Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты


Жамбылды сөз еткенде Абаймен таластырудың өзі қазіргі әдебиеттанудың кәсіби әлсіздігін танытпай ма? Жамбылдың серілігі жайында бірер сөз айтсаңыздар



бет11/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Жамбылды сөз еткенде Абаймен таластырудың өзі қазіргі әдебиеттанудың кәсіби әлсіздігін танытпай ма? Жамбылдың серілігі жайында бірер сөз айтсаңыздар.
Рафат: Қазақ әдебиетінің әр түрлі саласы бар ғой қазақ фольклоры, халық ауыз әдебиеті, авторы белгілі суырып-салма ақындар, дара ақындар деген сөзді ең бірінші М.Әуезов айтқан. Онан кейін жазба профессионалды әдебиетіміз. Фольклорлық шығарма мен ауыз әдебиеті поэтикасында айырмашылықтар бар. Фольклорды еуропалық, ресейлік ғалымдар әбден зерттеген, теориясын жасаған. Халық ауыз әдебиетінің теориясы жасалған жоқ. Енді оны жасаса қазақ, қырғыз, қарақалпақ – солар ғана жасауы мүмкін. Қазақ әдибиеттануындағы ең мықты еңбектер фольклористика саласында туды. Сейіт Қасқабасовтың прозалық фольклорға қатысты еңбектері, Едіге Тұрсыновтың фольклордың терең кететін тарихына байланысты еңбектері, Шәкір Ыбыраевтың өлеңдік фольклорға қатысты еңбектері еуропалық деңгейде жазылған еңбектер. Халық ауыз әдебиеті жайында ондай деңгейдегі еңбектер бізде жоқ. Сондықтан да Жамбылдың шығармашылығына баға берген кезде профессионалды жазба әдебиеттің тұрғысынан баға береді. Бірнеше ғасырлық тарихы бар ауыз әдебиетінің авторлары белгілі ақындық поэзиясының нүктесін Жамбыл қойды. Ең негізгісі осы. Қазақтың жазба әдебиетінде феномендік құбылыс бар. Ол Абай. Бірден Абаймен басталып кету деген бұл әлем әдебиетінде өте сирек кездесетін мәселе. Мысалы, Гогольді алуға болады, Гогольге дейін орыстың прозасы өте қарапайым болған. Ал, Гоголь келді де бірден биікке шығарды. Абайлық құбылысты Гогольдық құбылыспен салыстыруға болады. Ал, енді Жамбылды Абаймен салыстыратын құмарлық белгілі бір деңгейдегі сауатсыздықтан шығады,жазба профессионалды әдебиет пен ауызша әдебиеттің өзіндік поэтикасы бар. Суырып салма ақындар газет-журнал, радио, теледидар жоқ кезде халыққа көркемдік рухани қызмет етушілер болды. Олар шығармаларын газеттен, журналдан, кітаптан оқи алмайтын адамдарға арнап шығарды. Ол бірден айтылады, тыңдарман бірден қабылдайды. Ал, өте терең философиялық ойды қағаз бетінде жазып айту керек. Мысалы, Абайды мектепте, ЖОО, кейін өзің үшін оқисың, соның өзінде түсініп түбіне жете бермейсің. «Мынау тұрған Абайдың суреті ме, Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне» деп келетін Жамбылдың экспромт өлеңінен артық айта аламыз ба? Кісілік, кішіпейілдік тұрғыда да Жамбылға жете аламыз ба?
Әлімқұл Жамбыловтан естіп едім. 1943 жылы Жамбылдың ауылына М.Әуезоа, Қ.Сәтбаев, С.Мұхановтар келе қалды. Тәтем (Жамбыл) жаз жайлауда еді, колхоздың бастығы Тұрап аға (Мыржиев) мені шақырып алып «фермаға барып үш жуас ат ерттетіп әкел, жазушыларды тауға жәкеңе апар» деді. Жайлауда отырған тәтем қатты қуанып қарсы алды. Мұхтарды өте жақсы көруші еді. Мал сойылып ет асылып жатты. Мұхаң бір кезде тәтеме «Жеке, Абайды білесіз бе?» деді. Тәтем білемін деп нықтап айтты. Мұхаң «Абай қандай ақын?» деді. Тәтем ойланып отырып «Абай ақын емес» деді. Мұхаң қып-қызыл болып кетті. Тәтем ойланып барып «Ақын біз» деді. Мұхаі одан әрі түтігіп кетті. Тәтем тағы да аз отырды да «Абай ақындардың пайғамбары» деді. Мұхаң қуанып кетіп мол денесімен тұрып барып тәтемді құшақтап бетінен сүйді. Осы әңгімені Әлімқұл ағадан 5-6 жыл бұрын естіп едім. Қайтыс боларынан екі-үш ай бұрын, осы қыста арнайы барып, қайта сұрап жазып алғанмын. Көлемді қылып айтқан, бұл сығындысы ғана.
Айгүл: Абай мен Жамбыл. Құрдас аралары бір жасқа жетпейді. Қазақтың бас ақыны Абай жазба әдебиеттің, жазба поэзияның бас ақыны. Ал, Жамбыл біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан ауызша, импровизаторлық, жыраулық жырдың соңғы тұяғы. Қазақ асыл сөзінің екі арнаны бір-бірімен тікелей салыстыруға болады ма? Жамбылды Абаймен салыстыра отырып совет заманын жырлады ғой деп кінә тағуға дейін барамыз. Бұл пендешілік тек мынау біздің заманның құбылысы. Біз Абайды оқығанда міндетті түрде жазба әдебиет өкілі ретінде оқимыз. Абайдың сөзін оқу үшін кітап ашуымыз керек. Жамбылды түсіну үшін Жамбылдың айтысын тыңдауымыз керек. Жамбылдың өлеңдеңдерін құлақпен тыңдау керек. Кітаптан оқуға да мүмкіншілік бар. Дегенмен ауызша тыңдағанда әсері ерекше. Осы ретте Ғ.Мүсірепов былай деген: «Сол кезге көз салсаң Абай мен Жәкең бір мақсатқа, бір тілекке ақындықтың екі түрлі саласына өрлей аттаған сияқтанады: бірі жаңа әдебиет өнегесін жазу арқылы, бірі халықтың байырғы өнегесі суырып салма ақындық жолы»
Жамбылдың әйелдерге жазған жырларының бар екендігін білеміз. Бұл серіліктің көрінісі. Ақын сері болуы да қажет.Жамбыл бес уақыт намазын қаза қылаған сері болған шығар деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет