Филология Кафедра: Қазақ филологиясы



бет1/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


1 - нұсқа

1.Фонетика нені зерттейді ?


А) тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейді
В) тілдегі сөздердің жиынтығы
С) сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемніңқұрамы мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді
Д) сөздердің шығу тарихын зерттейді
2. Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үніқалай аталады ?
А) жазу В) әріп С) дыбыс Д) таңба
3. Әріп дегеніміз не ?
А) дыбыстау арқылы айтылатын таңба
В) құлақпен естілетін үн
С) дыбыстардың жүйесі
Д) дыбысты жазу тілінде белгілейтін шартты белгі
4. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын не дейді?
А) әліпби В) дауысты дыбыстар С) әріп Д) дауыссыз дыбыстар
5. Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай қалай бөлінеді.
А) еріндік, езулік В) дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар
С) ашық, қысаң Д) жуан, жіңішке
6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
А) 6 В) 12 С) 15 Д) 9
7. Тілдіңқатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді ?
А) еріндік, езулік В) ашық, қысаң
С) жуан және жіңішке Д) қатаң, ұяң, үнді
8. Иек қатысына немесе жасалу орнына қарай қалай жіктеледі ?
А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік
С) қатаң, үнді, ұяң Д) ашық, қысаң
9. Ерін қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді ?
А) еріндік және езулік В) қатаң, ұяң, үнді
С) жуан және жіңішке Д) ашық және қысаң
10. Еріндік дауыстылар :
А) ы, і, и В) о, ө, ұ, ү, у С) а, ә, е Д) ұ, а, и
11. Әрі жуан, әрі ашық, әрі езулік дауысты қайсысы ?
А) ы В) а С) ө Д) ұ
12. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар ?
А) 42 В) 26 С) 28 Д) 19
13. Қатаң және ұяң дауыссыздар басқаша қалай аталады ?
А) үнсіз дыбыстар В) үнді дыбыстар
С) қатаң дыбыстар Д) ұяң дыбыстар
14. Үнді дауыссыздары нешеге бөлінеді ?
А) 4 В) 3 С) 2 Д) 5
15. Қатаң дауыссыздарды көрсет ?
А) б, в, г, з В) п, ш, р, м С) р, л, й, м Д) қ,с,ф,ц,ч
16. Кәсіби сөздер неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз
А. 1 В. 2 С. 3 Д. 4
17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз
А. қара жұмыс В. қарақағаз
С. қара ниет Д. қара көйлек
18. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
А. Абайдың әкесі - Құнанбай
В. Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар
С. «Әкем-ау, оқып берші»,- деді атасы немересіне.
Д. Ұрғанның әкесін көрсетемін.
19. Тілдік (сөздік) метафора.
А. ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізеді.
В. Сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады.
С. белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді.
Д. өзара шектес, іргелес бір зат атауының басқа бір зат атауына байланысы, ауыс мағынасы.
20. Лексикалық мағына дегеніміз не?
А. сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына
В. сөздің тұрақты мағынасы
С. сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағына
Д. Грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға, жинақталған дерексіз мағына
21. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына не деп аталады?
А. метафора В. метонимия
С. синекдоха Д. полисемия
22. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?
А. табу В. эвфемизмдер
С. дисфемизмдер Д. жаргон
23. Тілдік метафораны көрсетіңіз.
А. Түйем де басқа малдан кем түспейді.
В. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
С. Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті.
Д. Дәулет құсын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де, бір мүшесін қалдырмай ас деді.
24. Тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі
А. кәсіби сөз В. варваризмдер
С. термин сөз Д. жаргон сөз
25. Метафораны тап
А. Ұрғанның әкесін көрсетемін.
В. Жиырма жеті жасында
Әбдрахман көз жұмды.
С. Енді біразда Жұманның қазаны түсірілмек, жұрт асқа әзірлене бастады.
Д. Гималай-көктің түндігі
Гималай- жердің кіндігі.
26. Табу сөзі бар сөйлем.
А. Бұл күнде мал шашқан ит-құс, қарақұлақтан басқа, ел ішінен шыққан ұры-қарылар көбейіп кетті.
В. Ауылдың жаны терең сай...
С. Жеті ата, ата мекен, ата қоныс, ата жазу
Д. Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман.
27. Синекдоха бар сөйлемді табыңыз.
А. Шығанақ Құрманғазыны тарта отырып сөйледі.
В. Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің.
С. Қазынаға салмағы керек болса, маған тұяғы керек.
Д: Нәрестенің дүниеге келгеніне үйі мәз болып жатыр.
28. Белгілі бір топтың арасында айтылатын сөздер не деп аталады?
А. диалектілік лексика В. кәсіби сөздер
С. терминдер Д. жаргондар
29. -пын, -пін, -мын, -мін, -сың, -сің жалғаулары арқылы жасалатын:
А. метонимия В. синекдоха
С. полисемия Д. метафора
30. Экспрессивті сөздер дегеніміз не?
А. бір нәрсені жай атап қана қоймай, сезімге айқын әсер ететін сөздер
В. баспасөз бетіндегі жаңа қолданыстағы сөздер
С. адамның көңіл-күй, көзқарасын, жақсылы-жаманды қарым-қатынасын білдіретін сөздер
Д. сөздік қордың негізінде сөздік қордың барлық тәсілдері арқылы жасалатын сөздер


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет