Буындар иық буыны Дельта тәрізді аймақта орналасқан. Тоқпан жілік басымен жауырынның буын ойығынан түзіледі. Құрылысы



бет1/10
Дата09.05.2023
өлшемі80,53 Kb.
#91306
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БУЫНДАР
Иық буыны
Дельта тәрізді аймақта орналасқан. Тоқпан жілік басымен жауырынның буын ойығынан түзіледі. Құрылысы- қарапайым, шар, тәрізді 3білікті.
Иық буынының негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Иық буынының қосымша элементері: буын еріншелері, қапшық, қайырылмалар.
Байлам апараты: құстұмсық- иық, буын-иық, құстұмсық- акромионды. Буын капсуласының түзілуі- тоқпан жіліктің үлкен кіші, төмпешік аралық жүлгесінен өтіп, иық екі басты бұлшықетінің сіңіршесі өтетін ішкі беті синовиалды қабықшамен қапталған фиброзды синовиалды қынап түзеді. Буын капсуласының әлсіз жері- капсуланың төменгі медиалды бөлігі бұлшықетпен байламмен бекітілмеген нәтижесінде осы бөліктің иық буынынан шығулары жиі болады.
Буында жалпы 4 қалтаны ажыратамыз.
1- құстұмсық асты қалтасы. Ол буын қапшығынан түзілген синовиалды қалта болып табылады. Құстұмсық өсіндісінің астында орналасады.
2 - дельта тәрізді бұлшықет астылық қалта. Аттас бұлшықет астында орналасады.
3 - Акромионасты қалтасы буын қуысымен байланыспайды, бірақ дельта тәрізді қалтамен байланысады.
4 - жауырынасты қалтасы - жауырын мойны мен жауырынасты бұлшықеті арасында түзілген. Буын қуысымен байланысады.
Қайырылымдары- 3қайырылмасы бар, оның басты қызметі қозғалысқа жауап береді: Қолтықасты қалтарысы- жауырын асты және үшбасты бұлшықеттің ұзын басының арасында орналасқан, қолтық асты нервісі өтеді, сол себепті бұл маңызды қалтарыс, иық буыны шығуы кезінде осы нерв зақымдануы мүмкін.
Жауырынасты бұлшықеттің сіңірасты қалтарысы- буын қапшығының алдынғы бетінде жауырыны мойнының алдыңғы- жоғарғы және жауырынасты бұлшықетінің артқы беткейінің аралығында орналасқан. Бұл қапшық иық буын қуысымен байланысады бұнда іріңдік процесс өтуі мүмкін.
Төмпешік аралық қалтарыс- сүйек- шандыр каналының алдыңғы жоғарғы буын бетінде орналасқан. Бұл иық қапшығының қуысымен байланысады. Қабыну процесс- әлсіз жерлерден: қолтықасты қайырылы қолтық асты шұңқырының клетчаткасына, жауырынасты бұлшықеттің сіңірасты қалтарысы арқылы жауырын асты сүйек фиброзды каналға, төмпешік аралық қалтарыс арқылы дельта тәрізді асты клетчаткалық кеңістікке ірің таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет