81
Химиялық қауіпсіздік тұрғысынан сүтте және оны қайта өңдеу
өнімдерінде мыналар бақыланады: уытты элементтер (қорғасын, мышьяк,
кадмий, сынап, сақтауға берілетін сары майда - мыс пен темір),
радионуклидтер (цезий - 137, стронций - 90), микотоксиндер (афлатоксин),
антибиотиктер
(левомицетин, тетрациклдер
тобы,
стрептомицин,
пенициллин), тежейтін заттар (тек сүт пен сұйық сүт өнімдерінде),
пестицидтер (гексахлорциклогексан,
ДДТ және оның метаболиттері,
сондай-ақ шикізат өндірісінде пайдаланылған пестицидтер). Сондай - ақ,
зоотехникалық (ветеринарлық) препараттардың келесі рұқсат етілген
топтарының болуына талдау жүргізу ұсынылады,
егер олар жануарларды
өсіру кезінде қолданылса: өсу стимуляторлары (соматотропиндер),
глюкокортикоидтар
(дексаметазон),
микробқа
қарсы
заттар,
антигельминтикалық
агенттер,
антипротозойлар
(имидокарб),
трипаноцидті агенттер (изометамидиум, диминазен).
Достарыңызбен бөлісу: