Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Триацилглицеролдар гидролизі



бет45/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Триацилглицеролдар гидролизі. Май түйіршіктерінің сыртына колипаза белогы (М 10 000) тартылады. Сөйтіп сол жерде ұйқы безінің липаза ферменті де жинақталады. Колипаза қызметі - молярлық қатынасы 2 : 1 (липаза : колипаза) комплекс түзу арқылы липаза ферментін активтендіру. Осы кезде рН көрсеткіші 9-дан 6-ға дейін өзгереді. Бұл липаза ферментінің әсері үшін ең қолайлы жағдай. Ал колипаза липазаны май түйіршіктерінің бетінде ұстап тұрады. Өт қышқылы, колипаза және липаза үшеуі өзара әрекеттесіп, үш жақты комплекс түзеді деген болжам бар. Липаза әсерін күшейту үшін кальций иондары қажет.
Ұйқы безінің липаза ферменті триацилглицеролдар құрамындағы негізінен 1 және 3 жағдайдағы май қышқылдарын босатады да, 2-моноацилглицерол түзеді. 2-моноацилглидеролдар гидролизін ұйқы безінің басқа ферменті – эфирлік гидролаза катализдейді.



Липидтер қүрамында ацильды қалдықтары бар фосфор қышқылы кездеседі, ал осымен түрлі азотты негіздер байланыста болады. Липидтер барлық тірі клеткаларда кездеседі және тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер (энергия берушілік, қорғану, қүрылымдық) аткарады. Клетка қабырғаларының құрамына енетін липидтер қүрылымдық липидтер деп аталады. Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэнергиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады.
Липидтер құрамына, құрылысына, және организмде атқаратын рөліне қарай екі үлкен топқа бөлінеді.
Қарапайым липидтер. Бүлар негізінен екі компонентті заттардан ягни жогары май қышқылының күрделі эфирі - глицериннен және бір компонентті заттар: бос түріндегі жогары қышқылдардан не полициклды спирттерден тұрады. Мүндай липидтерге майлар (триглицеридтер) - жогарғы май қыіпқылдарының күрделі эфирлері жэне уш атомды спирт (глицерин) жатады.
Стеридтер - жогары май қышқылдарыңың күрделі эфирлері мен полициклды спирттер - стеролдар.
Күрделі липидтер көп компонентті молекулалардан тұрады, олардың ктптоненттері бір-бірімен түрлі химиялық типтегі байланыстармен қосылысады. Бүған жататындар: фосфолипидтер, сфинголипидтер, гликолипидтер.
Мал ағзасындағы тері майы шелінде, шарбыда, шажырқайда, қойдың қүйрығында, түйенің өркешінде. Өсімдік организміндегі май тұқымында (дэнінде), сабағында, тамырында. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыс дэнегінен, соя мен жүгері дэнінен алады. Сол сияқты сүттен жэне мал етінен де май алынады.
Фосфолипидтер (немесе фосфатидтер) негізінен жогары май қышқылдарының қалдықтарынан, глицеринен не басқа да түрлі көп атомды спирттерден, фосфор қышқылынан және азотты негіздерден қүралады.
Гликолипидтер құрамына көи атомды спирттер мен май қышқылымен қатар көмірсулар да енеді, Барлық күрделі липидтер сабындалатын қосылыстар. Гликолипидтерге цероброзидтер, ганглиозидтер жатады. Липидтер баска да органикалық заттармен қосылыса алатын қабілеті бар қосындылар, эсіресе жоғары молекулалы заттар (белоктар, көмірсулар) мен комплексті қосылыс түзіп ағзадағы көптеген негізгі қызметтерді атқаруда бүларға үлкен маңыз береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет