50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Литература 

1.  Андреева  С.  В.  Развитие  критического  мышления  на  уроках  истории  и  права// 

История Казахстана: преподавание в школе – 2009 – № 5. 

2.  Иоганес  М.  Развитие  критического  мышления  через  чтение  и  письмо  на  уроках 

истории// История Казахстана в школах и вузах – 2004 – № 2. 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Н.Н. Искакова 

Қараоба орта мектебі, Ақтоғай ауданы 

 

Қазіргі  кезеңде  еліміздің  білім  беру  жүйелеріне  бірқатар  өзгерістер 



енгізіліп,  олардың  жаңа  ұлттық  модельдері  құрылуда.  Орта  мектепті 

ақпараттандыру  бағдарламасы,  жоғары және орта  білім  берудің  мемлекеттік 

стандарттары,  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясы  жасалып,  Қазақстан 

Республикасы  2005-2010  жылдар  аралығындағы  білім  беру  жүйесінің 



342 

 

дамуының  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру 



жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу 

үстінде. 

Елімізде ақпараттық қоғам құрылуына байланысты білім беруге ерекше 

назар  аударылып  отыр.  Білімнің  бастауы,  қайнар  көзі  –  мектеп.  Заман 

талабына  сай  әлемдік  деңгейдегі  стандартқа  сай  білім  беру  және 

Қазақстанның  интеллектуалды  элитасын  тәрбиелеу  мұғалімдер  қауымы 

арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан 

ізгілендіру  үрдістері  қоғамның  білім  беру  мекемелерінде  қойылатын  жаңа 

талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің 

ұлғая  түсуі,  мектептегі  білім  беру  мазмұнын  қайта  құру  және  оқу  -  тәрбие 

орындарының  іс  -  әрекет  қағидаларын  қайта  қарау,  мұның  бәрі  мұғалімнің 

кәсіби  біліктілігі  мен  тұлғасына,  бүкіл  педагогикалық  үрдістің  тұлғалық 

бағдарлануына  қойылатын  талаптардың  сөзсіз  арта  түсуіне  алып  келеді. 

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру 

технологияларын пайдалануының тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.  

«Инновация»  деген  сөз  –  латынның  «novus»  жаңалық  және  «in»  енгізу 

деген  сөзінен  шыққан,  ал  оның  қазақша  аудармасы  «жаңару,  жаңалық, 

өзгеру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Зерттеулер  бойынша  «инновация»  – 

педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: 

жаңа  бағдарламаны,  оқу  жоспарын,  әдіс  –  тәсілдерді  оқу  және  тәрбие 

жұмыстарына  енгізу  болып  табылады.  Білім  берудегі  инновациялар  арнайы 

жобаланған,  әзірленген  немесе  педагогикалық  бастама  ретінде  кездейсоқ 

ашылған жаңалықтар болып саналады. 

Әлем  елдерінің  білім  жүйесіндегі  мақсат-мүдделері  мен  Қазақстан 

Республикасының оқу үрдісіндегі ортақ белгілерін анықтауға болады: 

- білім беру ұғымының өзінің өзгеруі және кеңеюі; 

- инновациялық даму және әртүрлі оқытудың технологияларын меңгеру; 

- ақпаратты және коммуникациялық қоғамды құру; 

- бәсекеге қабілеттілік

- жоғары деңгейдегі шығармашылықта болу; 

- жеке тұлғаны дамыту; 

- ұлттық рухани мүддемізді жоғалтпау; 

- үздіксіз білім алу. 

Қазіргі  таңда  Отандық  білім  жүйесін  дүниежүзілік  үлгіге  жеткізу  ең 

басты  мәселелердің  бірі.  Осы  мақсатта  назар  аударатын  басты  мәселе  білім 

туралы дүниежүзілік нәтижені есепке алып, кадрлардың кәсіби дайындығын 

көтеру,  жаңа  ғылыми  бағдарламаларды,  ғылыми  -  әдістемелік  ұсыныстарды 

шығармашылықпен пайдалана білу. 

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Сондықтан, бүгінгі күні білім 

беру  мекемелерінде  оқыту  үрдісін  технологияландыру  өзекті  мәселелердің 

бірі  болып  отыр.  «Технология»  ұғымы  соңғы  кездері  педагогикалық 

әдебиеттегі  ең  көп  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.  Технология 

ұғымының  дидактикалық  ұғымдармен  байланысы  сан  алуан:  оқытудың 


343 

 

технологиясы,  педагогикалық  технология,  білім  беру  технологиясы,  тәрбие 



технологиясы,  қарым-қатынас  технологиясы,  дамыту  технологиясы, 

ұжымдық оқыту технологиясы және т.б. 

Педагогикалық технология – деп батыс елдерінде жалпы педагогиканың 

оқыту үрдісін сапаландыруға арналған оқыту нәтижесінің деңгейін көтеретін 

бағытын  айтады.  Сонымен  технология  дегеніміз  –  шеберлік,  өнерлік, 

білгірлік туралы ғылыми ұғым.  

Ел  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2008  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстан»  атты  халыққа  Жолдауындағы  «Оқыту  үрдісінде  –  ақпараттық 

технологиялардың  білім  беру  сапасын  жақсартуда  қолданыс  аясын  кеңейту 

керек»  деген  сөзін  басшылыққа  ала  отырып,  бастауыш  сынып  пәндерінде 

жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тиімді деп санаймын.  

Бастауыш  сыныптарының  басты  талабы  –  сабақтың  сапасын  арттыра 

отырып,  сабақ  түрлері  мен  әдістерін  танымдылық,  білімділік  деңгейге 

жеткізу.  Осы  мақсатта  бастауыш  сынып  мұғалімдері  сабақ  өту  әдістерін 

толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де 

өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып 

отырмын.  

Жаңа ақпараттық технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын 

құрал  және  білім  беру  ісінде  ақпараттарды  даярлап,  оны  оқушыға  беру 

процесі.  Ақпараттық  технологияларды  сабақта  пайдаланудың  негізгі 

мақсаты:  Қазақстан  Республикасында  біртұтас  білімдік  ақпараттық  ортаны 

құру, 


жаңа 

ақпараттық 

технологияны 

пайдалану, 

Қазақстан 

Республикасындағы  ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен 

сабақтастыру.  

Ақпараттық  технологиялардың  негізгі  міндеттері:  сабақта  ақпараттық 

технологиялар  құралдарын  қолдану;  практикалық  шараларды  анықтап, 

жүзеге асыру; ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;  

Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың 

пәнге 


деген 

қызығушылығын 

арттырады. 

Және 


оның 

бірнеше 


артықшылықтары  бар.  Осы  артықшылықтарды  сабақ  беру  барысында  да, 

сабақ нәтижелерінен де көруге болады:  

- Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және 

дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;  

-  Оқытудың  көркемділігі  артады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі 

материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жетеді; 

-  Оқытудың  тиімділігі  жоғарылайды  және  оқыту  материалын  түсіндіру 

мүмкіндігі арттырады; 

-  Оқушылардың  ғылыми-дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыра 

отырып, 


олардың 

білімге 


құштарлығын, 

табиғи 


сұранысын 

қанағаттандырады; 

-  Мұғалімдерді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемденген 

уақытта  олардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасайды. 

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді. 


344 

 

Бастауыш  сыныпта  ақпараттық  технологияларды  қолдану  пәндерді 



оқытуды  терең  меңгертіп  қоймай,  оқушының  ойын  дамытып,  эмоциясына, 

сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен 

таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  шешімімен  «ХХІ  ғасыр-ақпараттандыру 

ғасыры»  деп  аталды.  Әр  сабағымда  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

пайдалана  отырып,  оқушылар  бойынан  төмендегі  қабілеттерді  дамытуды 

мақсат етіп қойдым: 

1. Білім, білік, дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; 

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру

3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; 

4.  Өз  бетінше  ізденуге  үйрету  және  компьютерлік  сауаттылыққа 

тәрбиелеу; 

5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. 

Мектептегі  оқушылардың  интеллектуалдық  білімі,  жақсы  денсаулығы, 

жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуы  мұғалімнің  кәсіби  дайындығына, 

біліктілігіне, оқу-тәрбие үрдісін түрлендіре білуіне, жоғары мәдениеттілігіне, 

шеберлігіне,  оқытудың  инновациялық  және  ақпараттық  технологияларын 

игеруіне,  оқушылармен  ізгі  қарым-қатынас  орната  білуіне  және  ғылым  мен 

техниканың жетістіктерін тиімді пайдалана білуіне байланысты. 

Сабақ  өткізу  барысында  оқушыларды  халық  педагогикасы  негізінде 

тәрбиелеп,  сабақ  беру  әдісінің  тиімді  түрлерін  пайдаланып  келемін.  Мен 

қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жүру 

барысына  қарай  дамытуы  саяхат-сабақ,  ертегі,  сайыс-сабақ,  ойын,  жарыс 

сабағы, аралас сабағы, тест әдістері өткізіліп келеді. 

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде 

ұзақ  сақталады,  ой  өрісі  кеңейеді.  Ойлау  қабілеті  дамиды,  сабаққа 

қызығушылығы,  белсенділігі  артады.  Қазақ  тілі,  математика  сабақтарында 

оқушыларды  проблемалық  және  іскерлік  ойын  түрлері  арқылы  оқытудың 

маңызы  аса  зор.  Оқушылар  әртүрлі  проблемаларды  талдайды,  оны  шешу 

жолдарын  іздестіреді.  Мұндай  сабақтар  оқушылардың  логикалық  ойлау 

қабілетін  дамытады,  пәнге  қызығушылығын  арттырады,  тапқырлыққа, 

ізденімпаздыққа,  ой  белсенділігін  арттыруға,  өмірде  кездесетін  түрлі 

қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.  

Жоғары  білім  деңгейін  көрсету  мақсатында  сабақта  тиімді  әдістерді 

көбірек қолдану керек, сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса, 

оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік 

болады.  Сондықтан  да  оқушылардың  білімін  арттыру  үшін  сабақта  жаңа 

технологияның элементтерін қолдана білу керек.  

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Сондай-

ақ сабақ үстінде интерактивті тақтаны, мультимедиялық құралдарды қолдану 

әр  сабақтың  тиімділігін  арттырады.  Мысалы,  математика  пәнін  алатын 

болсақ,  математика  пәніне  байланысты  әртүрлі  сызбалар,  сызғыш, 

транспортир,  қажетті  кескін  суреттерді  тез  тауып,  сызып қолдануға  болады. 


345 

 

Ал,  интернет  жүйесіндегі  ақпараттық  мәліметтердің  сабақ  тақырыбына 



байланысты қажеттісін таңдап, тікелей қолдануға болады. 

Ақпараттық  технологиялардың  ішіндегі  мультимедиялық  құралдарды 

сабақ  кезеңдерінде  пайдалануда  бұл  құралдардың  тиімді  тұстарын  атап 

көрсетсек, олар:  

1. Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;  

2. Танымдық қабілетін қалыптастырады

3. Этнопедагокикалық тәрбие береді; 

4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;  

5. Оқытушының уақытын үнемдейді; 

6. Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді; 

 

 

Жаңа ақпараттық технология құралдары: 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Саналы да сапалы білім алған оқушы – ұлт келешегі. Білім - теңіз, оның 



тереңіне  сипатын  жетік  білетін,  сырын  меңгерген,  құпиясын  аша  алатындар 

ғана  бойлай  алмақ,  мұндай  адамдарды  мұғалімдер  ғана  тәрбиелеп, 

дайындайды.  Мұғалім  білімді  оқушы  санасына  сабақ  арқылы  жеткізеді,  ал 

сабақ  сапасын  арттыру  –  барлық  мұғалімдерді  толғандыратын  маңызды 

мәселе.  Күн  сайын  өтетін  жаттанды  кезеңдерден  тұратын  дәстүрлі  сабақтар 

оқушыларды  жалықтырып,  білімге  ынтасын  төмендетері  сөзсіз.  Сондықтан 

өз  жұмысымда  сабақты  жандандырудың  технологиясын,  әдіс-тәсілдерін 

іздестіруге,  бұған  оқушыларды  тартып,  олардың  белсенді  шығармашылық 

жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қойдым. 

 

Компьютер 



Электрондық  

оқулықтар 

Электрондық 

анықтамалар мен 

энциклопедиялар 

Аудио және 

видеоматериалдар 

Интернет 

желісі 

Тестілеу жүйесі мен 



білімді бағалау 

Электронды пошта 

Интерактивтік тақта 


346 

 

Әдебиет 

1. Қазақстан Республикасының Білім Заңы 

2.  М.М.  Жанпейісова.  Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы 

ретінде // Алматы, 2006, – 4,5 бет 

3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Алматы // – 241б 

4. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена - 2007, 93-97 б. 

5.  Құдайбергенова  К.С.  Инновациялық  тәжірибе  орталығы  –  педагогикалық 

технология көзі. Алматы // 2001. – 75б. 

6. Білімдегі жаңалықтар // 2007, №4, 26-28 б. 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУДА  



ОЙЫННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ  

 

Р.О. Искакова  

№18 жалпы білім беретін мектеп, Екібастұз қаласы 

 

Қазіргі  әлемдік  ауқымдағы  қайта  құрулар,  жедел  ақпараттандыру  білім 

саласындағы  өзгерістер  адамзат  қоғамы  алдында  білім  сапасын  арттыру 

қажеттілігін тудыратын анық. XXI ғасыр - білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің  

даму тенденциясын заман  талабынабай дамыту - әрбір ұстаздың міндеті. 

Ж.  Аймауытов  мұғалімге  байланысты  жаңа  сабақты  білмейтін 

мәліметтермен  ұштастыру,  сабақтың  мазмұнына  ынталандыру,  түрлі  әдіс-

тәсілдерді  қолдану  қажеттігін  көрсеткен.  Сонымен  қатар,  сабақта  ойын 

түрлерін қолданудың маңызы бар екенін атап өткен.  

Осы  орайда  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  дәстүрлі,  дәстүрлі  емес 

түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру, пәнаралық 

байланыстылық  мәселесін  шешуге  жол  ашу,  жыр  шашу,  сырласу  оқушы 

дүниетанымын қалыптастырудағы дарынын, қабілетін анықтауға негізделген 

маңызды әрекеттер екені сөзсіз [1]. 

Сабақта 

ойын 


түрлерін 

пайдалану 

арқылы 

оқушылардың 



қызығушылығын дамыту. 

В.А.  Сухомлинский:  «Ойын  баланың  алдынан  өмір  есігін  ашып,  оның 

шығармашылық  қабілетін,  ой-өрісін  дамытады.  Ойынсыз  ақыл  –  ойдың 

қалыптасуы  мүмкін де емес деген [2]. 

Ойын  арқылы  ұйымдастырылған  сабақ  балаларға  жеңіл,  тартымды,  әрі 

түсінікті  болады.  Ойын  сабақтары  оқушыларды  өздігінен  жұмыс  істеуге, 

ойлау  қабілетін  дамытуға  үйретеді.  Ойын  кезінде  балалардың  достық  сезімі 

оянып,  бір-біріне  қамқорлығы,  ұжымдық  бірлігі  нығаяды.  Балаларды 

жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептіліктікке тәрбиелеуге болады. 

Ойын  түрлерін  сабақта  тиімді  пайдалана  білу  мұғалімнің  меңгертіп 

отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. 

Оқушылардың белсенділігін, саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, 

қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. 


347 

 

Баланың  ойын  үстіндегі  өзін-өзі  жаттықтыруы,  өмірді  білуге  деген 



құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, ой-өрісі, дене еңбегіндегі  

белсенділігін  арттырып,  алдына  қойған  мақсатына  жетуге  деген  ерік-

қайратын шындайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. 

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту 

болса,  мұғалімнің  міндеті  –  сол  ойын  түрлерін  пайдалана  отырып, 

оқушылардың  өздігімен  жұмыс  істей  білуге,  ой-өрісі  мен  тіл  байлығын  

арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. 

Ойынның нәтижесінде  

 

Баланың бойында 



 

 

 



Ойлау                 Тапқырлық               Белсенділік 

 

қасиеттері қалыптасады  



 

Ой- өрісін дамытуды, төмендегіше таңдадық: 

 

                                     Ой- өрісі 

 

 



кимыл әрекет ойыны           ойын      логикалық, грамматикалық, сергіту ойын 

ойын- жаттығу. 

                                                           Ұлттық ойын,дидактикалық ойын. 

білімі                                              

 

сауаттылығы.                  Әрекет       пәнге қызығушылығы 



 

сөздік қоры                                        дүниетанымы кеңейеді 

 

Ойынның  да  тиімді,  әрі  сабаққа  қатысы  бар  түрлері  бүгінгі  біздің 



қоғамда  жетіп артылады деуге болады. 

Сабақ үстінде өткізетін ойындарды өткізу түрі: 



1 жалпы 2. топтық 3. жекелей 

Ойын түрлерін сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі 

таңдап  алып,  қолданып  отырады.  Ойынды  әр  сабақта  пайдалану  міндетті 

емес. 


Осы  орайда  мынандай  ойындарды  көрсетуге  болады,  қазақ  тілі 

сабақтарында пайдалануға : 



«Кім білгіш ?» ойыны 

«Ой  өрістерін  дамыту  мақсатында:  «Кім  білгіш?»  ойынын  ойнатуға 

болады.    Жазушылар  суреттерін  көрсетіп,  олар  туралы  әңгімелетемін, 


348 

 

олардың  бір  шығармасының  атын  атап,  сипаттама  бергіземін.  2  -  топ  сын 



есімдерді табады». 

Дидактикалық ойындарды да пайдалануға болады: 

1.  Ойынның  мақсаты  нақты,  керекті  көрнектіліктер  мен  материалдар  

алдын ала дайын болу  керек. 

2.  Ойынға  кірісер  алдында  оның  жүргізілу  тәртібі  оқушыларға  әбден  

түсіндірілуі керек. 

3.  Ойынға  сыныптағы  оқушылардың  түгел  қатысуын  қамтамасыз  ету  

керек. 

4.  Оқушыларды  ойын  үстінде  шешім  қабылдай  білуіне,  ойлана  білуіне  



жетелеу керек. 

Дидактикалық ойындар: 

  - сөздік – дидактикалық ойындар; 

  - рөлді – сюжетті ойындар; 

  - драмалық ойындар; 

  - шығармашылық ойындар; 

  - әдеби- музыкалық ойындар. 

Әр  ойынның  өз  реті,  мазмұны  бар.  Дидактикалық  ойын  мен  сабақ  

арасындағы  ортақ  қасиет,  ол  –  баланы  белгілі  бір  нәрсемен,  құбылыспен 

таныстыруды,  оқушының  оған  деген  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыруды  

көздейтіндігінде.  Дидактикалық  ойын  мен  оның  білім  берудегі  рөлін  

айқындай  келе  педагог  ғалым  А.П.  Усова:  «Дидактикалық  ойындар,  ойын 

түріндегі 

тапсырмалар, 

балалардың 

білімге 


деген 

құштарлығын, 

қызығушылығын  арттыра түседі» деген. 

Дидактикалық  ойындардың,  әсіресе,  әліппе,  тіл  дамыту,  математика  

сабақтарында қосатын үлесі зор. 

Дидактикалық, 

сюжетті- 

рөлдік 


ойындар 

ұжымшылдыққа, 

жылдамдылыққа,  тиянатылыққа үйретеді. 

Түрлі  ойындарды  пайдаланып  сабақты  жандандырып,  қызығушылығын  

арттырады.  Ойын  сөйлеу  кезінде  пайда  болатын  қысылу,  ұялу  секілді  

сезімдерін  жояды.  Оқушылардың  жеңуге  деген  құштарлығын  арттырады.  

Осылайша  ойын  түрлері  баланың  дұрыс  сөйлеуі  мен  тілін  дамытуда  білім, 

тәрбие алуда жетістікке жеткізер жолдарының бірі болып табылады. 

Ол үшін мұғалім ойынды пайдалануда ойын түрлерін таңдап, талғауға да  

қойылатын  талаптарды  жете  білуі  тиіс,  сонда  ғана  дұрыс  нәтижеге  етуге  

болады.  Демек,  оқушылардың  ой-өрісін  дамытуда  ойынның  алатын  орны 

ерекше.  

 

Әдебиет 

1. Аймауытов Ж. Психология жан жүйесі өнер таңдау. Алматы: Ататек. 1995. – 210 б. 

2.  Балтабаев  М.Х.  Өзін-өзі  тәрбиелеуде  көркем  әдебиеттің  әсері.  –    Алматы:  Санат, 

1996. – 368 б.  

3. Батталханова Ж.Н. Сабақта ойынды пайдаланудың жолдары //  Қазақстан мектебі 

2000.№2.-Б.15-17. 



349 

 

4.  Н.  Жалғас  Ойын іс  –  әрекетінің  тәлім-  тәрбиесі  \\  Бастауыш  мектеп  2007  №  4.-Б. 



14-18.  

 

 

МУЗЫКА ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА САЙ 

ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

А.С. Ислямова 

Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі,  Еңбекші ауылы 

 

Елімізде білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылданған Қазақстан 



Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасында  білім  беруді  дамыту  үшін  оқытудың  озық 

жүйелері  мен  технологияларын  әзірлеу  мен  енгізу  бекітілген.  Осы 

бағдарламаның  негізгі  мақсаты  көпдеңгейлі  білім  беру  жүйесін  жаңарту: 

білімді,  өмір  сүруге  бейім,  өзіндік  ой  толғамы  бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру. Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ. 

Бәрімізді  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе  -  сол  ұрпақтың  сапалы 

білімді  игеруі.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  «Білімді,  сауатты  адамдар-бұл  ХХІ 

ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші»  деуінің  өзі-үлкен 

көрегендіктің белгісі. 



Жаңа  технологияның  негізгі  мақсаты:  баланың  ашылмаған  қабілетін 

ашу,  дамыта  оқыту,  белсенділіген  арттыру,  өзіне  деген  сенімін  күшейту, 

іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

Сабақ  –  оқытудың  басты  нысаны.  Сабақ  сапасын  арттыру  –  барлық 

мұғалімдерді  толғандыратын  маңызды  мәселе.  Бұл  ретте  білім  деңгейінің 

төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, 

шаблонды,  көптеген  мұғалімдердің  сабақ  үрдісін  түгелдей  дерлік  жаулап 

алған  дәстүрлі  бір  сарынды  сабақтар  деп  айтуға  болады.  Күн  сайын  өтетін 

жаңа  сабақты  түсіндіру,  үй  тапсырмасын  сұрау  және  қорытындылау  сияқты 

жаттанды  кезеңдерден  тұратын  дәстүрлі  сабақ  оқушыларды  жалықтырары, 

білімге  ынтасын  төмендетері  сөзсіз.  Сондықтан,  әр  мұғалім  өз  жұмысында 

сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта 

білуі,  олардың  белсенді  шығармашылық  жұмыстарын  ұйымдастыра  білуі  – 

міндет.  Ұтымды  ұйымдастырылған  жаңа  әдіс-тәсілдер  мен  жаңа 

технологиялар, 

сабақты 


жандандырады, 

оқушылардың 

білімге 

қызығушылығын  арттырады,  оқу  үрдісін  жетілдіре  түседі.  Білім  берудің 

негізгі  мақсаты  –  білім  сапасын  көтеру  болса,  бұл  ретте  мақсатқа  жетудің 

басты шарты – өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ.  

Қоғамымыздың  қазіргі  даму  кезеңі  мектептегі  білім  беру  жүйесінің 

оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесінің  алдына  оқыту  үрдісін 

технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Осы  педагогикалық  технология 

терминіне  мынандай  түсініктеме  берілген:  педагогикалық  мақсатқа  қол 

жеткізу  жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім  амалдары  мен 


350 

 

әдіснамалық  құралдарының  жүйелі  жиынтығы  мен  жұмыс  істеу  реті  болып 



табылады.  Жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалімнің  өз  мамандығына 

деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 

Оқушылардың  білімін  бақылаудың  әртүрлі  формаларын  пайдалану 

үлгермеушіліктің  алдын  алу,  әр  оқушының  белсенді  жұмыс  жасауын 

қамтамасыз  етеді.  Оқушының  білімін  бақылаудың  кең  тараған  формасы  – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет