1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


зертханалық жұмыс. Гемин кристалдарын (түйіршіктерін) алу



бет16/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37

2 зертханалық жұмыс. Гемин кристалдарын (түйіршіктерін) алу


Қандағы гемоглобин мұзды сірке қышқылы және хлорлы натрий қатысында гемин деп аталатын қосылысқа өтеді. Геминдегі темір үш валентті және хлормен қосылған. Гемин кристаллдардың сипатты формасына ие, бұл реакция қылымыстық медицинада қан дақтарын байқау үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Тұз қышқылының әсерінен тұзқышқылды геминге айналған гемоглобинге ас тұзы мен сірке қышқылын қоса кристалл (түйіршік) түзеді. Олардың формалары жануардың түріне байланысты әр түрлі болады.
Жұмыстын барысы: аздаған құрғақ қанды немесе зерттелетін материалды (киімнен алынған қырынды) төсеніш шыныға орналастырып, оған тұз кристалын қосады да, бір-екі тамшы мұзды сірке қышқылын тамызады.

Бетін жапқыш шынымен жауып, бу (сірке қышқылының өткір иісі) пайда болғанша спиртовка жалынының үстінде ұстап қыздырады. Шыныда мынадай реакция жүреді: СН2 СООН + хлорлы натрий = СН3 СООNа, Nа – НСЕ бөлініп шығады. Бөлініп шыққан НСЕ гемоглобинді геминге айналдырады
Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарағанда пішіні ромб тәрізді, қою-қоңыр түсті гемин кристалдарын көруге болады.
Құралдың және кристалдардың суретін салып, алынған нәтижені жазып, қорытындылау керек (6.3-сурет).
Шығармашылық тапсырмалар:
1) гемоглобиннің молярлы массасы 67000 г/мольді құрайды. Қан эритроциттеріндегі гемоглобиннің орташа құрамы – 15 г / 100 мл болып табылады. Қандағы гемоглобиннің (М) молекулалық концентрациясын анықтаңыздар;
2) 0 oC кезінде ауадағы екі оттегі молекуласы арасындағы орташа арақашықтықты бағалаңыздар? Оттегінің ауадағы құрамы 21 % тең.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) қандағы гемоглобин құрамын не үшін анықтайды;
2) гемоглобин құрамын анықтау қай принципке негізделеді және алынған нәтиже көрсеткіштерін қандай бірліктерде көрсетеді.

6.5 Эритроциттердің шөгу реакциясы (ЭШЖ) және осмотикалық резистенттілікті анықтау (ЭОР)


Эритроциттердің тұну реакциясы (ЭШЖ) эритроциттердің жабысуымен қаны бар тамыр түбінде тұнумен сипатталады. Эритроциттер теріс зарядталған, сондықтан олар бір бірінен тебіледі, жабыспайды (мысалы ақуызда), эритроциттер зарядын жоғалтқанда басқа эритроциттермен жабысу мүмкіндігін туғызады. Эритроциттердің түзілген түйіршіктері қан орналасқан тамырдың түбіне тұна бастайды. Дені сау адамда адсорбция елеусіз сонымен қатар эритроциттердің тұну жылдамдығы өте төмен: әйелдерде 1 сағ олар 5–10 мм тұнады, ал еркектерде 6–12 мм дейін. Патологиялық жағдайларда (мысалы, қабыну процесстер кезінде) және екіқабаттылық кезінде ЭШЖ кенеттен ұлғаюы мүмкін.
Қоршаған жасуша сұйықтығының осмостық қысымының өзгеруі олардағы су алмасудың бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұны эритроциттер мысалында бақылауға болады, ас тұзы ерітіндісінде батырылған, плазмаға қарағанда үлкен осмостық қысымды иеленген ол (гипертоникалық ерітінді) суды жоғалтады, көлемі кішірейіп тыртияды. Аздау осмостық қысымды (гипотоникалық ерітінді) иеленген ас тұзы ертіндісінде батырылған эритроциттер ісінеді, көлемінде ұлғаяды. Эритроциттердің қабықшасы бұзылады, гемоглобин қан плазмасына шығады, ол өз кезегінде қызыл түске боялынып мөлдірленеді (лакты қан).
Гемолиз басталып жатқан, жасушаны қоршаған ерітіндіде ас тұзының концентрациясы, эритроциттердің (резистенттілік) осмостық тұрақтылық деп аталатын өлшем болып табылады. Адамда гемолиз ас тұзы ерітіндісінің концентрациясы 0,4 % дейін төмендегенде басталады, ал 0,3 % проценттік ерітіндісінде барлық эритроциттер бұзылады.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Қалыпты жағдайда ЭШР неге тең?
2. ЭШР қандай тәсілмен анықталады?
3. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы неге тәуелді?
4. Гемолиз деген не?
5. Гемолиздің қандай түрлері бар?
6. Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі деге не?
Сабақтың мақсаты: Панченков тәсілі бойынша ЭШР анықтау және шөгу жылдамдығын бақылау, хлорлы натрийдің түрлі концентрациядағы ерітінділерін пайдалана отырып, гипотониялық ерітінділерге эритроциттердің осмотикалық шыдамдылығын көрсету.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Панченков аппараты, градустерге бөлінген капиллярлар, сағат шынысы, цитрат, ине, спирт, эфир, мақта, штатив және пробиркалар, қанға арналған 0,1 мл-лік микропипеткалар, мынадай концентрациядағы: 0,9 %, 0,7 %, 0,3 % хлорлы натрий ерітіндісі.
1 зертханалық жұмыс. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ)

Егер қанды ұйытпай сақтаса, ол біраз тұрған соң екі қабатқа бөлінеді: төменгі қабатта – эритроциттер, жоғарғы қабатта – плазма. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы эритроциттердің өзіне, санына, формасына, плазманың физико-химиялық құрамына, дәлірек айтқанда қан ақуыздарының (альбуминдер мен глобулиндер) арақатынасына, тұздардың болуына тәуелді.
Жұмыстын барысы: эритроциттердің шөгу жылдамдығын Панченковтың микротәсілі бойынша анықтау қолайлы. Панченков аппараты штативтен және капиллярлы пипеткалар жиынтығынан құралған. Пипеткалар 100 бөлікке бөлінген. Пипетканың ортасында 50 және Р белгілері бар, жоғарғы бөлігіндегі 0 деңгейінде К белгіленген (6.4-сурет). Жұмыстың алдында пипетканы цитратпен шайып, цитратты Р белгісіне дейін сорғызып алады да, сағат шынысына құяды. Пипетка арқылы зерттелуші жануардан екі рет К белгісіне дейін қан алып, оны да сағат шынысына құяды. Пипетканың ұшымен қан мен цитратты араластырады. Сағат шынысындағы цитратты қанды пипетканың К белгісіне дейін сорғызады да пипетканы штативке бекітеді. 15, 30, 45, 60 минут өткен соң эртроциттердің жоғары қабатында түзілген плазмаға қарап, эритроциттердің шөгу жылдамдығын тексереді.
Панченков тәсілі эритроциттердің мынадай шөгу жылдамдығын көрсетеді: жылқыда 40–70 мм/сағ, мүйізді ірі қарада 0,5–1,5 мм.сағ., шошқада 2–9 мм сағ., итте 2–6 мм сағ., мысықта 9 мм сағ., қоянда 1–2 мм сағ., құстарда 1,5–3 мм сағ.

2 зертханалық жұмыс. Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігін анықтау (ЭОТ)

Эритроциттер изотониялық ерітіндіде тұрса, қалыпты пішінін, көлемін және қызметін сақтай алады. Изотониялық ертінді деген – осмотикалық қысымы плазманың осмотикалық қысымына тең болатын ерітінді. Бұл ерітінді физиологиялық (0,9 % хлорлы натрий ерітіндісі) деп аталады. Егер эритроциттерді гипертониялық ерітіндіге салса, көлемі кішірейіп, бүріседі. Ал гипотониялық ерітіндіге салса, эритроциттер көлемі ұлғайып, ісінеді, бүлінеді (гемолиз).
Эритроциттердің осмотикалық тұрақтылығын гемолиз әлі жүрмейтін концентрациядағы ерітіндіде анықтайды.
Эритроциттердің гипотониялық ерітіндіде өз тұрақтылығын сақтай алатын қасиеті де бар. Осмотикалық тұрақтылығын өлшеу үшін эритроциттерді түрлі концентрациядағы хлорлы натрий ерітіндісіне салып, қай ерітіндіде толық немесе жартылай гемолиз жүргенін бақылайды.
Жұмыстын барысы: ЭОТ анықтау үшін әр түрлі концентрациядағы хлорлы натрий ерітіндісін алады (концентрациясы біртіндеп төмендей беретін): 0,9; 0,8; 0,7; 0,6; 0,5; 0,4; 0,3 % да, осыларды әр пробиркаға 5 мл құяды. 1 мл зерттелуші жануардын қанын қосады. Пробирканы сілкілеп араластырады да, бөлме температурасында 15 минут ұстайды. Ерітіндінің түсінің мөлдірлік дәрежесіне қарап эритроциттердің ең жоғарғы және ең төменгі резистенттігін белгілейді. Әдетте эритроциттер ерітіндідегі хлорлы натрий концентрациясының 0,44–0,48 %-ке дейін төмендеуіне шыдайды. Хлорлы натрийдің 0,34 %-тік ерітіндісінде эритроциттердің толық жойылуы байқалады (максимальды гемолиз).
Шығармашылық тапсырмалар:
1) тәжірибе кезінде кейде қанның орнын ауыстыратын физиологиялық ерітінді тұзының концентрациясы суыққандылар үшін (0,65 %), және жылықандылар үшін (0,95 %) әр түрлі болып келеді. Осы айырмашылықты немен байланыстыруға болады;
2) егер қанға таза су құйылса, онда қан жасушалары жарылады; егер оларды тұздың концентрациялық ерітіндісіне орналастырса, олар жиырылады. Егер адам көп су ішсе немесе тұз жесе неге осындай жағдайлар болмайды;
3) ағзадан тыс ұлпаларды тірі сақтау кезінде оларды суға орналастырмайды, оларды құрамында 0,9 % ас тұзы бар физиологиялық ерітіндіге орналастырады. Осылай неге істеу керектігін түсіңдіріңіздер.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары:
1) қан торшараларының түзілуі және қан жүйесі;
2) эритроциттердін саның және гемоглобин мөлшерін анықтау;
3) эритроциттердің ең жоғарғы және ең төменгі резистенттілігін қалай анықтауға болады;
4) ЭШЖ клиникалық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет