ӘБУБӘКІР ДИВАЕВТЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МАЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАЗБАЛАРЫ
Басшыбаева А.- аға оқытушы.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Фолклорист, этнограф, филолог, профессор Ҽ. Диваевтың ҿзінің қызмет
еткен жылдарында 120-ға жуық еңбектер жариялаған, ұлты башқұрт болса да,
қазақ жҽне орыс тілдерін ҿте жетік білуі нҽтижесінде қазақтар арасында болып,
қазақ рҽсімін, тұрмысын, тілін, ҽдебиетін терең меңгерген.
Ҽбубҽкір Диваев ғылыми ізденістерінің алғашқы жемістерін «Туркестанские
ведомости» газетінде (1870-1917 жж) (бұдан ҽрі - «ТВ») жҽне Н.И.Гродеков
еңбегінде жариялаған /1/.1915 жылы Ҽ.Диваевтың ғылыми қызметінің 25
жылдығына ТВ газеті құттықтау мақала жариялап, «Ҽ.Диваев жариялаған
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
106
материалдар газет беттеріндегі этнографиялық мұралардың діңгегі», деп ҽділ
бағасын алды /2/.
«Алаш» зиялылары да Диваевтың ғылыми еңбектеріне ҿзінің кҿзі тірісінде-
ақ ҽділ бағасын беріп, ҿз пікірлерін «Қазақ» газетінде жария етті. Міржақып
Дулатов Ҽ.Диваев еңбектерін 5 топқа топтастырып, яғни ертегі-хикаялар,
мысалдыр, тарихи жазбалар, жұмбақтар, мақалдар деп жүйелейді. М.Дулатов ҿз
жүйелеуін қазақ ауыз ҽдебиетінің жанрлық тұрғыдан топтастырудың бір үлгісі
ретінде ұсынды. Ал, Мұстафа Шоқай болса, «біздің қазақ халқын шын кҿңілімен
жақсы кҿріп, қолынан келген қадірінше қалам ҿнерімен қызмет қылғандардың
алдыңғы қатарында Ҽбубҽкір Диваевтың аты аталса керек. Бұл кісінің бізге қанша
пайда келтіргенін айтып шығып болмайды. Бұл жазып отырғанымыз,
жұртымыздың дос адамына орны келген жерде сҽлем беріп ҿтейік деген.
...Ҽбубҽкір ағайға шын кҿңілімізбен рахмет, оқу, міндетті борышымыз деп
білеміз», - деген /3/.
Диваев этнографиялық деректерді Шымкент, Перовск уездерінде болған
сапарларында Пірмұхамед Тойтанов, Еркінбек Ақынбеков, Ҽли Мақтыбаев,
Кҿбей Тоқболатовтардың айтуы бойынша жазып алған. Біз бұл мақаламызда
Ҽ.Диваевтың қазақтаың мал шауашылығына қатысты жазба деректерінің негізгі
деніне ғана тоқталғалы отырмыз.
Мал шаруашылығын ұйымдастыру шараларын саралауға маңызды дерек
болар мҽліметті кезінде белгілі этнограф Ҽ.Диваев Сырдария облысы, Перовск
уезі, Жаңақорған болысында болған сапарында Абдулла Ниязовтан жазып алып,
«Из области скотоводческого хозяйства» атты мақаламен «Туркестанские
ведомости» жҽне «Туркестанские сборник» беттерінде жариялаған. Абдолла
Ниязов «дала шаруашылығына қажетті малы болса ғана қазақ бақытты болады», -
деген /4/. Ол, түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкінің жасына қарай атауларын
келесідей жіпке тізіп берген:
... Жылқы қазақтың мал шаруашылығында ерекше орын алады. Үлкен
құлынды биені қазақтар боз бие, ал құлынсыз биені қысырақ деп атайды. Үлкен
еркек жылқы айғыр, ал жасы сҽурік деп аталады. Піштірілгендерін ат жҽне ақта
дейді. Айғырды тҿрт жаста піштіреді. Айғырлар биемен сҽуірден бастап 15
шілдеге дейін шағылысады. Биелер қашырылғасын он екі айдан соң құлындайды.
Жаңа туған құлынды тұқымына қарай, арғымақ құлын, қарабайыр құлын жҽне
қазақы құлын деп атайды. Бір жасқа жеткенде (тай жасында) құлынды бас
білдіріп, міне бастайды, ал тҿрт жасқа қарай (дҿнен жасында) ол шағылысуға
жарамды болады. Бие алты ай бойы сауылады. Оның сүті тайдың жалы мен
құйрығын күзейді, ал құнанның үшінші кҿктемнен бастап, жалын ғана күзейді.
Буаз емес биелердің жалы мен құйрығын күзейді…
Қашып кеткен үлкен сиыр буаз сиыр, қашпағаны қысыр сиыр, ал ересек
ұрғашы бұзау екі жасынан піштіріледі. Бұқаның қаштыратын кезеңі маусымнан
бастап, тамызға дейін созылады. Бір бұқа сегіз сиырға дейін қашырады. Сиыр
қашып кеткеннен кейін он айдан соң бұзаулайды. Үш жасында бұқаны мініске,
сол сияқты ауыр жүк артуға үйретеді. Бұқа қашыруға екі жасында, қашар бір
жасар жасында жарамды болады. Сиыр сегіз ай бойына сауылады.
Қой түлігінің қазақ шаруашылығында маңызы мейілінше жоғары болды.
Үлкен ұрғашы қойдың қашып кеткені буаз саулық, жасы буаз тұсақ, қысыры
тоқты деп аталады. Қошқар 50 саулыққа дейін қашырады. Піштірілгендері
жасына қарай азбан жҽне ісек деп аталады. Тамыз айында қошқардың қарнына
оның ұрғашысымен мезгілінен бұрын шағылыспауы үшін киіз күйекті байлап
қояды. Күйекті қарашада алады. Саулықтар қашырылғаннан кейін бес ай жҽне бес
күнде қозылайды да, үш ай бойы сауылады. Еркек қозылар алты айдан кейін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
107
қашыруға жарамды, ал ұрғашы қозылар осы жаста – ақ буаз болуы мүмкін.
Сҽуірден шілдеге дейін қойдың шілдеге дейін қойдың жабағысын, ал қыркүйекте
күзем жүнін алады. Еркек қозыларды үш айлығында тарттырып жібереді. Қой
тіршілігінің шегі 12 жаспен шектеледі. Бес жастан асқасын қой қартая бастайды.
Буаз ешкінің үлкені буаз ешкі, жасы буаз туша, қысыры ту ешкі деп
аталады. Еркегінің үлкенін теке, ал жасын лақ теке дейді. Текесі 30-ға дейін
ешкіні қашырады. Піштірілген еркегін серке деп те атайды. Ешкілердің буаз
болуы уақыты 5 ай жҽне 5 күнге созылады. Ешкі бес ай сауылады. Ешкінің жүні
жылына бір рет, сҽуірде күзеледі. Еркек ешкілер қоймен бірдей жаста піштіріледі.
Ешкі тіршілігінің ұзақтығы 12 жасқа дейін созылады…». Ҽ.Диваевтың бұл
мақаласында тҿрт түлік малдың жайылымы, олардың жем-шҿбіне дейін, тіпті
дене мүшелерінің атауы,мал тісінің саны, малдың қоңдылығы, мал жасы, олардың
күтіміне дейін егжей тегжейлі жазылған.
Ҽ.Диваев қазақтың мал шаруашылығына қатысты маңызды дерек болатын
қазақтардың тҿрт түлік малдарын ұрықтандыру, шағылыстыру үрдісін жүргізу,
ұйымдастыру тҽсілін де зерттеп, нҽтижесін алғаш рет араб ҽріпімен, орыс тілінде
―Туркестанский сборник‖ жинағының 567 томына ендірген. Ҽ.Диваевтың бұл
жазбасында қазақтардың қой саулығын ұрықтандыру шаралары, оған қатысты
ырымдар мен ғұрыптарды баяндаған.
Ҽ.Диваевтың бұл мақаласының қазақ халқының тарихи-этнографиясы үшін
маңыздылығы
ерекше
құнды.
Қазақтардың
мал
шаруашылығында
ұрықтандыруды ұйымдастыруымен қатар, оның нҽтижесін бақылауы,
ұрықтандыруға қатысты ғұрыптардың орындалуы, бұлардың бҽрі мал қамы үшін
жасалды. Себебі қазақтардың тіршілік қамы жүйе мал шаруашылығымен тікелей
байланысты болды.
Орындалатын бҽдік ҽнінің үлгісін Шымкент уезі Ақтас болыстығының
молдасы Ҽли Мақтыбаевтан жазып алған. Ауырған малды алдын ала
дайындылған жерге жатқызып, ауыл жастары жиналып қыз жігіттер бір-біріне
қарама-қарсы тұрып бҽдік ҽнін айтады. Ҽ.Диваевтің атап кҿрсетуінше бҽдік
тазқотыр, сыздауық, безгек сияқты адам ауруларына қарсы қолданылған; бҽдік
тентек, айналма сықылды мал ауруларына қарсы қолданылған; бҽдік айту улы
жҽндік шаққанда уын қайтаруға себін тигізеді деп есептеген.
―…Кҿш, бҽдік, кҿш, батпақты апанға кҿш,
биеден тумаған құлынға кҿш.
Таппасаң онан жайлау мен айтайын:
жігіті ұрын келмейтін қалындыққа кҿш,
сарқырап аққан дарияға кҿш,
ҿлген бұқаның етіне кҿш,
сазарған қыздың бетіне кҿш.
Қайда тығыларыңды білмесең мен айтайын:
биік таудың шыңына кҿш,
гүл ашпаған тау етегіне кҿш,
тойған атқа мінетін батырға кҿш.
Одан жайлау таппасаң мен айтайын:
ҽлің келсе, құс қыраны бүркітке кҿш,
ақсуда жүзген аққуға кҿш,
кҿп сҿйлейтін сартқа кҿш,
ауыздығымен алысқан атқа кҿш…!‖, - деген сияқты бҽдік үлгілері берілген
/5/.
Ҽ. Диваев жариялаған «Пастухи» атты мақаласында жылқышы мен
қойшының киімдері: «…Қойшының конус тҽрізді бас киімі малақай немесе тымақ
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
108
деп аталады, үстіне киіз шапан сеңсең киеді, аяғында киіз кебіс, кҿктемдік киімі
ұзын қозы терісінен тігілген сеңсең, етігі – қой терісінен тігілген ҿкшесіз
мырзашоқай. Жылқышының етігі былғарыдан тігілген, қыста тамақ, кұн жылыда
жүн қалпақ киеді», - деп суреттеледі Одан ҽрі Ҽ.Диваев быламық сияқты
малшылардың тағамына, оның жасалу жолына сипаттама береді. Кең даланың
тҿсінде мал бағуды кҽсіп еткен қазақтың ғасырлар бойына қалыптасқан
тҽжірибесінде малдың «тілін» түсініп, олармен «сҿйлесе» білу қабілетін де
кҿрсетеді. Ҽ.Диваев жариялаған қой мен қойшының арасындағы айтыс ҿлеңнің
нұсқасы – осының айғағы /6/.
Қазақтың мал шаруашылығына қатысты түрлі наным-сенімдері мен
ырымдарын зерттеп, алғашқылардың бірі болып қағаз бетіне түсірген де
этнограф-ғалым Ҽ.Диваев болды. Қазақ ырымшыл халық. Ҽ.Диваевтың
айтуынша, қойшы ырысым кетіп қалады, қойларым арып кетеді деп,
шомылмайды. Қойларыма қасқыр шауып кетер деп ҿрісте тырнақ алмайды,
қойдың кҿзіне ақ түспесін деп таяғын сүргілемейді. Қой сауатын ыдысқа қойдың
сүті кетіп қалады деп сызық түсірмеуге тырысады. Қойлар ауырса біреуін сойып,
етін асып, асқан етті түгелдей қапқа салып, аурудың бҽрі осымен кетсін деп жолға
кҿмеді. Кейде жерге шұңқыр қазып, қойды бүтіндей тҿрт аяғын аспанға қаратып
кҿмген. Қойшының ҽйелі ауруды үркіту, қуалау мақсатымен таңертең ерте тұрып,
дамбалын қолына алып бұлғап, қойларды аралайды /7/. Бұл ырымдардың
қолданыс аясынан шығып қалуы себепті, Диваевтың бұл жазбасының байырғы
қазақтардың малға қатысты тіршілік болмысын нақтылауда маңызы ерекше зор.
Енді Ҽ. Диваевтың Перовск уезінің қазағы Мақан Шықтыбаевтан жазып
алған ырымдарын бір ізге жинақтап кҿрейік: «Егер жолушыға жол бойында
танауымен оған қарап тұрған аттың немесе түйенің басы жатса, бұл жақсы белгі,
ал егер керісінше болса, онда жолы болмайды; Ауқатты қазақтар түнде мал
санамайды жҽне ең жақын туыстары мен таныстары болса да ешкімге бермейді;
Атты сыйлағанда немесе сатқанда, ноқта жүген берілмейді; Мал айдап бара
жатқан адамды кҿрсе, кездескендер: «айдар кҿбейсін , - дейді, ал малшыға «бағар
кҿбейсін, - деген тілек білдіреді; Құрықты тік ұстаған, яғни ұшын аспанға
кҿтерген жақсы емес, ілмегін қолға іліп, сырық жерге сүйретіліп жүретіндей етіп
ұстау керек. Бұл сақтық мына жағдайда керек: жұртқыш аң шабуыл жасаған кезде
қазаққа ұмтылады жҽне құрықпен қаруланғанда малды ғана аңдиды; Қыстаудан
жайлауға алғаш рет кҿшкен кезде бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына
аялдайды. Одан соң ҽрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от
жағады, содан кейін оттың арасына жүк тиелген түйелерді қос-қостан ҿткізеді.
Бұл қаскүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, ҿйткені олар
кҿшті аңди алмай, отта қалып қояды; Малдың бірінші сауымынан алынған майды
қазақтар асқа қолданбайды – онымен жақтау, табалдырықтың жоғарғы бҿлігін,
киіз үйдің сол жағын жауып тұрған киізді майлайды; Бие сауатын тері ыдысты
тҿңкермейді жҽне түбірге таяқпен немесе қолмен ұруға тиым салынады; Асқа
немесе тойға толтырып қымыз ҽкелген сабаны біржола сарқып босатпайды,
түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек». Түркістан бҿлімі,
Ноғайқара болысының қазағы Еркімбек Ҽлімбекұлының айтуы бойынша: «Қой
қоздап жатқанда малды сыйламайды жҽне сатпайды; Түйені екі қолды арқаңа
қойып, жетекке алу керек, таяқпен ұруға болмайды; Ат құйрығын кеспейді.
Себебі, адам ҿлгенде ат талдап, құйрығын кеседі; Аттың басынан ұрмайды» /8/.
Мал басын санамау, ақ құйылған ыдысты бос қайтармау, алғашқы сауымнан ҽр
түрлі ырымдар жасау, қазірде де кең таралған ырым.
Ҽ.Диваевтың жазбаларынан байырғы қазақтардың жол жүргендегі ырым,
наным-сенімдері де малмен байланысты екендігіне кҿз жеткізуге болады. Жолға
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
109
шыққанда қазақтардың кҿлігі ат болған. «Қандай адам атқа мініп далада жүргенде
аты тышса, есінесе жақсылыққа жорып жолым болады деген; Ат есінегенде ат
иесі аттың жалын ұстап, қолымен бетін сипат тауап қылуы керек; Жолда жүріп
бара жатқанда ат сүрінсе, олжа басты деген; Жол жүріп бара жатқанда біреуінің
аты сисе, қалған жолаушылар аттың басын тартып қарап тұрған, егер де ат
сигенде қарамай кете берген адамды жолдастыққа жарамады деген; Мал табының
алдынан немесе қой табынының арасын бойлай ҿтуге болмайды, ҿйткені олар
жайылып жүрген жерде Қызыр пайғамбар болады» /9/.
Сонымен жоғарыда келтірілген мақалалардың тек деректік қана емес,
тарихнамалық-танымдық маңыздылығы да жоғары, олардың тек дҽстүрлі
шаруашылық қана емес, қазақтың дҽстүрлі этникалық мҽдениетін зерттеудегі
ғылыми танымдығы да уақыт ҿткен сайын арта түсетіндігі айқын. Ал, осы
материалдардағы келтірілген ғұрыптардың кейбірі жойылғанымен, кейбірі ҽлі
күнге дейін ауылдық жердегі қазақтар арасында сақталып қалып отыр.
Ҽ.Диваевтың жазған дүниелері ҽлі бүгінге дейін ҿзінің танымдық құндылығын
жойған жоқ. .
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-даринской области. Том 1.
Юридический быт. Ташкент. 1889.
2. Тимаев К.А. О научно-литературной деятельности А.А.Диваева //
Туркестанские ведомости. 1915. № 249. С. 3.
3. Ҽбубҽкір Ахметжанұлы Диваев // Қазақ. 1915. № 158.; Мұстафа Шоқаев.
Ҽбубҽкір Диваев // Қазақ. 1915. №158.
4.Диваев А. Из области скотоводческого хозяйства // Туркестанский сборник.
Т.440. Ташкент. 1907. 83 б; Диваев А. Из области скотоводческого хозяйства //
Туркестанские ведомости. 1904. №102.
5. Диваев А. Киргизские болезни лечение их способом пення бедик //
Туркестанские ведомости, 1906. №59
6. Диваев А. Пастухи // Туркестанские ведомости. 1905. №4 .С. 14
7. Сонда
8. Диваев Ҽ. Қазақ ырымдары // Тарту. – Алматы, 1992. 161, 165-168 бб.
9. Диваев Ҽ. Жол жүргендегі ырымдар // Тарту. Алматы, 1992.163 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада
этнограф-ғалым
Ҽ.Диваевтың
қазақтың
дҽстүрлі
мал
шаруашылығына қатысты зерттеулерін, Ҽ.Диваевтың Сырдария экспедициясы
кезінде информаторлардан жазып алған деректерін қарастырған, сондай-ақ
қазақтардың мал шаруашылығына қатысты наным-сенімдері берілген.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются иcследование ученого этнографа А.Диваева
касающихся традиционного животноводческого хозяйства казахов, автор дают
описание записам А.Диваева собраных от информаторов во время Сырдаринского
экспедиций, а также описываются приметы и поверья казахов связанные с
животноводством.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
110
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ӚСІРУ ҒҰРПЫ
Бекенова Г. М.-оқытушы (Алматы қ., № 169 орта мектеп )
Сҽбидің дүниеге келуі қай кезеңде болсын ата-ананың, туған-туыстардың
ерекше назарында болады. Осы мақсатқа негізделген салт-дҽстүрлердің негізі мен
мҽні Қазақстан жҽне Орта Азия республикаларында бірегей негізі мен мҽні ҿткен
дҽуірлерде, сонымен қатар осы таңда да тұрмысымыздан сырт қалған емес.
Аздаған аймақтың ерекшеленіп, трансформацияға ұшырауына байланысты жҽне
бет-келбеті ҿзгере келе бұл салт-дҽстүр біздің күндерімізге де жетті. Бұл салт-
дҽстүрлердің кейбір кҿріністері- мұсылмандыққа дейінгі дҽуірдің, сирек
мұсылман дҽуірінің салты, сенімі. Сонымен қатар, баланың дұрыс ҿсіп- дамуына
бағытталған /1,86-100;2,б.38-43; 3,б.65-70;4,б.78-138; 5, б.189-205; 6,б.71-83;
7,б.58-95/.
Бұрын, салт бойынша ҽйелді үйде босандыратын, егде ҽйелге кіндік кесу
құрметі жүктелетін. Осы құрметті қызмет оны осы отбасымен ұзақ жылдарға
жақындастыратын. Жас нҽрестеге екінші ана ретінде «кіндік шеше» болып
табылатын жҽне осы жайында нҽрестеге ҿскен соң айтылып отырған.
Нҽресте дүниеге келгеннен кейін «шілдехана» тойы тойланады. Ал бұған
дейін ана мен нҽрестені бір-екі ҽйел кҿзден таса етпей, қасында болады,
кҿмектеседі. Жаңа туған нҽресте мен анасын жын-шайтандардан қорғау
мақсатында.
Осы сияқты сенім-нанымдар Орта Азия халықтарының кҿбінде кездеседі.
Шілдехана мерекесінде арнайы дастархан жайылып, қалжамал сойылып (ҽдетте
қой сойылады) ҿткізіледі. Қалжаның етінен алдымен нҽрестелі болған ҽйелге ауыз
тигізеді, сосын қалған жиналған ҽйелдер мойын етін пышақсыз қолмен үзіп жейді.
Мойын омыртқаны таза мүжіп, ортасына қамыс жүргізіп үй керегесіне іліп
қойған. Бұл нҽрестенің мойны тез қатып кетсін деген халықтың сенімінен туған.
Қазіргі таңда бұл рҽсім ана мен нҽресте перзентханадан шыққан соң ғана
ритуалдық мағынасын жойып, тек жастардың ғана бас қосуы болып кетті. Кейбір
жас отбасылар туған жерлерінен алыстап кеткен жағдайда ана мен нҽрестеге
кҿмекке апасын немесе жақын туыстарын шақыртады. Нҽресте дүниеге келгеннен
кейін үш күн ҿткен соң «шілде су» рҽсімі ҿтеді. Бұл үшін кішігірім тегешке су
құйылып, оған күміс немесе ақ тиын салынады. Сол арадағы қыз-келіншектердің
бірі саусағын суға салып, онымен нҽрестенің тек кҿзін, қолтығын сүртеді. Бұл тек
гигиеналық мақсатқа емес жҽне де шынықтыру үшін жасалынады. Басқа қыз-
келіншектер тек нҽрестеге қолын тигізіп, ізгі тілектерін айтады. Қалған күміс
жҽне ақ тиындарды естелікке алады. Нҽресте дүниеге келгеннен соң бір апта мен
бір ай мерзімнің ішінде оны бесікке бҿлейді. Осыған орай бесік той ҿткізіледі.
Баланы бесікке бҿлеуді сыйлы, денсаулығы мықты, кҿпбалалы ҽйелге тапсырады.
Нҽрестеге сол кісінің жақсы қасиеттері берілсін деген мақсатпен. Бесіктің керек-
жарақтарын жас ана ҿзі ҽзірлейді. Қазақтарда бесікті 7 затпен жабу ырымы бар.
Ҽр заттың ҿз мҽні бар. Бесікпен байланысты кҿптеген сақтау шаралары,
ырымдары бар. Мысалы, бесіктегі нҽресте қорқып қалмауы үшін бесіктің қолмен
ұстайтын жерін ыстық кҿсеумен күйдірген. Кҿз тимеу үшін бесікті тұзбен
аластаған. Дұрыс түзге отыруы үшін бесіктің арнайы тесігіне тҽттілерді,
кҽмпиттерді тастайтын, жастығының астына қорғау ретінде пышақ, қайшы, тарақ,
айна жҽне тағы басқаларды салған.
Белгілісі- бұрын «кҿз тию» жҽне «тіл тиюге» қарсы нҽрестеге бесікке
бҿленген шағында жҽне одан кейін ҽр-түрлі тұмар қолданылатын, олар кҿк
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
111
моншақ жҽне қара моншақтар, жылан бас, үкінің қауырсыны, т.б. Олар нҽрестенің
киіміне, бас киіміне тігіледі немесе бесікке ілінеді.
Қазіргі кезде бесік тойды негізінен моноэтикалық аудандарда ҿткізеді
(ауылды жерлер). Ал полиэтникалық аудандарда (қалалы жерлер) орыс халқының
үрдісінде нҽрестені тҿсекке немесе арбаға салады.
Бесік негізінен кҿпбалалы отбасыларда сақталған. Келесі нҽресте ҿміріндегі
ырым-қырқынан шығару.
Ол нҽрестенің ҿмірінің қырқыншы күні ҿткізіледі. Сенім бойынша нҽресте
ҿз басын ұстай алатын шақ- ол, негізінен, жын-шайтандардың ықпалынан шыққан
кез. Бұл күні жиналған қыз-келіншектер нҽрестені тегешке шомылдырады. Егер
нҽресте ұл бала болса, тегешке қырық асық немесе қойдың құрғақ 40 құмалағын,
қыз болса қырық күміс тиын, сақина, жүзік салады. Құрғақ қырық құмалақтың
қолданылу себебі, біріншіден, халық сенімі бойынша құмалақта қасиетті шҿп бар,
екіншіден қой аса бағалы жҽне пайдалы мал болып саналған. Сосын жиналған
қауым қырық қасық суды санап құйып, арасындағы сыйлы ҽйел нҽрестенің
тырнағын алады, келесісі шашын алады, барлығын жинайды, тырнақтар жерге
кҿміледі, ал алынған шаш шүберекке түйіліп, кҿзден таса жерде сақталынады,
мұны парциальдық магия деп түсіндіруге болады. /8. 255б/ Қалған суды
құмалақтармен қораға тҿгеді, қазақтардың сенімі бойынша бұл- байлық, малдың
кҿбеюіне ҽкеледі. Тек осы ырымнан кейін ғана нҽрестені құшақтап сүйіп, ал басқа
мҽліметтер бойынша күйеуі ҽйеліне жақындайды.
Нҽресте алғашқы тҽй-тҽй басқан кезінде ата-анасы «тұсау кесу» рҽсімін
жасайды. Бұл ырым Орта Азия, Алтай елдерінде де жиі кездеседі /4,б.130-131;
9,б.156; 10, б.88; 8,б.172/ . Қой жүнінен ҿрілген ала жіп нҽрестенің аяғына
тағылып, оны шапшаң қимылдайтын пысық ҽйел кеседі. Нҽресте сол адамның
шапшаңдығын қабылдап алсын деген ниетпен. Тұсауы кесілмеген бала кҿп
шалынып, ҿмірде тұрақсыз болады деп есептелген.
«Тұсау кесу» үлкен дастархан жаюмен жалғасады. Бұл ырымның ҿткізілуі
ҿткен ырымдар сияқты нҽресте ҿмірінің бір белесі болып табылады. Оған
жиналған кҿпшілік, ҽдетте, «қырқынан шығу», «тұсау кесу» т.б. Сыйлықтар,
нҽресте киімі, ойыншық, шүберек алып келеді. Қайтарда оларды да құр-қол
шығармайды. Осындай жақсылыққа жет, балаларыңның, немерелеріңнің
қуанышын кҿр деп, сый-сияпат береді.
Нҽрестені сүндетке отырғызу ырымы да кең етек жайған. Мұсылмандықты
ұстанған қазақтар үшін, бұл мұсылман болуды, ислам дінінің шарты ретінде, ал
құдайға сенбейтіндерге тек халықтық ырым ретінде, сирек гигиеналық мақсатта
болып қабылданады. Ҿткен жылдармен салыстырғанда қазіргі таңда баланы
сүндетке отырғызу үшін кҿбіне дҽрігерлер шақырылады. Сирек жағдайда молдаға
келеді. Егер сүндет жасайтын молда табылып жатса, ол жастары 5,7,9-ға келген
бірнеше балаға сүндет жасайды. Бала сүндеттелгеннен кейін осыған орай «сүндет
той» ҿткізіледі. Бірақ бұл той Оңтүстік Қазақстан немесе кейбір Орта Азия
халықтарындай емес, қарапайымдау ҿткізіледі./11,б.218; 12,б.75-76; 13,б.53/.
Ақтҿбе облысында орыс, украин халықтарының арасында нҽрестелі болу
кҿптеген ырым-шаралармен белгілі- нҽрестені шоқындыру, ат қою, ритуалды
шаш қию, алғашқы тіс шығу, бір жасқа толу т.б. жанұялық-тұрмыстық
ырымдармен ҿтеді. Жанұяда нҽрестелі болудың жаңа ырымдары кҿптеп қосылып
жатыр. Олардың ішінде танымалдары- нҽрестенің туу туралы куҽлігін салтанатты
түрде табыстау, нҽрестеге ат қою. Туу туралы куҽлік берілу- ол нҽрестенің
ҽлеуметтік туылуы, ҿз елінің азаматы болып табылады. Жас ата-аналарға
нҽрестенің тууы туралы куҽлігімен бірге тілектер мен ақыл-кеңес беретін
хаттамалар табыс етіледі. Жас ата-аналар осы күні білікті дҽрігерлерден ақыл-
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
112
кеңес алады. Аналар үшін дҽрі-дҽрмек, нҽрестеге керекті киім-кешек, нҽрестені
қарауға арналған ҽдебиет жҽрмеңкелері жиі ұйымдастырылады. Сонымен қатар,
қазіргі кезде жанұяның нҽресте ҿсіру циклында кең етек жайған шаралар-
баланың жасқа толуын атап ҿту, мектепке бару, кҽмелеттік жасқа толуы, паспорт
алуы, ҽскерге шығарып салу, осы шаралар кейбір жанұя ішінде ғана емес,
қоғамдық шараға ұласып жатады.
Сонымен, салт, бала ҿсіру ырымдары, жанұялық тұрмыс-тіршілікте
ұсталынып жүр. Ол бүкіл республика кҿлемінде бірыңғай типті, бірақ мысалға
келтірілген салт-дҽстүрлердің циклы бұрынғы кездегіден ҿзінің мҽн-мағынасын
жоғалтып алған. Бұған себеп магиялық сенімнің біртіндеп жоғалуы, нҽрестелердің
перзентханаларда туылуы, мемлекет тарапынан ана мен балаға кҿрсетілетін
қамқорлық күшеюінен ж.т.б.
Сонымен қатар, жаңа азаматтық салт-дҽстүр қалыптасып келе жатыр. Жаңа
азаматтың ҿз социалдық тұрғысына байланысты. Егер дҽстүрлі салт-дҽстүр
жанұялық-тұрмыстық ортада сақталса, жаңа дҽстүрлер одан тысқары жерде,
мектепте, ҿндірісте, қоғамдық мекемелерде белең алады. Инновацияның ескі
салт-дҽстүрге қарағанда салмағының артуы- жас жеткіншектердің ерте есеюіне,
олардың азаматтық статусқа қол жеткізуіне, жаңа ҽлеуметтік жағдайға
байланысты. Жанұялық-тұрмыстық ортада да дҽстүрлі бала ҿсіру салт-дҽстүрі
ҿзгеруге ұшырап отыр. Ҽйткенмен де, инновациялану ҽртүрлі этникалық
орталарда синхронды жҽне бұрмалаулы түрде еніп отыр.
ҼДЕБИЕТТЕР
1 Арғынбаев X.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (Тарихи-этнографиялық
шолу). Алматы, 1973.
2. Толеубаев А.Т. Пережитки магии в традиционной детской обрядности казахов в
начале XX в. // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. 978. № 1.
3. Кульсариева С.П. Традиционная родильная обрядность казахов второй
половины XX в. на материалах Кзыл-Ординской и Алма-Атинской областей
Казахской ССР) // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. 1987.№ 2.
4. Абрамзон С.М. Рождение и детство киргизского ребенка // Сборник МАЭ АН
СССР. М.-Л., 1949. Т. XII.
5.Фирштейн Л.А. О некоторых обычаях и поверьях, связанных с рождением и
воспитанием ребенка у узбеков Южного Хорезма // Семья и семейные обряды у
народов Средней Азии и Казахстана. М., 1978.
6. Союнова А. Колыбель в обрядах и верованиях туркмен // Материалы по
исторической этнографии туркмен. Сборник статей. Ашхабад, 1987.
7. Рахимов P.P. Рождение и воспитание ребенка // Таджики Каратегина и Дарваза.
Душанбе, 1976. Вып. 3.
8. Фрэзер Д. Д. Золотая ветвь: Исследование магии и религии. Изд.2-е.М., 1986.
9. Есбергенов X., Атамуратов Т. Традиции и их преобразование в городском быту
карм калпаков. Нукус, 1975.
10. Ниязклычев К. Обычаи и обряды, связанные с рождением детей у туркмен-
човдуров в конце XIX - начале XX вв. // Известия АН ТуркмССР. Серия
общественных наук. 1969. Вып. 6.
11. Дьяконова В.П. Детство в традиционной культуре тувинцев и теленгитов
//Традиционное воспитание у народов Сибири. Сборник статей. Л., 1988.
12. Баялиева Т. Д. Религиозные пережитки у киргизов и их преодоление. Фрунзе,
1984.
13. Мардонова А. Инновации в семейном быту таджиков Гиссарской долины //
Известия АН ТаджССР. Серия вост., история, филология. 1986. № 4.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
113
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Ақтҿбе обылысы қазақтарының сҽбилі болған кезіндегі салт-
дҽстүрлері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается семейная обрядность казахов Актюбинской
области, связанная с младенчеством
Достарыңызбен бөлісу: |