Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата14.02.2017
өлшемі4,2 Mb.
#4113
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА  
ӚСІРІЛГЕН КАРТОПТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ МОНИТОРИНГІ 
 
Дюскалиева Г.У.-б.ғ.д., профессор Ысқақова А.К-  магистрант 
( Алматы қ., ҚазмемқызПУ ) 
Велямов М.Т.,- б.ғ.д., профессор (Алматы қ., Қазақ ҿңдеу жҽне тамақ ҿнеркҽсібі ҒЗИ) 
 
Қазіргі кезде экологиялық жағдайға байланысты қоршаған ортаның: ауаның, судың 
жҽне топырақтың техногенді  улы заттармен, пестицидтермен, гербицидтермен ластануы, 
азық-түлік тағамдарының сапасына, тағамдық жарамдылығына кері ҽсер етуде /1,2/. 
Бүкіл  дүние  жүзінде  ауылшаруашылық  ҿнімдерінің  сапасын  жҽне  қауіпсіздігін 
жақсарту  үшін  стандарттық  талаптар  қойылады  жҽне  оның  орындалуын  қадағалайды. 
Біздің  елімізде  де  ауылшаруашылық  ҿнімдеріне  арналған,  халықаралық  талаптармен 
үйлестірілген мемлекеттік стандарттар бар. Осы стандарттар бойынша ауылшаруашылық 
ҿнімдерінің, соның ішінде картоптың химиялық ластануын қадағалайтын мониторингтер 
жүргізілуі қажет.  
Ҿсімдікте  ауыр  металдардың  жинақталуы  тек  олардың  топырақта  болуына  ғана 
байланысты  емес,  ҿндіріс  орындары,  транспорттардың  қоршаған  ортаны  ластау 
дҽрежесіне  де  байланысты.  Кҿкҿніс  жҽне  бақша  ҿсімдіктерін  зерттейтін  ғылыми зерттеу 
институттарының ұзақ уақыт жүргізген тҽжірибелерінің нҽтижесі құрғақ заттар мен ауыр 
металдардың мҿлшерінде тікелей тҽуелділік бар екенін кҿрсетеді /3-5/. 
Ауыр металдардың, пестицидтердің жҽне радионуклидтердің рҿлі екі жақты, себебі 
олардың  кҿбі  адамның  қалыпты  тіршілігі  үшін  қажет,  бірақ  артық  мҿлшерде  болса  олар 
улы  жҽне  жүрек-қантамырлар  ауруына,  аллергияға  алып  келеді.  Олардың  канцерогенді 
қасиеті  бар  жҽне  генетикалық  у  ретінде  ағзада  жинақталады.  Осыған  байланысты  азық-
түлік  ҿнімдеріндегі  ауыр  металдардың,  пестицидтердің  жҽне  радионуклидтердің 
мҿлшерін  жҽне  олардың  адам  денсаулығы  мен  ҿмір  ұзақтығына  ҽсер  етуі  ҿте  ҿзекті 
мҽселелердің  бірі.  Картоп  пен  кҿкҿністерді  ҿсіру  барысында  арам  шҿптерге,  ауруларға 
жҽне зиянкестерге қарсы күресте химиялық заттар қолданылатынын ескерсек, кейбір улы 
қосылыстардың  мҿлшері  ҿте  кҿп  болуы  мүмкін.  Сондықтан,  халықты  егін  шаруашылық 
ҿнімдерімен  жыл  бойы,  соның  ішінде  картоппен  де  қамтамасыз  ету  үшін  олардың 
биологиялық  жҽне  тағамдық  құндылығының  сақталуы  жҽне  сақтау  кезінде  олардың 
сапасының тҿмендемеуі ҿте маңызды /6-9/. 
Осы  айтылғандарға  байланысты  жұмыстың  мақсаты:  Қазақстан  Республикасының 
оңтүстігіндегі  2  шаруашылықта  ҿсірілген  картоптың  құрамындағы  нитраттардың  жҽне 
ауыр металдардың жинақталу ерекшеліктерін зерттеу.  
Зерттеу  объектісі  ретінде  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Тассай  ауылында  жҽне 
Алматы  облысының  Қайнар  ауылында  ҿсірілген  картоптың  Ақсор,  Тамыр,  Тоқтар 
сұрыптары пайдаланылды. 
Ғылыми  жұмыс  Қазақстан  Республикасында  қолданылытын  стандарттар  бойынша 
жасалды. Зерттеу ҽдістері:  
-  нитраттарды анықтау ионометриялық ҽдіспен ГОСТ 29270-95 бойынша жасалды.  
- нитриттерді колориметриялық ҽдіспен ГОСТ 29270-97 бойынша анықталды. 
-  топырақтағы сілтілі металдарды (K, Ca, Mg)  ГОСТ  30178-96 бойынша анықталды. Улы 
элементтерді (K, Ca, Mg, Cu, Pb) анықтау атомдық-адсорбционды ҽдіспен жасалды. 
Ҿсімдіктерді  қорғауға  қолданылған  барлық  химиялық  заттар  биохимиялық  үрдістерге 
ҽсер  етеді,  сондықтан  біз  химиялық  ластану  мониторингін  жүргіздік.  Жемістер  мен 
кҿкҿністердің қауіпсіздігі СанЕмН 4.01.071.03 талаптарына сай жасалды. 
Мамыр  айынан  бастап  картоптың  вегетациялық  кезеңіне  жҽне  одан  кейінгі  пісу 
кезеңдеріндегі  нитраттар  мен  нитриттердің  жинақталуын  сараптадық.  Қазақстанның 

108 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
оңтүстігіндегі 2 шаруашылықта ҿсірілген картопта нитраттардың жинақталу динамикасын 
зерттеу нҽтижесі 1 кестеде берілген. 
1-кесте. Ҿсіру жҽне сақтау кезеңдерінде картопта нитраттардың жинақталу динамикасы 
 
Атауы 
Сұрып 
шілде 
тамыз 
қыркүйек 
қазан 
Картоп –ШРК 250 мг/кг 
Қайнар 
ауылы 
Ақсор 
135,0 
10,5 
79,8 
76,2 
Тамыр 
124,0 
12,0 
72,8 
74,5 
Тассай 
ауылы 
Ақсор 
116,5 
7,9 
92,5 
91,6 
Тоқтар 
128,4 
8,4 
84,6 
79,8 
 
Картоп  үлгілеріндегі  (Тассай  ауылы)  нитраттар  мҿлшері  Ақсор  жҽне  Тоқтар 
сұрыптарында 116,5 жҽне 128,4 мг/кг жҽне 135 жҽне 124 мг/кг (Қайнар ауылында) ШРК 
артпады (250 мг/кг).  
Тамызда  картоп  пісер  кезде  нитраттар  мҿлшерінің  тҿмендеуі  байқалды.  Картоп 
сынамаларында  нитрат  мҿлшері  түйнек  түзу  кезеңіндегіге  қарағанда  14  есе  тҿмендеді 
жҽне 7,9 жҽне 8,4 мг/кг (Тассай ауылында) жҽне 10,5 жҽне 12,0 мг/кг (Қайнар ауылында) 
құрады, нитраттар ШРК СанЕмН 250 мг/кг сай. 
Нитраттардың жинақталуымен қатар нитриттердің де  мҿлшерін сараптадық, картоп 
үлгілерінде  бүкіл ҿсіру кезеңінде нитриттер болған жоқ, сондықтан кестеде тек нитраттар 
бойынша мҽліметтер берілген. 
Нитраттардың  жинақталуы  фаза  бойынша  да  жҽне  зерттелген  дақылдардың 
сұрыптарында  да  айырмашылықтар  болды.  Ҿсімдіктерде  нитраттардың  болуы  оларды 
азотпен қамтамасыз етілу кҿрсеткіші болып табылады. Ауылшаруашылық дақылдарының 
азоттық  қоректену  диагностикасы  осыған  негізделген,  сонымен  бірге  кҿкҿністерде  де, 
бүкіл  вегетациялық  кезеңде  оны  реттеп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Кестеде  берілген 
нҽтижелер ҿсімдіктерде азот мҿлшерінің жетіспеушілігін кҿрсетеді, себебі ҿсірудің бүкіл 
кезеңінде  нитраттардың  мҿлшері  ШРК  ҽлдеқайда  тҿмен.  Ҿнімде  нитриттер  мүлде 
болмады. 
Топырақтың,  судың,  ауаның  техногенді  ластануы  ҿсімдіктерде,  одан  егін 
шаруашылығында,  мал  шаруашылығында  жҽне  адам  ағзасында  улы  элементтердің  кҿп 
жинақталуына ҽкеледі. 
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы 2 шаруашылықта ҿсірілген картоп үлгілерінде, 
техникалық  пісу  кезеңінде  улы  элементтердің  мҿлшерін  анықтау  нҽтижесі    2-ші  кестеде 
берілген. 
 
2-кесте.  Картоптың техникалық пісу кезеңіндегі улы элементтердің мҿлшері 
 
Д
ақыл
ды
ң 
атау
ы
 
С
ұр
ып 
 
Мы
рыш
тың 
бер
ліг
ен
 
м
ҿл
шер
і, 
10
,0
 ар
тық е
м
ес
 
Мы
стың
 
бер
ліге
н 
м
ҿл
шер
і, 
5,

ар
тық 
ем
ес
 
К
адм
ий
ді
ң 
бер
ліге
н 
м
ҿл
ше
рі,
 
0,
03
 а
рт
ық е
м
ес
 
Қ
ор
ғас
ынн
ы
ң 
бер
ліг
ен
 
м
ҿл
шер
і, 
0,

ар
тық е
м
ес
 
С
ына
пт
ы
ң 
бер
ліге
н 
м
ҿл
ше
рі,
 
0,
02
 а
рт
ық е
м
ес
 
Мы
шьяк
тың 
бер
ліг
ен
 
м
ҿл
шер
і, 
0,

ар
тық е
м
ес
 
Картоп 
Қайнар 
ауылы 
Ақсор 
1,28 
0,75 
Болған 
жоқ 
Болған жоқ 
Болған 
жоқ 
Болған 
жоқ 
Тамыр 
1,30 
0,80 
Болған 
жоқ 
Болған жоқ 
Болған 
жоқ 
Болған 
жоқ 
Тассай 
Ақсор 
1,35 
1,02 
Болған 
Болған жоқ 
Болған 
Болған 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 109
 
ауылы
 
жоқ 
жоқ 
жоқ 
Тоқтар 
 
1,38 
1,12 
Болған 
жоқ 
Болған жоқ 
Болған 
жоқ 
Болған 
жоқ 
HCP
0,05
 
 
0,02 
0,05 




 
Кестеде  кҿрсетілген  картоп  үлгісінде  техникалық  пісу  кезеңінде  улы  элементтер 
мҿлшері  берілген  деңгейден  тҿмен  болды.  Мыс  пен  мырыштың  мҿлшері  шектеулі 
шамадан  артық  болған  жоқ.  Ауыр  металдардың  ішінде  қорғасын,  сынап,  кадмийдің  улы 
қасиеті жоғары. Бірақта картопта бұл элементтер анықталған жоқ. Ҿсімдіктер барлық улы 
заттарды ҿздеріне сіңіріп алуға қабілетті. Дақылдардың химиялық элементтерді жинақтау 
қабілетін  бағалау  негізінде,  кҿкҿністер  мен  картоп  ҿсіруде  қолайлы  агрохимиялық 
ҽдістерді  қолдану  арқылы  ауыр  металдардың  мҿлшерін  оптимальды  деңгейде  ұстауға 
болады.  
Үлгілер  Қайнар  ауылының  шаруашылығынан  алынып,  «Нутритест»  сынамалы 
зертханасында  сарапталды.  Картоп  үлгілерінің  техникалық  пісу  фазасындағы 
пестицидтердің  (90гексахлорциклогексан)  жҽне  радионуклидтердің  (Цезий-137  жҽне 
стронций-)  мҿлшерін  анықтау  сараптамасы,  осы  заттардың  қалдық  мҿлшерлерінің  жоқ 
екенін кҿрсетті. 
Картоп  үлгілерінде  (2  сұрпында  -  Ақсор  жҽне  Тамыр)  пестицидтердің  мҿлшері: 
ГХЦГ (α, β, ү-изомерлері) (ДН 0,1 мг/кг, артық емес) жҽне ДДТ жҽне оның метаболиттері 
(ДН  0,1  мг/кг,  артық  емес)  анықталмады.  Ақсор  сұрпында  радионуклидтер  мҿлшері: 
Цезий  -137  (НД  120  Бк/кг)  –  3,62  жҽне  стронций  –  90  (НД  40  Бк/кг)    -  1,32.  Тамыр 
сұрпында  анықталған  радионуклидтер  мҿлшері:  Цезий  -137  (НД  120  Бк/кг)  –  2,42  жҽне 
стронций – 90 (НД 40 Бк/кг)  - 1,09. 
Біздің  жүргізген  зерттеулеріміздің  нҽтижелері  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  2 
шаруашылықта  ҿсірілген  ҿнім  сапасы  СанЕмН  4.01.071.03  қауіпсіздік  талаптарына  сай 
екенін кҿрсетті. 
Сонымен жүргізілген зерттеулер нҽтижелері картопта аса қауіпті жҽне улы металдар 
(сынап,  қорғасын  мышьяк,  кадмий),  пестицидтер  жҽне  радионуклидтер  мҿлшері 
санитарлық ережелер мен нормаларда берілген мҿлшерлерден артық емес екенін кҿрсетті. 
Нитриттер болған жоқ, ал нитраттар мҿлшері ШРК тҿмен болды. Ҿсіру кезінде картоптың 
химиялық  ластану  мониторингі,  шаруашылықта  зиянкестер  мен  ауруларға  қарсы 
қолданылған химиялық заттар ҿнім сапасына кері ҽсер етпейтінін кҿрсетті. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.  Абдильдаев  В.  С.,  Баядилова  Г.  О.  Влияние  условий  хранения  на  всхожесть  и 
проблемы  снятия  периода  покоя  у  микроклубней  картофеля  //  Вестн.  с.  -х.  науки 
Казахстана. -2007. - № 10. -С. 9-10. -Рус. 
2.  Копейкина  У.  А.  Выращивание  картофеля  на  безвирусной  основе  в  условиях 
Восточного 
Казахстана 
// 
Научное 
обеспечение 
Государственной 
агропродовольственной  программы  Республики  Казахстан  на  2003-2005  г.  –Алматы: 
НИИ экономики АПК и развития сельских территорий, 2003. -С.97. -Рус. 
3.  Бабаев  С.  А.,  Комарова  М.  Т.,  Красавина  В.  К.  Качественные  показатели  крахмала 
перспективных  сортов  картофеля  Казахстанской  селекции  //  Вестн.  с.  -х.  науки 
Казахстана. -2007. -№3. -С. 7-9. -Рус. 
4.Титов  Р.  А.,  Жубанышева  А.  У.  Экологическое  сортоиспытание 
картофеля в условиях Актюбинской области // Вестн. с. -х. науки Казахстана. -2008. -№1. 
-С. 16-17. -Рус. 
5. Айтбаев Т.Е., Тойлыбаева Н.Н.,  Бурибаева Л.А. Продуктивность и качество овощных 
культур  в  зависимости  от  системы  применения  удобрений  //  «Современное    состояние 
картофелеводства и овощеводства и их научное обеспечение». Материалы - РК, Алматы: 
Изд-во «Алейрон». 2006 С.521-525. 

110 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
6.  Просянникова  О.И., Григорьева  Т.И.  Добиваться  оптимального  содержания  тяжелых
 
металлов в овощах и картофеле//Ж.Картофель и овощи,-2005,-№3-С.12. 
7. Гештовт
 
Н. Биопестициды: Теория и практика //
 
Защита растений в Казахстане,-1998,-
№2,- С.14. 
8.  Исенова  Г.Д.,  Рвайдарова  Г.О.  и  др.  Влияние  пестицидов  на  качество 
сельскохозяйственной продукции// Вестник с/х науки Казахстана,-2009-№2-С.22.  
9.  Просянникова  О.И., Григорьева  Т.И.  Добиваться  оптимального  содержания  тяжелых
 
металлов в овощах и картофеле//Ж.Картофель и овощи,-2005,-№3-С.12. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  шаруашылықтарында  ҿсірілген 
картоптың химиялық ластану сараптамасы кҿрсетілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  работе  приведены  результаты  по  изученю  особенностей  химического 
загрязнения  картофеля  на  стадиях  вегетации  и  хранения  в  хозяйствах  южного  региона 
Республики Казахстан. 
 
 
 
ҼОК. 633.23.527.  
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДА МАҚСАРЫ 
ДАҚЫЛЫНЫҢ СОРТЫН НАҚТЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНА 
СҰРЫПТАП БЕЙІМДЕУ 
 
Дигарбаева А.М. – оқытушы, Ибраимова А.А.– оқытушы,  
Секерова Т.М. – аға лаборант (Алматы қ. ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміздің  оңтүстік-шығыс  аймағына  бейімделген  сорт  шығаруға  бағытталған 
селекциялық  жұмыстың  бастапқы  материалын  сұрыптап,  олардың  селекцияға  құнды 
белгілерін,    үлгілер  мен  сорттардың    қоршаған  ортаға  бейімділігі  жоғары  түрлерін 
анықтауға  арналған зерттеулердің  нҽтижелері осы дақылдың майлы сорттарын егіп одан 
мол ҿнім алуға негізделген.  
Аталған  зетрреулер  Іле  Алатауының  тау  бҿктеріндегі  ашық-күрең  топырақта  2008-
2010  жж.,  жүргізілген.  Зерттеулер  мақсатына  тҿменгі  агробиологиялық  параметрлер 
нҽтижелері келтірілген: 
Ӛсімдік  биіктігі.  Тҽжiрибе  ҽдiстемесiнде  кҿрсетiлгендей  ҿсiмдiк  биiктiгiнiң 
динамикасы  ҽрбiр  20-25  тҽулік  сайын  ҿлшеу  арқылы  бағаланды.  Вегетациялық  кезеңнің 
бұтақтану  фазасынан  бастап  бүршіктенуге  дейін  мақсары  ҿсiмдiгінің  сабақтары  тез 
биiктеп ҿсетiнi байқалды.  
Мақсарының  ҿркенi  жер  бетiне  шыққаннан  кейiн  тамыры  мен  сабағы  ҽртүрлі 
қарқынмен  ҿсе  бастады.  Сабағының  биiктiгi  генотиптердің  ерекшеліктеріне,  ҿсірілген 
жердің жҽне жылдың жағдайларына байланысты 25-211 см аралығында ҿзгерді. Мақсары 
сабағы тiк, цилиндр пiшiндi, сырты жылтыр, ҽрi түксiз, түсi солғын жасыл, тҿменгi жағы 
жуан,  ал  жоғарғы  бҿлiгi  жiңiшкере  бередi.  Мақсары  дақылы  вегетациясының  алғашқы 
кезеңiнде зерттеушілер байқағандай баяу, кейiн жылдам ҿсуі осы тҽжірибелерде де кҿрініс 
берді. 
Ҿсімдіктер сабағының ҿсу динамикасы орта есеппен тҽулігіне 0,1-2,9 см аралығында 
ауытқыды.  Сабақтану  –  бұтақтану  фазаларының  арасындағы  қарқынды  тҽулiктiк 
динамикасы  11п-316  (К-490-2)  –  2,34  см,  11п-317д  (К-453)-2,31,  12п-362  д  үлгісінің 
ҿсімдіктерінде  2,3  см  болды.  Бұл  үлгiлердiң  ҿсімдіктерінің  шанақтану  сатысындағы 
биiктiк  деңгейлерi  тиiсiнше  30,5  см,  31,5  см,  30,5  см.  Вегетациялық  кезеңнiң  осы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 111
 
фазаларында  ең  аласа  болған    77-3  үлгiсi,  оның  тҽулiктiк  ҿсу  динамикасы  1,47  см,  ал 
биiктiгi 19,5см.  
Бұтақтану  –  шанақтану  фазасында  жоғарыда  аталған  үлгiлер  тағы  да  алда  болды. 
Тиiсiнше  олардың  биiктiк  динамикасы  былайша  сипатталды:  11п-316  (К-490-2)  –  бойы 
82,8 см, тҽуліктік ҿсу қарқыны 1,63 см, 11п-317д (К-453) – тиісінше 81,4 см, 1,55 см жҽне 
12п-362д  үлгісінікі  72,1  см,  1,3  см.  Гүлдену  фазасында  ең  биiк  ҿсiмдiк  11п-317д  (К-453) 
үлгiсiнде тіркелді, оның биiктiгi 91,9 см. Керiсiнше ең аласа бойлы ҿсiмдiк АТ-117 (72,3 
см) үлгiсiнде болды.  
Зерттеудегі сорттардың арасында бұтақтану-шанақтану сатысындағы биiктiгi жҿнiнен 
Шынжан 4 (115,3 см) жоғары болып шықты. Ең аласа бойлысы Шағантай сорты (84,0 см). 
Осы белгі бойынша гүлдену жҽне тұқым пісу кезеңiнде Шынжан 4 (116,0 см) сорты тағы 
да  алда  болды.  Шағантай  сорты  ҿсімдіктерінің  биіктігі  тҿмендеп  кеткені  кҿрініс  берді 
(84,0  см),  сондықтан  ол  тҿмен  нҽтиже  кҿрсетiп,  стандарттардың  тҿңірегінен  орын  алды. 
Осы  аталған  сорттар  мен  үлгілерге  кластерлік  талдау  жүргізілді.  Мақсарының  вегетация 
кезеңіндегі биіктігінің генотиптік ҿзара ұқсастығы мен ҿзгермелілігі анықталды. Сорттар 
мен  үлгілер  арасындағы  биометриялық  кҿрсеткіштерінің  ҿзара  жақындығы  бойынша 
бірнеше топтарға топталды.  Жалпы ҿсімдік биіктігі жҿнінен барлық үлгілер мен сорттар 
статистикалық бірнеше мҽрте талдаулар барысында тҿрт кластерге ажыратылды.  
Мақсары  ҿсімдіктерінің  сорттар  жҽне  вегетациялық  фазалар  бойынша  4-суретте 
берілген  үш  жылдық  орташа  биіктік  кҿрсеткіштері  ҽртүрлі  деңгейдегі  үлгілер  ҿсімдік 
ҿсіп-дамуының  барлық  кезеңдерінде  бір  қалыпты  динамиканы  сақтайтынын  байқатты. 
Популяциясы  ҿркеннен  бастап  гүлдеу  фазасына  дейін  қарқынды  ҿсетін  ҿсімдіктерден 
құралған сорттар жоғары биіктік динамикасымен ерекшеленді. 
Сорттар бойынша ҿсімдіктердің тҽуліктік ҿсу қарқындылығы, Шыңжан 4 сортында ең 
жоғары  болды.  Ҿсу  қарқыны  тҿмен  Шағантай  сорты.  Олардың  кҿрсеткіштері  тиiсiнше 
2,86 жҽне 1,47 см/тҽулік. Осы екі сорттың ортасында ҿсімдік биіктігі бойынша Шыңжаң 1 
жҽне  Ақмай  сорттары  орналасты.  Жоғарыда  аталған  кезеңдер  бойынша  стандарттық 
сорттардың  бірі  Миллютинский  114  ҿсімдіктерінің  биіктігі  24  см,  74,0  см,  83,  84,0  см 
болды,  сабағының  жалпы  тҽулiктiк  ҿсу  динамикасы  1,70  см.  Ал  Нұрлан  сортында  бұл 
кҿрсеткіштер тиісінше 25 см, 75 см, 81 см, 82 см, тҽулiктiк ҿсу динамикасы 1,7 см болды. 
 
 
 
Ҿсіп-даму фазалары 
1 - бұтақтану 
2 - бүршіктену 
3 - гүлдеу 
4 - тұқым пісу. 
Сурет    1.  Мақсары  сорттары  ҿсімдіктерінің  вегетациялық  кезеңдегі  биіктік 
динамикасы
Мақсары  сорт-үлгілерінің  сабақтарының  ҿсу  қарқыны  ылғал  мен  жылу  қолайлы 
болған жылдары жоғары кҿрсеткіштерге жетті. Белгінің динамикасы алғашқы кезеңдерден 

112 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
гҿрі  ортаңғы  фазаларда  қарқынды  болып,  тұқым  пісе  бастағанда  баяулай  беретiні  анық 
байқалды. Ҿсімдік бойы ең аласа болған АТ-117 үлгісі зерттеудегі барлық материалдан да, 
стандарт  2  (Нурлан)  сортынан  да  кем  түсті.  Ақмай  сорты  орташа  биіктікпен  2-стандарт 
деңгейінде  болса,  вегетациялық  кезеңнің  шанақтану  фазасынан  бастап,  тұқым  піскенге 
дейін  ҿс  імдік  биіктігі  100  см-ден  астам  болған  ең  биік  Шыңжаң  4  жҽне  Щыңжаң  1 
сорттары,  кв10(қызыл гүл) үлгісі екені анықталды.  
Тұқым ӛнiмдiлiгі бойынша үлгiлер мен сорттардың тікенді немесе тікенсіз болуының 
қандай  да  бір  елеуге  тұрарлық  ҽсері  байқалмады.  Дегенмен,  стандарттардың  тікенсіз 
Нұрлан  сорты  тікенді  Милютинский  114  сортынан  айтарлықтай,  яғни  27%  артық  ҿнім 
берді.  Бұлармен  қоса      бірқатар  үлгілер  мен  Ақмай  жҽне  Шағантай  сорттары  орташа 
деңгейде тұқым ҿнімін қамтмасыз етті 
 
 
Сурет -2. Мақсары сорттарының тұқым ҿнімділігі, тн./га 
 
Үлгiлер  мен  сорттардың  тұқым  ҿнiмдiлiгi  жҿнiнен  кҿрсеткiштері  2008  жылы  тҿмен, 
2009  жылы  жоғары,  2010  жылы  орташа  деңгейде  болды.  Ең  озық  үлгілердің  ҿнімділігі 
екінші  стандарттан  2  есе  асса,  осы  кестенің  тҿменгі  жағындағылардың  ҿлшемдері  1-ші 
стандарттан  2  еседей  кем  түсті.Тағы  да  соңғылардың  қатарына  Алматы  облысында 
пайдалануға рұқсат берілген мақсарының Милютинский 114 жҽне Ақмай сорттары кірген. 
Бұлар селекция жұмысы аяқталмаған нҿмірлерден де тҿмен тұқым ҿнімін берді.Мақсары 
сорттарының  тұқым  ҿнімділігінің  ҿзгермелілігі  υ=23,03-27,81%  аралығында  ауытқыды. 
Бұл ҿсімдіктің селекциялық белгілері ҿзгермелілігінің аса маңызды жҽне жоғары деңгейі 
болып есептеледі. Ҿйткені мұндай ҿзгермелілік болған жағдайда селекциялық жұмыстың 
ауқымы  мен  тиімділігі  арта  түседі.  Оның  себебін  кҿптеген  белгілердің  ҿзара  ҽсерін 
білдіретін  корреляция  коэффициентін  талдау  арқылы  аңғаруға  болады.  Байланыстылық 
r<0,200  –  елеусіз,  r=0,200-0,400  –  айтарлықтай,  r=0,400-0,600  –  тығыз  жҽне  r>0,600  – 
жоғары  болып  жіктелді.  Мақсары  үлгілерінің  тұқым  ҿнімділігі  тостағанша  санымен 
(r=0,696-0,738),  1000  тұқымша  салмағымен  (r=0,687-0,714),  ҿсімдік  бұтақтануымен 
(r=0,679-0,724),  биіктігімен  (r=0,617-0,646)  жҽне  жапырақтылығымен  (r=0,613-0,658) 
жоғары,  вегетациялық  кезең  белгілерімен  тығыз  (r=0,445-0,493)  ҿзара  байланыста 
болатыны  табылды.  Осы  статистикалық  мҽндер  мақсарының  селекциялық  материалын 
тұқым  ҿнімділігін  құрайтын  негізгі  белгілері  бойынша  сұрыптау  қажет  екеніне  сҿзсіз 
дҽлел бола алады 
Интегралды  бағалау  ҽдісін  қолдана  отырып  үлгілер  мен  сорттар  тұқым  ҿнімділігі 
белгісі  бойынша  ҿзінше  топталды  (ранг).  Мақсарының  генотип  пен  орта  арақатынасын 
анализдеу арқылы  үлгілер мен сорттар үшін құнды  селекциялық белгілерінің бірі тұқым 
ҿнімділігі  бойынша тұрақты түрлері анықталды. Жоғарыда келтірілген суретте  І, ІІ, ІІІ-
аймақтар бойынша үлгілер мен сорттардың бейімделу тұрақтылығын анықтадық. Тұрақты 
бейімделу  жоғарылығымен  ерекшеленген  10-адос,  95Н-1(12п-368д),  АТ-107  үлгілері 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 113
 
болса,  тұрақты  тҿмен  бейімділігімен  ерекшеленген  11п-317д(К-453),  14-41591К,  кв 
10(қызыл  гүлді),  11п-320д(515-448),  92-52  үлгілері  болды.  Тамыр  жүйесінің  қалыптасу 
ерекшеліктері  бойынша  бейімделуі  тұрақты  емес  үлгілерге  12п-362д,  Шынжаң4,  11п-
315д(К-489-4), Ақмай, 3Н-69д(80-21К), Шынжаң1 сорттары мен үлгілері  жатқызылды.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  аймағына  бейімделген  мақсар    үлгілерінің 
биктігі  мен  тұқым  ҿнім  арасындағы  байланыс  қарастырылып  мүмкіншілігі  жоғары 
сорттар анықталған. 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассмотрены продукивности образцов растений сафлора в зависимости от их 
высоты  и  потенциальной  возможности  накопления  семян  на  юго-восточном  регионе 
Казахстана . 
 
 
 
ҼОК 633.289.1: 631.52 
 
ЕРКЕКШӚП ӚСІМДІКТЕРІНІҢ БИІКТІК КӚРСЕТКІШТЕРІ. 
 
Иманова Э.М.- а.ш.ғ.к (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстанда  ең  кҿп  таралған  далалық,  қуаң  далалық  жҽне  шҿлейт  аймақтарда 
шабындық  жҽне  жайылым  мақсаттарында  пайдаланылатын  кҿпжылдық  астық  тұқымдас 
ҿсімдік  еркекшҿп  болып  табылады.  Табиғи  жағдайда  ҽртүрлі  қара,  сұр,  қоңыр 
топырақтарда  жҽне  шағыл  құмдарда  да  ҿсе  береді.  Оның  егістіктері  негізінен  жылдық 
жауын-шашын  мҿлшері  160-400  мм  шамасында  түсетін  аймақтарда  қалыптасқан.  Ылғал 
мол  болған  жылдары  50  ц/га  дейін,  ал  қуаңшылық  жағдайында  8-10  ц/га  пішен  ҿнімін 
береді.  Құрғақшылыққа,  қысқы  аяздарға  тҿзімді  келеді.  Еркекшҿп  бір  жерде  20  жылдан 
астам ҿсіп, ҿнім қалыптастыра алады. 
Ҿсімдік  биіктігі  еркекшҿптің  аса  бағалы  биоморфологиялық  белгілерінің  бірі.  Ол 
ҿнім  мҿлшеріне,  жапырақтылыққа  жҽне  жемшҿп  құнарлылығына  тікелей  ҽсер  етеді. 
Сондықтан осы белгі бойынша сұрыптау үшін зерттеу материалдарын бағалаудың маңызы 
зор.  Біздің  тҽжірибелеріміздегі  еркекшҿп  үлгілері  ҿсімдіктерінің  биіктігі  4  жылдық 
орташа деректер бойынша 62-127 см аралығында ауытқыды.  
Оның ішінде ҿсімдіктер тіршілігінің 2-ші, яғни 2002 жылы – 62-121 см, 2003 ж. – 73-
129 см, 2004 ж.  – 71-126 см, 2005 ж.  – 68-123 см аралығында ҿзгерді. Бұдан зерттеудегі 
үлгілердің ҿсімдік биіктігі ең жоғары кҿрсеткіштерге тіршілігінің 1-ші жылы түгілі, 2-ші 
жылы емес, 3-ші жылы ғана жететіні, ал 4-ші жылдан бастап қайтадан тҿмендей беретіні 
жалпы  еркекшҿп  онтогенезі  биологиясының  негізгі  заңдылықтарының  бірі  екені  белгілі 
болды.  Сонымен  бірге,  генетикалық  ерекшеліктері  бойынша  вегетациялық  кезеңдерінің 
ұзақтығына  жҽне  ҿнімінің  пісу  мерзімдеріне  қарай  да,  сондай-ақ  нақты  белгіленген 
жылдағы ауа райы жағдайларының қолайлы немесе қолайсыз қалыптасуына байланысты 
еркекшҿп ҿсімдіктерінің биіктігі ҽртүрлі деңгейде ҿзгермелі болатыны анықталды. 
Ерте мерзімде пісетін топта 12 үлгі ҿсімдік биіктігі бойынша ҽр жылдары да, орташа 
да Таукумский гибридный – стандарттық сортынан айтарлықтай басымдық кҿрсетті. 
Ҿсімдік  биіктігі  бойынша  ҿнімі  орымға  ерте  пісіп-жетілетін  топта  ең  жоғары 
кҿрсеткіштерімен Зерноградский 2 жҽне к-439983 ресейлік үлгілер озық шықты. Олардың 
ҿсімдіктерінің биіктігі 2002 жылы тиісінше 118 жҽне 116 см, 2003 ж.  – 127 жҽне 128 см, 
2004 ж. – 123 жҽне 120 см, 2005 ж. – 121 жҽне 117 см болса, орташа 122,3 жҽне 120,2 см, 
яғни стандарттан 24 жҽне 21,9 см басымдық кҿрсетті. Бұдан 2003 жылдан басқа жылдары 

114 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
ҿсімдіктері  ең  биік  ҿскен  Зерноградский  2  сорты,  ал  2003  жылы  –к-439983  болғаны 
байқалады.  
 см 
70
80
90
100
110
120
130
2002 ж.
2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
Cтандарт
Зерноградский 2, Ресей
D-576, Иран
Красноводопадский 414
AJC-015, АҚШ
  
1 сурет – Ерте мерзімдерде пісетін топтағы стандарттан басым 
бірқатар еркекшҿп үлгілерінің ҿсімдік биіктігі белгісінің ҿзгермелілігі 
 
AJC-004  (АҚШ)  жҽне  D-4103  (ҚХР)  үлгілерінің  мҿлдектері  де  ұдайы  жҽне  бір 
қалыпты  биік  ҿсетін  ҿсімдіктерден  құралуына  байланысты  осы  белгі  бойынша  жақсы 
сипаттарымен  ерекшеленді.  Алайда  барлық  АҚШ  немесе  Канада  мемлекеттерінен 
алынған  Солтүстік  Америка  гендік  орталығының  үлгілері  аталған  нысан  сияқты  жоғары 
деңгейден  кҿрінген  жоқ.  Осы  топтағы  АҚШ  жҽне  Канада  сорт-үлгілерінің  кҿпшілігі 
ҿсімдік биіктігі бойынша стандарттан тҿмен болды.  
Бұлардың  арасындағы  үздік  болған  AJC-092,  AJC-015  жҽне  AJC-030  (АҚШ) 
үлгілерінің  зерттеу  мерзіміндегі  осы  белгі  шамалары  97-116  см  аралығында  ҿзгерді. 
Аталған  үлгілердің  соңғы  екеуі  тек  2002  жылы  ғана  жоғары  мҽндер  кҿрсетіп,  осы  жҽне 
жылдық  орташа  шама  бойынша  стандарттан  озды,  ал  басқа  жылдары  стандарттан  кем 
түсті. Сондықтан олар ҿсімдік биіктігі бойынша іріктеліп алынған ерте пісетін үлгілердің 
ең соңғы жағынан орын алды.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 115
 
Жылдық  орташа  ҿсімдік  биіктігі  бойынша  айтарлықтай  жоғары  мҽндерімен  (110-
115,8 см) Ираннан алынған D-599, D-576 жҽне D-601 ерте пісетін үлгілерінің стандарттан 
11,7-17,5  см  басымдылығы  анықталды.  Қазақстандық  Красноводопадский  414  сорты 
талданып  отырған  белгі  бойынша  Қазақстанның  оңтүстік-шығысы  жағдайында  зерттеу 
жылдары  103-112  см  аралығындағы  кҿрсеткіштерімен  стандарттан  2002  жҽне  2003 
жылдары тиісінше 35 жҽне 3 см басым болса, 2005 жылы 2 см кем түсіп, дей тұрғанмен, 
орташа шамасы 8,9 см артық шығып, топтың ортаңғы деңгейіне орналасты. Ерте пісетін 
топта  ерекшеленген  үлгілердің  ең  биік  ҿсімдіктері  осы  белгінің  бағалы  кҿздері  ретінде 
сұрыпталды. 
Орташа  мерзімдерде  пісетін  еркекшҿп  үлгілерінің  жылдық  орташа  ҿсімдік  биіктігі 
64,9-123,2  см  аралығында  ҿзгеріп,  яғни  алдыңғы  топтағылардікінен  сҽл  ғана  артық 
шығып,  бұлардың  арасындағы  ең  үздіктерінікі  стандарттан  2,0-24,9  см  жоғары  болды  (2 
сурет, 1 кесте). 
Бұл  топта  аталған  сұрыптау  белгісі  бойынша  15  үлгі  ерекшеленді.  Олардың 
арасында  ҿсімдік  биіктігі  2003  жылы  127  см,  2004  ж.  –  125  см,  2005  ж.  –  122  см  жҽне 
жылдық орташа  – 123,2 см немесе барлық  үлгілер мен стандарттан айтарлықтай жоғары 
болған  Синтетик  6  (Қазақстан),  кезінде  жаңа  перспективті  аталған  сорт.  Алайда  2002 
жылы, яғни еркекшҿп тіршілігінің 2-ші жылы осы белгі бойынша ең жоғары кҿрсеткішті 
(120 см) к-434924 Ресей үлгісі иеленді, бірақ кейін 2003-2005 жылдары одан Синтетик 6 
озып кетті. Басқа ресейлік нысандардың ішінде талдаудағы белгі бойынша к-440061 жҽне 
к-440063  коллекциялық  жергілікті  үлгілері  мен  ВИР-36001  жҽне  №  356  селекциялық 
нҿмірлерінің де ҿсімдіктері елеуге тұрарлық биік болатыны анықталды. Дегенмен, соңғы 
екеуі D-11 (Түркия) үлгісі сияқты 2002 жылы стандарттан айтарлықтай басым болғанымен 
келесі 2003-2005 жылдары едҽуір кем түсті (2-7 см). 
Жыл сайынғы жҽне жылдық орташа ҿсімдік биіктігі бойынша к-439954, Иран (114-
119 жҽне 116,5 см), S-259, Канада (112-117 жҽне 114,7 см) жҽне D-3221, Қытай (110-114 
жҽне  112,2  см)  үлгілері  жақсы  деңгейден  кҿрінді.  к-440088,  Қырғызстан  жҽне  AJC-013 
сияқты  4  АҚШ  үлгілерінің  осы  белгі  бойынша  алынған  жылдық  орташа  шамалары 
стандарттан аз да болса жоғарылау деңгейде болды (4,9-11,2 см). 
Аталған үлгілер ҿсімдік биіктігі жоғары селекциялық материал алуға нағыз жарамды 
екені  айқын  дҽлелденді.  Сондықтан  осы  сұрыптау  белгісі  бойынша  алынған  деректер 
негізінде  Синтетик  6  (Қазақстан),  к-434924,  к-440061  жҽне  к-440063  (Ресей),  к-439954 
(Иран),  S-259  (Канада),  D-3221  (Қытай)  жҽне  басқа  үлгілер  құрамынан  бағалы  кҿздер 
іріктеліп алынды. 
Ҿнімі  кеш  мерзімдерде  пісетін  топтағы  үлгілердің  жыл  сайынғы  ҿсімдік  биіктігі 
барлық зерттеудегі материалдың ішінде ең жоғары (65,7-129 см) немесе стандарттан 16-48 
см аралығында басым болды. 
 
1 кесте – Ҿнімі орташа мерзімде пісіп-жетілетін еркекшҿп үлгілерінің ҿсімдік биіктігі, см 
 
Үлгі 
2002 ж. 
2003 ж. 
2004 ж. 
2005 ж. 
х 
Таукумский гибридный – 
стандарт 
73 
109 
106 
105 
98,3 
Синтетик 6, Қазақстан 
119 
127 
125 
122 
123,2 
к-434924, Ресей 
120 
124 
122 
121 
121,8 
к-440061, Ресей 
118 
125 
120 
119 
119,3 
к-440063, Ресей 
117 
123 
118 
116 
118,5 
к-439954, Иран 
115 
119 
118 
114 
116,5 
S-259, Канада 
112 
117 
116 
114 
114,7 
D-3221, Қытай 
110 
114 
113 
112 
112,2 
к-440088, Қырғызстан 
106 
113 
110 
109 
109,5 
AJC-013, АҚШ 
104 
111 
108 
108 
107,8 

116 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
AJC-025, АҚШ 
100 
112 
109 
105 
106,5 
AJC-009, АҚШ 
101 
111 
107 
102 
105,3 
AJC-049, АҚШ 
98 
110 
105 
100 
103,2 
ВИР-36001, Ресей 
102 
107 
103 
99 
102,7 
D-11, Түркия 
97 
106 
103 
101 
101,8 
№ 356, Ресей  
98 
104 
101 
98 
100,3 
Ҿсімдік  биіктігінің  ең  жоғарылығымен  ҿнімі  орымға  кеш  пісіп-жетілетін  топта 
Краснокутский  305  (Ресей)  жҽне  AJC-041  (АҚШ)  сорттары  озық  шықты.  Олардың 
кҿрсеткіштері 2002 жылы тиісінше 121 жҽне 120 см, 2003 ж. – 129 жҽне 127 см, 2004 ж. – 
бірдей 126 см, 2005 ж. – 123 жҽне 121 см болса, орташасы аз ғана айырмашылықпен 127,7 
жҽне 124,3 см құрап, стандарттан 29,4 жҽне 26,0 см басымдық кҿрсетті. 
Келесі  жұпқа осы белгі  бойынша стандарттан 22,2-23,5 см жоғары жылдық орташа 
мҽндерімен к-277354 (Ресей) жҽне D-648 (Иран) үлгілері кірді. Бұлардан кейін ресейлік к-
439970,  ВИР-33838  жҽне  ВИР-35998,  қазақстандық  к-486169  жҽне  к-440090  үлгілері 
орналасты.  
Осы  талдауды  қорытындылай  келе,  кеш  пісетін  топта  ҿсімдік  биіктігі  жоғары 
болатын  Краснокутский  305,  к-277354,  к-439970,  ВИР-33838  жҽне  ВИР-35998  (Ресей), 
AJC-041 (АҚШ), D-648 (Иран), қазақстандық к-486169, к-440090 жҽне басқа сорт-үлгілер 
анықталғанын жҽне селекцияда пайдалану үшін іріктелгенін атап айту орынды. Сонымен 
бірге,  ҿте  жақсы  кҿрсеткіштерімен  ерекшеленген  бастапқы  материал  нысандарының 
құрамынан осы белгінің бағалы кҿздері бола алатын ҿсімдіктер сұрыпталды. 
Еркекшҿп  үлгілерінің  фенотиптік  ҿсімдік  биіктігі  генотиптік  ерекшеліктеріне  жҽне 
қоршаған орта жағдайларына байланысты жоғары деңгейде ҿзгермелі, яғни v=21,3-26,7% 
болатыны  анықталды.  Кҿрсетілген  деректерден  байқалып  тұрғандай,  осы  белгінің 
ҿзгермелілігіне  басқа  белгілер  де,  сондай-ақ  ҿз  кезегінде  бұл  да  олардың  ҿзгерістеріне 
ҽсерін  немесе  ықпалын  тигізетіні  болжалды.  Ендеше  биіктігі  ҽртүрлі  кешенді  биотиптер 
сұрыптау қажет. Осыған сҽйкес талдаудағы белгінің пішен ҿнімімен ҿте тығыз (r=0,745-
0,797),  жапырақтылық  деңгейімен  айтарлықтай  тығыз  (r=0,531-0,562),  вегетациялық 
кезеңімен орташа (r=0,483-0,509) ҿзара корреляциялық коэффициенттері табылды.  
Шыққан  мҽндерді  талдауға  сүйенсек  еркекшҿп  үлгілерінің  ҿсімдік  биіктігі 
жоғарылаған  сайын  пішен  ҿнімі  мен  жапырақтылық  деңгейі  арта  түсуі  тиіс.  Ал  оның 
вегетациялық  кезеңмен  байланысын  аса  тұрақты  деуге  болмайды.  Себебі  ҿсімдіктің 
гүлдеуіне дейінгі уақыт ҿте қысқа немесе ҿте ұзақ болса, биіктікке оң ҽсер етпеуі мүмкін. 
Ҿсімдіктің  биіктігі  мен  түптенуі,  тұқым  ҿнімділігі  жҽне  ауруларға  тҿзімділігі  арасында 
елеуге тұрарлық корреляция байқалмады. 
Осындай  зерделеуге  байланысты  жаңа  жоғары  ҿнімді,  жапырақтылық  жҽне  биіктік 
деңгейлері  жақсы,  сондай-ақ  ҽртүрлі  мерзімдерде  пісетін  еркекшҿп  сорттары 
селекциясында  пайдаланылатын  бастапқы  материал  сұрыптау  үшін  келтірілген 
қағидаларды ұстануға болады.   
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1 Величко П.К. Житняк. – Алма-Ата, 1981.- 160 с. 
2  Иманова  Э.М.  Высокопродуктивные  образцы  генофонда  житняка  в  условиях  юго-
востока Казахстана // Исследования и результаты. – Алматы, 2008. -№4.- С. 44-46. 
3  Исмаилов  Б.А.,  Иманова  Э.М.  Еркекшҿпті  селекциялық  құнды  белгілері  бойынша 
бағалау // Жаршы. -2005. -№3. - Б. 54-57. 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 117
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 Бұл  мақалада  жайылым  мақсаттарына  пайдаланатын  кҿпжылдық  еркекшҿп  ҿсімдігінің 
биіктігі    жоғары  үлгілері  қарастырылған.  Солардың  арасындағы  үздік  болған  үлгілер   
AJC-092, AJC-015, AJC-030 (АҚШ) 
   
РЕЗЮМЕ 
 В статье рассматриваются самые высокие показатели по высоте растений житнека из 
них самые высокие образцы являются  AJC-092, AJC-015, AJC-030   (США) 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет