1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет1/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

1 тақырып
Фонетиканың зерттеу объектісі


Дәріс жоспары:
1. Фонетиканың зерттеу объектілері.
2. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер.
3. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктері.
Мазмұны
Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тілдік қатынас екі түрлі болады: ауызша және жазбаша.
Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі тілдің ауызша формасы. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында ғана іске асады.
Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Фонетика – тілдердегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Зерттелуіне қарай фонетика үшке бөлінеді:

  1. Сипаттамалы

  2. Тарихи

  3. Салыстырмалы

Фонетика объектілері: дыбыстық жүйені қарастырады, дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, үндесу заңы, буын, екпін, орфоэпия. Тарихи(диахрониялық) фонетика – тілдің дыбысытық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады: дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңы. Орыс тілінде дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуының /угол-уголь/, /стол-столь/, /мел-мель/, /кон-конь/ т.б. сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан да олар жеке фонема болады.
Транскрипция. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті одан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әрпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып көрінеді: 1)/-ый/мый- жазылуы ми/, /қый-қи/, -ыйың-иың, таный-тани, қыйа-қия, қыйын-қиын, жый-жи, тыйын-тиын/. 2) -ій/кій-ки, тій-ти, ійне-ине, ійіс-иіс/. 3) -ұй/мұхұйт-мұхит, бұлтұй-бұлти/. 4) -үй/ мүлгүй-мүлги, мөлүй-мөли, дүнүйе-дүние/. 5)-и/институт, универсиет, кино/. Қысқасы, дыбыс пен оның таңбасы, сөздердің айтылуы мен жазылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Дыбыстық тілді үнемі дәл білу үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады. Транскрипцияның екі түрі жиі кездеседі: фонетикалық және фонематикалық.
Фонематикалық транскрипцияда – бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір-ақ таңбамен беріледі де, фонетикалық транскрипцияда – әр түрлі аллофондары ескеріледі. Біздің жазуымыз – негізінен фонематикалық жазу. Біздің практикамызда қолданылып жүрген ә, о, ө, ү, ұ, ғ, й, л, м, ң, п, р, т – әріптері ғана фонематикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет