ФОНЕТИКА Мұның өзі дауыссыз дыбыстар құрамындағы
ұндесім құбылысының орнықты екенін көрсетеді.
1 .5 . Қ А ЗА Қ Т ІЛ І Д Ы Б Ы С Т А Р Ы Н Ы Ң Қ Ұ Р А М Ы М Е Н Ж Ү Й Е С І (қорытынды орнына)
Әліпби-дыбыстар Қазақ тілі дыбыстарының құрамы осы күнге
дейін екі түрлі тұрғы дан қарасты ры лы п келді.
Д а у ы с т ы д ы б ы с т а р ү н д е с ім т ұ р ғ ы с ы н а н
талданы п, оларды ң әрбір үндесім варианты
(аллоф оны ) бір дыбыс ретінде тіркеледі. Ал
дауыссыз дыбыстар болса, керісінше, бейүндесім
тұрғы сы нан талданып, бір дауыссыз бір дыбыс
ретінде тіркеледі. С оны м ен, қазақ тілінде 9
д а у ы с ты , 17 д а у ы ссы з (К , Г д ы б ы с та р ы н
қосқанда - 19) бар, барлы ғы - 26 (немесе 28)
дыбыс деген пікір қалыптасты. Қазіргі қазақ
әліпбиі осы негізде түзілген (20-кесте).
Жуан езулік дыбыстар Ж у а н е з у л ік д ы б ы с т а р қ а з а қ т іл і
д ы б ы с т а р ы н ы ң н егізгі ү н д есім в а р и а н т ы
(аллофоны) ретінде кездеседі. Құрамы - 2 жуан
езулік дауысты мен 16 жуан езулік дауыссыз.
Барлығы - 18 жуан езулік үндесім дыбыс(21 - кесте)
бар.
Жіңішке езулік дыбыстар Ж ің іш к е е з у л ік д ы б ы с т а р қ а з а қ тілі
дыбыстары ның үндесім варианты (аллофоны)
ретінде кездеседі. Құрамы - 3 ж іңіш ке езулік
дауы сты мен 16 ж ің іш ке езулік дауы ссы з.
Барлығы - 19 жіңішке езулік үндесім дыбыс (22-
кесте).
Жуан еріндік дыбыстар Ж у а н е р ін д ік д ы б ы с т а р қ а з а қ т іл і
ды бы стары ны ң үндесім варианты (аллофоны)
ретінде кездеседі. Құрамы - 2 жуан еріндік
дауысты мен 17 жуан еріндік дауыссыз. Барлығы
- 19 жуан еріндік үндесім дыбыс (23- кесте).
Жіңішке еріндік дыбыстар Ж ің іш к е е р ін д ік д ы б ы с та р қ а з а қ тілі
дыбыстарының жіңішке еріндік үндесім варианты
(аллофоны) ретінде кездеседі. Құрамы - 2 жіңішке
еріндік дауысты мен 17 жіңішке еріндікдауыссыз.
Барлы ғы - 19 ж іңіш ке еріндік үндесім дыбыс
(24 кесте).
Қ азақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі
күрделі. Олар төрт үндесім топқа жіктеледі. Әр
топтың құрам ы ндағы дыбыстардың жасалым,
айтылым және естілім сапасы әр түрлі.