Образование: исследование устойчивое развитие


PISA талаптарына  сәйкес  Оқыту және Үйрету стратегиялары



Pdf көрінісі
бет73/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126

PISA талаптарына  сәйкес  Оқыту және Үйрету стратегиялары

Стратегия

Сипаттама

Мәтінді  өз сөзімен 

айтып беру 

Перифраз 

Белгілі ақпаратпен түрлі сөздер мен сөйлемдерді қолдану, бастапқы ақпаратты 

нақты  байланыстыру үшін, тұжырымдалған және біріктірілген  ақпаратты зерттеу 

оны түсінуді талап етеді. 

Мәтін  


қорытындыларын 

шығару 


Қорытынды  шығару ақпаратты не қажет/маңызды екенін белгілеу және табу 

мақсатында барлық мәтіндегі  ақпаратты біріктіруді қарастырады.

Мәтіндік Граффити

Мәтіндік Граффити  оқушыларға  мәтінмен моральдық және физикалық жұмыс 

жасауға мүмкіндік береді. Мәтіндік ақпаратты суреттеуге жетелейді

Жанрды сұрату 

Мәтін немесе жанр түрін зерттеу  оқырманға олар кез келген мәтінді дәл сол түрде/

жанрда оңай бағдарлау үшін үлгіні түсінуге мүмкіндік береді.

Мәтін  индексі 

(аңдатпа)

Мәтінді кодтау оқырмандарға мәтінмен ақыл-оймен және физикалық өзара 

әрекеттесуге, мәтінмен әңгімелесуге, идеяларды, түсініктер мен сауалдарды жазуға 

мүмкіндік береді.


491

Стратегия

Сипаттама

Мәтінді сауалдарға 

байланысты әзірлеу

Сауалдар  ойлануды қажет етеді, ал сауалдарды    әзірлеу үдерісі оқушыларға олар 

оқыған мәтін мазмұнын/ тақырыбы/мәтіні туралы сыни ойлауға мүмкіндік береді.

Сократтық семинарға 

тәуелді мәтін 

Сауалдар қою күшіне Сократтық нанымдар құрметіне аталған Сократтық 

семинарлар бірлесіп мәтінді зерттеу үшін сауалдарды қолдану мүмкіндігін береді.

Нақыш


Осы стратегия оқушыларға күрделі мәтіннің кішкентай үзінділерімен  жұмыс 

жасауға мүмкіндік береді; Олар  нақты сауалда  сарапшы болады да, кейін өз 

тобына оралып, өз құрдастарымен ақпаратпен алмасады. Оқушылар тыңдау 

дағдысын арттыра отырып, басқаларға   өздері оқымаған ақпарат үшін сенім 

артады.

Түрлі мақсаттарда 



қайта оқу

Оқырмандарға бірнеше,  мүмкін түрлі перспективадан  қарастыру, ал содан кейін  

осы перспективаларды  қолдану үшін мәтінді одан да терең түсіну мүмкіндігін 

береді. 


Күшті, күштірек, ең 

күшті (дәлелдеме) 

Кез келген осындай қызмет дәлелдемелерді  бағалау үдерісін  қызықты қылады. 

Оқырмандар мәтіндік куәліктер үзінділерін салыстыру  және мәтіннен куәгерлік 

өзектілігін ойластыру және салыстыру үшін, бұдан бұрын келісілген өлшемдерді 

қолдану үшін бір-бірімен жұмыс істейді.

Мәтінге  байланысты 

болжамдар

Болжамдар келешекте тексеріліп, дәлелденуі мүмкін. Мәтін ішінде бірнәрсе 

туралы болжам жасау  мәтінді оқырмандар шешуі тиіс (шеше алатын) жұмбаққа 

айналдыруы мүмкін. Болжамдар оқырмандарды  негізге салынған идеяны дәлелдеу 

немесе жоққа шығару үшін дәлелдеме табу мақсатында мәтінге кері апарады.



Әдебиеттер  тізімі

1.  PISA  халықаралық    зерттеуін  жүргізу  аясында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  әдістері  бойынша    Қазақстан    Республикасы    педагог 

қызметкерлерінің    біліктілігін  арттыру  бағдарламасы.  Мұғалімнің  жұмыс  дәптері,  

Авторлық   құқық, 2014. 

2.  PISA  халықаралық    зерттеуін  жүргізу  аясында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  әдістері  бойынша    Қазақстан    Республикасы    педагог 

қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тренерге арналған нұсқаулық,  

Авторлық   құқық, 2014. 

3.  Рождественская,  Логвинова  «Формирование  навыков  функционального  чтения», 

Пособие для учителя.

ИНТЕРНЕТ-ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІ

(орта білім беру жүйесі бойынша)



Қыдырбайұлы М. 

«Qazqaq Folk Academy» қоры

 

Аннотация

Представленный материал является результатом многолетнего опыта исследовательской 

работы    автора  в  сфере  образования  и  воспитани.  Одним  из  главных  вопросов  данного 

тезиса стало использование ресурсов глобальной научно-технической информации в системе 

образования и на практике современных школ Казахстана.

Изучение  мирового  опыта  образовательных  технологии  на  базе  глобальной  сети 



492

5

массовой коммуникации на примере цифровых данных Worlddidactic, Clobalethnics.net, High 

Been, Netlog, Linkedin, Canadian yellow page, Scops, Web of knowledge открывают широкую 

перспективу  масштабного  развития  и  доминирование  образовательного  цифрового  ресурса. 

Ярким  примером  может  послужить  сравнительный  анализ  полученные  из  индикаторов 

рейтинговых оценок по планированию и достижению качественного образования на примере 

лучших  учебных  заведении  мира,  принимающие  активное  участие  в  реализации  решения 

Болонского процесса.

Богатый ресурс и системный подход к решению данной задачи эффективно используется в 

системе образования в условиях Казахстана.  Одним из ключевых моментов является внедрение 

инновационных  методов  преподавания  дисциплины  по  системе  «Интернет-педагогика»  и 

активное  вовлечение  молодых  людей  в  реализации  интеллектуальных  и  инновационных 

способностей в процессе обучение с использованием цифровых образовательных ресурсов на 

основе государственного Стандарта образования.  



Abstract

The material is the result of many years of research experience of the author in the field of 

education. One of the main issues of this thesis is the use of global resources of scientific and technical 

information in the education and practice of modern schools of Kazakhstan.

The  study  of  international  experience  of  educational  technology  on  the  basis  of  a  global 

network of mass communication on the example of a digital data Worlddidactic, Clobalethnics.net, 

High Been, Netlog, Linkedin, Canadian yellow page, Scops, Web of knowledge open wide prospects 

of large-scale development and dominance of digital educational resources. A striking example is 

the  comparative  analysis  of  the  indicator  ratings  on  the  planning  and  the  achievement  of  quality 

education on an example of the best educational institutions in the world, taking an active part in the 

implementation of decisions of the Bologna process.

Abundant  resources  and  a  systematic  approach  to  solving  this  problem  is  effectively  used 

in the system of education in Kazakhstan. One of the key points is the introduction of innovative 

methods of teaching of the «Internet Pedagogical” and the active involvement of young people in the 

implementation of intelligent and innovative abilities in the process of training with the use of digital 

educational resources on the basis of state educational standards.

Жалпы педагогиканың адамзат перзентінің білім, тәрбие һәм мәдениет құндылықтарының 

ұрпақ  санасына  сіңіру  жөніндегі  мыңғасырлық  тарихи  тәжірибелер  жиынтығы  екеніне 

күмән  келтірмейміз.  Алайда,  соңғы  жылдары  дәстүрлі  педагогикалық  жүйе  (оқыту,  тәлім-

тәрбие үрдісі, қосымша білім беру т.б) ақпараттық технология ықпалдарына қатты ұшырау 

тенденциясы  байқалуда.  Ол  заңды  да.  Себебі,  бүгінгі  мектеп  оқушысы  бұл  жаңалыққа  аса 

құмар.


Мемлекет  және  білім  саласындағы  қызметкерлер  һәм  білікті  мамандар  аталмыш  іске 

көптен бері ерекше мән беріп отыр. Бұл құбылыстың алдын-алу шаралары (Заң, Үкімет қаулысы, 

Министрлік құжаттары, электронды оқулықтар, E-Learning бағдарламасы) қарастырылды.

Бүгінгі  ақпарат  ағынының  заманауи  жағдаяттары  көптеген  мәселелерді  шешуде  түрлі 

қиындықтарды тудыртты. Оның айқын себептерінің бірі - аса маңызды ақпараттардың көптігі 

бізге қолжетімді бола алмауында.

Заманауи  білім  мазмұны  мен  сапасының  көрсеткіші  6  ай  сайын  өзгеріп  тұратын 

халықаралық көрмелердегі соңғы жетістіктер арқылы өлшеніп отыр. Демек, білім жүйесінің 

адам сұранысына қарай модернизациялануы қоғам дамуының қозғаушы күші миссиясын өз 

мойнына алғанын көрсетіп отыр.

Соңғы он жыл ішінде білімді ақпараттандыру ісінде қол жеткізген толағай табыстарымыз, 


493

уақыт  өте  келе  тез  «ескіріп»  бара  жатқанын  байқау  қиын  емес.  Виртуалды  әлемге  деген 

балалардың  қызығушылығы  негативтік  жайттарды  қалыптастырғанымен,  балғындар  сүйіп 

ойнайтын  ойындардың  орнын  алмастыратын  сандық  технология  форматындағы  оқулықтар 

ересектер тарапынан дер кезінде ұсынылмауын – біз мойындағымыз келмейді.

Өткен заманда ата-бабаларымыз атажұртын аттың үстінде жүріп, «найзаның ұшымен» 

һәм білектің күшімен қорғап келсе, бүгін біз «ақылдың» күшімен сақтап, туған халқымыз мен 

мемлекетіміздің  әлемдегі  дамыған  өркениетті  елдердің  алдыңғы  қатарынан  көрінуіне  үлес 

қосуды мақсұт еткені ғибратты іс екені анық. Аталмыш дүниенің аса ерекше бір саласы білім  

«Оқу – инемен құдық қазғандай» деп ата-бабаларымыз айтқандай бүгінгі заман - білім мен 

ғылымның біз үшін де, болашақ үшін аса қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Бүгінде 

білім мен ғылым кеңістігі өзінің танымдық географиясын күн санап ұлғайтуда. Уақыт мектеп 

пен  жоғарғы  оқу  орындары  арасында  ерекше  ынтымақтастық  пен  ғылыми-шығармашылық 

байланыстардың бұрыннан бетер нығая түсуін қажет етіп отыр.     Еуропалық және көптеген 

жерлердегі  жүзден  астам  жоғарғы  оқу  орындары  өз  еріктерімен  бас  қосып,  болашақ  білім 

кеңістігін ортақ мүдде мен ғылым жаңалықтары мен озық технологияларды бірлесе отырып 

игеруда пайда болған Болон процессінің айырықша баптарының біріне 12 жылдық білім беру 

жүйесін дамыту болып табылады. Демек, Болон процессі тек оқу орындарының перспективалық 

даму  бағытын  орта  білім  жағдайын  толыққанды  білмейінше,  немесе  тығыз  қарым-қатынас 

орнатпаса өз деңгейінде дұрыс көз алдына елестете алмауы мүмкін. Осы орайда, біздер мектеп 

оқушыларын, әсіресе олардың болашақта білікті маман иесі болу мүмкіндігін таңдауына зор 

ыждаһатпен, үлкен жауакершілікпен қараймыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерік-жігері мен тәуелсіз Қазақстанның 

соңғы жылдар тізбегіндегі аса ірі жетістіктері (халықаралық OSSE және OIC Төрағалық ету,  

London 2012 Олимпиадасы, 47 UNWTO Ассамблеясы) арқасында біздер 2017 жылы Астана 

қаласында Бүкіләлемдік «EXPO Astana kazakhstan» Көрмесін өткізуге бұрын соңды болмаған 

ерекше тарихи оқиғаның куәгері болғалы отырмыз. Бұл біз үшін де, бүкіл адамзат үшін және 

өскелең жас ұрпақтың жас қанатына жаңаша серпін, қажыр-қайрат және ғылыми һәм біліми 

намысын оятатын ХХІ ғасырдың бір кереметі десек болады.

Қазақ Елі бүгінде әлемдегі ең жас ұлттар қатарынан табылуда. Біздің демографиялық 

көрсеткішіміз  жаһандық  глобализация  мен  ақпараттық  технология  жетістіктерінің  сандық 

форматқа ұласуы қарсаңына дөп келуі ғажап құбылыс. Дәстүрлі білім мен ғылыми жаңалықтар 

тәжірибесі бүгінде ұдайы жаңару мен серпіндіру процесін қажет ететін тұтас ғаламдық ғылыми-

техникалық ақпарат ресурстарын қалыптастыруда. Өз елінің болашағы мен жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  білім  мен  ғылым  нәрі  арқылы  нұрландыруды  мақсұт  еткен  дарынды  да 

парасатты ұрпақтың интеллектуалдық құзырлығы мен танымдық зердесін объективті тұрғыда 

бағалайтын іргелі орталықтардың пайда бола бастауы – жаңа заманның жарқын бейнесі мен 

сындарлы  талап-тілегі  екені  ақиқат.  Олардың  қатарына  Thomson  Reuters,  Springer,  Elsevier, 

Autostream,  Slide  Shape,  OS,  AAAS  сынды  замануи  жаңалықтар  мен  озық  тәжірибелерді 

сарапқа  салып,  айтулы  жетістіктердің  адамзаттың  ортақ  интеллектуалдық  қазынасына 

айналуына мүмкіндік туғызып жатқан жаңа буындағы ғылыми-зерттеу мен талдау-ақпараттық 

орталықтарды  айтуға  мұқтажбыз.  Мұндай  зор  мүмкіндіктердің  біріне  ұстаз  бен  шәкірт 

арасындағы ғылыми байланыстың жаңа деңгейге көтеріліп, өткен дүниелердің құндылығын 

сақтай  отырып  жаңа  жүйенің  қалыптасуына  ерекше  ынта  мен  жігер  қалыптастыратын 

құбылысты байқаймыз.    

Мектеп және басқа оқу орындарындағы ғылыми-ақпараттық технологиялар ықпалынан 

туындай бастаған жаңа бағамдар мен ауқымды ұсыныстардың күн санап ерекшелене түсуі – 

болашақ моделін жасаушы жас ұрпақтың санасына күрделі ой салып отырғаны жаңсақ емес. 

Демек, дәстүрлі білім мен тәрбие құндылықтарын сақтай отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жаңаша 


494

5

технологиялар мен үлгі-жобаларды, өз ортамыз бен мүмкіндіктерімізге ыңғайластыро отырып, 

батыл  шешім  қабылдау  заманы  қажет.  Оған  соңғы  жылдар  құрлықты  масштабты  қамтыған 

«Tempus-V»  және «Erasmus Mundus» ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдармен бірге 

мектеп оқушыларының да ат салысуы, сондай-ақ Астанада өткен «Worlddidactic» интерактивті 

және электронды оқыту технологиясына арналған ауқымды шаралардың қолға алынуы жаңаша 

ой тұжырымдайтын ұрпақ санасының таным кеңістігін ұлғайтуға ұйытқы болары анық.

Абай атамыз «Ғылым қиын жол, ал адамды оған тарту одан да қиын. Бірақ бір жол бар, 

ол – ғылымға адамды бала кезінен бастап қызықтыру керек» деген. Сол себепті, балалар өздері 

таңдаған  тақырыпты  ғаламдық  ғылыми-техникалық  ақпарат  ресурстарына  енгізу  (тіркеу) 

олардың санасында ерекше қызығушылық қалыптастырады деген сенімдеміз.

Бүгінгі  таңда  әлемдік  деңгейде  бірнеше  ғылыми-техникалық  ақпарттық  ресурстар 

орталықтары Clobalethnics.net, High Been, Netlog, Linkedin, Canadian yellow page, Scops, Web 

of  knowledge  және  басқа  порталдар  ғылыми  тақырыптарды  тіркеуге  ынталы.Қазақстандық 

G-Clоbal, Bastau, Your vision.kz, On.kz, Nur.kz ақпараттық-коммуникациялық алаңдар мен блог-

платформалар ғылым мен ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары жөнінде қажетті мағлұмат 

алғысы келетін, жеке көзқарасын білдіріп, өз жобасы жөнінде объективті бағасын ала алатын 

балалар мен жастарға таптырмайтын мүмкіндік дер едік.

Соңғы жылдары ең қажетті деген ғылыми анықтамалар мен тұжырымдар, концепциялар 

мен графикалық кестелер, схемалар мен ғылыми терминдер қайта жинақталынып, жүйеленіп, 

толықтырылып    ағылшын  тіліне  белсенді  түрде  аударыла  бастады.  Оған  Wikipedia  ашық 

(глобальді) энциклопедиялық электронды кітапхана порталы дәлел. Мысал ретінде Wikipedia 

ресурсынан «Kazakh history» немесе  «Kazakh felt house» тақырыбы бойынша іздеу салатын 

болсақ, орыс тілінде жазылған ақпараттардан гөрі ағылшын тіліндегі мағлұматтар мол екенінен 

көз  жеткіземіз.  Ал,  Slide  Shape  ресурсы  арқылы  электронды  оқулықтар  жазып,  мектептегі 

пәндер мен оған қосымша материал ретінде пайдалынатын цифрлы форматтағы оқу құралын, 

портфолилосын,  анимациялық  қосымшаларды  қатар  қолданатын  білім  жүйесін  (авторлық 

дидактикалық ресурс) құруға болады [1]. 

Қазақстандық Your vision.kz және Facebook порталдары кез келген танымдық-әдістемелік 

материалдарды (тест, фото, кесте, математикалық модельдеу, графикалық дизайн, слайд, видео 

т.б) әр адам өз қалауынша жобалап, ғылыми-зерттеу бағыттары мен мәселелері туралы глобальді 

тұрғыда тәжірибе алмаса алады. Оған дәлел ретінде http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/317126 

сайтында «The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world» 

тақырыбы бойынша Халықаралық Интернет-конференциясының (December 2012) өткізілгенін 

айтуға болады.  Аталмыш ақпараттық технологиялар жетіс тіктеріне негізделген тәжірибелер 

тек қана қарым-қатынас құралы ған болып қоймай, оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің жаңаша 

деңгейде  қалыптасуына  мұрындық  болғанын  айтуға  мәжбүрміз.  Әрине,  ұстаз  бен  шәкіртті, 

қалам мен кітаптың орнын дүниеде ешқандай құндылық ауыстыра алмайтынын баса айта келе, 

бүгінгі  заманауи  озық  тәжірибелердің    цифрлық  форматтан  тыс  қарастырылуының  тиімсіз 

екенін  жөнінде  қоғамдық  пікір  уақыт  өткен  сайын  нақтыланып  келе  жатқанын  байқаймыз. 

Демек, аса жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамның негативтік элементтерімен қатар, 

позитивтік құндылықтары да қалыптасып келе жатқанын жасыруға болмайды. 

Айтар  ойымызға  дәлел  ретінде  ғаламдық  «Branshak.com»  порталындағы  ғылыми-

танымдық форматтың мүмкіндіктерін айтуға болады. Оның жалпы мүмкіндігіне: кез келген 

пәннің  видео  өнімін  иеленуі,  түрлі-түсті  слайд  жобалар  мен    әртүрлі  кестелерді  жобалау 

және баяндау және басқа мультимедиалық  шығармашылық идеяларды көпшілік ұсыну мен 

талдау артықшылықтары жатады. Осылайша, әр сабақтың пәндік ерекшелігі мен техникалық 

мүмкіндігі,  жалпы  мазмұны  мен  негізгі  ұғымдары  қосымша  білім  элементі  ретінде  қатар 

ұйымдастырылады. Мұндай әдіс оқыту мен тәлім-тәрбие үрдісінің тиімді жүргізілуіне және 


495

уақыттың тиімді һәм үнемді жұмсалуына ұйытқы болады[2].   

Оқыту  мен  тәрбие  процесін  ұштастыруда  әр  оқушы  мен  мұғалімнің  аты-жөні  және 

басқа  қатысушылардың  статусын  анықтайтын  мультимедиалық  белгілері  мен  электрондық 

күнделіктері  арнайы  талап  ретінде  Интернет  парақшасына  айналуы  тиіс.  Порталдың  осы 

уақытқа дейін белсенді аймақта жемісті әрекет етіп жатқан әріптестерінен артықшылығы көп 

жылдар бойы виртуальды әлемге танымал “Facebook”, “Twitter”, “Ytube” “LinkedIN”. “Google+”, 

“VK”. “G-Global” сынды алпауыт ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарымен (ҒТАР) тығыз 

байланыстылығы болып табылады. Цифрлық білім технологиясы (Degital education technology) 

негізінде  бүгінгі  қазақ  мектебінің  ұлттық  моделі  қалыптасу  керек.  Аталмыш  дүниеге  қол 

жеткізу үшін мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер бар.  Оның айқын бір дәлелеі «E-lеarning» 

бағдарламасы.    Заманауи  ауқымды  ақпараттар  ағынына  сай  бұл  бағдарлама  бүгінде  өзінің 

мультимедиалық параметрлерін қайта жаңартуы тиіс. 

Жоғарыда  аталған  бірқатар  порталдардағы  білім  жүйесіне  анағұрлым  бейімді  болып 

келетін  “Facebook”  Интернет  орталығының  коммуникациялық  стратегиясы  көптеген 

мамандардың  назарын  аударып  отыр.  Орталықтың  цифрлық  базасы  арқылы  мектеп 

практикасында ұзақ жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Атамекен» бағдарламасының 

Америка  еліндегі  ағылшын  тіліндегі  нұсқасын  оңай  тауып  алуға  болады.  Ал,  оқыту  әдісін 

цифрлық технологияға көшіруде “Online” режимінде 5 сыныпқа арналған «Жаратылыстану» 

пәні арқылы ұйымдастыру түбі, болашақта өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын танытатыны 

анық. 

Бұл  орайда  “Facebook”  порталынан  арнайы  Интернет-парақша  ашып,  аталған  пән 



жөнінде  толық  ақпараттар  жолдаған  жөн.  Бастапқы  бетке  өткен  соң  аталмыш  жобаға 

қатысушы  оқушылар  мен  басқа  қатысушылар  арнайы  «Registration»  көрсеткіші  бойынша 

тіркеледі. Жалпы ақпараттық бетке пәндегі барлық сабақ мәтіндері бөлек veb-парақ түрінде 

жарияланады. Бұл үрдіс мектептегі білім стандарты жоспары бойынша өтілетін сабақпан қатар 

ұйымдастырылғаны абзал. Негізгі әрекет, пәндегі тапсырманы қайталау ғана емес, мәтіндегі 

негізгі ғылыми-танымдық ұғымдар мен терминдерді алдын-ала саралап, «Google reasercher» 

іздестіру ақпарат құралы арқылы ғылыми оқулықтар мен мақалалар, кестелер мен фото-видео 

материалдарды тауып, оны сілтеме арқылы белгілеп отыру болып табылады[3]. 

Нәтижеде мынадай маңызды ақпараттарды біздер оқушылардың көмегімен аз уақыттың 

ішінде қабылдап, толықтырып һәм аналитикалық талдау жасауға мүмкіндік аламыз. Мысалы 

«Табиғаттағы су айналымы» туралы тақырыпты меңгеруде оқушылар оны тек оқулық жүзінде 

қабылдамай, қосымша ҒТАР құралы ретінде толыққанды орындау мультимедиалық шеберлігін 

меңгереді.   

Аталмыш форматта «Тұран-Астана» университеті жанынан оқыту мен тәрбиелеу жүйесін 

сандық технология негізінде қайта зерделеу мақсатында студенттер мен магистранттар үшін 

«Экология», ал мектеп оқушылары үшін «Жаратылыстану» (5 сынып) оқулықтары Интернет 

жүйесіне  енгізілді.  Оның  ендірілу  жүйесі  жоғарыда  аталған  веб-порталдар  мен  ҒТАР 

мүмкіндіктерімен сұлбаланған. 

Бұл орайда Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігіне қарасты «Оқулық» 

орталығы тарапынан «E-Learning» бағдарламасы мен «Bilim Media Group» жобасы  еліміздің 

мектептерінде  ендірілуі  үрдісіне  оң  баға  берген  жөн.  Десек  те,  инновациялық  бағыттағы 

жаңашыл  әдістемелік  нұсқаулар  мен  электрондық  туындылардың  жас  ұстаздар  тарапынан 

нысынаға ілігуіне жол ашу керек.   

Жоғарыда  көтерілген  өзекті  мәселелер  біздің  тарапымыздан  төмендегідей  тұжырым 

жасауға негіз болды:

•  Қоғамдағы  білім  һәм  оқу-тәрбие  үрдісіне  ғаламдық  ақпараттық  технологиялар 

ықпалының  уақыт  өте  келе  үстемдік  ететінін  ескере  келе,  аталмыщ  құбылысты 


496

5

ғылыми-тәжірибелік  тұрғыда  терең  зерделуде  арнайы  «Интернет-педагогика» 

кеңістігін қалыптастыру.

•  Мемлекеттік білім Стандарты негізінде орта білім беру жүйесін заманауи технология 

жетістіктері негізінде қайта модернизациялау.

•  Виртуалды форматтағы дидактикалық және ғылыми-шығармашылық тәжірибелерді 

кең тұрғыда насихаттау.

•  Жоғарғы сынып оқушыларының «Tempus-V»  және «Erasmus Mundus» халықаралық 

жобаларына белсенді қатыстыру.

•  Жаңа  формация  жағдайындағы  мектеп  мұғалімінің  ғаламдық  ғылыми-техникалық 

ақпарат ресурстарын игеруі мақсатында   http://my.mail.ru/mail/kursabaev1961/video/_

myvideo/9.html форматында онлайн дәрістер өткізу. 

•  Мектеп оқулығын сандық технология жағдайына бейімдеуде  http://www.brainshark.

com/solutions/products/brainshark-on-demand/videosync.aspx

•  форматы  негізінде  («Табиғаттану»  Интернет  оқулығы  үлгізінде)  дидактикалық 

тәжірибелерді ендіру.

•  Жас  зерттеушілердің  интеллектуалдық  потенциалын  дамыту  мақсатында      https://

www.facebook.com/%D0%95%D1%85%D1%80%D0%BE-2017  жобасы  бойынша 

дистанциялық ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру.

Әдебиеттер тізімі

1.  Государственная программа развития образования в Республике Казахстан 2011-2020 

годы. 

2.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2000 года № 492 «О 



развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан.

3.  Education, Audiovisual and Culture Executive Agency. http://eacea.ec.europa.eu/tempus/ 

4.  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. www.nlrk.kz

5.  http://www.parasat.com.kz/index.php?id=174 

6.  http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/317126

7.  http://www.brainshark.com/solutions/products/brainshark-on-demand/videosync.aspx

8.  https://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev.1  

ПРОБЛЕМЫ ПРЕПОДАВАНИЯ И ОБУЧЕНИЯ НА УРОВНЕВЫХ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет