Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКА ПӘНІН



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

 
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКА ПӘНІН 
ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
 
 
Кадирбаев Ондаш Жалгасбаевич,  
Жумагулова Мурзагуль Ахетовна, 
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы, 
№ 96 Қарасақал Ерімбет атындағы қазақ  
орта мектебінің физика пәнінің мұғалімдері mirzagul96@mail.ru 
 
Болашақтың  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын 
алға сүйрейтін күш тек білімде ғана десек қателеспейміз. Қай елдің болмасын 
өсіп  өркендеуі,  өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы,  оның  ұлттық  білім 
жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты болып келеді. Білім берудегі ескі 
мазмұнының орнына жаңасы келуде. 

230 
 
Әлем  елдерінің  біразы  бұдан  45-55  жыл  бұрын  игерген  әдіс-тәсілдер  мен 
технология  бұл  күнде  әрбір  мұғалімнің  басты  құралы  болып  отыр.  Ал,  осы 
технология  дегеніміз  не,  осының  мағынасын  түсініп  алайық.  “Техно”  латын 
тілінен  алғанда  “шеберлік,  іскерлік  әдіс”  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни, 
технология – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі.  
Ал,  инновация деген  сөздің  қазақша аудармасы  “жаңару,  жаңалық” деген 
мағынаны білдіреді. Яғни, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, жаңа әдіс-
тәсілдерді,  амалдарды,  құралдарды,  жаңа  тұжырымдамаларды  жасап,  оларды 
қолдану деп анықтаған. Педагогикалық технология: 
1-ден,  білім  беру  үрдісінде  оқушының  өз  әрекетінің  құрылымы  мен 
мазмұны; 
2-ден,  алға  қойған  мақсатты  диагностика  арқылы  айқындап,  мақсатты 
орындап отыру жолын қадағалап отыру. 
3-ден,  оқыту  ісінің  тұтастығы,  оқушының  ынта-ықыласынан,  қабілетінен, 
өзі бетімен ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады. 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  кәсіптік 
адамгершілік  рухани  және  тағы  басқа  көптеген  ұстаздық  келбетінің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді  [1].  Сонымен,  жаңа  педагогикалық 
технологияның  ерекшеліктері  -  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны  жан-жақты 
дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық 
идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.  
Білім  саласындағы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін,  мектеп  ұжымында  әр 
мұғалім  күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  өзгерістерді 
сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық 
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. 
Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, 
адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. 
Өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі. 
Оқыту  мен  тәрбиелеуге  тың  әдіс-тәсілдер  енгізілді.  Нәтижесінде  тұтас 
педагогикалық  үрдістер  өзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  танылған  жаңа 
технологиялары  дүниеге  келеді.  Кез-келген  оқыту  технологиясы  мұғалімнен 
терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік  білімді,  үлкен 
педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына 
білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, 
жаңалықтарды  қабылдауға  даяр,  өз  әрекетіне өзгеріс  енгізе  алатын педагогтар 
ғана  бүгінгі  қоғамның  мүддесі  мен  әр  баланың  үрдісінен  шыға  алады.  Ойы 
жүйрік,  ақылы  жетік,  бәсекеге  қабілетті,  өзгерістерге  бейім,  жеке  тұлғаны  тек 
қана педагог қалыптастыра алады [2]. 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларын 
меңгеру  –  қазіргі  заман  талабы.  ХХІ  ғасыр  ақпараттық  технология  ғасыры. 
Қазіргі  қоғамдағы  білім  жүйесін  дамытуда  ақпараттық  –  коммуникациялық 
технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді  ақпараттандыру  және  пәндерді 
ғылыми  –  технологиялық  негізде  оқыту  мақсаттары  алға  қойылуда. 
Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді, 

231 
 
әрі  білікті  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады. 
Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан  –  жақты 
технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңның  11-бабының  9-
тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын 
қасиеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік,  қашықтан  оқыту, 
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану 
міндеті қойылған. 
Жаңа  ақпараттық  технологияларының  ішінде  ең  тиімді  технологияларға: 
оқытудың  компьютерлік  технологиясы,  мультимедиялық  технологиялар
презентациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиясы кіреді. 
Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау 
және  жинақтау,  оқушының  танымдық  әрекетін  бақылау  және  басқару  сияқты 
педагогтың  кейбір  функцияларын  модельдейтін  компьютерлік  техника, 
телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивтік программалық 
өнім  негізінде  жұмыстың  педагогикалық  шарттарын  жасау  тәсілдері,  әдістері, 
құралдар жиыны.  
Физика  сабағында  бұл  технологияны  «Функциянын  графигін  қарапайым 
түрлендіру»  тақырыбын  түсіндірген  кезде,  Интернет  желісін  пайдалана 
отырып,  On-line  түрде  функция  графигіне  қарапайым  түрлендірулерді 
көрсетуге болады. 
Сабақтың 
бекіту 
бөлімінде 
оқушыларға 
өзіндік 
жұмыстарын 
ұйымдастырған  кезде  жаңа  материалды  Интернет  желсін  пайдалану  арқылы 
толықтыруларына  мүмкіндік  жасалады.  Мұндай  әдістерді  сабақ  үрдісінде 
қолдану  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  ақпараттық 
мәдениеттілігін дамытады. 
Мультимедиялық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі 
мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивтік программалық жабдықтың 
басқарумен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. 
Қазіргі  таңда  қолға  алынып  отырған  компьютерлік  оқу  үрдісінде 
«интерактивтік тақтамен» жұмыс істеу. 
Бұл тақтаның тиімділігі мынады: 
- тез арада қайтарым байланыс болуын қамтамасыз етеді; 
-  қажетті  ақпараттық  материалдарды  жылдам  тауып  алуға  мүмкіндік 
береді; 
-  әрбір  жеке  тұлғаның,  білімін,  білік  іскерлігін  әрбір  тараулар  бойынша 
тексеруге, бағалауға болады; 
-  геометрияда  стериометрия  фигураларын  салуда  құрылғылардың 
тиімділігі. 
Интерактивтік  программаларды  немесе  әр  түрлі  анимация  құрастыру 
программаларын  «Кеңістіктегі  координаталар  және  векторлар»  тарауын  өткен 
кезде 
векторлардың 
қозғалыстарын, 
кеңістіктегі 
координаталардың 
бейнеленуін  көрсетуге  болады.  Геометрия  пәнін  оқыту  барысында  кеңістікте 

232 
 
фигуралардың  салыну  жолдарын,  жазықтықтардың  түзумен  қиылысу 
белгілерін,  т.б.  тақырыптар  бойынша  бейнелі  түрде  көрсету  мүмкіндігін 
пайдалануға  болады.  Сабақты  мультимедиялық  кабинетте  өткізу  барысында 
Net  Control  2  сыныпты  басқару  бағдарламасын  пайдалану,  білім  алушының 
пәнді  жетік  меңгеруге,  физалогиялық  мәдениеттін  дамытуға  үлкен  көмегін 
тигізеді. 
Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға 
жаңа  материалдарды  көрнекі  түрде  көрсету  құралы  болатын  болса,  екінші 
жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оларды қолдану 
процесін  де  жеңілдетеді.  Алдын  ала  жүргізілген  тәжірбиелер  презентациялар 
технологиясын  пайдалану  білім  алушылардың  оқуға  деген  ынталылығын 
арттырып,  сабақтың  қызықты  өтуін  қамтамасыз  етіп,  оған  дайындау  мерзімін 
қысқартады,  ең  бастысы  –  оқытушыларды  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
пайдалануға дағдыландырады.  
Презентациялық  технологияларды  физика  пәнін  меңгерту  барысында  MS 
Office  қолданбалы  бағдарламалар  пакетінде  MS  Office  Power  Point,  MS  Office 
FrondPage,  MS  Office  Publisher  бағдарламаларын  пайдаланып  иллюстрациялар, 
фотографияларды,  бейнелік,  дидактикалық  материалдарды  салып  жасалған 
презентациялар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады. 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  –  ақпараттық  коммуникациялық 
технологиялық  құралдар  және  ғылыми  негізделген  тәсілдер  арқылы  білім  алу 
формасы.  Бүгінгі  таңда  осы  технология  жетілген  елдерде  өте  көп  тараған. 
Қашықтықтан оқытудың артықшылығы: 
А) 
компьютерлік 
телекоммуникациялар 
оқу 
материалдарын 
тыңдаушыларға жылдам жеткізеді. 
Ә)  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялардың  барлық  қуатын 
оқытуға  да,  әрі  білім  алушылармен  кері  байланыс  жасауға  да  пайдалануға 
болады [3]. 
«Бұл  технология  елімізде  әлі  кең  таралған  жоқ,  өйткені  толыққанды 
қашықтықтан  оқыту  туралы  айту  үшін  оқу  орындарында  және  оқушының 
үйінде  де  жақсы  техникалық және программалық  құралдар болу  қажет» деген 
пікірлер айтылады. 
Қазіргі тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде, сондықтан 
компьютер  техникасына  қол  жеткізуге  болады.  Және  оны  Интернет  желісіне 
қосып, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы видео сабақтарды салуға, Веб-
чат  арқылы  есептерді  талқылауға,  Skуpе  арқылы  оқушыларға  сабақ  жүргізуге 
болады.  Оқулықты  электронды  кітап  түрінде  жасап,  әрбір  оқушының  ұялы 
телефондарына  жүктеп  беруге  де  мүмкіндік  жасалынады.  Осындай  әдістерді 
жасау қашықтықтан оқытуды толық пайдалану деген сөз емес, бұл қолда барды 
пайдаланып білім беруді үзбей жалғастыру деген сөз. 
«E-Learning» 
электрондық 
оқыту 
жүйесі 
қашықтықтан 
оқыту 
технологиясын пайдаланып білім беруге мүмкіндік жасайды. Мысалы, Әртүрлі 
себептермен  сабаққа  келмей  қалған  оқушылардың  өтілген  материалды 
компьютерден оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіншілік жасайды [4]. 

233 
 
Физика  сабағында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада қазіргі 
заман  талабына  сай  ақпараттық  технологияларды,  электрондық  оқулықтарды 
және  Интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде 
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады. 
Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастыру  қазіргі  таңда  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  ең 
көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. 
Физика  сабақтарында  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі: 
- Оқушының өз бетімен жұмысы; 
- Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
- Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
-  Шығармашылық  есептер  шығару  кезінде  физикалық  құбылыстарды 
түсіндіру арқылы жүзеге асыру; 
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
-  Қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстау  сезіну  немесе  құлақ  пен  есту 
мүмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың  таңғажайып  процестерімен  әр  түрлі 
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор [5]. 
Оқытушы  сабағында  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – 
коммуникациялық  технологияны  пайдалану  оқытудың  тиімді  әдістерінің  бірі 
деп ойлаймын. 
Сонымен, физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және 
дамытатын  негізгі  буын.  Ол  оқушылардың  интеллектін,  логикалық  ойлауын 
және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  табиғат  заңдылықтарын 
толығымен  түсінуге  ықпал  жасайды.  Физика  пәнінде  ақпараттық 
технологияларды  қолдану  пәнді  оқытуда  дүниенің  заңдарын  терең  меңгертіп 
қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне 
қажетті  мазмұны  мен  мәліметті  ақпарат  көзінен  таңдап  өз  бетінше  ойланып, 
шешім  қабылдауға  дағдыландырады.  Сондай-ақ  сабақ  өтуде  интерактивті 
тақтаны  қолдану  да  сабақ  тиімділігін  арттырады.  Компьютердегі  интернет 
жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін 
таңдап тікелей қолдануға болады [6]. 
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу 
курсының  ең  маңызды  бөлімдерін,  сонымен  бірге  есептер  жинағы, 
анықтамалар,  энциклопедиялар,  карталар,  атластар,  оқу  эксперименттерін 
жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау 
және  т.б.  білім  беруді  басқаратын  мемлекеттік  органдар  тағайындаған  арнайы 
статусы  бар  берілген  түрдегі  баспаларды  қамтитын  электрондық  оқу 
басылымы. 
Оқытушы  үшін  электрондық  оқулық  –  бұл  күнбе  -  күн  дамытылып 
отыратын  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір  оқытушы  өз 

234 
 
педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып,  әрі  қарай 
жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты 
түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады [7].  
Физика  курсының  механика,  динамика,  статика,  молекула  кинетикалық 
теория электродинамика, термодинамика, оптика, салыстырмалы теория негізі, 
кванттық  механика,  астрономиядағы  жалпылау  мәліметтер  бөлімдерінде 
қарастырылатын  заңдар  мен  формула  құбылыстарды  оқытуда  ильюстративті, 
демонстрациялық  материалдарды  пайдалану  оқушының  логикалық  ойлау 
қабілеті  мен  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады,сыныпта  білім 
алушылардың  белсенділігін  арттырады.  Оқытушылар  мен  білім  алушылар 
өзіндік  жұмыстар  жасау  нәтижесінде  интернет  ресурсын  пайдалануды, 
презентация жасауды интерактивті тақтаны пайдалану барысында ACTIVboard, 
ACTIVstudio  программасы,  қосымша  құралдары  активті  қалам,  ACTIVwand 
указкасы  және  ACTIVpanelpro,  ACTIVpanel-pro,  ACTIVslate,  ACTIVslateXR, 
ACTIVtablet,  ACTIVstudio2  немесе  ACTIVprimary  тақтасыз  (ACTIVboard 
көмегенсіз)  компьютерде  дайындауға  мүмкіндік  беретін  құрылғыларды, 
флипчарт - негізгі жұмыс аймағымен жұмыс жүргізуді үйренеді.  
Физика пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар: 
1. Физиканы оқытушы жақсы меңгеруі тиіс
2. Компьютер мен оның бағдарламаларын меңгеруі тиіс; 
3. Физикаға бейімі бар оқушылармен жеке өзіндік жұмыстар жүргізу; 
4.  Физиканы  оқыту  барысында  ақпараттық-комуникациялық  технология 
құралдарын пайдалануды; 
5.  Оқытудың  бұрынғы  және  жаңа  әдіс-тәсілдерінің  элементтерін 
пайдалануға; 
6. Физика кітабын оқытуды және одан мағлұматты алып көрсете білуге; 
7. Үнемі оқытушы өзінің білім деңгейін жетілдіріп отыруы тиіс [8]. 
Физика  сабағында  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
тұрғысынан тиімділігін арттыру - бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы 
оқыту  теориясы  мен  әдістеменің  педагогикалық  зәру  мәселесінің  бірі.  Оқушы 
қабілеті  дегеніміз  -  оның  педагогикалық  ықпал  аясындағы  білім  алу  әрекеті, 
жеке  тұлғаны  дамыта  оқыту  әдістері,  оның  шығармашылық  қабілетінің 
дамуына  әсерін  тигізеді.  «Қазақстан-2050»  атты  еліміздің  стратегиялық 
бағдарламасында  ұзақ  мерзімді  басылымдардың  ең  негізгілерінің  бір  жоғары 
интеллектуальды 
жастарды 
жан-жақтылыққа 
тәрбиелеу, 
олардың 
потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. 
Сондықтан,  ұстаз-мұғалімдер  қауымының  алдында  өте  үлкен  міндет 
жүктеледі.  Әрбір  өскелең  жастың  ішкі  резервін,  талант,  дарын  деп  аталатын 
үлкен  бір  психологиялық  міндетті,  орындау  жолында,  мұғалімнің 
жаңашылдығы,  патриоттығы,  іскерлік  т.б.  қасиеттеріне  байланысты  болады. 
Бүгінгі  таңда  ұрпаққа  пәнді  тиімді  ұғындырудың  бірі  -  жаңа  технология 
негіздері  болып  табылады.  Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үстінде 
пайдалану  үшін,  әрбір  мұғалім  өзінің  алдында  отырған  оқушыларының  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтың  мақсат-мүддесіне  байланысты, 

235 
 
өзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап  алады.  Жаңа  әдістерді  жүзеге  асыруда 
мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі,  өз  мамандығына  деген 
сүйіспеншлігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Омарбекова  Ш.О.  Жаңа  инновациялық  технологияның  тиімділігі.  // 
Инновации  в  образовании:  развитие  научно-методологического  потенциала 
высшей  школы:  мат-лы  респ.науч.-метод.конф.  –  Алматы,  30  марта  2012  г.,  - 
Ун. Междунар.бизнеса, Алматы, 2012. – С. 209-210. 
2.
 
Нурбекова  А.К.  Білім  беру  үрдісінде  жаңа  технологияларды  қолдану.  – 
05.12.2012 // http://bilimsite.kz 
3.
 
Л.Доллинер 
«Ақпараттық 
коммуникациялық 
технологияларының 
мәселелері және болашағы». Информатика негіздері, №3, 2010 ж. 
4.
 
Жұмашев 
Ж.Қ. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды 
математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі. – 08.09.2015 // http://sabaqtar.kz/ 
5.
 
Рахметуллаева 
Р.К. 
Электрондық 
оқулықтың 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологиядағы  алатын  орны  /  Қорқыт  Ата  атындағы 
Қызылорда  мемлекеттiк  университетiнiң  ХАБАРШЫСЫ.  -  №6  (38)  2012.  – 
Б.24-27. 
6.
 
«Физика  және  астрономия»  республикалық  ғылыми  -  әдістемелік 
педагогикалық журналы. 2012ж. №2. 
7.
 
Кембридж  университеті  бағдарламасының  негізінде  тренерлердің 
тәжірибе алмасу мастер-кластары. Алматы, 2014. 
8.
 
Бұзаубақова  К.Ж.  Физика  сабақтарындағы  оқытудың  инновациялық 
технологиялары: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: Жазушы, 2005.  
 
 
ЗАМАНАУИ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІМДЕРІ
 
 
Казахова Алтынай Есмырзаевна,  
Казахова Латипа Есмырзаевна, 
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ, 
орыс тілі мен әдебиеті және география пәні мұғалімдері 
 
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси  бағыты  атты  Жолдауында  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу 
үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек  деген  болатын.  Қазіргі 
әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына  сай  оқыту 
үдерісінің  орталық  тұлғасы  білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің  алған 
білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 
«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 
өзектілігін арттырып отыр. ҚР-сы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 
қаулысымен  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. 

236 
 
Бұл  Ұлттық  жоспар  –  білім  сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары.  Ал 
функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  –  адамның  өзін  қоршаған  ортамен 
қарым-қатынасқа  түсе  алу  қабілеті  және  сол  ортаға  мүмкіндігінше  жылдам 
бейімделе  білуі  мен  әрекеттесе  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  «Жақсыда  жаттық 
жоқ»,  «Өзі  жақсы  жігітке  екі  адамдық  орын  бар»,  «Жақсы  –  Ай  мен  Күндей, 
әмбеге  бірдей»  деп  даналық  байлам  жасаған  бабаларымыз  ұлан-ғайыр  даланы 
мұраға  алған  ұрпағы  кез  келген  ортаға  бейімделе  білуіне,  қандай  да  бір 
жұмысты  қиналмай  атқаруына  ерекше  ден  қойған.  Адамзаттың  данышпаны 
Абай  да:  «Зар  арынан  қашық  болуға,  пайдасына  ортақ  болуға  тілін,  оқуын, 
ғылымын білмек керек». Оның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. 
Сен  оның  тілін  білсең,  көкірек  көзің  ашылады  деген.  Олай  болса, 
функционалдық  сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі 
үшін  қажетті  деп  саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын 
қамтамасыз  ететін  білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығынан  құралады.  Ал  кең 
мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – 
ұлттың,  елдің  немесе  жеке  адамдар  тобының  мәдени  және  әлеуметтік 
дамуының  өлшемі.  Осындай  сапалық  сипаты  тұрғысынан  қарағанда 
функционалдық  сауаттылық  жеке  адамды  дамытудың  тетігі  ретінде 
қолданылады.  Заманауи  мектептің  ең  басты  міндеті  оқушы  өмірінің  барлық 
белеңдерінде  білім  алуға  деген  құлшынысын  қалыптастыру  үшін,  оған  әрбір 
қадамының  маңыздылығын  түсінуге  мүмкіндік  беруден,  тәсілдер  мен  таным 
көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады. 
Білім  беру  жүйесінде  білім  алушылардың  оқу  қажеттіліктері  нақты 
білімнің  мәнін  түсінуге,  соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-  әрекетке  енуге  және 
жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады. 
Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  әлеуеттік  мүмкіндіктермен  келеді. 
Сондықтан олардың функционалдық ересектерге арналған, жалпы және кәсіби 
білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы 
адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға 
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім 
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениетті адамына» 
бағытталған білімге көшуді көздейді. Сондықтан да білім беру жүйесінің жаңа 
форматының  басты  мақсатының  бірі  –  білім  алушылардың  еркіндігін, 
белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінде  шешім  қабылдауға  дағдыландыру. 
Деңгейлік  оқыту  бағдарламасы  аясында  оқыту  нәтижелеріне  қол  жеткізуді, 
алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдана  білумен  қамтамасыз  ететін  сындарлы 
ойлау  және  логикалық  ойлауды  дамыту  үшін  жаңаша  әдістер  қарастырылған. 
Бұл  оқыту  теориясы  оқыту  үрдісінде  функционалдық  сауаттылықты 
дамытудың  негізгі  механизмдерін  жүзеге  асыруда.  Ол  –  оқыту  әдістемесі  мен 
мазмұнын  түбегейлі  жаңарту,  яғни,  мектеп  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін 
мұғалім  білім  алушының  бойына  алған  білімін  практикалық  жағдайда  тиімді 
және  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  пайдалана  алатындай  негізгі 

237 
 
құзыреттіліктерді  сіңіруі  керек.  Олар:  басқарушылық  (проблеманы  шешу 
қабілеті);  ақпараттық  (өз  бетінше  ақпараттар  көздер  арқылы  үнемі  білімін 
көтеріп  отыруы);  коммуникативтік  (қазақ,  орыс,  ағылшын  тілінде  ауызша, 
жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-
әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға 
қажетті  білім,  білік,  дағдыларды  игеру);  азаматтық  (қазақ  халқының  салт-
дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, өзінің азаматтық парызын 
түсінуі);  технологиялық  (түрлітехнологияларды  сауатты  пайдалануы).  Білім 
алушы осы айтылған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді 
меңгеруі  тиіс.  Тұлға  құзіреттілігін  дамыту  –  ұстаздың  құзіретті  тәсілдерді 
меңгертуі,  білім  беру  мазмұнын  жетілдіруінде.  Оның  бастысы  –  оқу  үрдісін 
жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын 
жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету.  
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттырудағы, 
сындарлы  ойлантудағы  –  оқу  нәтижелерін  бағалау  жүйесін  жаңарту  маңызды 
рөлді  атқарады.  Яғни  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  білім-түсіну-
қолдану-жүйелеу  жинақтау  сияқты  өлшемдер  бойынша  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың  жаңа  тәсілдерін  біртіндеп  білім  беру  ұйымдарына  енгізу.  Білім 
алушының  оқу  үрдісінде  алған  білімдерін  келешекте  қолдану  үшін  олардың 
қандай  деңгейде  екендігін,  яғни  өзінің  біліміне  өзі  сындарлы  баға  беруге 
көмектесіп  қана  қоймай,  өз  проблемасымен  жеке  қалмай,  қолдау  арқылы 
шешімін  табуда  маңызды.  Адамның  өзінің  өзіне  беретін  бағасы  әрекетке 
ынталандырады  және  оның  тиімділігін  арттырады.  Өзіндік  бағаның 
мотивациялық  -  психологиялық  тұжырымдамасы  жетістіктерге  деген 
қызығушылықты  өзіндік  бағалаудың  жүйесі  ретінде  қарастырады.  Өзіндік 
бағалау адамның көңіл - күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін - өзі 
ұмытуына байланысты.  
Ал оқыту үдерісіндегі кері байланыс білім алушылардың өз істерінің мәнін 
түсіну,  олар  туралы  ойлану  барысында  өзіне  өзінің  нені,  қалай  жасағаны 
туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа 
алған  ережелер  мен  кестелерді  мойындауы  не  жоққа  шығаруы.  Оқыту 
барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр 
түрлі  формаларын  жиі  қолдануды  мақсат  ету,  ол  сабақ  соныңда  асығыс 
атқарыла  салмай,  білім  алушыларға  байыппен  ойлануға  мүмкіндік  беретіндей 
етіп үйымдастырылуы шарт. 
Рефлексивті  орталық  тұлғаның  шығармашылық  еркіндігі,  ол  - 
дамытушылық  қарым  -  қатынас  жүйесі.  Мұндай  ортаның  барлық 
қатысушылары ашық бірлескен әрекетті бірлесе талдау арқылы өздерінің ішкі 
«қорларын»  ашуға  мүмкіндік  алады.  Рефлексиялық  орта  дамытушылық, 
дамушылық  қарым  -  қатынастар  жүйесі  болып  табылады.  Рефлексиялық 
мәдениетті  дамытудың  қазіргі  кездегі  мәнінің  артуы  әр  түрлі  инновациялық  - 
гуманистік  әдістердің  пайда  болуына  әкелді.  Дегенмен  олардың  ішіндегі  екі 
негізгі  түрін  бөліп  қарауды  жөн  көрдім.  Олар:  ойын  және  тренинг  әдістері. 
Ойын  әдістеріне  инновациялық  ойындар,  ұйымдастыру  -  әрекеттік  ойындар, 

238 
 
ұйымдастырушылық  -  білімдік  ойындар  жатады.  Қазіргі  білімдік  мақсаттарға 
сай  білім  алушыны  рефлексия  жасауға  дағдыландыру  білім  алушылардың 
басты  міндеттерінің  бірі  болғандықтан,  ол  -  сабақтың  да  негізгі 
компоненттерінің  бірі  болуы  тиіс.  Рефлексивтік  іс  -  әрекет  оқушыға  өзіндік 
талдау  кезінде  ғана  байқалатын  өзіндік  жеке  дара  ерекшеліктерін  тануына 
мүмкіндік  туғызады.  Білімді  саналы  түрде  өзіндік  қорыту,  яғни  рефлексия 
нәтижесінде  ғана  жүзеге  асады.  Рефлексия  нәтижесі  дегеніміз  -  міндеттерді 
шешу тәсілдерін түсіну. 
Сондықтан  да  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  жетілдіруде 
білім  алушылардың  сыни  ойлай  білу  және  өзіндік  жұмыс  істей  білу 
қабілеттілігі  мұғалімнің  жаңа  идеяларды  тудыруға,  сабақ  үдерісін  одан  әрі 
дамытуда  маңызы  зор  болып  табылады.  Осылардың  бәрі  –  тұлғаның  кәсіби 
тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  2012  жылғы  14 
желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
2.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 
3.  «От  педагогического  опыта  к  педагогической  рефлексии»  Методические 
рекомендации  по  организации  и  проведению  педагогических  мастерских, 
Н.Задорожная, И.Низовская-Бишкек, 2011г 
4.  «Мұғалімге  арналған  нұсқаулық»  Үшінші  (базалық)  деңгей,  «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана, 2012. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет