Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Сюжеттiң өзге көркемдiк құралдарымен ара-қатынасы жайында  не айтуға болады?  Жауап



Pdf көрінісі
бет76/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152
Сұрақ. Сюжеттiң өзге көркемдiк құралдарымен ара-қатынасы жайында 
не айтуға болады? 
Жауап. Қаламгер өзi бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, 
адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы 
сипатын ашып танытуда сюжеттiң мүмкiндiгiне сүйенедi. Осылардың бәрiн 


88 
бейнелеу шығармада алға тартылған проблемалардың мәнiн ашуға, идеяға 
ықпал етедi. 
Шығарма кейiпкерлерiнiң өзара қарым-қатынасы мен байланысы көркем 
туындыда түрлi сипатта болады. Бiрақ түпкi мәнi шығарманың негiзгi 
идеясын ашуға бағытталады. Алайда бұдан образдар жүйесiн бiр қалыпта 
алуға болмайды. Сюжет желiсiндегi образ-характерлер негiзгi идеяға, негiзгi 
оқиғаға байланысты бола отырып, өзiндiк даралығын да сақтап қалуы шарт. 
Сұрақ. Сюжет шығарманы оқу арқылы ғана толық танылатын күрделi 
көркемдiк тұтастық болып табылатынын түсiндiк. Десек те, қандай 
тұтастықтың да түрлi бөлшектерден құралатыны және белгiлi. Әлде сюжет 
бөлшектеуге келмейтiн бiрегей нәрсе ме? 
Жауап. Классикалық үлгiдегi әдеби туындыларда күрделi де тұтастық 
сипатта көрiнетiн сюжет экспозиция, байланыс, әрекет дамуы, шарықтау 
шегi, шешiлуi сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен 
эпилог та кездеседi. Бұл бөлшектердiң қай-қайсы да шығарма құрылымында 
өзiндiк мiндет атқарып, өзiндiк мән иеленетiндiктен, олардың әрқайсысын 
жекелей қарастырған жөн. 
Көптеген шығармаларда қаламгер кейiпкерлердiң шығармадағы өрбитiн 
сюжет қарсаңындағы жағдайын, олардың мiнез-әрекеттерiндегi қалыптасып 
үлгерген немесе қалыптаса бастаған кейбiр белгiлердi, олардың дамып-
жетiлуiне ықпал етушi кейбiр факторлар жайында әңгiмелейдi. Мұның бәрi 
жазушыға өз кейiпкерiнiң шығармадағы тартыс кезiндегi iс-әрекеттерiнiң 
заңдылығын дәйектеу үшiн қажет. Шығармадағы негiзгi тартысқа дейiнгi 
кейiпкерлердiң 
қалыптасу 
деңгейiн 
және 
олардың 
мiнез-құлық, 
әрекеттерiнiң кейбiр басты тұстарын суреттеу экспозиция деп аталады. 
Экспозиция мiндетi – кейiпкерлердiң шығармадағы кейiнгi әрекеттерiн 
дәйектеу, негiздеу болып табылады. 
Экспозиция үнемi шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма 
соңында да берiледi. Қалай болғанда да, экспозицияның мiндетi бiреу, ол – 
кейiпкерлер 
қалыптасқан 
ортамен 
таныстырып, 
олардың 
кейiнгi 
әрекеттерiнiң заңдылығын дәйектеу. 
Драмалық шығармаларда экспозициялық мәлiметтер кейде жеке бiр 
кейiпкердiң сөзi арқылы тiкелей берiлуi ықтимал, немесе оқырман яки 
көрермен санасында – автор көрсетiп отырған жағдай мен тартыстың өрбiп-
өрiстеуi барысында жанама түрде пайда болуы да мүмкiн. Кейiнгi жағдай, 
көбiнесе, драмалық шығарма өзегiндегi сюжеттi болып өткен оқиға ретiнде 
емес, дәл сол сәтте болып жатқан сипатта бейнелегенде орын алады. 
Мысалы, Гогольдiң “Ревизор” комедиясы. 
Сюжеттiң басқа да құрамдас бөлшектерi сияқты, экспозицияны да 
шығарманың негiзгi мазмұнымен тұтастықта қарастыру қажет. Солай еткенде 
ғана экспозицияны талдау туындыны дұрыс түсiнуге, оқиғалардың мәнi мен 
маңызын, кейiпкерлердiң әрқайсысының өзiндiк орнын дұрыс тануға әсерiн 
тигiзедi. Экспозицияны жеке алып қарастыру шығарма бiтiмiндегi оның 
шынайы маңызына нұқсан келтiредi. 


89 
Сұрақ. Экспозиция шығармада суреттелетiн негiзгi оқиғаға дейiнгi 
жағдайларды таныстыруды мақсат етедi екен. Соған қарағанда, шығармада 
экспозицияның болуы мiндеттi емес сияқты ғой. Ал кез-келген көркем 
шығармада болуға тиiстi сюжеттiк бөлшектер қандай және олардың сюжет 
желiсiндегi мiндеттерi неде?
Жауап. Ақиқат өмiрдегi сияқты, көркем шығармадағы оқиғалардың, 
құбылыстардың, ой-сезiмдердiң, т.с.с. бәрiнiң де басталуы, аяқталуы болуы 
шарт. Соған орай, әдеби шығармадағы сюжеттi қарастырғанда, ең алдымен, 
байланыс және әрекет дамуын айқындау қажеттiгi шығады. Олай болса, 
бұлар қандай бөлшектер? Ендi соларға жекелей тоқталып көрелiк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет