып,  ғалымның  қазақ  сатирасына, 
жалпы қазақ әдебиетіне қосқан ғылыми мұрасының алатын орны зор екендігіне көз 
жеткізу; зерттеулеріне көз жүгірте отырып, қорытынды жасау.  
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
26 
Жақында әсем қала Алматыға жол жүріп, әз Наурызды оңтүстік астанада қарсы 
алу  мүмкіндігі  туды.  Бас  қаламызға  баруымның  басты  мақсаты  –  магистрлік 
диссертацияма байланысты қандай да бір ақпар жинау болатын. 
Жолға аттанардан алдын ғылыми жетекшім – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық 
университеті 
Телерадиожурналистика 
және 
қоғаммен 
байланыс 
кафедрасының  доценті,  PhD  докторы,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  of 
Associate Professor Мырзантай Қожабайұлы Жақыпқа жолықтым. 
Ғылыми  жетекшім:  «Журналистиканың  нағыз  қазан-ошағы,  ұйытқысы  – 
Алматыда  орналасқан.  Атап  айтсақ,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінен  көптеген  мағлұмат  аласың.  Сонымен  қатар,  Темірбек  Қожакеевтің 
ұрпағын  жалғастырушы  ұлы  Алматыда  тұрады  және  сонда  бизнеспен  айналысады. 
Сол  кісіні  тауып  ал.  Темірбек  Қожакеевтің  10  томдық  кітабы  бар,  сол  көп  томдық 
еңбектерді  оқып  шық.  Осы  кітаптарсыз  ғылыми  жұмысыңның  мазмұны  толық 
болмай қалады», - деп өзінің ақыл-кеңесін берген болатын. 
Қазіргі  таңда  бір  адам  туралы  ақпарат  жинау  қиын  емес.  Коммуникацияның 
дамуының арқасында, белгілі ғалымның баласын табу қиынға соққан жоқ. Интернет 
желісіне толық аты-жөнін жазып, Темірбек Қожакеевтің ұлы Мадет Қожакеевтің бір 
баспахананың  директоры  екенін  білдім.  Сол  арқылы,  мекен-жайын,  байланыс 
нөмірін табу да қиынға соққан жоқ. Хабарлассам, мейрам күндері қалада жоқ екенін, 
2-3 күнде қайта оралатынын айтты. 
Айтқан екі-үш күн  уақыты өткен соң тағы хабарластым.  Бұл жолы  Мадет аға 
кездесуге қарсы болған жоқ. Панфилов саябағында жарты сағаттан кейін болатынын 
айтып, тұтқаны қойды. 
Мадет  Қожакеев  орта  жас  шамасындағы  сарыдан  келген,  бір  көргенде  жүзі 
суықтау  кісі  екен.  Бірақ  бес  минут  уақыт  өтпей,  мен  өз  ойымды  өзгерттім.  Себебі 
Мадет аға қарапайым, жанашыр, ақкөңіл жан болып шықты. Темірбек Қожакеевтің 7 
томдық  кітабын  сыйлады.  Сонымен  қатар,  магистрлік  диссертацияға  байланысты 
көптеген ақпарат көздерін берді. 
Темірбек  Қожакеев  –  қазақ  сатирасының  жігін  жіктеп,  түсін  түстеп  шыққан 
көрнекті тұлға. Қазақтың гуманитарлық ғылымына, оның ішінде қазақ сатирасының 
дамуына  аса  зор  үлес  қосқан  көрнекті  ғалым.  Осы  жөнінде  сөз  сабақтар  болсам, 
қазақ сатирасы мен юморының тарихын, табиғатын тұңғыш зерттеген адам. 
Темірбек  Қожакеев  сатира  жанрының  арқа  сүйер  атасы  болып  өмірден  озды. 
Қаламы құрғамай жазып өтті. Көзі тірісінде өз еңбектерін ғылыми тұжырымдармен 
дәлелдеп  отырған.  Темірбек  Қожакеевтің  сатира  мәселелері  турасындағы  ой-
пікірлерімен Мәскеу, шетел ғалымдары да санасады. Мысалы, мәскеулік ғалым Л.Г. 
Кайда  «Стиль  фельетона.  Выражение  авторской  позиции»  (1983)  деген  лекциялық 
кітабында  Темірбек  Қожакеев  пікірлеріне  жүгінеді  [1].  Сондай-ақ,  Саидов  Ариф 
Шарипович,  Абдурагимова  Джейрам  Асадуллақызы  секілді  өзбек,  әзірбайжан 
ғалымдары да Темірбек Қожакеевтің теориялық ойларын басшылыққа алған. 
Бұған  қоса  кейбір  атақты  ғалымдардың  пікірлерін  келтіре  кетсек,  артық 
болмас.  Айталық,  бұрыңғы  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  корреспондент-
мүшесі Есмағамбет Ысмайылов: «Қазақ фельетоны жөнінде арнаулы зерттеулер жоқ, 
жекелеген  газет-журналдар  мақалалары  ғана  бар.  Бұл  жанрды  зерттеу  –  қазақ 
әдебиеттану ғылымының үлкен міндеті еді. Сондықтан Темірбек Қожакеевтің қазақ 
фельетоны туралы монографиялық еңбегінің ғылыми-практикалық мәні зор. Мұнда 
автор  фельетон  жанрының  қоғамдық,  эстетикалық  маңызын  ашқан.  Революцияға 
дейінгі қазақ әдебиетіндегі сатиралық мотивтерді әңгімелеген. Зерттеуші бұл орайда 
өзінің  сыни  ойларын  айтып,  ғылыми  түйіндеулерін  жасаған.  Фельетонның  сюжеті, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
27 
композициясы, түрі, тілі, стилі, образ жасау әдістері туралы теориялық-практикалық 
мәселелерін  негіздеген»,  -  десе,  Әзірбайжан  Ғылым  академиясының  профессоры 
Назым  Ахундов:  «Темірбек  Қожакеевтің  «Қазақ  сатирасы»  атты  монографиясы  – 
қазақ ауыз әдебиетіндегі және жазба әдебиетіндегі сатира дамуының тарихын жүйелі 
зерттеген еңбек. Бұл – монументальды зерттеу», - деп жоғары бағалаған. 
Ғалымның 7 томдық жинағына келетін болсақ. Мадет ағаның айтуынша, әлі де 
жарық көрмеген. Басылым беттеріне түспеген еңбектері бар. Барлығын құрастырып, 
15  томдық  қылып  толықтыруды  жоспарлауда.  Көп  томдықтың  алғашқы  кітабына 
Темірбек  Қожакеевтің  тарихымыз  жайлы,  із  қалдырған  айшықты  тұлғалар  туралы 
толғау-тебіреністері  енген. Төрт бөлім, төрт тараудан туратын мазмұны бүгінгі күн 
проблемаларына арналған мақалалар жиынтығы. 
Бірінші тарау, бірінші бөлімін «Тәуелсіздік – тамаша табысымыз» атты ұранды 
мақаласынан  бастау  алады.  Аталмыш  мақалада  қазақ  халқының  тәуелсіз  алғаннан 
кейінгі мемлекетті қалыптастыру жолында, экономиканы жақсарту, ынтымақтастық 
орнату аясындағы тар жол, тайғақ кешу жолын суреттеді. 
«Қазақстан халқы мұндай бөксесімен бал ашушы сәуегейлердің сандырағынан 
саспады.  Жаңа  қоғам  үшін  күресті  тақырдан  бастады.  Небір  кесір-кесапаттан 
қыңбады.  Тәуелсіздігін  тұратқтандырмай  тынбады.  Дос-дұшпанға  сыр  бермей 
шыдап  бақты.  Мемлекеттігін  сақтауға  күш-қуат  тапты.  Тәуелсіздігін  жоймады.  Ел 
таңбасын  дүниенің  төрт  бұрышына  жұлдыздай  жарқыратты,  көк  байрағын  көкке 
асқақ  көтеріп,  Әнұранын  әлем  төрінде  бар  дауыспен  аңыратты.  Құқықты  қоғам 
құрды, ұзап кеткен өркениетке бет бұрды. Өндірісі еңбектеп жатқан жерінен тұрды, 
кедейшілікті  ауыздан  ұрды.  Мемлекетінің  қаржы  қоржыны  қампайды.  Жұрт 
еңбекақы,  зейнетақы  дегендерін  ай  сайын  алып  бүйірлері  томпайды.  «Ашпыз, 
жалаңашпыз, біттік, өлдік» деп зарлауды, көзден сорасын  ағызып боздауды қойды. 
Өздері  де  «Алма  піс,  ауызға  түс»  деп  жата  беретін  масылдықты  жойды. 
Әрекетсіздікті,  дәрменсіздікті  тастады,  күн  көрістің  көзін  таба  бастады»,  -  деп 
тәуелсіз жылдардың жағымды жақтарын айтты. 
«Қайран,  Қазақстан  халқы  не  көрмеді?  Ел  дәулетін  миллиондап  ұрлағанды 
көрді.  Ұрлық-қарлық  істеу  үшін  бет-аузын  торлағанды,  айуандыққа  барып,  қыз-
келіншекті  зорлағанды  көрді.  Тоқты-торым  емес,  бес  қабатты  үйдей-үйдей 
ұшақтарды  Африкаға  асырғанды  көрді.  Қанды  да  қылмысты  жолмен  тапқан 
қаржысын  шетел  қоймасына  жасырғанды  да  көрді.  Әкесі  өзіне  ғана  арнап 
қалдырғандай,  қоғам  байлығын  бауырына  басып  жегенді  де,  оңды,  солды  есепсіз 
шашып  жегенді  де  көрді.  Өмірі  тоймайтын,  тойса  да  қоймайтын  қу  құлқынның 
құлдарын көрді, елге жақсылық-игілік ойлаудан тұлдарын көрді. Қазақстан халқы не 
көрмеді? Байлық  іздеп әлемді кезгенді  де, ар-ұят,  иман дегеннен безгенді  де көрді. 
Бақыр  тиыны  үшін  бала-шағасымен  бауырын  бауыздап  өлтіргендерді  де, 
мемлекетіне  зор  моральдық  нұсқан  келтіргендерді  де  көрді»  [2],  -  деп  қоғамның 
жағымсыз жақтарын сипаттады. 
Темірбек  Қожакеевтің  көп  томдығының  2  томында  сатираның  сырлары, 
сатираның  қоғамдық  қызметі,  қазақтың  ұлттық  сатирасы,  кеңес  дәуіріндегі  қазақ 
сатирасы туралы тараулардан тұрады. Ғалым «сатира» атауына жан-жақты анықтама 
берген.  Шығу  тегі,  тарихы,  әр  елдерде  зерттелуі,  жанрды  етене  зерттегені  көрініп 
тұр.  «Сатира  сөзінің  шығу  тарихын  этимологиясын  әркім  әртүрлі  түсіндіреді. 
Біреулердің  айтуынша,  ежелгі  гректер  жүзім  өсірушілердің,  жүзім  шарабын 
жасаушылардың  құдайы  –  Дионистің  ән  салып,  би  билеп,  күлдіріп,  көңілдендіріп 
жүретін  жол  серіктерін  «зайігөз»  деп  атаған.  «Сатира»  атауы  сол  сөзден  шыққан. 
Екінші  бір  зерттеушілердің  пікірінше,  бұл  терминннің  тарихы  «Зайіга  –  смесь»  – 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
28 
аралас,  әр  нәрсенің  қосындысы,  «всякая  всячина»  –  анау-мынау  деген  сөзінен 
басталады» [4]. 
Екінші  бөлімде  қазақ  сатирасына  тоқталады.  Қазақтың  сатирасын  «Абайға 
дейінгі қазақ сатирасы», «Абай дәуіріндегі қазақ сатирасы» деп қарастырады. 
Бірінші бөлімде қазақтың халықтық сатирасы, яғни қазақ жерінде өмір сүрген 
көне  қалалар,  шығыстың  сатирасына  тоқталған.  Сонымен  қатар,  ғалым  сатира  мен 
юмор қайда, қашан пайда болған  деген сұраққа жауап іздеген.  «Бұл сұраққа жауап 
беру, олар алғаш пәлен ғасыр, түген елде пайда болды деп кесіп айту мүмкін емес. 
Бүгінгі жеткен жазбаша сатира үлгісі – біздің эрамызға дейін V ғасырдың аяғы мен 
IV  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  Аристофан  мұрасы.  Бұған  қарап  сатира,  юмор 
бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғана, Грек жұртында алғаш пайда болған екен деп 
түсінуге  болмайды.  Одан  бұрын  адамзат  баласы  сатиралық  рухани  байлық 
жасамаған екен, қуанып күлмеген, ренжіп кекетпеген екен деп түсіну қате. 
Миллиондаған  жылдар  бойы  өмір  сүрген  ата-баба  бұрын  да  қарап  жатпаған, 
небір рухани байлық жасамаған екен, қуанып күлмеген, ренжіп кекетпеген екен деп 
түсіну  қате.  Бірақ  олар  бізге  жетпеген,  жеткені  әлгі  Аристофан  сатирасынан  ғана 
басталады» [3]. 
Белгілі  сатира  зерттеушісі  Д.  Николаевтың  айтуынша,  бір  нәрсе  анық:  сатира 
«сатира» деген атаудың өзі тумай тұрып пайда болған. Бұл да дұрыс пікір. Сөз жоқ, 
дүниеге  алдымен  бөбек  келіп,  оған  ат  сонан  кейін  қойылатыны  сияқты,  тарихи 
аренаға  алдымен  сықақтық  дүниелер  келген.  Сонан  соң  «мұны  не  деп  атаймыз» 
деген  сұрақ  туған.  Сонда  ғана  «сатира»  деген  атау  пайда  болған.  Д.  Николаевтың 
әлгі  пікірі  –  дұрыс  болғанмен,  нақтылай  түсуді,  толықтыра  жеткізуді  қажет  ететін 
пікір. Дәлірек айтқанда, сатира, юмор, адамзат қоғамымен бірге туған деп болжауға 
болады.  Адам  баласы  дүниеге  әзіл-оспақ,  күлкіні  өзімен  бірге  ала  келмеуі  мүмкін 
емес.  Өйткені  адам  бар  жерде  өмір  бар,  өмір  бар  жерде  сәттілік,  сәтсіздік  пен 
жеңілісте  қынжылмау  мүмкін  емес.  Тіпті  сөйлеу  тілі  шықпаған,  сөйлеу  қабілеті 
болмаған кездің өзінде де адам баласы қуаныш, реніш сезімінен құр болмаған. Сол 
сезімді білдірмей тұра алмаған. 
Аталмыш бөлімде шығыс сатириктерінің тағдыры қайғылы аяқталғаны жайлы 
да  жазған.  Атап  айтсақ,  Фирдоуси  мен  Махмудтың  тарихын,  француздық 
Вольтердің,  Герценді  сатиралық  сыны  үшін  қудалағаны  жайлы  терең  зерттеу 
жұмыстарын жүргізгені көрініп тұр. 
Абай  дәуірінде  қазақ  сатирасы  бірқыдыру  өрлеу  тапты.  Ол  көп  ақын, 
жазушылардың  творчествосына  басты  сарын  болып  еніп,  түр,  мазмұн  жағынан 
толығып,  молықты.  Ең  алдымен  бұл  дәуірде  Қазақстан  Ресейге  түгелдей  қосылып, 
қоғамдық дамудың жаңа жолына түсті. Қазақ елінің экономикалық, рухани өмірінде 
елеулі  өзгерістер,  бет-бұрыстар  жасалды.  Ресейдің  озат  әдебиеті  мен  мәдениетінің 
ықпал-әсері  сахараға  терең  таралып,  кең  құлаш  жая  бастады.  Бұл  прогрессивтік 
жағдай  алдыңғы  қатарлы,  озат  ойлы  адамдарымыздың  сезім-санасын  оятып, 
тереңдете,  жетілдіре  түсті.  Көңіл  көзі  ашылып,  олар  қоғамның  келеңсіз 
құбылыстарына жирене қарайтын, оны шенейтін дәрежеге көтерілді. Осыдан барып, 
қоғамдық  өмір  дамуында  бұрынғыны  –  хандық  дәуір  мен  ру-ақсақалдың  заманды 
көксеген ағыммен қатар, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған прогресшіл, ағартушылық 
бағыт  пайда  болды.  Енді  осы  екі  ағым  –  ескі  мен  жаңаның  арасында  кескілеспей 
бітіспес  қайшылық,  талас-тартыс  туды.  Кертартпа  ағым  бұрынғының  қаймағын 
бұзбай  сақтап  қалуға,  тіпті  керіге  оралуға  жан  салса,  ағартушылық-демократтық 
ағым ескіні – тоқырауды тас-талқан етіп, жаңаға жол ашуға, оны орнықтыра беруге 
күш  салды.  Осы  қайшылық  таластың  күшеюі  әдебиетке,  мәдениекте  із  түсірді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
29 
Сатира,  юмор  жанрының  көтерілуіне  себепші  болды.  Өйткені,  күлкі,  келемеж  әр 
уақытта  қоғамдағы,  өмірдегі  қайшылықтан,  бір  жақтың  екінші  жаққа  наразылығын 
тудырады.  Абай  дәуіріне  қарай  қазақ  сатирасының  көтерілуіне  тағы  бір  себеп,  ол 
орыс зиялыларының қазақ жеріне жер аударылуы. Бұл жайында Темірбек Қожакеев 
те өз кітабында айтып өтеді [4]. 
Темірбек  Қожакеев  көп  томдығының  3  томында  сатира  тарихы,  сатира 
жанрлары,  сатираның  прозалық  шағын  жанрлары,  сатираның  прозалық  күрделі 
жанрлары  туралы  бөлімдерден  тұрады.  Пародия,  эпиграмма,  карикатура,  шарж, 
сықақ  өлеңдер, фельетон, памфлет және тағы басқа сатиралық  жанрларға толықтай 
анықтама  берілген.  Төртінші  тараудың  төртінші  бөлімінде  «Телеэкран  сатирасы. 
Эстрада  сатирасын  ескерсек»  атты  өзекті,  қазіргі  замандағы  телеэкран  мен  қазақ 
сахнасындағы сатира жағдайы жайлы жақсы жазылған. Қазақ телевизиясында өткен 
ғасырдың  70-ші  жылдарынан  бері  «Тамаша»  әзіл-сықақ  театрының  тұрақты  хабар 
көрсетіп келе жатқанын білеміз. Ғалым осы хабардың жақсы жақтары мен кемшілік 
жақтарын тізіп, талқылап жазған. 
«Біздіңше,  басқа  республика,  басқа  жұрт  студияларының  тәжірибесін,  сатира, 
юморды пайдалану тәсілдерін, жодарын игеру жөн. Мысалы, Солтүстік Осетиядағы 
Орджоникидзе студиясының сатиралық тележурналы да Уахсти мен Уафти атты екі 
әдеби  персонаж  пайдаланады  екен.  Олардың  да  рөлін  екі  артист  орындайды.  Жұрт 
осыларға  хат  жазады,  жайын  айтады.  Бұлар  хат-шағымды  тексеруге  елге  шығады. 
Кемшілікті көзімен көріп, факт, оқиға негізінде сюжет жасайды, оны лентаға түсіріп 
көрсетеді» [5], - деп жазған Темірбек Қожакеев. 
Темірбек  Қожакеев  еңбектерінің  4-ші  томында  қазақтың  сықақшыларына 
тоқталған. Атап айтсақ, автор Абай, Майлықожа, Жамбыл, Дулат, Ғабит Мүсірепов, 
Сәкен  Сейфуллин,  Аманғали  Сегізбаев,  Ерғали  Алдоңғаров,  Жиенғали 
Тілепбергенов  сынды  бір  топ  зиялы  қауымның  сатирасын  зерттеген.  Мұхтар 
Омарханұлы Әуезовтың сатирасына бір тарауды арнайды. 
Ғалым  Темірбек  Қожакеев  М.  Әуезовты  неге  сатирик  деп  қарастырды  деген 
сауал  туындайды.  Оған  дәлел  1925  жылы  Ж.  Аймауытовпен  бірігіп  шығарған 
сатиралық  «Шаншар»  журналы,  «Таң»  журналы  куә.  Сонымен  қатар,  Темірбек 
Қожакеев  М.  Әуезовтың  Абай  сатирасын  зерттеуші  екенін  дәлелдеді.  Айта  кететін 
жайт,  Темірбек  Қожакеев  М.  Әуезов  мектебінен  тәлім-тәрбие  алған,  яғни  М. 
Әуезовтен білім алып, шығармашылығын шыңдаған. 
Осы  бөлімде  зерттеуші  Темірбек  Қожакеев  М.  Әуезовтың  сабағынан  үзіндіні 
кіргізеді.  Ол  М.  Әуезовтың  «Абай»  романы  үшін  мемлекеттік  сыйлық  лауреаты 
атанған кезі еді. Студенттердің Мұхтар Әуезовты құттықтағаны жайлы еске түсірген 
әңгімесі әсерлі болып келеді. Бұл жерде Мұхаңды қарапайым, кішіпейіл ғып жақсы 
суреттеген. 
«Рахмет,  шәкірттер,  расында  күтпеген  жерден  жақсы  бір  мәжіліс  болды.  Бұл 
маған ғана берілген атақ емес,  жалпы қазақ әдебиетіне, қазақ мәдениетіне берілген 
атақ. Бұл бәрімізге ортақ абырой, ортақ қуаныш. Абай романын 4-5 кітап етіп жазам 
ба, оның мұрасы жайында келелі зерттеулер берем бе деген ойым бар. Өлімге сабыр 
болса,  өмір  болса,  шүкір,  әзір  басым  жерге  жетіп  тұрған  жоқ,  50-ден  жаңа  ғана 
астық,  үлгерем  ғой  деп  ойлаймын.  «Абайдың»  соңғы  кітаптары  да  сәтті  болар, 
халқына қуаныш әкелер деген үміттемін», - деді. 
Бұл сөзден кейін Мұхаң 12 жыл ғұмыр кешті, сөзінде тұрды. Абай туралы тағы 
екі  кітап  жазып  үлгерді.  Онысы  да  халқына  мол  қуаныш,  зор  мақтаныш  әкелді. 
«Абай жолы»  эпопеясы үшін ол 1959 жылы Лениндік сыйлық  алды. Мұның үстіне 
Абайтану  ісінің  негізін  салды.  Ұлы  ақынның  өмірбаяны,  жас  шағындағы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
30 
шығармалары,  лирикасы,  поэмалары,  аудармалары  және  қара  сөздері  туралы 
соқталы  зерттеулер  жазды.  Сөз  арасында  солардағы  сықақтық  мотивтер,  таза 
сатиралық туындылар туралы да келелі пікірлер қалдырды» [6]. 
Ең  соңғы  бөлімінде  «Фельетон,  мысал,  эпиграмма,  пародия»  қалай  жазылады 
деген  тақырыптарда  ақыл-кеңестер  берілген.  Аталмыш  сатираның  жанрларына 
нақты  анықтама  беріп,  мысалдармен  ашып  көрсетеді.  Бұл  жерде  зерттеушінің  өз 
ісінің нағыз маманы екенін көреміз. 
Темірбек  Қожакеевтің  көп  томдық  жинағының  5  томында  «Үркеншілік»  атты 
деректі повесі мен әңгіме-деректері, шаншу сөздері – фельетондары және танымдық 
мақалалары  берілген.  Фельетон  тақырыптары  көбінесе  өз  заманының  өзекті 
мәселелерін  көтерген.  Тараудың  тақырыбының  өзі  «Шаншу  сөздер  –  фельетондар» 
деп  дәл  табылған.  «Бүйенбай  сонда  не  депті?»,  «Мешіннің  тауыққа  хаты»,  «Тоқал 
сенің  не  теңің»,  «Жесір  қатын  және  кесір  қатын»,  «Жақ  ашпастарға  жалпақ 
шешейлер»  және  т.с.с.  қоғамның  өзекті  мәселелерін  өткір  тілмен  халқына  жеткізіп 
отырған. 
Ғалым  Темірбек  Қожакеев  еңбектерінің  6  томы  қазақ  баспасөзінің  тарихына 
қатысты  тың  деректер,  сонымен  қатар,  А.  Байтұрсынұлы,  Ж.  Аймауытов,  М. 
Дулатов,  Н.  Төреқұлов,  Т.  Рысқұлов,  т.б.  ақын-журналистер  мен  қоғам 
қайраткерлерінің  еңбектеріне,  өмірдеректері  мен  шығармашылық  ерекшеліктеріне 
ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасаған зерттеулері жарияланған. 
Темірбек Қожакеев қазақ кеңес баспасөзін 3 кезеңге бөліп қарастырады. Олар: 
1)  1917  -1920  жылдар.  Бұл  аралықта  жарық  көрген  газет-журналдар  екі 
бағытты,  екі  түрлі  мазмұнды  болды.  «Сарыарқа»,  «Бірлік  туы»,  «Алаш»,  «Ұран», 
«Үш жүз», «Жас азамат», «Еркін дала», «Абай» сықылды газет-журналдар бұрыннан 
шығып келе жатқан «Қазақ» газетінің бағытын ұстады. 
Ал  екінші  бағыттағы  «Қазақ  мұңы»,  «Ұшқын»,  «Тіршілік»,  «Мұқпыр», 
«Көмек»,  «Қазақ  тілі»  сықылды  газеттер  негізінен  кедейшіл  болды,  коммунистік 
идеяны, кеңес өкіметін жақтады. 
2) 1920-1925 жылдар арасы. «Еңбек туы», «Лениншіл жас», «Ұшқын», «Тілші», 
«Кедей сөзі», «Бостандық туы» т.б. 
3)  1925  жылдан  бастап  бергі  жер.  Бұл  кезеңде  қазақ  баспасөзінде  салалық 
басылымдар дүниеге келе бастады. 
Еңбектің  екінші  бөлімінде  «Алаштың  арыс  журналистері»  деген  тақырыппен 
Ж.  Аймауытовтың,  А.  Байтұрсынұлының,  М.  Дулатұлының  және  басқа  да  ұлт 
зиялыларының  қызметі  жайлы  талдау  жасалады.  Үшінші  бөлімінде  қайраткер 
журналистерге  арналса,  төртінші-бесінші  бөлімі  жазушы-журналистер  мен 
комсомол-журналистер туралы қалам тербеген. 
Көрнекті  ғалым,  зерттеуші  Темірбек  Қожакеевтің  көп  томдық  кітабын  оқып 
болғаннан кейінгі түйген ойым: ол кісіні  «Сатираның саңлағы» деп бекерден-бекер 
атамағанына көзім жетті. 
Зерттеуші-ғалымның  ұлы  Мадет  Қожакеевтің  айтуынша,  әкесі  1986  жылдары 
қиын-қыстау  кезеңде  көптеген  ғылыми  еңбектер  жазған.  Таңертеңгі  сағат  тоғызда 
Алматыдағы 
бұрынғы 
Пушкин 
атындағы 
Орталық, 
қазіргі 
Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  кітапханасына  барып,  кешкі  сағат  жетілерде  шығады 
екен. 
Әділетсіздікке қарсы талмай-тартысып, тартынбай айқаса жүріп, бос уақыттың 
молдығын  пайдаланып,  ғылыммен  беріле  айналысқанының  жемісін  бүгінде  жас 
ұрпақ көруде. Бүгінгі таңда ғалымның аты мен мұрасына байланысты көптеген игілі 
істер  атқарылуда.  Дегенмен,  көрнекті  ғалым  Темірбек  Қожакеевтің  соңында 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
31 
қалдырып  кеткен  ғылыми  мұрасына  сай  құрмет  көрсетіп  жатырмыз  ба  деген  сұрақ 
мазалайды. 
Алматы  қаласындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  Журналистика 
факультетінде  Темірбек  Қожакеев  атындағы  аудиторияның  ашылуы,  кейіннен 
мәжіліс залына айналуы – заңды құбылыс. Осы жоғары оқу орнында дәстүрлі түрде 
жас  ғалымдардың  Темірбек  Қожакеевтің  оқулары  аясында  «Фараби  әлемі»  атты 
халықаралық конференция жыл сайын өтуде. 
Ал, елордамыз Астана  қаласындағы өзіміздің Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық 
университетімізде  неге  Темірбек  Қожакеевтің  атына,  абыройы  мен  соңында 
қалдырған мол мұрасына сай құрмет көрсетілмеген?! 
Неге  Темірбек  Қожакеев  шығармашылығын  студенттер  мен  магистранттарға 
жеке  пән  ретінде  оқымасқа?  Неге  жыл  сайын  арнайы  ғылыми  конференциялар 
өткізбеске? 
Мақала соңында осындай қорытынды жасар едім. 
 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет