Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ОЮ-ӚРНЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ОЮ-ӚРНЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
Исаева Ҽ.И. – т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  уақытта  революцияға  дейінгі  қазақ  халқының  қолҿнер  табиғатын 
жан-жақты  этнографиялық  тұрғыда  зерттеудің  ғылым  үшін  де  маңызы  зор. 
Ҿйткені,  қазақтың  қолҿнері  жалпы  халық  мҽдениетінің  ішіндегі  негізгі 
салаларының  бірі.  Қазақ  халқының  ұлттық  мҽдениеті,  оның  ішінде  қолҿнер 
шеберлерінің  дҽстүрлі  ҿнері  жан-жақты  зерттеуді  қажет  ететін  бағалы  мұра 
екендігін кҿптеген ғалымдар ҿз зерттеулерінде келтіреді.  
Қазақ ою-ҿрнек ҿнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар кҿптен бері 
шұғылданып  келеді.  Еліміздің  этнограф-тарихшылары  мен  ҿнер  зерттеушілері 
дайындаған  еңбектерде  ою-ҿрнектің  түрлері,  атаулары,  шығу  тарихы  туралы 
кҿптеген құнды деректер жиналды. 
Академик  Ҽ.Х.Марғұлан  еңбегінде  бұл  мҽселені  жан-жақты  зерделегенін 
кҿреміз.  Ғалым  қазақ  халқы  қолҿнерінің  барлық  түріне  сипаттама  бере  келе, 
ұлттық ою-ҿрнектері мен кілем тоқу ҿнеріне арнайы тоқталады. Ҽлкей Хақанұлы 
ҿрнектер  мен  оюлардың  ҽр  түріне  талдау  жасап,  олардың  ҿзара  үйлесуін, 
симметриясын жҽне т.б. сҽйкестендіріп зерттеді /1/ 
Қазақстанда  қолданылатын  ою-ҿрнектерді  зерттеу  ісінің  тарихы,  ою-
ҿрнектің шығу тегі мен дамуы, мазмұны дҽйекті түрде К. Ибраеваның еңбегінде 
қарастырылады.  Ғалым  ҽрбір  ҿрнектің  шығу  тегін,  мифологиялық  немесе 
биологиялық  негізі  туралы  пікір-таластарды  талқылап,  оларға  ҿзіндік  тұжырым 
жасайды. Сол сияқты ою-ҿрнектің негізгі міндеті безендіру ме, жоқ ҽлде бейнелеу 
ме деген пікірталасты да қарастырып, ол екі міндеттің ҿзара байланысты екендігі 
құпталады.  Ҿрнектерді  жіктеп  топтастыруға  да  назар  аударады  /2/  Осындай 
зерттеулердің қатарына М.Ш. Ҿмірбекованың ою-ҿрнектерге қатысты еңбектерін 
атап  ҿтуімізге  болады.  Мұнда,  мыңнан  астам  ою-ҿрнектің  ежелгі  жҽне  осы 
заманғы  нұсқалары  мен  оның  даму  тарихы,  теориясы  мен  типологиясы  кеңінен 
зерделеп кҿрсетілген /3/. 
Кҿрнекті ғалым, этнограф-тарихшы М.С.Мұқанов ҿз ғылыми зерттеулерінде 
де  қазақ  ою-ҿрнегіне  қатысты  толық  мағлұмат  береді.  Ҽсіресе,  ғалым  ою 
элементтерінің  аттарының  материалдық  дүниедегі  жан-жануарлардың  дене 
мүсіндеріне  қарай,  ҿсімдік  сабақтары  мен  жапырақтарының  сыртқы  бейнелеріне 
немесе  геометриялық  фигуралардың  жаратылу  ерекшеліктеріне  қарай 
қойылғанын кҿрсетеді. Тіпті олардың арасында аңыз-ертегілерде айтылып жүрген 
аждаһарлардың  бейнесінен  бастап,  бүгінгі  күнгі  космосты  игеру  тақырыбына 
дейінгі атаулар мен элементтер де кездеседі.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
89 
Ғалымның  еліміздің  ою-ҿрнегіне  қатысты  экспедиция  кезінде  кездестірген 
мҽліметтерінің  ғылыми  маңызы  зор.  Сондай  түйіннің  бірі  марал  мүйіз  ҿрнегіне 
байланысты.  Ол  Жетісу  ҿңірінде  кеңінен  таралған,  ал  бұл  жануарды  ҿсіріп 
отырған Шығыс Қазақстан  жерінен осы ҿрнекті кездестіре алмаймыз, - деп Марат 
Сҽбитұлы ел арасынан жинаған материалдарға сүйене отырып тұжырымдайды /4/. 
Біздің пікірімізше, бүгінгі таңда Жетісу ҿңірінде маралдар жоқ. Бірақ, ерте кездері 
(бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрын)  маралдар  Жетісу  тауларының  сілемдерінде 
мекендеулері мүмкін. 
Қазіргі  уақытта  халқымыздың  ҿркендеп  ҿскен  мҽдениетіне  лайықты  кейбір 
ою  элементтері  ҿздерінің  бастапқы  мҽнін  жойып,  жаңа  мағынада  ҿмірге  қайта 
оралып отыр. Бүгінгі  таңда ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе 
дүниеге  келген  оюлардың  элементтері  аз  кездеседі  десек  те  болады.  Бұл  жағдай 
қазіргі  заманда  ою-ҿрнектің  ҿз  құнын  жойғаны  емес,  керісінше,  жаңа  ҿмірге 
лайық бағыт алып, жаңаша ҿріс тапқанын кҿрсетеді.  
Ою-ҿрнектің  ҿркендеуіне  ата-бабаларымыздың  сезімдік-талғампаздық 
дүниесі, қоршаған табиғат аясы, ҿскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағының 
ықпалы зор. Ҽр халыққа, ұлтқа тҽн ҿзіндік ою-ҿрнек негіздері қалыптасып дҽстүр 
алды. Кілемге, тұскиізге, басқұрға, киімге, ыдысқа, қару-жараққа, үй жиһаздарына 
арналған  ою  түрлері  қалыптасты.  Мҽселен,  кілемге  салынған  ою-ҿрнектерге 
тоқталсақ. «Поднос» кілемінің ою-ҿрнектері кҿбінесе екі қатар орналастырылған 
кҿпбұрыштардан  тұрады.  Олардың  арасы  қос  мүйіз  сарынымен  безендірілуі 
мүмкін.  Түсі  ҽдетте  қызыл  болып  келетін  кілемнің  бетінде  орналасқан  ҿрнектер 
бір-бірімен  аралары  жеткілікті  алшақ  болып,  қараған  адамға    байсалды, 
жайбарақат  ҽсер  береді.  Кілемнің  бұрыштары  қошқар  мүйіз  нақышымен 
орындалған үшұрышты фигуралармен ҽшекейленеді. Осы тектес кілемдердің ою-
ҿрнектерінде квадрат кесінді поднос ҿрнектері жиі кездеседі. Олар қошқар мүйіз, 
балдақ сияқты ірі ҿрнектермен безендіріледі. 
Сонымен қатар, арабы кілеміне қатысты «бұл VІІ-Х ғ.ғ. арабтардың жаулап 
алуы  жҽне  араб  халифаты  кезеңінде  енген,  ал  қазақтардың  түркмендерден  алып 
пайдалануы мүмкін» /5, с.55/. 
Шаршы  кілемнің  орталық  алаңы  ішіне  ҽр  түрлі  ҿрнектер  орналастырылған 
жҽне  бір-бірінен  бҿлінген  квадрат  розеткалар  (жапырақ  формалы  ҽшекей) 
ҿрнектеледі.  Кҿбінесе  «қошқар  мүйіз»,  «қос  мүйіз»,  «сыңар  мүйіз»  сияқты 
элементтер  қолданылады.  Кілемнің  бейнесі  кҿбінесе  қызыл  түсті  болып  келеді. 
Кҿмкермелері  қоңыр  немесе  жасыл  түсті  болып,  оған  сары  түсті  ҿрнектер 
орналастырылады.  Негізінен  ол  кҿршілес  шығыс  халықтарындағыдай  бҿлменің 
тҿріне ілінеді.  
Тақта кілемнің орталық алаңында жолақтар тігінен орналастырылады, оның 
түсі қызыл, кҿк, ақ болуы мүмкін. Осы жолақтардың үстінен горизонталь бағытта 
ҽр  түрлі  ҿрнектер,  мысалы  созылыңқы  келген  ромб  салынады.  Аталған 
тҿртбұрыштардың  бұрыштары  қос  мүйіз  немесе  қарға  тұяқ  стильді  ҿрнектермен 
безендіріледі.  Тҿртбұрыштардың  ішіне  бота  кҿз  немесе  жұлдызшалар 
орналастырылуы  мүмкін.  Кілемнің  кҿмкермесі  қарға  тұяқ,  сынық  мүйіз,  балдақ 
секілді  ҿрнектермен  безендіріледі.  Мұндай  кілемдер  үйдің  тҿріне  тҿселетін 
немесе қабырғаға ілінетін бағалы бұйым болып есептеледі. 
Жоғарыда  келтірілген  барлық  кілемдерді    жүйелеп  баяндай  отырып,  олар 
тек  тақыр  кілем  жасалатын  аймақтарда  таралғанын    айта  кету  керек.  Ал,  түкті 
кілем  тоқылатын  аймақтарда  тақыр  кілем  аз  жасалып,  оған  кҿбінесе  түкті 
кілемнің  оюы  салынған.  Тағы  бір  айырмашылығы,  бұл  аймақта  тақыр  кілем  де, 
түкті кілем де кҿлденең станокта тоқылған. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
90
 
Түкті  кілемнің  орта  тұсына  байланысты  олардың  айырмашылығын  М.С. 
Мұқанов  былай  деп  кҿрсетеді:  бірінші  түрінде  кілемнің  ортасы,  іші  оюланған 
ромб,  тік  тҿртбұрыш,  квадрат  (шаршы)  жҽне  басқа  кҿпбұрыш  болуы  мүмкін. 
Геометриялық  фигуралар  кҿбінесе  бір-біріне  жалғасып,  жанасып  кетеді.  Бірақ 
кілемнің ортасы бҿлек немесе бір қалыпты ритмді қайталайтын фигуралар болып, 
жан-жағы  зооморфтік  оюлармен  безендіріледі.  Кҿп  жағдайда  кілемнің  орта 
тұсына  ромбыны  қолданады,  (мысалы,  сыңар  мүйіз),  ал  ромбының  ішкі  жағын 
ҿсімдіктік оюлармен безендірген немесе зооморфтік мотивті қошқар мүйіз, сыңар 
мүйіз  жҽне  т.б.  салынады.  Екінші  бір  түрінде,  ортасы  үлкен  жұлдызшамен 
безендірілсе,  жазықтығына  ҽр  түрлі  геометриялық  фигуралар  салынады.  Үшінші 
түрінде,  кілемнің  ортасындағы  кҿпбұрыш  баспалдақ  тҽрізді  ұзынынан  беріліп, 
ортасы  ҽртүрлі  мотивті  ҿрнекпен  безендірілген  /6/.  Келтірілген  түрдегі  түкті 
кілемнің  ортасындағы  ҿрнекті  рамкалар  басқа  мотивте  де,  мысалы,  зооморфтік, 
ҿсімдіктік, геометриялық болып орындалады.  
 Ою-ҿрнектің  тұрмыста  пайдалану  ауқымы  ҿте  кең.  Оюдың  жекеленген 
тармақтарынан бастап үш түп, бес түп, алты, жеті, сегіз, тоғыз т.б. тармақтарынан 
ҽрі  қарай  ҿрбіп,  кеңейе  беретін  күрделі  оюлар  да  біздің  ұлттық  дҽстүрімізге 
тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Айшығы мол, жасалуы күрделі, ҿте нҽзік 
оюлар  ертеректе  хандардың  салтанат  сарайларын,  үйлердің  ішін,  күрделі  діни 
кесенелерді безендірген.  
Қазақ  халқының  тұрмысында  ағаштан  жасалған  заттар  ҿте  кҿлемді.  Жазы, 
қысы  пайдалануға  келетін  «ағаш  уықты,  киіз  туырлықты»  киіз  үй,  киіз  бен 
ағаштың ҿте күрделі үйлесімінен тұрады. 
Тігуге  де,  жинауға  да,  алып  жүруге  де  ҿте  қолайлы  осы  мүлікте  ою-ҿрнек 
қолданылмайтын  бҿлшек  жоқтың  қасы.  Мҽселен,  кҿрнекті  ғалым-этнограф 
Х.Арғынбаев  ҿз  зерттеуінде  ел  арасынан  жинаған  материалдарының  негізінде 
сықырлауыққа салынған ою-ҿрнекке байланысты деректермен толықтырған: «киіз 
үй есіктерінің ішкі беттеріне ою-ҿрнектің сан алуан түрлерін бедерлеп оймыштау 
тҽсілі  сирек  кездеседі.  Дегенмен,  Қазақстанның  батыс  жҽне  оңтүстік-батыс 
ҿңірлерінде ішінара кездесіп отырады. Мұндай есік беттеріндегі  ою-ҿрнектің ҿзі 
бедерленіп  ойылады,  оның  түрі  (фоны)  ҽжептҽуір  тереңдікке  дейін  түгелдей 
қашалып,  сҽнді  ҿрнек  айқындала  түседі.  Бедерлі  оймыштың  ҽр  ҿрнегі  ҿте  нҽзік 
болады,  бірімен-бірі  астасып  келеді,  ҿткермеленіп  жатқандай  бейнеде 
орындалады,  ол  ҿрнектердің  ҽрқайсысының  фоны  түрлі-түсті  бояулармен 
боялғанда,  бұйымның  ҽсемдігі  артып,  нағыз  ҿнер  туындысы  дерлік  дҽрежеге 
жетеді.  Мұндай  есік  беттеріндегі  ою-ҿрнектің  ҿзі  бедерленіп  ойылады,  сҽнді 
ҿрнек  айқындала  түседі.  Мұндай  есік  бҿлшектерінің  ою-ҿрнектер  негізі  ҿсімдік, 
символдық  жҽне  зооморфтық  мотивтердің  біте  қайнасып  араласуының  нҽтижесі 
деуге  ҽбден  болады.  Бедерлі  ою-ҿрнекті  қашау  арқылы  орындау  тҽжірибелі 
шеберлердің  ғана  қолынан  келеді.  Олар  ҿз  ісіне  ҿте  жауаптылықпен  қарап, 
жасаған есіктерінің ҿте сҽнді болуын кҿздейді» /7, 28 б./. 
Ою-ҿрнекті  жақсы  сапалы  жасау  үшін  алдымен  пайдалынатын  материалды 
дұрыс  таңдай  білу  қажет,  оның  ою  ырғағы  мен  мҿлшерін  яғни  оюдың  заттың 
бетіне  түсуі  мен  орналасуын  нақты  жобалау  қажет.  Оймастан  бұрын  тақырып 
таңдай білу қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығына, шеберлігі 
мен оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-ҿрнектің қандай түрі болса да ол 
– адам ойының жемісі. 
Зерттеуші В. Чепелевтің: «Қазақ халқы тек ою-ҿрнек ҽлемінде ҿмір сүретін 
секілді», - деп айтқан ой-пікірі еріксіз тілге оралады. Расында да ҽрбір бұйымын 
ҽшекейлеген  ою-ҿрнектер  қазақтың  мҽдениеті  мен  тұрмысын,  дҽстүрін,  ғұрпын 
айқындайды /8/. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
91 
Қолҿнер  шеберлері  ою-ҿрнекті  ҽр  заттың  ҿзіне  лайықтап,  жарасымын, 
үйлесімін,  сҽнін  тауып  жасаған.  Жасаған  затпен  ою-ҿрнек  бір-бірімен  ҿте  сҽнді 
қабысып,  шынайы  кҿркемдік  беріп  отырған.  Ою-ҿрнек  түрлері  ҿте  нҽзік  түрде 
түскен.  Пайдалану  орнын  шатастырмай  нақ  тауып,  орын-орнына  қоя  білген. 
Осындай  ҽсемділікті  таңдай  білген  хас  шебер    оюшы  зергерлеріміз  осы  ою-
ҿрнекке  бояу  түрлерін  пайдалануды  да  жете  меңгерген.  Халқымыздың  ою-
ҿрнектерінде  басым  түс  ақ  пен  қара  болып  келеді.  Бұл  ою-ҿрнектің  ең  шешемін 
тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді.  
Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан ҿзіндік кҿркемҿнердің бір түрі 
сүйектен  ойып  бедерлеп  ҿрнек  түсіру.  Сүйектен  ойып  ҿрнек  салушыларды 
қазақтар  «шебер»  деп  атаған.  Шеберлердің  есімі  кҿпке  ҽйгілі  болып,  қалаған 
заттарын  жасауға жұрт  күншілік жерден келіп жататын кҿрінеді. Сүйекпен ағаш 
бұйымдардың бетін, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманын, музыкалық аспаптардың 
бетін безендіреді. 
Кҿп  жерде  ҿрнектелер  заттың  бетін  тұтастай  жұқа  сүйектен  қаптап 
тастайды. Сонан соң ҽр сүйек сынықтарына (сүйек ешқашан тұтастай бүтін емес 
бірнеше  сынықтан  құралған  болады)  жекелей  ҿрнек  түсіреді.  Сүйекпен 
ҽшекейленген  бұйымдарындағы  ҿрнектерінің түрі,  құрылысы,  мазмұны  жағынан 
киіз  оюларына  ҿте  ұқсас.  Сүйекке  бедерлер  оюларды  да  бояйтын  болғандықтан 
сырмақ-текемет оюларына ұқсастығы жақындай түседі.  
Кейінгі  жылдары  ою  ойылған  сүйек  астына  ашық  түсті  шұға,  мақпал 
тҿсейтін болған – кҿбіне қызыл, қара түстен. Олар сүйектің оюларының арасынан 
кҿрініп негізгі түстің міндетін атқаратын. Бірақ жаңадан жасалған кезде болмаса 
ол  ұзаққа  бармайтын.  Шұғаның  түсі  тез  оңып,  не  шіріп,  желініп  кететін. 
Сондықтан  бұл  ҽдіс  халық  арасына  жаппай  тарамаған.  Кейбір  қымбат 
бұйымдарды  безендіргенде  сүйек  пен  күміс  қатар  қолданылады.  Ҿрнекті  сүйек 
сынықтары, бедерлі күміспен алмастырылып отырады.  
Халық  арасында  сүйектен  жасайтын  шеберлердің  жұмысы  қатты 
бағаланады.  Сүйекпен  ҿрнектелген  ағаш  бұйымдары  тек    ҿте  ауқатты  үйлерде 
ғана кездеседі.  
Ою-ҿрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ 
халқының мҽдени мұрасының ажырамас бір бҿлігі. Халқымызда жазу болмағанда 
ою-ҿрнек  болды.  Сол  ою-ҿрнек  арқылы  халқымыз  ҿз  тыныс-тіршілігін, 
мҽдениетін,  ҿнерін,  мҽдени  құндылықтарын,  жоғары  деңгейде  дамыған 
тұрмыстық  қажеттіліктерді  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,  дамытып  отырды. 
Келешек  ұрпақ  мақсаты  осы  киелі  ҿнерді  ҽрі  қарай  дамыта  отырып,  кҿздің 
қарашығындай сақтау.  
Этнография  ғылымының  кҿшбасшыларының  бірі  Х.А.  Арғынбаев, 
Ҽ.Х.Марғұлан  жҽне  М.С.  Мұқанов  секілді  ҿз  зерттеуінде  дҽстүрлі  ер  адамдар 
айналысқан  қолҿнер  түрлерінің  болмысы  мен  мҽнін  қарастырды.  Ғалым  ҿз 
еңбегінде  қолҿнердің  барлық  түрлерін  қамти  отырып,  оның  жасалуы,  жергілікті 
ҿзгешеліктері  мен  қолданылатын  ою-ҿрнектердің  ерекшеліктерінің  тамырын 
тереңнен  тартып  кҿрсетеді.  Ол  ҿзі  қарастырып  отырған  қолҿнердегі  жергілікті 
ерекшеліктерге  баса  назар  аударып,  «халқымыздың  кҿрші  елдермен 
экономикалық  байланысына,  мҽдениет  саласындағы  бір-біріне  тигізген  игі 
ҽсеріне,  ертеден  қалыптасқан  ҿнер  дҽстүріне  жҽне  жергілікті  жерлерде  жиі 
кездесетін шикізат түрлеріне де тікелей байланысты»,- деп те тұжырымдайды /7, 
122 б./.  
Қазақ ою-ҿрнек ҿнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар кҿптен бері 
шұғылданып  келеді.  Еліміздің  этнограф-тарихшылары  мен  ҿнер  зерттеушілері 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
92
 
дайындаған  еңбектерде  ою-ҿрнектің  түрлері,  атаулары,  шығу  тарихы  туралы 
кҿптеген құнды деректер жиналды /9-10/. 
Қазіргі  уақытта  халқымыздың  ҿркендеп  ҿскен  мҽдениетіне  лайықты  кейбір 
ою  элементтері  ҿздерінің  бастапқы  мҽнін  жойып,  жаңа  мағынада  ҿмірге  қайта 
оралып отыр. Бүгінгі  таңда ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе 
дүниеге  келген  оюлардың  элементтері  аз  кездеседі  десек  те  болады.  Бұл  жағдай 
қазіргі  заманда  ою-ҿрнектің  ҿз    құнын  жойғаны  емес,  керісінше,  жаңа  ҿмірге 
лайық бағыт алып, жаңаша ҿріс тапқанын кҿрсетеді.  
Ең бастысы, бұл бұйымдардың қай-қайсысы болсын ҿздерінің жеңілдігімен, 
беріктігімен,  сапалылығымен  жҽне  пайдалылығымен  ғана  емес,  сонымен  бірге 
үйдің  сҽнін  келтіретін,  кҿз  тартар,  ҽдемі  дүниелер  болып  саналатындығынан 
құнды.  
Киіз  үйдің  тҿрінде  түрлі-түсті  ою-ҿрнектермен  кҿмкерілген  түскиіз, 
тҿселген  оюлы  сырмақ,  текемет,  кілем,  басқұрлар  ерекше  кҿзге  түсетін 
жабдықтар.  «Кен  асылы  жерде,  сҿз  асылы  елде»  дегендей,  ҿнер  түрі  елде  мол, 
халықпен бірге жасап келеді жҽне жасай береді. 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата, 1986. Т.1. 256 с. 
2.Ибраева К. Казахский орнамент. Алма-Ата, 1987. – 84 с. 
3.Ҿмірбекова М.Ш. Энциклопедия: Қазақтың ою-ҿрнектері. Алматы, 2003. 284 б. 
4.Муканов  М.С.  Казахские  домашние художественные  ремесла.  Алма-Ата,  1979.  
– 120 с. 
5.Алимбай  Н.,  Муканов  М.С.,  Аргынбаев  Х.  Традиционная  культура  
жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы, 1998. 234 с. (55) 
6.Муканов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата, 1980. 223 с. 
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолҿнері. Алматы, 1987. 127 б.  
8.Чепелев В. Об искусстве казахского народа (Орнаментика) // Искусство. –1936. 
– №4. С.27-31. 
9.Қазыбеков Н. Дала ҿрнектері: Этнографиялық сипаттамалар. Алматы, 1994. 126 
б.  
10.Казахский народный орнамент / Отв. ред. Т.К. Басенов. Алма-Ата, 1958. 6  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  вклад  ведущих  отечественных  этнографов  в 
разработку различных аспектов традиционного казахского орнамента. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада дҽстүрлі қазақ оюларын отандық тарихнамада зерттеу мҽселелері 
қарастырылған. 
 
 
 
ҰЛТ  ДӘСТҮРІНДЕГІ  АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КӚРІНІСТЕРІ. 
 
Қосдҽулетова С.Қ. –оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Бұл мақалаға арқау болған басты мҽселе-дҽстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық 
мемлекеттің  қалыптасуы  мен  дамуы  кезеңіндегі  дала  демократиясының,  оның 
ішінде азаматтық қоғамның кҿшпенділер ҿміріндегі кҿрністерін айқындау болды. 
Кеңестер  Одағының  тұсында  жеке  ұлттар  мен  халықтардың  тарихы 
бұрмаланып,  олардың  мҽдени  мұрасы  мен  бай  тарихын  жоққа  шығаруға 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
93 
талпыныс  жасады.  Сондай  қасіретті  кҿп  кҿргендердің  бірі-  қазақ  ұлты  екені 
даусыз.  Сол  лениншіл  дҽуірдегі  кҿп  томдық  еңбектердің  түпкі  мақсаты  қазақ 
халқының  тҿл  тарихын  бұрмалап,  мардымсыз  етіп  кҿрсетуге  барынша 
бағытталды.Осының  салдарынан  қазақ  халқында  ешқашан  ұлттық  мемлекет 
болған  емес,  тек  мемлекеттік  құрылыстың  жеке  элементтері  ғана  болды  деп 
кҿрсетілді.  Оның  ҿзінде  бірегей  саяси  құрылым  емес,  тек  ру-ру,  ауыл-аймақ 
болып  ҿз  алдына  отау  тіккен  шашыранды  құрылыс  ретінде  кҿрсетілді. 
Нҽтежиесінде  қазақ  халқы    бытыраңқы,  сауатсыз,  түземдік  ҿмір  кешуші  халық 
кейпінде киді. 
Ал 
бүгінгі 
археологиялық 
зерттеулердің 
жҽдігерлері, 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  жеке  бақылауындағы  «Мҽдени 
мұра» мемлекеттік бағдарламасының нҽтижелері қазақ халқының тарихы үш мың 
жылдық  тұңғиықтан  бастау  алатынын  дҽлелдеді.  Сол  сияқты,  бізге  де 
демократияның  құндылықтары  тек  батыстық  үлгіде  ғана  болады  деген  жаңсақ 
пікірден арылатын кез келді. Оның ішінде азаматтық қоғам мҽселесі де батыстан 
келген  «демократиялық  импорт»  емес,  оның  ежелгі  қазақ  даласында  ҿзіндік 
ерекшеліктері бар формасы болған. Ҽбу Насыр ҽл-Фараби бабамыз «Ҽлеуметтік-
этикалық  трактаттарында»  адамдар  ең  жоғарғы  даму  шегіне  жету  үшін  бірігу 
керектігін баса айтып, оның үш түрлі деңгейін кҿрсетті. Біріншісі ұлы бірлестік, 
яғни барлық халықтардың бірлігі. Екіншісі- орта бірлік, яғни бір халықтың бірлігі. 
Үшіншісі-ең  тҿменгі  бірлік  немесе  қала-мемлекет.  Бұлар  толық  қоғам  болып 
саналады.  ҽл-Фараби  бабамыздың  рухани  мұралары  қазақ  жерінде  ҿзінің 
жалғасын  тапты.    Мысалы,  Керей  мен  Жҽнібек  хандар  негізін  салған  Қазақ 
хандығында  ақ  киізге    кҿтеріп  ханды  сайлаумен  қатар,  хандық  билікке 
қарсысалмақ  пен  тепе-теңдік  қызмет  атқарған  халықтық  ҿкілдік  ретінде  билер 
институтының  болуын  қазір  кҿптеген  ғалымдар  дала  демократиясының  жарқын 
кҿрнісі ретінде бағалайды.  
Ұлы ғұламаның осы тұжырымын басшылыққа ала отырып, адамдар ҽртүрлі 
белгілермен  қауымдасатынын  кҿреміз.  Айталық,  ҿмір  сүру  қажеттілігі: 
табиғаттың  тылсым  күшімен  арпалыс,  оны  жеңу,  игеру,  қоян-қолтық  қауышу; 
табиғаттан  бірлескен  күшпен  қажет  нҽрсені  алу;  жаудың  жыртқыштығы  мен 
зұлымдығынан қорғану, оны жеңу; рухани жағынан қанаттану; ҿнерді, ғылымды, 
білімді  игеру  т.б.  Осының  бҽріне  саналы  түрде  жұмылу,  ұйымдасу,  бірге 
шабуылдау,  бірлесіп  шегіну,  ақыл-парасатқа,  саясат  пен  заңмен  басқаруға 
негіздеу  еді.  Ұйымдасқан  үлкенді-кішілі  қауымдастықта  ғасырлар  тезінен  ҿтіп, 
шыңдалған,  жетілген,  байытылған  ҿмір  тҽжірбиесін,  ұлы  дҽстүрлер  мен  салт-
сананы  кҿреміз.  Соның  бірі-европалық  тілмен  айтқанда,  демократия.  Қазақ 
табиғатына аударсақ, демократия дегеніміз-ҽркімнің қауымдағы орнын таба білу, 
қабілетіне қарай сұрыпталу, барлық адамды теңдей кҿру, ҿзін-ҿзі басқару(1) 
Бірақта қазақ халқының қиын тарихы дала демократиясының бағын баянды 
етпеді.  Орыстардан  бодандық  сұрау,  жоңғарлардың  ауыр  салықтарына  кҿну 
амалсыздан  туған,  аз  шығынмен  құтылатын  саясаттың  тактикасы  болды.  Билер 
шешімі мерзімді уақыт аралығында болса да шапқыншылықтан ҽбден титықтаған, 
халықтың  аман  қалған  бҿлігін  сақтап  қалуға  бағытталды.  Билердің 
дипломатиялық  тактикасы  стратегиясына  бағындырылған,  жарлығы  халықтың, 
мемлекеттің  түпкі  мүддесін  сақтап  қалуды  кҿздеген  ниеттен  туған,  сол  себебті 
шиеленіскен,  тағдыр  таразыға  түскен  мҽселелерді  ҽлеуметтік  ҽділдік  жолмен 
шешті. Орыс зерттеушілері А.Левшин П.Маковецкий, Л.Баллюзек жҽне т.б.қазақ 
билерінің  саясаттылығы,  ҽлеуметтік  мҽселелерде  ҽділ,  парасатты  шешімдерін 
ризашылық сезіммен, құрметпен атап кҿрсеткен. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
94
 
Билердің  саяси  тұлғасының  тарихымызда  алатын  орны  туралы  кҿркем 
ҽдебиет  пен  ғылыми  зерттеулерде  айтарлықтай  қарастырылған.  Ҿз  уақытында 
ұлы  Абай,  Шҽкҽрім,  Ш.Уалиханов,  А.Байтурсынов,  Х.Досмұхаметұлы, 
Ҽ.Бҿкейханов,  М.Ҽуезов  жҽне  басқа  да  даналарымыз  қазақ  даласындағы 
демократия  туралы,  оның  ішінде  билер  институтының  ерекшелігі  мен  маңызы 
турасында пікірлерін айтып, кҿпшілікке жеткізуге тырысты.  
Сонымен 
қатар 
қазақ 
халқының 
дҽстүрінде 
азаматтық 
қоғам 
құндылықтарына ұқсас ҽдеп-ғұрыптар да жетерлік. Мҽселен, қайырымдылық пен 
имандылыққа  бағытталған  обал-сауап  түсініктері,  кеңесшілік  орган-ақсақалдар 
алқасы,  ерікті  түрде  қоғамдық  істерді  атқаруға  жиналу  түрі-асар,  қауымдастық 
ішіндегі  бір  адамның  басына  қиын  іс  түскенде  қауым  болып  қол  ұшын  созып, 
материялдық ерікті кҿмек беру-жылу жинау, қызыл кҿтеру сияқты игі дҽстүрлер 
қазақ қоғамындағы ынтымақтастыққа бастау болған. 
Ру-тайпалардан құралған байырғы қазақ даласы құрылымы жағынан да түрлі 
қауымдастықтар мен бірлестіктерден тұратын ҿзіндік бір азаматтық қоғам іспетті. 
Ҽ.Н.Назарбаевтың  тұжырымы  бойынша,  кҿшпенділерде  үлкен  ҽлеументтік  жҽне 
саяси  күш  ҽлеументтік  ҿзіндік  негізгі  формасы-  рулар  мен  тайпаларға  түсті. 
Мҽселен, қазақтар малына жеке меншік ете алғанмен, жерді  тек ұжымдық  түрде 
ғана пайдаланды(2) 
Қазақ  қоғамының  саяси-ҽлеументтік  құрылысын  отандық  зерттеушілер 
ежелгі  қытай  ,  парсы,  түркі  тарихшыларының  еңбектеріне  сүйене  отырып  жеті 
сатыға бҿліп кҿрсетеді. 
Бірінші саты-ауыл. Ол қазақ ұлтының ең негізгі қоғамдық ұйымы, ең жақын 
қандас  он-он  бес  отбасынан  тұрады.  Ҽр  ауыл  басқаратын  адам-ауылбасы. 
Ауылбасы ҽдетте ҿмір кҿрген, саяси беделге ие, едҽуір дҽрежедегі ауқатты адам. 
Оның  атқаратын  міндеттері-  ауылдастарының  шаруашылығын  басқару, 
маусымдық  кҿшіп-қону  уақытын  белгілеу,  адам  мен  кҿлік  күшін  дұрыс 
пайдалану,  дау-дамайды  ҽділ  шешіп  отыру,  түскен  салықты  уақытында  тҿлеу, 
жоғарыдан  келген  жарлықты  орындау.  Осының  бҽрін  ол  халықпен  ақылдасып 
шешеді.  Екінші  саты-аймақ  жеті  атадан  қосылатын  бірнеше  ауылдан  құрылады. 
Мұның  басшы  адамын  ақсақал  деп  атайды.  Ақсақал  ҿте  жоғары  мҽртебеге  ие 
адам,    ортадан  жоғары  жастағы  адам  болуы  керек.  Үшінші  саты-ру.Ру  он  үш-он 
бес  аймақтан  тұрады.  Басшысы-рубасы.  Тҿртінші  сатысы-арыс.Ол  бірнеше 
рулардан  тұрады.  Оның  басшысы  би  блған.  Бесінші  саты-  Ұлыс.  Ол  бірнеше 
арыстан  құралады.  Ұлыстың  билеушісі  –сұлтан.  Алтыншы  саты-  жүз.  Жүз 
бірнеше  ұлыстардан  құралады.  Жүзді  хан  билеген.  Жетінші  сатысы-  хандық.  Ол 
үш  жүзден  тұрады.  Хандықтың  ең  үлкен  ҽміршісі-қаһан.  Ұлы  хан,  яғни 
хандардың ханы(3) 
Отырықшы  қоғамдардың  саяси  жүйесі  негізінен  таптық  жіктелуге 
негізделсе,  кҿшпелі  қоғамдарда  ҽлеуметтік  жіктелу  анағұрлым  күрделі  жүрген. 
Отырықшы  қоғамдарда  мемлекет  белгілі  бір  таптардың    түрлі  мүдделерін 
қорғауды  қамтамасыз  ету  жолында  пайда  болса,  кҿшпелі  қоғамдағы  мемлекет 
белгілі  бір  шаруашылық  аумақты  ҽлеуметтік-саяси  қауымдастықтың  бірлесе  
пайдалануы процесімен тікелей байланысты.  
Питрим 
Сорокиннің 
ойынша, 
кҿшпелі 
қоғамның 
шаруашылық-
эканомикалық  жҽне  саяси  ерекшелігі  айналып  келгенде  бір  ғана  ҿркениеттілік 
факторға  –кҿлбеу(горизонтальды)  қарым-қатынастарға  негізделген  ҽлеуметтік 
байланыстарға тҽуелді десе болады(4) 
Бұл  тұрғыда  билер  институтының  дҽстүрлі  қазақ  қоғамындағы  тарихи 
қызметін зерттеген А.Оразбаева да оның негізгі үш саланы қамтығанын кҿрсетеді: 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
95 
-
 
қоғам  ішіндегі  кҿлбеу  (горизонтальды)  қарым-қатынастарды 
реттеуші ҽлеуметтік құрал- бұл билер институтының ҽлеуметтік ҿлшемі; 
-
 
қоғам  мен  оның  мемлекеттік  жүйесі  арасындағы  жоғарғы-
тҿменді(вертикальды)  қарым-қатынастарды  реттеуші  саяси  құрал-бұлар 
билер институтының саяси ҿлшемі; 
-  қоғамның  дҽстүрлі  рухани  мҽдениетін  сақтауды,  жаңартуды  жҽне  одан 
ҽрі  дамытуды  қамтамасыз  етуші  мҽдени  жҽне  рухани  құрал  -  бұл  билер 
институтының идеологиялық ҿлшемі(5) 
Азаматтық  қоғам  жағдайында  да  алдыңғы  орынға  кҿлбеу  қатынастар 
алдыңғы орынға шығады, сол арқылы сан түрлі ҽлеументтік топтар мен мүдделес 
адамдар    бірлестіктерге  бірігіп,  ҿздерінің  мұң-мұқтаждарын,  талап  тілектерін 
саяси  жүйеге  жинақтап  білдіреді,  мемлекеттің  кҿмегінсіз-ақ  оларды  шешуге 
талпынады.  Ал  ежелгі  қазақ  қоғамында  бұл  мҽселе  ҿте  оңтайлы  шешімін  тауып 
отырған. Оның бірден-бір кҿрнісі-асар. 
Асар-кҿпшіліктің  жҽрдемін  пайдалану  дҽстүрі.  Үлкен  бір  жұмысты  (шҿп 
шабу,  егін  ору,  үй  соғу,т.б.)  тез  бітіру  үшін    ұйымдастырылады.Асар  жасаушы 
адам алдымен жұмыс түрін, орындалатын уақытын айтып, ағайын туғанға, жора-
жолдасқа  хабар  беріп,  молынан  тамақ  дайындап,  асарға  шақырады.  Қолғабыс 
тигізуге  келгендер  еңбегіне  ақы  алмайды,  қонақасымен  қанағаттанады.  Халық 
арасына кең тараған бұл салттан асар делінуі де содан болса керек(6) 
Қазіргі  заманғы  демократияның  проблемаларымен  айналысушы  ғалымдар 
еріктілікті азаматтық қоғамның маңызды кҿрсеткіші деп біледі. Еріктілер немесе 
волонтерлер    қандайда  бір  жолмен  ҿзге  адамдарға    кҿмек  беру  ісіне,  қоғамдық 
пайдалы жұмысқа қатысушылар, жҽне де олар бұл мақсатта атқарған еңбектеріне 
ақы  сұрамайды.  Мысалы  АҚШ-та  жылдық  табысы  20мың  долларға  дейінгі 
американдықтардың  үштен  бірінен  астамы,  40-100мың  доллор  жылдық  табысы 
барлардың60%  астамы  100мың  доллардан  астам  табысы  барлардың  69.4% 
ерекшелікпен айналысады екен(7) 
Демократиялық  мемлекеттердің  кҿбінде  азаматтардың  ҽлеуметтік,  ерікті 
белсенділігі  ҽдеттегі  тұрмыстық  деңгейден  асып  түсіп,  қоғам  үшін  ҿзекті 
мақсаттарды алдына қоятын бұқаралық қозғалыстарға, үкіметтік емес ұйымдарға, 
түрлі  ассоциацияларға  ұласып  жатады.  Бұл  қазіргі  замандағы  азаматтық 
қоғамдағы даму заңдылықтарының біріне айналып отыр. Ал оның қайнар кҿзінде 
жатқан еріктілік-волонтерлік біздіңше асар түрінде ежелгі қазақ қоғамында ҿзінің 
кҿрнісін тапқан. 
Ал  ерліктілікті  түпкі  мҽнінде  қайырымдылық  жасау  жатыр.  Дамыған 
елдерде 
коммерциялық 
жҽне 
коммерциялық 
емес 
секторлардың 
ынтымақтастығын  бұқара  халық  пен  кҽсіпкерлер  маңызды  ҽрі  ҿзара  тиімді  деп 
бағалайды. Бизнес үшін бұл имидж жҽне тұтынушылықтың ҿсуі, ал үкіметтік емес 
ұйымдар үшін ҿздерінің миссиясын атқаруға қажетті ресурстар мен даму. Аталған 
екі сектордың серіктестігі мемлекет үшін ҽлеуметтік салаға салықтық түсімдерден 
ҿзге  де  қосымша  қаражаттарды  тартуға  септігін  тигізеді.  Ҽдетте  бұл 
коммерциялық емес бағдарламаларға демеушілік қолдау кҿрсету, қайырымдылық 
жасау  арқылы  жүзеге  асып  нҽтежиесінде  корпорациялар  қоғамдық  сектордың 
жағымды  образын  ҿздерінің  жарнамалары  мен  коммерциялық  іс-шараларына 
пайдаланады,  сол  арқылы  ҿздерінің  ұстанымдары  мен  шығаратын  ҿнімдеріне 
тұрғылықты  халықтың  сенімін  арттырады.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  тұрғысынан 
келсек,  демеушілік  бизнеске  ерекше  қызмет  аясын  ашады-филонтроптық 
қызметпен айналысуға мүмкіндік туғызады, қайырымдылық жасауға деген адами 
мұқтаждықты қанағаттандырады. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
96
 
Енді  осы  азаматтық  қоғамдағы  ҿзекті  болып  отырған  қайырымдылық 
бұрыннан  бері  қазақ  қоғамында  қандай  қырынан  кҿрінді?  Бұған  жоғарыда  атап 
кҿрсеткеніміздей, қазақ халқында жылу жинау дҽстүрі  бар. Жылу-дҽстүрлі  қазақ 
қоғамындағы  ауыр  тұрмыстық  жағдайға  душар  болған  адамға  кҿрсетілетін 
жҽрдемнің  бір  түрі.  Мұндай  жҽрдем  жұт  болып,  малы  қырылғанда,  үй-жайы 
ҿртеніп,баспанасыз, киімсіз қалғанда шектен тыс қарыздар болғанда жеке адамға 
туған  туыстары,  кҿрші-қолаңдары,  ауылдастары  тарапынан  кҿрсетіледі.Жылу 
ақшалай,  заттай,  мал  т.б.  түрінде  беріледі.  Жылу  ағайын  ақсақалы  немесе 
ауылдың беделді адамының айтуымен жиналады(8) 
Кҿшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан  қазақтар  үшін  тҿрт  түліктің 
қадірі  қаншалықты  зор  екені  айтпасада  түсінікті  жайт.  Қазақтың  етсіз,  сүтсіз 
күнелтуін  кҿзге  елестету  қиын.  Ҽсіресе  күзгі,  қысқы  боран  мен    кҿктемгі 
ҿліарадан  соғымға  ірі  қара  малды  сою  дҽстүрге  айналған.  Алайда  жазғы  күннің 
ыстығында немесе қажеттен тыс, ойламаған жерден ірі қара мал пышаққа ілінген 
жағдайда  етін  рҽсуа  етіп  бұзылмауы  үшін  қазақтар  «қызыл  кҿтеру»  арқылы 
қиындықтан  шығып  отырған.  Ірі  мал  он  екі  жілікке  бҿлшектелініп,  бағасына 
келісе отырып бҿліске түскен. Бұл зардап шегушіге де қол ұшын берушігеде ҿзара 
тиімді болған. Біз бұдан қазақ халқының дүние танымында обал  мен сауап деген 
қасиетті түсініктердің алдыңғы орында тұратынын байқаймыз.  
Кҿріп  отырғанымыздай,  қазақ  жерінде  ежелден-ақ  азаматтық  қоғамның 
кҿрністері  мен  құндылықтары  болған.  Сондықтан  да  адамзаттық  қоғамды  тек 
батыстық  демократияда  туындаған  ұғым  деп  қарау  жаңсақтық.  Азаматтық 
қоғамның дҽл қазіргідей жетілген формалары кҿшпелі қазақ жерінде орнамаса да, 
ата-бабаларымыз  ҿздерінің  тұрмыс-тіршіліктерінде  оның  басты  принциптерін 
ұсынған.  Қазақ  ұлтының  саяси  мҽдениеті  ҿте  бай,  оған  терең  үңілсек, 
құндылықтары  бүгінгі  заманның  талаптарын  қанағаттандырарлық.  Ал  бүгінгі 
тҽуелсіз  Қазақстандағы  азаматтық  қоғамның  дамуы  үшін  тек  оның  батыстық 
үлгілеріне  ғана  талпынғанымыз  аздық  етеді,  біз  ҽлі  ашылмай  жатқан, 
қолданылмай  келген  тылсым  ҽлеуетті-ҿзіміздің  ұлттық  болмысымызда,  тҿл 
мҽдениетіміз  бен  дҽстүрімізде  бар  азаматтық  қоғам  принциптерін  де  барынша 
саяси процеске енгізуіміз қажет. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР: 
1.Назыханов К. Дала демократиясы  /  Ақиқат-1995№10-12 бет. 
2.Нысанбаев  А.Н.  Историческая  практика  защиты  прав  и  свабод  человека  В 
Казахстане /Мысль7-1999-№ 4 –С.12. 
3.Назыханов  К.  Дала  демократиясы      /  Ақиқат-  1995.  -№10-11бб,  Ҽлдибеков 
Ж.Дҽстүрлі  қазақ  қоғамындағы  халық  жиналысы  (құрылтай)  жҽне  билер  кеңесі- 
парламенттік  демократияның  алғашқы  үлгісі  .    Ата  заңдар.  Құжаттар,деректер 
жҽне зерттеулер.2том.   Алматы:Жеті жарығы, 2004- 672.б 
4.Соркин П.А.Человек. Цивилизация. Общество. М. 1992.С.297-299. 
5.Оразбаева  А.  Дҽстүрлі  қазақ  қоғамына  тҽн  билер  иниституты.  Алматы.  Дайк 
Пресс, 2004- 206 б 
6.Қазақ  Совет  энциклопедиясы.1-том.  -Алматы:1972.  -502  б;  Қазақстан.  Ұлттық 
энциклопедия.   1 Том. Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы,1998. 
-474б. 
7.Городецкая 
И.Е.  Добровольчество  и  благотворительность  в  США/  
Политические  институты на рубежа тысячелетий. Дубна.  000 «Феникс» 2001-С. 
219-220. 
8.Қазақстан.Ұлттық  энциклопедия.  4  том.  Алматы:  Қазақ    энциклопедиясының 
бас  редакциясы, 2002.-124б 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
97 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада кҿшпенді халқымыздың ҿміріндегі азаматтық қоғамның дамуы 
жҽне  дҽстүрлі  қазақ  ұлттық  мемлекетінің  даму  үрдісіндегі  далалық 
демократияның  қалыптасуы  туралы  жҽне  оның  айқын  кҿріністері  жайлы 
мҽселелер  қарастырылған. 
  
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  развитие  гражданского  общества  в  жизни 
кочевников  или  становление  степной  демократии  в  процессе  формирования 
традиционной  казакхской  национальной  государственности.  Как  показывает 
анализ  развития  традиционного  казахского  гражданского  общества  по  своему 
специфична  и  имеет  свои  ценности.  Имеются  колоссальные  различия, 
заключающиеся  в  национальных  особенностях    и  менталитете.Однако  анализ 
формирования    гражданского  общества  и  традиционном  казахском  государстве 
безусловно,  имеют  общее  методологическое    значение  для  разработкипроблем 
деятельности  общественных  организаций  Казахстана  в  частности,и  новых 
подходов к проблеме развития гражданского общества в условиях глобализации в 
целом.      
 
 
Т А Р И Х Т Ы   О Қ Ы Т У   Ә Д І С Т Е М Е С І 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет