Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Саралау. Миокардитті перикардиттен, эндокардиттен және миокарцоздан ажырата білу керек. Аурудың болжамы



бет61/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Саралау. Миокардитті перикардиттен, эндокардиттен және миокарцоздан ажырата білу керек.
Аурудың болжамы. Миокардитте болжам, көбінесе аурудың симпаты мен өту жайына байланысты. Кей уақытта, негізгі ауруды ерте анықтап, нәтижелі ем қолданса, миокардиттен толық сауығып кетеді. Кей жағдайда негізгі аурудан емес, миокардиттің ауыр өтетін түрінен өліп қалуы мүмкін. Көбінесе, миокардит миокардиогенерацияға, миокардиофиброзға (миокардиосклерозға) айналып, малдың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін азайтумен бітеді.
Емі. Ауру малға толық тыныштық жағдай жасалады. Аурудың алдыңғы кезеңінде жүректің қызметін жақсартуға арналған дәрі-дәрмектерді, әсіресе, жүрек қызметін күшейтетіндерін, жүректің оларсыз да зорланып істеп тұрғанын еске алып, қолдануға асықпау керек. Олай болмаған жағдайда жүрек тез арада салданып жұмысын тоқтатып қалуы мүмкін. Осы кезеңде жүрек тұсына суықтық-резіңке қапқа салынған мұз, немесе суық су тартқан жөн. Ауыр жағдайда оттегін дем арқылы (ингаляция) ендіреді (80-120 литр ірі және 10-15 литр жылдамдықпен) немесе тері астына енгізеді (6-10 л ірі және 0,5-1 л ұсақ малдарға). Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің жиырылу күші әлсірегенде, қан тамырына 30-40% глюкоза ерітіндісін кофеинмен араластырып енгізсе, жақсы нәтиже береді. Жүрек соғысы тездетілген жағдайда камфора, коразол, кордиамин қолданған жөн. Камфораны аузы арқылы беруге беруге болады, ірі малға 5-10г, ұсақ малға 0,5-4 г немесе иньекция (құюға) әдейі арналған 20% майлы ерітіндісін теру астына енгізеді, ірі қаралар мен жылқыларға 20-40 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 3-6 мл, 1-2 мл иттерге, түлкілерге 0,5-1 мл.
Коразолды тері астына, ірі қара мен жылқыларға 0,5-2 г, ұсақ мал мен шошқаларға 0,05-0,1 г енгізеді. Оны қан тамырына да енгізуге болады (ірі малдарға 0,5-1 г).
Кордиаминді қан тамырына, ірі қара мен жылқыларға 10-15 мл, ұсақ мал мен шошқаларға 2-3 мл немесе тері астына: ірі малға 15-20 мл, ұсақтарына 2-4 мл енгізеді.
Артерия қысымы күрт төмендегенде қан тамырына 1:1000 қатынасында ерітілген адреналинді (ірі малдарға 2-3 мл) немесе тері астына 1% мезатон ерітіндісін (ірі малдарға 10 мл, ұсақтарына 1 мл-ге дейін) енгізеді. Миокардитте жүрек қызметін күшейтіп, соғуын тездететін, сөйтіп оны тез арада шаршатып, салдандыруға дейін апаратын наперстянка препараттарын қолдануға болмайды.
Миокардитті нәтижелі емдеу үшін әсіресе, аурудың бастапқы кезінде организмнің тітіргенгіштік қабілетін басатын (десенсебилирующие, противоаллергические) дәрі-дәрмектерді – натрийдің салицилатын, амидопиринді, кальцийдің хлоридын, димедролды, супрастин және кейбір гормональды препараттарды (кортиокотропин, кортизон және соның ұқсастары) қолданады. Антибиотиктер мен сульфаниломидтерді де пайдаланады.
Кейбір аса бағалы малдарды (асыл тұқымды, спорт бағытындағы жылқыларды, қызметке қолданатын иттерді т.б.) емдеуге ногокаинамид, кокорбаксилаза, курантил (дипиридамол) немесе интенкардин (карбокромен), феникаберан, обзидан (пропранололгидрохлорид) өте жақсы нәтижелер береді.
Миокардитті емдеуде ауруларға дәрі-дәрмектерден басқа азықты ретпен (диета), құнарлы да жақсы қорытылатын азықтар беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет