1 Дәріс Тақырыбы


Бір қауырсынды бұлшық еттердің



бет19/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
Бір қауырсынды бұлшық еттердің талшықтары, олардың сіңірлі жиектеріне бір бағытта қиғаш орналасады. Қос қауырсынды бұлшық еттерде ет талшықтары сіңірлі арқаудың екі жақ қапталында бір біріне қарама қарсы қиғаш жатады. Көп қауырсынды бұлшық еттерде бұлшық ет ішіндегі сіңірлі арқаулардың бойымен қысқа ет талшықтары бірнеше қатарда қиғаш орналасады. Қауырсынды бұлшық еттер дененің мойын және тұлға бұлшық еттерін құрайды.
Бұлшық еттің білігіне көлденең жүргізілген жазықтықты анатомиялық көлденең, ал бұлшық еттің ет талшықтары будаларына көлденең жүргізілген жазықтықты физиологиялық көлденең деп атайды. Қарапайым бұлшық еттердің физиологиялық және анатомиялық көлденеңдері бір біріне сәйкес келеді. Ал қауырсынды бұлшық еттерде физиологиялық көлденең анатомиялық көлденеңге қарағанда ұзын болады.
Бұлшық еттер пішініне байланысты: жалпақ, дөңгелек, ұзын, қалың бұлшық еттер болып бөлінеді. Жалпақ бұлшық еттер жануарлар дене тұлғасында, ұзын және қалың бұлшық еттер аяқтарда, дөңгелек бұлшық еттер организмнің сыртқы ортамен қатысатын табиғи тесіктері қабырғаларында орналасады.
Басталатын ұштарына байланысты бұлшық еттер: екі басты, үш басты, төрт басты;
Аяқталатын ұштарының түрлері мен пішініне қарай: көп бөлімді, тісше;
Орналасқан орындарына байланысты: төс, қабырғааралық т.б.
Сыртқы пішініне байланысты: үшбұрышты, ромб және трапеция тәрізді бұлшық еттер деп аталынады.
Атқаратын қызметтеріне қарай бұлшық еттер: динамикалық және статикалық бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Динамикалық бұлшық еттер тобы жануарлардың кеңістіктегі қозғалысын қамтамасыз етеді. Динамикалық бұлшық еттер күшті жиырылып, үлкен көлемде жұмыс атқарады, бірақ тез шаршайды. Бұлар құрылысы жағынан қарапайым бұлшық еттерге жатады. Статикалық бұлшық еттер негізінен дененің кеңістіктегі тепе теңдігін сақтап, оны белгілі жағдайда тұрақты бекітіп ұстап тұрады. Статикалық бұлшық еттер жай және ұзақ уақыт жиырылып, көп уақытқа дейін шаршамайды. Бұлар құрылысы жағынан қауырсынды бұлшық еттерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет