Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ОҚШАУ СӨЗДЕР



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ОҚШАУ СӨЗДЕР

Қазақ  тіл  білімінде  «оқшау  сөздер»  деген  терминмен 

қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді атап жүрміз. Бұл категория 

– қай заманда да көркем әдебиет тіліне тән нәрсе. Сондықтан 

әңгіме  етпеуге  де  болар  еді.  Бірақ  синтаксистік  қызметі 

жағынан сөйлем мүшелерінен оқшауланып шығатын элемент-

тер поэзия тілі мен көркем проза (тіпті жалпы проза) тілінде 

бірдей  емес,  оның  үстіне  ілгеріректегі  қазақ  поэзиясының 

синтаксисінде оқшау сөздердің қатысуы қазіргіден әлдеқайда 

солғындау болғанын көреміз. Оқшау сөздердің қатысуы, бір 

жағынан,  әдеби  үлгінің  жанрына  да  байланысты.  Ал  Абай 

өлеңдерінің синтаксистік жағынан күрделеніп келуін

124

 жеке 


сөз  етуге  болады  деп  ойлаймыз,  Өйткені,  біріншіден,  Абай 

өлеңдерінің  едәуірі  лирикалық  геройдың  атынан  беріледі 

де  ол  герой  өзінің  күйініш-сүйінішін,  айтпақ  ойының  кімге 

арналғанын т.т. оқшау элементтер арқылы білдіріп отырады. 

Сондықтан Абай өлеңдерінде қаратпа мен қыстырма сөздер 

сан  жағынан  едәуір  мол  екені  көзге  түседі.  Қаратпа  сөздер 

– қазақ поэзиясында бұрыннан да жиі кездесетін категория. 

Бірақ Абайдан бұрынғы әдебиетте қаратпалардың дені адам, 

халық болып келетін. Жанды заттардан көбінесе жылқы, бүркіт 

тәрізділерге ғана қарата айту кездесетін, ал жансыз, әсіресе 

абстракт  ұғымдарға  қарата  айту  қазақтың  ауыз  әдебиетінде 

де (поэзияда), Абайға дейінгі көркем әдебиетінде де өте си-

рек болатын (бұл салада ең жиі ұшырасатыны – қызыл тілге 

қарата  айту  екенін  көреміз).  Абай  дәстүрлі  қаратпалардан  – 

адамдар, «Құдай», «Тәңір», «халық» («Қазағым, қалың елім, 

қайран  жұртым»),  «қызыл  тіл»  сияқтылардан  басқа  жүрек, 



көңіл, қол, тұла бой, сөз тәрізді дерексіз заттарды да пайдала-

нады. Сірә, абстракт ұғымдарды қаратпа сөз ету – кең жанр-

лы, алуан тақырыпты күрделі жазба әдебиеттің жемісі. Тіпті 

Абайда ажалрахат тәрізді ұғымдарға да қарата айту бар:

124 

Орыс  тіл  білімінде  сөйлем  құрамына  оқшау  сөздердің,  бірыңғай  мүшелердің 



қатысуын сөйлемнің синтаксистік жағынан күрделенуі (синтаксически осложненные 

предложения) деп алынып жүр.

352

Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем, 

Енді өзіме шақырдым, ажал батыр (II, 98). 

Рахат, мені тастап қоймадың тыныш (II, 106).

Көңіл, жүрек, тіл тәрізді кейбір абстракт ұғымдарға қарата 

айтуды Абай өте жиі қолданған: біресе ол көңліне тоқтау айта-

ды (Сап, сап, көңлім, сап, көңлім), біресе көңлін шарықтауға 

шақырады (Сергі, көңлім, сергі енді), біресе көңлімен сырла-

сады (Өзгеге, көңлім, тоярсың; не іздейсің, көңлім, не іздейсің) 

т.т. Негізгі құралы өлеңі – қызыл тілі болғандықтан, Абай ойын 

осы тілге жеке күйінде де  (Тілім,  саған  айтайын),  эпитеттер-

мен  келген  күрделі  күйінде  де  (Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл) 

көбірек  қарата  айтады.  Осының  барлығы  Абай  өлеңдерінде 

синтаксистік жағынан күрделенген конструкциялардың едәуір 

мол ұшырасуына себепкер болған.

Қыстырма  сөздер  де  бұрынғы  қазақ  поэзиясында  аса  ак-

тив элементтер болмағанын көреміз. Әсіресе автордың айтпақ 

ойына  өз  басының  әр  алуан  қатысын  білдіретін  сөздер  мен 

тіркестер,  яғни  модальдық  реңктің  лексика-грамматикалық 

элементтермен берілуі де әдеби үлгінің жанрына және әдеби 

тіл  дәстүріне  тікелей  байланысты.  Абай  сөз  иесінің  (өзінің 

немесе  Татьяна,  Онегин  т.б.  тәрізді  геройларының)  өкінішін, 

күмәнін, қапалығын білемін, білмеймін, кім біледі, не керек, не 

лажы, не шара, әлбетте, қайтейін, қайтесің тәрізді қыстырма 

сөздермен білдіреді:



Кім біледі, сен кәпір 

Баяндыдан сөндің бе? (I, 176) 



Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма? (I, 71)

Көнбеді жұрт, не лажы (І,141).

Қыстырма сөздер, әсіресе, Татьянаның хаты сияқты адамның 

ішкі  сезімін  баяндайтын  шығармаларында,  жалпы  аударма 

өлеңдерінде жиірек кездесетінін көрсетеміз. «Татьянаның хат-

тарынан»:



Амал жоқ, қайттім білдірмей...

Сау болмас ем, әлбетте...

Қожам сенсің, не керек... 


353

Қылды мазақ, не шара... 



Құп білемін, сізге жақпас...

Одағайлар  да  модальдық  қызмет  атқарып,  айтылған  ойға 

автордың әр алуан қатынасын білдіретіні мәлім. Қазақ өлеңін- 

де  одағайлардан  әсіресе  қаратпа  реңк  беретін  әй,  ей  тәрізді- 

лері жиі қолданылып келген болатын. Мысалы, эпостық жыр- 

лар  мен  XV-XIX  ғасырлардағы  қазақ  ақындарының  өлең- 

деріндегі:

Ай, Абылай, Абылай...

Уа, сен Қанжығалы Бөгембай...

Ей, айтшы, Алланы айт... (Бұхар жырау).

Әй, қыңыр ер, қыңыр ер (Жиембет жырау).

Ей, Қатағанның хан Тұрсын (Марғасқа).

О, Барақ жас, Барақ жас (Дулат).

О, Кеңесбай мырза, сөз тыңда (Дулат).

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс...

Әй, Махамбет, жолдасым (Махамбет), –

т.б.  жолдар  қаратпа  одағайлармен  келген.  Бұлардың  қаратпа- 

лық  реңкі  қаратпа  сөздермен  қатар  келгенінен  де  танылады.  

Ал қалған одағайлардың өлеңді сөйлемде келуі бұрын кемде-

кем болатын.

Абай бұл салада да оқшау тұрады. Ол әртүрлі көңіл-күйін 

білдіретін  япырмау,  япырмай,  хош,  ойбай,  Құдай-ау  тәрізді 

одағайларды  едәуір  жиі  қолданған  да,  керісінше,  жоғарғы 

көрсетілгендей  қаратпа  одағайларды  сирек  пайдаланған. 

Абайдың қаратпа сөздері әрдайым дерлік одағайсыз беріледі. 

Біздіңше, сірә, әй, ой, ай, ей тәрізді одағайларды қаратпа сөзбен 

қатар келтіру – ауызша толғанатын әдебиетке тән тәсіл. Жыр-

лаушы тыңдаушының назарын аудару үшін ерекше интонаци-

ямен айтылатын одағайларды немесе одағай типтес «бұлғыр, 

бұлғыр, бұлғыр тау», «ауан, ауан, ауан су» тәрізді қайталама 

тіркестерді сөз басына келтіреді. Уа одағайын қоспай-ақ, «Сен, 

қанжығалы  Бөгембай»  деп  бастаса  да,  буын  саны  да  дұрыс 

келер  еді,  айтылмақ  ой  да  бұзылмас  еді.  Бірақ  ертеден,  ауыз 

әдебиетінен дәстүрге айналған тәсіл – одағайды тіркеп көңіл ау-

дарту тәсілі жеке ақындар тілінен де орын алған. Одағайлардың 



354

кейде  буын  өлшеміне  қатысатын  сәттері  болады.  Мысалы, 

«Әй, Махамбет, жолдасым» дегенде, әй одағайы назар аудар-

тумен  қатар,  буын  санын  жетеуге  жеткізу  міндетін  атқарып 

тұр. Жаңа жазба әдеби тілдің үлгілерін ұсынған Абай бұл көне 

тәсілді, яғни ауызша айтып, «құлақша» тыңдату тәсілін әдейі 

пайдаланбағанға  ұқсайды.  «Сөз  түзелді,  тыңдаушы,  сен  де 

түзел» деген сөзін ұлы ақын тыңдаушыдан гөрі оқушыға ар-

найды. Әй, ай-ларсыз-ақ негізгі айтылмақ ойға оқушы назары 

өлең  мазмұны  арқылы  аударылатынына  Абай  сенген  тәрізді. 

Бұл  да  –  Абайдың  ауыз  әдебиеті  дәстүрлерінен  ілгерілеген, 

алшақтаған, жаңа жазба әдеби тіл тәсілдерін іздеген сәттерінің 

бірі болса керек.

Оңашаланған айқындауыш мүше формальдық классифика-

ция бойынша оқшау сөздерге жатпаса да, біз осы жерде Абай 

текстерінде  бір-екі  жерде  кездесетін  бұл  категорияны  талдай 

кетелік.

Жалпы оңашаланған айқындауыш – қазақ әдеби тілінде, біз- 

дің  байқауымызша  және  кейбір  мамандардың  топшылаулары 

бойынша


125

,  синтаксистік  категориялардың  ішіндегі  кейінгі  

кезде  ғана  өріс  алған  амалдардың  бірі,  өйткені  қазіргі  қазақ 

тілінің  нормативтік  грамматикасын  баяндаушылар  бұл  кате- 

горияның  қазіргі  әдеби  тілімізде  бар  екенін  жан-жақты  көр- 

сеткенмен, оның даму тарихын еш жерде айтпайды, ал берілген 

мысалдар үнемі дерлік проза тілінен, оның ішінде де көбінесе 

көркем  әдебиет  емес,  өзге  стильдерден  екені  байқалады»  Біз 

осы  категорияны  іздеп,  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясын  шо-

лып өткенімізде, оны таба алмадық. Абайдың өзінде де бұл тек 

аударма  өлеңдерінде  орыс  тілі  синтаксисінің  ізімен  берілгені 

көрінеді. Лермонтовтан аударылған «Жалау» өлеңінде:

Қарашы ол, бүлік, Құдайдан

Сұрайды дауыл күні-түн (II, 144), – 

деген жолдары орысша:

А он, мятежный, просит бури, 

Как будто в бурях есть покой (Лермонтов. I, 306), –

деген жолдардан алынған. Мұндағы ол деген есімдіктің бүлік де-

125

 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1961. - 128-б.



355

ген сөз арқылы айқындала түсуі – бұрынғы қазақ синтаксисіне 

тән емес, ол он, мятежный деген орысша құрылымның ізімен 

беріліп тұр. Сол сияқты «Бородинода»:

Ондағы біздің адамдар

Сендердей емес, балаңдар (II, 70), –

дегенінде  балаңдар  сөзі  –  сендер  сөзінің  оңашаланған  ай- 

қындауышы.  Орысша  «вы,  нынешнее  племя»  дегеннің  аудар- 

масы.  Прозамен  берсек:  ондағы  адамдар  сендер,  балаңдар  



емес (немесе сендердей, балаңдардай емес) болар еді.

Оңашауланған  айқындауыш  категориясын  Абай  қабылдау 

потенциясын батыл түрде көрсеткен дей аламыз. Кейін, соңғы 

30-40 жыл ішінде, әсіресе әдебиеттің өзге жанрлары дамыған 

кезде  және  орыс  тілінен  аударма  тәжірибесінің  күшейген 

тұсында,  бұл  категорияның  тілімізде  нормаға  айналғанын 

айтуға болады.


356

ҰЙҚАС ЖӘНЕ ӨЛЕҢ СИНТАКСИСІ МЕН СТИЛІ

Аяққы  ұйқасқа  алынған  сөздердің  атқаратын  рөлін  зерт- 

теушілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына 

сай  өзге  рөлдерімен  (мысалы,  ырғақты  күшейтіп,  тармақ 

жіктерін  ажырататын  т.б.)  қатар,  оның  көркемдік-бейнелеу 

құралы  ретінде  де  мәні  бар  екендігі,  яғни  өлеңдегі  негізгі 

айтылмақ ойды білдіретін сөздер ұйқастырылатындығы айты-

лады. Дәлірек айтсақ, ұйқастырылған сөздерге интонациялық 

екпін  түседі  де  ол  сөзге  оқушының  көңілі  аударылады

126


сондықтан  ақын  «эң  мықты,  салмактуу,  уккулуктуу  сөздерин 

рифма  системасына  қийирып,  толук  дабыштык  үндөштүкта 

құруға умтулушат»

127

. Зерттеушілердің барлығы дерлік В.Мая- 



ковскийдің ұйқасқа ерекше мән бере жазған: «...Я всегда ставлю 

самое характерное слово в конец строки и достаю к нему риф-

му во что бы то ни стало» деген сөздерін цитат етіп келтіреді.

Демек, біздің бұдан түйетініміз – ұйқасқа алынатын сөздер 

кездейсоқ болмайтындығы, олар шумақтың немесе өлең бөлік- 

терінің  негізгі  мағынасын  аша  түсетін  сөздер  болуға  тиісті 

екендігі.  Яғни  ұйқастың  өлең  мазмұнына,  идеясына,  стиліне 

тікелей  қатысты  екендігін  біз  де  баса  көрсетеміз.  Соған 

орай  ұйқастырылатын  сөздердің  сипаты  (қай  сөз  табы)  мен 

тұлғасының  қандай  екендігінің  үлкен  мәні  бар  және  ұйқасқа 

алынған  сөздердің  өлең  синтаксисіне  тікелей  әсері  бар.  Бұл 

жайт  қазақ  филологиясында  (тіпті  өлең  құрылысы  жайын-

да жазылған біз танысқан өзге түркі филологиясында) мүлде 

арнайы сөз болған емес. Егер тиіпқашты сөз болса, ол етістік 

ұйқастар жайында болып келеді. Біз Абай өлеңдерінің негізінде 

ұйқастық  өлең  синтаксисіне  және  өлең  стиліне  тікелей 

қатысын  талдамақпыз.  Бұл  мәселе,  бір  жағынан  қарағанда, 

жеке  қаламгер  талғамын  тану  саласына  да  жатады,  өйткені 

ұйқас пен өлең мазмұнының гармониясын кез келген ақын кез 

келген шығармасында принцип етіп ұстана бермейді.

126

 Тимофеев Л. Стих и проза. - М., 1938. - С.157; Ахметов 3. Көрсетілген кітап. 

111-123-б.;  Хамраев  М.  Основы  тюркского  стихосложения.  -  Алма-Ата,  1963.  - 

С.25.

127


 Рысалиев К. Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - 61-б.

357

Абай  да  айтпақ  ойы  үшін  «ең  салмақты»,  яғни  образды 

сөзді тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұй- 

қастырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар шығармасының кей-

де түгел өн бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір заман- 

дастарының жағымсыз бейнесін суреттеген. Адам баласының 

мінез-қылығын  жағымсыз  жақтан  көрсететін  сөздердің  бір 

тобы  –  еліктеуіш  және  бейнелеуіш  сөздер  немесе  солардан 

жасалған  туынды  сөздер.  Сондықтан  Абай  «Қазағым,  қалың 

елім,  қайран  жұртым»  тәрізді  өлеңін  бастан-аяқ  қыртың, 



бұртың,  қиқым,  тырқың,  жыртың  сияқты  жағымсыз  об-

разды  сөздердің  ұйқасына  құрады,  «жібі  түзу»  мәнді  сөздер 



(жұртым, ұртың, мұртың, құлқың, жылқың т.т.) алдыңғы об-

разды сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі 

идеясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз ау-

зына  мұрты  түскен»  замандастарының  жағымсыз  сипатын 

көрсетуге ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн 

бойына созылған моноұйқаста (бірөңкей ұйқаста) бейнелеуші 

сөздердің дәйім келіп отыруы осы сөздерге оқушы назарын ау-

дартады,  өйткені  бұлар  тармақ  соңында  тұрғандықтан,  пауза 

жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі. 

Тағы бір мысал келтірейік. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден 

жасалған  етістіктерді  көсемше  тұлғасына  қойып  ұйқасқа 

қатыстыру  арқылы  автор  «Болыс  болдым,  мінекей»  өлеңінде 

өз  тұсындағы  болыс,  ояз,  пысықтардың  жағымсыз  портретін 

әсерлі етіп дәл береді:

Күн батқанша шабамын,

Әрлі-берлі далпылдап.

Етек кеткен жайылып,

Ат к... жалпылдап.

Оязға жетсін деген боп, 

Боқтап жүрмін барқылдап. 

Кейбіреуге таяғым 

Тиіп те кетті бартылдап.

Пысықтың көбі бұғып жүр

Беттесе алмай шаңқылдап...

Елі жөнді болыстар 


358

Мақтанып жүр тарқылдап...

Елің бұзық болған соң,

Ояз жатыр шартылдап.

Табаныңнан тозасың

Құр жүгіріп тарпылдап (I, 80, 81).

Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында «жағымсыз» 

реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы, ыржақтау, далақтау, 



бос  салақтау,  бұтып-шату,  Құдай  ату  т.б.  сөздер  «оңған» 

қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды салса 

баптап»  және  «Байлар  жүр  жиған  малын  қорғалатып»  деген 

өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде «өзі алмай-

тын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға қоса жіберіп 

жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ замандастарын 

бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай 

құмар қылып қойған» замандастарын суреттейді. Екеуінде де 

ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге ұйқасқа алынған сөздерді 

қатыстырған.

Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге 

көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алынған сөздері мен өлең (не-

месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа-

тады.  Мысалы,  «единица  –  жақсысы,  ерген  елі  –  бейне  нөл, 

единица  кеткенде,  не  болады  өңкей  нөл?»  деген  идеяны  бір 

өлеңнің өзегі еткен Абай, алдымен, орыстың осы сөзін (ноль) 

образ-стилема  етіп  қазақ  әдеби  тіліне  енгізеді,  құр  енгізіп 

қоймайды, оған негізгі ой екпінін түсіруді көздейді, сондықтан 

да  оны  екі  рет  тармақ  соңына  шығарып,  36  жолдық  тұтас 

өлеңнің бастан-аяқ ұйқасын осы сөзге құрады. Сөйтіп, нөл сөзі 

ерекше таныла түседі, өлең идеясының өзегін таныта түседі.

Тағы  бір  мысал.  Абай  философиялық  ұғымдарды  сөз  ет-

кен  бірқатар  өлеңдерінде  -мақ  жұрнағымен  келген  сөздерді 

ұйқасқа  шығарады,  ал  -мақ  аффиксті  тұлға  Абай  тілінде  аб-

стракт  ұғымдарды  жасауға  актив  қатысады.  Демек,  -мақ 

жұрнақты  абстракт  есімді  ұйқасқа  қатыстыру  арқылы  автор 

сол шығарманың философиялық, яғни абстрактық тақырыбын 

таныта түседі:

Сағаттың шыңылдағы емес ермек, 

Һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.



359

Бір минут бір кісінің өміріне ұйқас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек (I, 201).

Ал  мына  шағын  өлең  –  тұтасымен  тұрған  философия, 

ұйқасқа «философиялық» (абстрактық) сөздер шығарылған:

Тоты құс түсті көбелек

Жаз сайларда гулемек.

Бәйшешек солмақ, күйремек

Көбелек өлмек, сиремек.

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

Әркімді заман сүйремек.

Заманды қай жан билемек? 

Заманға жаман күйлемек, 

Замана оны илемек (I, 243).

Үшінші бір мысал тағы келтірелік. Абайдың «Сұлу аттың 

көркі – жал» деген 8 жолдық кішкене өлеңі белгілі. Мұндағы 

объект – Көжекбай деген көршісінің Рахымшал деген тентек 

баласы.  Ақын  тыңдаушы  (оқушы)  назарын  осы  объектісіне 

тікелей аудару үшін ұйқасқа Рақымшал деген сөздің өзін ала-

ды да оған жал, мал, бал, бар, ал (алдындағы сөздерімен қоса) 

сөздерін ұйқастырады.

Абай поэзиясында етістік ұйқастар негізгі басым топ емес 

екені байқалады. Мұнда етістік ұйқастармен қатар, өзге сөз тап-

тары, тіпті бұрынғы қазақ поэзиясында көп қолданылмайтын 

морфологиялық  тұлғалар  жиірек  кездеседі.  Бұның,  біздіңше, 

бірнеше  себептері  бар.  Әрине,  Абай  «исі»  етістіктен  қашқан 

жоқ. Жоғарыдағы байқауымызға қарағанда, ұйқасқа қай сөздің 

алынуы  көп  сәтте  өлеңнің  тақырыбына,  объектісіне  және 

стиліне байланысты болып келеді. Егер өлең тақырыбы әр алуан 

ішкі толғаныс болса, ақын оқушы назарын қимыл-қозғалысқа 

емес,  өзге  объектілерге  аудартады,  сондықтан  да  Абайдың 

лирикалық,  философиялық  тақырыптағы  өлеңдерінде  етістік 

ұйқастар кемде-кем. Керісінше, белгілі бір оқиға, іс-әрекет ту-

ралы  жырланса,  етістік  тармақ  соңына  шығарылып,  ұйқасқа 

қатыстырылады.



360

Жалпы  етістік  ұйқасқа  зерттеушілер  назары  көбірек  ау-

дарылып  келеді.  Орыс  филологиясында  етістік  ұйқас  өлеңге 

динамикалық,  экспрессивтік  реңк  беретіндігі  көрсетіледі. 

А.Пушкиннің «Евгений Онегиніндегі» етістік ұйқасты болып 

келген кейбір шумақтарын талдай келіп, Н.С.Поспелов: «Оби-

лие  глагольных  рифм  в  строфе...  придает  характер  яркого  и 

живого изображения разнообразных действий»,

128

 – деген пікір 



айтады. Бірақ, біздіңше, бұл қорытындыны қазақ өлеңіне тұп-

тура көшіре салуға болмайды. Қазақ (жалпы түркі) тілінің өз 

табиғатына, яғни сөйлем мүшелерінің орналасуы мен оның әр 

алуан  тұлғаларының  қызметі  орыс  тілінен  өзгеше  екендігіне 

байланысты, етістік ұйқастардың күллісі өлеңге динамикалық 

реңк бере бермейді.

Қазақ  тіліндегі  етістік  ұйқастарды  олардың  атқаратын 

стильдік қызметіне қарай біз екі топқа бөлер едік. Бірі – ашық 

рай  тұлғасында  қолданылғандар,  екіншісі  –  өткен  шақ  (-ып 

жұрнақты) көсемшенің жіктік жалғаусыз қолданылған түрлері 

мен өзге райлардағы етістік тұлғалары.

Сірә, түркі поэзиясында етістік ұйқас басым болып келгені 

мәлім, қазақ поэзиясына да аффиксті ұйқастар (оның ішінде, 

әрине, ашық райдағы етістіктерінде) ең жиі қолданылған ұйқас 

түрлері болып келген

129


. Біздің байқауымызша, ашық райдағы 

етістік ұйқастар эпостық жырларда жиі қолданылады. Бұларда 

белгілі бір оқиға, іс-әрекет баяндалады, демек, баяндау стилі 

басым болады. Ал баяндау стилі үшін ең қолайлы және инто-

нациясы мен синтаксисі жағынан баяндау мәнеріне сай келетін 

құрылыс  баяндауыштың  сөйлем  соңында  (демек,  тармақ 

соңында)  тұруы  болады.  Мысалы,  «Қобыланды  батыр»  жы-

рында белгілі бір оқиғаны (ұрысты немесе Тайбурылдың ша-

бысын,  геройлардың  жүріс-тұрыс,  іс-әрекетін  т.т.)  баяндаған 

жерлері  ашық  райдағы  етістік  ұйқастарға  құрылған:  «Сөзге 

сынық қылдың деп» басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан 

қорқып,  алдынан  шыққан  Құртқаның  қимыл-әрекетін 

баяндаған жер былайша берілген:

128


 Поспелов Н. С. Көрсетілген кітап, 92-б.

129


 Ахметов3. Көрсетілген кітап, 139-б.

361

Шыдай алмай қыз Құртқа

Және ашты жабықты.

Жабықтан көзін салыпты.

Салса ерді таныпты...

Батырдан Құртқа қорыққан соң,

Төмен қарап жер шұқып,

Өксіп жылап қамықты.

Енді Құртқа сасады,

Бетінен қаны қашады.

Оң етегін басады,

Сасқан емей немене,

Аш күзендей бүгілді,

Құртқа жаннан түңілді...

(«Батырлар жыры», 1963, I том, 49-бет).

Мұнда  –  түгел  етістік  ұйқастар.  Оқиғаның  өзі  әлдеқай- 

да экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло- 

гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңын- 

да  және  ашық  райда  берілген.  Тіпті  атақты  Тайбурылдың  

шабысын суреттеген жерде де:

Бұған Қобылан қуанып,

«Шырағым, бурыл, шу!» – деді.

Құбылып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі.

Адырды көзі көрмеді.

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі... (Сонда, 73-бет) –

түрінде бастан-аяқ ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған. 

Етістіктердің әрбір тармақ сайын ұйқасып желдірмелетіп келуі 

текст мазмұнымен қосылып, динамикалық реңк беріп тұрғаны 

да байқалады, бірақ Тайбурылдың шабысын баяндау реңкі ба-

сым. Өйткені:


362

Басынан Қаратаудың көш келеді,

Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді. 

Айрылған қарындастан жаман екен, 

Мөлтілдеп қара көзден жас келеді, 

деген тармақтарда да етістік ұйқастар тармақ сайын (төртеудің 

үшеуінде)  берілген,  бірақ  мұнда  динамикалық  қозғалыс  жоқ, 

тек  ел  басына  түскен  қиыншылық  заманды  баяндау  бар.  Де-

мек,  бұдан  ашық  райдағы  етістіктердің  қатарынан  ұйқас 

құрауының тек жалаң фактісі динамикалық іс-әрекетті білдіре 

бермейтіндігін байқаймыз.

Тілдің  осы  заңдылығын  ақын-жыраулар,  тіпті  XIX  ғасыр- 

дың II жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қисса- 

шылары  теория  жүзінде  білмесе  де,  интуитивті  түрде  жақсы 

аңғарып,  батырлар,  ғашықтар  т.т.  туралы  жырлаған  оқиғалы 

шығармаларында  негізінен  ашық  райлы  етістіктерді  алған. 

Мысалы:  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  кез  келген 

нұсқасын алсақ, олардан:

Төңіректің төрт бұрышын шалып келдім, 

Бақа айғырды от жерге салып келдім. 

Баянжан-ай, аулақта жүр жаталық, 

Көрпе тігіп, төсегің жайып келдім.

Немесе:

Жиын қылып Қарабай бие сойған,



Бір биенің етіне жұрты тойған. 

Қарабайдың қатыны қыз тауыпты, 

Баян сұлу болсын деп атын қойған...–

тәрізді  жолдарды  оқимыз.  Біздің  есебіміз  бойынша,  бұл 

жырдың 1834 жылы жазылып алынған Ғ.Дербісалин нұсқасы 

127  шумақтан  тұрса

130

,  оның  86  шумағы  етістік  ұйқаспен 



жырланған.  Демек,  жырдың  үштен  екісі  етістік  ұйқасқа 

құрылған. Бұл – шығарманың баяндау стилінде жырланғанын 

танытатын  жайт.  Ал  баяндау  емес,  суреттеу,  толғау  (раз-

130


 Жырдың бұл нұсқасында 524 жол болғанмен, кейбір тармақтар шумақ құрамына 

кірмей қалады, яғни екіден бөлек-бөлек тұрған жолдар да, сондай-ақ кейде 5, кейде 

3 тармақтан құрылған шумақтар да кездеседі. Сондықтан біз екі жолдық бөліктерді 

шумақ деп есептемей, қалдырып кетіп, ұйқас суретіне қарай 3 немесе 6 жолдыларды 

бір шумақ деп есептегенімізде, 127 шумақ болып шықты.


363

мышления,  раздумья),  нақыл-өсиет  түріндегі  шығармаларда 

ұйқасқа  көбінесе  өзге  сөз  таптары  немесе  етістіктің  ашық 

райдан  өзге  тұлғалары  алынған.  Мысалы,  Махамбеттің 

«Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнартып ұшқан тарла-

ным» тәрізді Исатайдың портретін берген өлеңдері, сондай-ақ 

өзінің  күрескер  ретіндегі  арман  мақсатын  толғаған  «Еменнің 

түбі – сары бал» («Толғау»)» «Абайламай айырылдым», «Ай-

налайын  Ақ  Жайық»  т.б.  сияқты  шығармаларында  ұйқас 

құрап  тұрған  сөздер  –  ашық  райдағы  етістіктер  емес.  Біздің 

байқауымызша, жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық 

райлы  тұлғасынан  жасалған  ұйқастар  көп  емес,  оған  басты 

себеп – Махамбет творчествосының тақырыбы мен стилінде. 

Ол – белгілі бір оқиғаны жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің 

көзқарасы мен қатынасын білдіруші, өзі бастап араласқан та-

рихи  оқиғаны  констатациялап,  баяндаушы  емес,  сол  күреске 

шақырушы,  дем  беруші.  Сондықтан  оған  баяндау  стилі  тән 

емес. Сол сияқты өзге ақындардың да әр алуан толғау, өсиет 

болып келетін көптеген туындылары етістік ұйқасты пайдала-

на қалса да, ол етістіктер көбінесе II, III жақ бұйрық рай, өткен 

шақ есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып 

келеді. Мысалы, Бұхар жырауда:

Жал құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз.

Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз...

Асқар таудың өлгені –

Басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені –

Аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен күннің өлгені –

Еңкейіп барып батқаны...

Абай  өлеңдеріндегі  етістік  ұйқастар  екі  түрлі.  Ашық 

райдағы етістіктер – бір нәрсені констатациялау, жай баяндау 

түрінде айтылған өлеңдерінде. Мысалы, «Жасымда ғылым бар 

деп ескермедім» өлеңінде ақын өзінің белгілі бір көңіл күйін 

(өкініш-күйінішін)  констатациялау  стилімен  береді,  соған 


364

лайық ұйқастар да өткен шақ етістік тұлғасымен келтірілген. 

Бұдан  кейінгі  ашық  райлы  етістік  ұйқастармен  жазылған 

–  Абайдың  поэмалары.  Абайдың  қолтума  үш  поэмасының 

үшеуі  де,  тіпті  аударма  «Вадимі»  де  –  оқиғалы  шығармалар. 

Соған лайық бұлардың барлығы да баяндау стилімен берілген. 

Қимыл,  іс-әрекет  атаулары  өзінің  қалыпты  орнында,  тармақ 

соңында берілген:

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, 

Жақын жерге жау алып, тұра аттанды. 

Көп елді күтінбеген қырды, жойды, 

Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

(«Ескендір» поэмасы, I, 259).

Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, 

Маяның ішіне еніп, сен жат деді. 

Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам,

Тау басында самұрық бізді көрді.

(«Әзім әңгімесі» поэмасы, I, 278).

«Ескендір» поэмасы 42 шумақтан тұрса, оның 22 шумағы 

ашық райдағы етістік ұйқаспен берілген (бұған -ып жұрнақты 

көсемше ұйқастарды қоспағанда).

Жалпы,  оқиғалы  тақырыпта  жазылған  көлемді  шығар- 

маларға (толғау, поэма, жыр, қисса т.т.) негізінен ашық райдағы 

етістік  ұйқастар  тән  болады  деген  қорытынды  айтуға  бола-

ды.  Сөйтіп,  Абайда  поэмалары  мен  1-2  өлеңінде  болмаса, 

қалған өлеңдерінде ашық райдағы етістік ұйқастар кемде-кем 

ұшырасады. Бұған негізгі себеп – ақын творчествосының тема-

тикасы. Абай – эпик емес, оның өлеңдері – негізінен лирикалық 

шығармалар. Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны 

мәлім. Сондай-ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарды 

(мысалы, сұлу қызды) немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы 

өткен ескі киімдерді т.т. сөз еткен өлеңдерінде суреттеу стилін 

пайдаланады,  бұл  циклдегі  өлеңдердің  бірде-біреуінде  ашық 

райдағы  етістік  ұйқас  жоқ,  керісінше,  сын  есім  мен  сындық 

ұғымда қолданылған өткен шақ есімше жиірек кездеседі. Мы-

салы, «Аттың сынында» зат есімдер мен -лы жұрнақты туын-

ды сын есімдер ғана ұйқастырылған; жылдың төрт мезгіліне 


365

арнаған  өлеңдері  де  –  сондай.  Тек  «Жазда»  («Жаздыкүн 

шілде  болғанда»  өлеңінде)  өткен  шақ  көсемше  мен  жатыс 

септіктегі  есімше  тұлғалары  ұйқасқа  алынған.  Мұнда  ақын 

жаздың суретін динамика арқылы, яғни жылдың бұл мезгілін 

адамдар  мен  жан-жануарлардың  (малдың)  іс-әрекеті  арқылы 

суреттейді. Сондықтан етістіктер ұйқастырылады, бірақ баян-

дау тәсіліне тән ашық рай емес, суреттеу тәсіліне лайық өзге 

тұлғалар алынған.

Өткен  шақ  көсемше  тұлғасымен  берілген  ұйқастардың 

стильдік қызметі біраз өзгеше екені танылады. Бұл тұлға қазақ 

поэзиясында екі түрлі қызметте келеді, бірі – тиянақсыз кон-

струкция элементі ретінде, яғни бағыныңқы сөйлемнің баян- 

дауышы  немесе  күрделі  пысықтауыштың  компоненті  қызме- 

тінде  келсе,  екіншісі  дербес  сөйлемнің  тиянақты  баяндауы-

шы ретінде келеді. Әрине, ертеден ең актив қолданылып келе 

жатқан  түрі  пысықтауыш  немесе  бағыныңқының  тиянақсыз 

баяндауышы болып қолданылғаны. Бұл тәсіл әсіресе, жыр ағы- 

мымен  (7-8  буынды)  жазылған  шумақсыз  шығармаларда  жиі  

кездеседі.  Белгілі  бір  оқиға,  іс-әрекеттің  интенсивті  түрде 

орындалғанын  білдіру  үшін  көбінесе  ұйқас  -ып  (-май)  жұр- 

нақты  көсемшемен  беріледі.  Мысалы,  «Алпамыс»  жырында 

Байшұбардың шабысы суреттелген жер:

Байшұбардай тұлпардың 

Ойынды еті бұлтылдап,

Төрт тұяқтан шыққан от 

Шақпақ тастай жылтылдап.

Құлақ салсаң дабысы, 

Тау суындай сыңқылдап,

Қолтығынан аққан тер 

Тебінгіде сылпылдап,

 Шу дегенде шұбар ат 

Ұшқан құстан озады, –

(«Алпамыс», 1901)

түрінде  берілген.  Мұнда  Байшұбардың  ұшқан  құстан  озатын 

дәрежелі шабысының орындалу амалы көсемше тұлғалы сын-

қимыл  бағыныңқылар  арқылы  көрсетілген.  Бұл  суреттерде 



366

үстірмелеткен динамика бар. Егер осы тұлғалардың барлығы 

ашық райға көшірілсе (бұлтылдайт, жылтылдайт т.т.), жал-

пы  динамика  (қимыл)  сақталғанмен,  екпіндетушілік  реңкі 

жоғалар еді де жай баяндау болып шығар еді.

Ұрыс,  шабуыл  динамикасын  беру  үшін  де  эпик  ақындар 

осы морфологиялық тұлғаны ұйқас үшін шебер пайдаланады. 

Мысалы, «Қобыланды» жырында батырдың жаумен айқасып, 

қаланы бұзған моментін суреттегенде:

Қазанның Сырлы қаласын

Қайта айналып шабады.

Бетіне қалқан далдалап,

Шәріне шапты алдалап,

Қаланың аузын қандатып,

Көшенің аузын шаңдатып,

Қақпадан атын қарғытып,

Кіндіктен оғын сырғытып,

Туырлығын тоқым қып,

Керегесін отын қып,

Мал шығармай далаға,

Ел шығармай салаға,

Жау бетінде жад қылып,

Жеті кәміл бабаға.

Өтірік емес, жан аға,

Қазанның Сырлы қаласын

Бұзып-жарып Қоблекең

Он екі күн дегенде,

Жалғыз жанды құтқармай,

Айдап шықты далаға («Батырлар жыры», 81-бет), –

деп  береді.  Мұнда  да  қатарынан  ұйқастырылған  көсемше 

тұлғалар  оқиғаның  интенсивті,  қарқынды  түрде  өткенін 

көрсете түседі. Қазақ поэтикасының бұл ұтымды тәсілін жеке 

қаламгерлер де жиі болмаса да пайдалана білген. Бұл тәсіл тек 

оқиғаны суреттеу сәттерінде ғана емес, екпінділік, интенсивтік 

реңкі  бар  өзге  де  моменттерде  қолданыла  береді.  Мысалы, 

Махамбет  ақын  өзінің  атақты  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»  де-

ген өлеңінің 17 жолын -ып жұрнақты көсемшенің болымсыз 


367



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет