АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Гүлзат: Солай деп бірден айтпайсыңдар ма. Бекер уақытты алып. Еділ, көрнекі құралдарды үйге әкетуге болмайтынын білмеуші ме едің? Еділ



бет8/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Гүлзат: Солай деп бірден айтпайсыңдар ма. Бекер уақытты алып. Еділ, көрнекі құралдарды үйге әкетуге болмайтынын білмеуші ме едің?
Еділ: Кешіріңізші, енді қайталамаймын. Әй, неге менен көре салдың?
Жасболат: Сен директордың баласысың, саған ештеңе істемейді.(Директор келіп қалады)
Директор: Сәләматсыңдар ма?
Жасболат: Еділ, масқара болдық. Гүлзат апай орындықтан құлап қалса, директор тағы да менен көреді. Шкафтағы «пәлені» қайтеміз?
Директор: Гүлзат Болатқызы, қалай оқушылар түгел ме?
Гүлзат: Бүгін тек Жұмақанов Ержан ғана сабаққа келген жоқ.
Директор: Ол қайда жүр? Себебін анықтаңыз. Жарайды мен соңғы партаға барып отырайын, сабақ жүргізе беріңіз.
Жасболат: Рымтай Құлжабайқызы, соңғы қатардан ештеңе естілмейді, алдыңғы жаққа отырыңызшы.
Еділ: Иә сөйтіңізші.
Директор: Балам‑ау, то есть Назаров, оның не? Тыныш отыр.
Гүлзат: Бүгінгі өтетін тақырып, С.Сейфуллиннің поэзиясы. Қазақтың дәстүрлі қара өлеңімен жастайынан сусындаған Сәкен өз өлеңдерінде...
Директор: (қорылдаған дауыс естіледі) Кім ұйықтап отырған?
Жасболат: Ешкім ұйықтап отырған жоқ.
Директор: Ал, жаңа қорылдаған кім?
Қанат: Сайра шығар.
Сайра: А? Өтірік! Мен емеспін, мен емеспін. Мен сабақта ұйқтамаймын. Мерқұрманов жалақор!
Гүлзат: Қой Сайра жылағаның не? Рымтай Құлжабайқызы, балалардың барлығы тыңдап отыр.
Директор: Солай ма? Кешірім өтінемін, мен қателескен болармын.
Гүлзат: С. Сейфуллин өз өлеңдерінде..
Директор: Әне, тыңдаңдаршы..
Жасболат: (Өзіне назар аудартып) Апай‑апай, мен сабақ айтайыншы, мен сабақ айтайыншы. Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» деген өлеңінде...
Гүлзат: Ұланов, мұның не? Рұқсатсыз неге тақтаға шығасың?
Жасболат: Апай өтінемін сізден, мен айтайыншы. Айтқым келіп тұр. Не айтайын деп едім.
Гүлзат: Тоқтат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет